Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Босану тарихы М.А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Акушерия және гинекология

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к, доцент Тусіпқалиев Ақылбек Балашұлы

Ассистент: Сарсембаева Л.К

Босану тарихы

Қайталап босанушы әйел: Исабекова Наркес Талғатқызы

Жасы: 23 жаста

Клиникалық диагноз: Мерзімінде босану.Ұрықтың ұзынынан орналасуы, баспен келуі, І-ші позиция, алдыңғы көрінісі. Босануға дейінгі қағанақ суының кетуі.

Куратор: Маханбетқызы Айнұр

409 «Б» тобы

Ақтөбе – 2012жыл

Паспорттық бөлім

Аты-жөні: Исабекова Наркес Талғатқызы

Туған күні: 03.10.1989ж

Жасы: 23 жас

Ұлты: қазақ

Перзентханаға түскен күні: 18.10.2012ж, сағат 09:30

Перзентханадан шыққан күні: 23.10.2012ж

Қан тобы: А(ІІ)-оң

Перзентханаға жеткізілуі: жедел жәрдеммен

Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Қонаева көш,1 үй-42 пәтер

Мамандығы: Орта білім

Кәсібі: Жұмыссыз

Жолдасының аты-жөні: Исмагамбетов С

Кәсібі: ТОО «Батыс Мұнай»

Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 38-ші аптасы, босанудың І-ші

кезеңі. Ұрықтың ұзынынан орналасуы, баспен келуі, І-ші позиция,алдыңғы көрінісі. Босануға дейінгі қағанақ суының кетуі.

Клиникалық диагноз: Мерзімінде босану.Ұрықтың ұзынынан орналасуы, баспен келуі, І-ші позиция,алдыңғы көрінісі. Босануға дейінгі қағанақ суының кетуі.

Түскен кездегі шағымдары:

Қайталап жүкті болушы, 23 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен және жүктіліктің 38-ші аптасымен перзентханаға қағанақ суы кеткеннен 3 сағаттан кейін келіп түсті.

Өмір анамнезі. Anamnesis vitae

Қайталап жүкті болушы Исабекова Н.Т 03.10.1989ж Ақтөбе қаласына қатысты Қандағашта дүниеге келген. Дамуы жасына сай. Дәріге, тамаққа аллергиясы жоқ, вирусты гепатит, сары ауру, Боткин, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Гинекологиялық сырқаттары ерекшеліксіз. Зиянды әдеттері жоқ. Басқа жүйелерде патология жоқ. Деңсаулығы қалыпты. Жолдасының жалпы жағдайы, денсаулығы жақсы.

Акушерлік анамнез

Алғашқы етеккірі 14 жасында келген, 4 күннен 28 күн сайын,тұрақты қайталану байқалады.Сипаты бойынша күшті, ауырсынусыз. Алғашқы жыныстық қатынасқа 18 жасында түскен. Некеде тіркеулі. Жыныстық қатынасы тұрақты. Соңғы етеккірі 10.02.2012 ж келген.

Репродуктивті қызметі:

І-ші жүктілік, 2009 ж, мерзімінде босану, салмағы 3100 гр, ерекшеліксіз,тірі

ІІ-ші жүктілік, қазіргі. Есепке 11-12 аптада тіркелген.

Объективті жалпы жағдайы. Status praesens communis: Тері жамылғыларын, сүйек, бұлшықет, буын жүйелерін қарау:

Қайталап жүкті болушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Санасы ашық. Көңіл күйі төмен, төсектегі қалпы активті, жалпы пішіні нормостеник, терінің кілегей қабаттары қалыпты, лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырмайды. Тері жамылғысы қалыпты,таза, қалыпты,серпімді(іш аймағы терісі керілген).

Бөртпелер, қасыған орындар, петихиялды бөртпе, теріде қан ұюлар, тамыр

жұлдызшалары, бауырлық алақан, тыртықтар жоқ. Тері түктерінің дамуы,

тырнақ, шаш қалыпты, сүйек жағдайы қалыпты, аяқ-қол сүйектерінің

қозғалысы активті, буындарында деформация жоқ, бұлшықет тонусы жақсы

дамыған, ауырсынбайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]