Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты по темам ОП каз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Қр Еңбек құқығы тақырыбына арналған тест сұрақтары

1 Еңбек құқығының спецификалық аясы(сферасы) болып табылады

A қоғамдық еңбек

B мәжбүрлі еңбек

C жалданбалы еңбек

D жеке еңбек

E еңбектік құқықтық қатынас

2 Еңбектік қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардан тұратын қандай да бір нормативтік құқықтық актілер

A еңбек құқығын нормативтік құқықтық реттелуі

B локалдық нормашығармашылығы

C ішкі еңбек тәртібі

D еңбек құқығының дерек көздері

E жұмыс берушінің актілері

3 Қызметкердің алғаш жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдалану қандай мерзімде пайда болады

A он ай бойы аталмыш ұйымда оның толассыз жұмысына

B алты ай бойы аталмыш ұйымда оның толассыз жұмысына

C он бір ай бойы аталмыш ұйымда оның толассыз жұмысына

D тоғыз ай бойы аталмыш ұйымда оның толассыз жұмысына

E он екі ай бойы аталмыш ұйымда оның толассыз жұмысына

4 Мемлекеттік емес білім ұйымдарының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу кіммен анықталады

A Үкіметпен

B Қамқоршылық кеңеспен

C Облыстық білім департаментімен

D Құрылтайшылармен

E Білім және ғылым министрлігімен

5 ҚР әлеуметтік серіктестік элементтеріне жатпайды

A жалпы мемлекеттік деңгей

B аймақтық деңгей

C аумақтық деңгей

D салалық (салааралық) деңгей

E ішкі еңбек тәртібінің деңгейі

6 Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу қандай түрде болады...

A кепілденген

B локалды

C орталықтандырылған

D министрлік

E басты

7 Жұмыс берушінің құқығына емес, міндетіне жатады

A өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мен өкілдік ету мақсатында жұмыс берушілердің бірлестігін құру мен оған кіру

B жұмысшының жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеуі

C еңбек шартымен, ұжымдық еңбек шарттарымен, еңбек туралы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші еңбек жағдайын қамтамасыз ету

D жұмыс беруші өз құзырет шегінде актілер шығару

E жұмысшыға сынақ мерзімін белгілеу

8 Азаматтық қызметке кіру қандай тәртіпте жүргізіледі

A тағайындау немесе конкурс

B сайлау

C жергілікті атқарушы органдарының келісімімен

D өкілді органдардың келісімімен

E Премьер министрдің келісімімен

9 Еңбек заңнамасында көрсетілгендей еңбек тәртібін бұзғаны үшін қандай жауапкершілік түрлері қарастырылған

A айыппұл

B түзеу жұмыстары

C ескерту

D төмен еңбек ақылы жұмысқа аудару

E бас бостандығын шектеу

10 Еңбекті қорғау саласындағы ҚР ұлттық саясатының қағидаларына жатпайды

A меншік иесінің немесе оларға уәкілетті жұмыс берушілердің толық жауапкершілігі

B тексеру барысындағы анықталған еңбек туралы заңнамаларын бұзудың барлық фактілері бойынша орындау міндеттемелері

C шаруашылықтың және меншіктің нысанына тәуелсіз барлық кәсіпорындардың еңбек аясында бірыңғай талаптарды бекіту

D еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық және шетел тәжірибелерінен ғылым,техникаларының жетістіктерін кеңінен пайдалану

E өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің денсаулығына өмірінің басымдығы

11 Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару қызметіне жатпайтыны

A еңбекті қорғау мәселесі бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу мақсатында тиісті ғылыми мекемелерді құру

B еңбекті қорғау бойынша салааралық нормативтік актіле,стандарттар, ережелер,заң актілерінің нормаларын және жобаларын құрастыру мен бекіту

C өндірістік мақсаттағы қолданылатын өнімнің талаптарға сәйкестігіне сертификациялау жүргізу

D өндірістік жарақат және кәсіби ауруды ескерту мәселелері бойынша келісілген шараларды жүргізудегі қызметтің бағыты

E бұл істегі кәсіпорынның экономикалық қызығушылығы, еңбекті қорғау құралдарын құру мен шығару

12 Еңбек дауларын туғызатын негізгі себеп

A тараптардың ҚР еңбек туралы заңнаманың білмеуі

B тараптардың бірінің арам ниеті

C еңбек қатынасындағы меншік иелерімен және жалданбалы қызметкерлердің қарама-қайшы мүдделері

D еңбек қатынастарына мемлекеттік органдардың заңсыз араласу

E еңбектік құқықтық қатынастарда лауазымды тұлғалардың кері әсері

13 Жұмысты қалпына келтіру туралы соттың шешімі қандай мерзімде орындалады

A жедел орындауға

B үш күн ішінде орындауға

C соттың шешімі жарияланғаннан кейін он күннен кейін

D соттың шешімімен оны ҚР жоғарғы сотында қайта қарау туралы жұмыс берушімен келісім комиссиясының танысуынан кейін орындалады

E әкімшілік аумақтық бірлігімен еңбек және әлеуметтік қорғау департаментімен танысу және бекітуден кейін орындалады

14 Заңнамамен және зейнеткерлік шартпен анықталған тәртіпте және мөлшерде алымшының пайдасына,өз еркімен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылармен түсетін ақша

A ерікті зейнетақы салымдары

B зейнетақы

C ресми трансферттер

D зейнеткерлік активтер

E инвестициялық кірістер

15 Зейнетақының толық анықтамасын табыңыз

A орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер жиынтығы

B заң тәртібінде бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшы мен төлеушінің ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес салынған ақша

C қайтарымсыз бюджетке түсімдер және бюджет шығындары

D міндетті және ерікті төлемдерді қосқандағы ақша

E 1.01.1998 жылы жағдайына сәйкес кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаға берілетін ақша

16 ҚР заңнамасында бекітілген тәртіпте зейнетақымен қамсыздандырылуға кімнің құқығы бар

A ҚР азаматтары

B ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар

C ҚР азаматтары және азматтығы жоқ адамдар

D шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар

E ҚР азаматтары және шетел азаматтары

17 Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы қызметкерлерге(еңбек кодексінің 115-бабы) қандай ұзақтықта беріледі

A 26 күнтізбелік күнде

B 28 күнтізбелік күнде

C 30 күнтізбелік күнде

D 56 күнтізбелік күнде

E 24 күнтізбелік күнде

18 Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері

A жабық

B ресми

C арнайы

D ашық және корпоративті

E Республикалық

19 Еңбек кодексінің 137 бабына сәйкес жалақы беру кезінде барлық шегерулердің көлемі (еңбек туралы заңында көрсетілген жағдайлардан басқа) асырылмайды:

A 10%

B 15%

C 20%

D 30%;

E 50%

20 Еңбек кодексінің 285 бабына сәйкес кәсіпорында (ұйымда) ұжымдық шарт жасалады:

A 1 жылдан артық емес

B 2 жылдан артық емес

C 3 жылдан артық емес

D 4 жылдан артық емес

E өзара белгілеген уақыттқа

21 Еңбек кодексінің 89 бабына сәйкес үстеме жұмыс әр қызметкер үшін асырылмайды:

A айына 2 сағат және жылына 120 сағат

B айына 4 сағат және жылына 120 сағат

C айына 6 сағат және жылына 120 сағат

D айына 8 сағат және жылына 120 сағат

E айына 12 сағат және жылына 120 сағат

22 Ұжымдық шарт кіммен құрылады және қабылданады

A референдумда

B мәслихат сессиясында

C ұйымның сессиясында

D кәсіпорын,фирмалар,ұйымдарының жетекшілерінің жиналысында

E еңбек ұжымының жалпы конференциясында

23 Жеке тұлғамен кәсіпорынмен жасалатын еңбек шарты қайда тіркеледі

A компанияларда

B әділет министрлігінде

C зейнетқорында

D салық қызметінде

E халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қорында

24 Еңбек өтілі-бұл:

A еңбек немесе басқада қоғамдық-пайдалы әрекеттерінің ұзақтығы, сонымен қатар еңбек зейнетіне байланысты құқық беретін басқа да мерзімдер

B еңбек немесе басқада қоғамдық-пайдалы әрекеттерінің ұзақтығы, сонымен қатар еңбек жәрдем ақыға байланысты құқық беретін басқа да мерзімдер

C еңбек немесе басқада қоғамдық-пайдалы әрекеттерінің ұзақтығы, сонымен қатар кепілдікке және өтемге байланысты құқық беретін басқа да мерзімдер

D коммерциялық және коммерциялық емес немесе басқада қоғамдық пайдалы әрекеттер, сонымен қатар еңбек жеңілдіктеріне алуға құқық беретін мерзімдер

E еңбек немесе басқада қоғамдық-пайдалы әрекеттерінің ұзақтығы, сонымен қатар жәрдемдік зейнетақы алуға байланысты құқық беретін басқа да мерзімдер

25 Жұмыс берушінің тараптарынан қызметкерді жұмыстан босату жағдайында қызметкерге бұйрық көшірмесін беруге жұмыс берушінің міндеттерін анықтаңыз

A міндетті,ұйымның директорының келісімімен

B қандай жағдайда міндетті

C міндетті емес

D міндетті егер жұмысшы талап етсе

E кадр бөлімі бастығының рұқсатымен ғана міндетті

26 Еңбек ақысын төлеуде мемлекеттік кепілдік:

A еңбек демалысы

B айлық жалақының ең төменгі көлемі

C тамақтануға және демалыс үзіліс

D әлеуметтік демалыс

E еңбек нормасының прогрессивтілігі

27 Мемлекеттік емес білім ұйымдарының жұмысшыларының еңбек ақысы, анықталады

A үкіметпен

B қамқоршылар Кеңесімен

C облыстық білім департаментімен

D құрылтайшылармен

E білім және ғылым министрлігімен

28 Жұмысшының жұмыстан шыққан күні деп есептеледі:

A соңғы жұмыс күні

B соңғы жұмыс күнінен кейінгі күн

C еңбек кітапшасын берген күн

D еңбек кітапшасын берген күннен кейінгі күн

E еңбек шартын бұзу күні

29 Меншікті қайта құру жағдайында ұжымдық шарт қанша уақытқа әрекет етеді

A қайта құру уакытынан бастап 3 күнге дейін

B келісім-шартта белгіленген мерзімге дейін

C қайта құру уақытынан бастап 10 күнге дейін

D белгіленбеген уақыт мерзіміне дейін жарамды бола береді

E қайта құрудан кейін жарамсыз болады

30 Жұмысшының еңбек міндеттерін атқаруға жұмсалған күнтізбелік уақыт

A еңбек өтілі

B еңбек ережелері

C еңбек тәртібі

D еңбек арбитражы

E еңбек келісім-шарты

31 Қызметкер еңбек даулары бойынша келісім комиссиясынан аттап,өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқығы бар ма

A жоқ

B Иә

C Иә, бірақ тек жұмыс берушіні жазбаша хабарлама арқылы ескерту

D тек еңбек ұжымының келісімімен

E заңда көрсетілмеген

32 Тынығу уақытына жатпайды

A еңбек демалысы

B мерекелік күндер

C ауруы бойынша рұқсат

D демалыс күндер (апта сайынғы үздіксіз демалыс)

E күн сайынғы демалыс

33 Еңбектік қатынас –бұл

A азаматтар бекітілген ішкі еңбек тәртібіне сәйкес бағына отырып, белгілі бір жұмысты атқару үшін еңбек ұжымына кірген кезде пайда болады

B құқықтың еңбек заңнамаларында қарастырылған барлық қабілеттілік

C еңбек заңнамаларында қарастырылған құқықтар мен міндеттерді өз әрекетімен жүзеге асыру қабілеттілігі

D жасаған еңбектік құқықбұзушылық үшін жауапкершілікті көтере алу қабілеті

E дұрыс жауабы жоқ

34 Тағайындау мемлекеттік қызметке орналасудың бір тәсілі ретінде тән:

A әкімшілік қызметкерлерге және ерекше жағдайларда саяси қызметкерлерге

B тек саяси қызметкерлерге

C тек әкімшілік қызметкерлерге

D саяси қызметкерлерге және ерекше жағдайларда әкімшілік қызметкерлерге

E әкімшілік және саяси қызметкерлерге де

35 Қандай жағдайларда жұмысқа орналасу кезінде тұлға, жұмыс берушіге еңбек кітапшасын көрсетуге міндетті емес

A кәмелеттік жасқа толмағандарға

B оралмандарға

C тек еңбек шарты алғаш құрылғанда

D қызметкер қосымша қызмет атқару жағдайына байланысты қызметке түскен кезде

E еңбек шарты алғаш құрылғанда немесе қызметкер қосымша жұмысқа орналасқан жағдайда

36 Қандай басқарушылық әдістер басқарылатын обьектілерге тікелей әсер етеді

A ұйымдастырушылық

B экономикалық

C саяси

D көндіру және мәжбүрлеу

E түсініктеме

37 Еңбек ақысын құқықтық реттеу қандай түрде болады ..

A кепілдендірілген

B локальдық

C Министрлік

D орталықтандырылған

E негізгі

38 ҚРҮкіметі қандай билікті жүзеге асырады

A атқарушы билікті

B сыртқы саяси басшылықты

C заңдарды және заң актілерін құрады

D Республикада сот әділдігін жүзеге асырады

E азаматтарды қорғауды қамсыздандырады

39 Еңбек шарты кімнің тарапынан тоқтатылуы мүмкін

A меншік иесінің, қызметкердің, кәсіподақтың

B меншік иесінің, қызметкердің , полиция қызметкерлерінің

C қызметкердің, оның отбасы мүшелерінің

D кәсіподақ органының, кадрлар бөлімінің бастығының

E жергілікті атқарушы органдардың

40 Қандай мөлшерде мерекелік және демалыс күндердегі еңбекақы төленеді

A тараптардың келісуімен

B сағаттық тарифтік ставкадан 80%

C екі еселенген мөлшерде

D бір жарым есе мөлшерде

E бір күн демалыс беріледі

41 Еңбек даулары бойынша қанша уақыт аралығында комиссия шешіміне наразылық білдіруге болады

A 7 күн ішінде

B бір ай ішінде

C 10 күн ішінде

D бір жыл ішінде

E он бес күн ішінде

42 Қызметкерді міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша қамсыздандыру түрлері

A уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты жәрдемақы

B коммуналды қызметтерге шығындарды төлеу

C ай сайынғы сақтандыру төлемі

D қосымша шығындарды төлеу

E моралды шығындарды өтеу

43 Жұмысқа орналастырудағы азаматтардың құқығы

A жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен,жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның,еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға

B азаматтардың сотқа шағым білдіруге құқығы (еңбек даулары бойынша)

C кепілдіктер мен өтемақыларға құқығы

D кәсіби қайтадаярлануға құқығы

E премияға, бонустарға және материалдық мадақтарға құқығы

44 Еңбек арбитражы кімдермен құрылады

A тараптар жұмыс беруші өз шешімін қызметкерлерге хабарламаған күннен бастап үш күн ішінде

B 14 күнтізбелік уақыт аралығында еңбек шартының тараптарымен

C жұмыс берушімен және кәсіподақпен

D ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссияның жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен

E келіспеушілік хаттамасы толытырлған күннен бастап тараптардың келісімімен бір ай ішінде

45 Әлеуметтік әріптестік міндетіне жатпайтындар

A әлеуметтік, еңбектік және онымен байланысты экономикалық қатынастарды реттеуге тиімді тетігін жасау

B ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттері

C ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу

D қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін обьективті ескеру негізінде әлеуметті тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу

E мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап тұжырымдау

ҚР Экологиялық құқық тақырыбына арналған тест сұрақтары

1 Экологиялық құқық жүйесіне жатады

A табиғатты қорғау құқығы 

B табиғи ресурстар құқығы 

C экологияландырылған номалары 

D табиғатты қорғау,табиғи ресурстар және басқа құқық салаларының экологияландырылған нормалары  

E табиғатты қорғау құқығы мен табиғи ресурстар құқығы  

2 Экологиялық құқықтың дерек көздерінің бірі  

A ҚР қылмыстық кодексі

B ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексі

C ҚР жер кодексі

D ҚР еңбек кодексі

E ҚР отбасы кодексі

3 Экологиялық құқықтық қатынас – бұл: 

A құқықтың нормаларының талаптарына сәйкес пайда болатын қоғамдық қатынастар

B экологиялық құқық нормаларымен реттелетін және қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы аясында пайда болатын қоғамдық қатынастар

C субьективті құқықтар мен заңды міндеттерге ие қатынастардың қатысушылары

D мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық қатынастар

E табиғат пен жергілікті атқарушы органдарының өзара қатынастарының аясында пайда болатын қатынастар

4 Экологиялық құқықтық қатынастардың субьектілері болып табылады  

A мемлекет

B құзырлы орган ретінде- мемлекет; заңды тұлға, жеке тұлға

C қорғау немес ұдайы өндіру, табиғи ортаға әсер ету арқылы оны пайдалану, тұтыну мақсатында азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар б.т.

D табиғи ортаға әсер ететін кәсіпорын, мекеме, ұйымдар

E кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар

5 Мемлекеттік экологиялық мониторинг  

A қоршаған ортаның жағдайын бақылаудың кешенді жүйесі

B бақыланатын аумақтар мен адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру ілімдер жиынтығы

C қызмет түрлерінің жиынтығының өндірістік және басқа да обьектілерімен экологиялық қауіпсіздікті міндетті сақтау

D экологиялық дау тудыратын жағдайлар

E қоршаған ортаға жағымсыз әрекет туғызатын жағдайларды ашу

6 Мониторинг- бұл

A қоршаған ортаның жағдайымен онда болып жатқан өзгеріс салдарын бақылауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын ұйымдық құрылымдардың жиынтығы

B қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына және бақылау аймағына зиян келтіретін білімдердің жиынтығы

C өндірістік және бөлек объектілерде міндетті түрде сақталатын экологиялық қауіпсіздікті сақтайтын қызмет түрлерінің жиынтығы

D экологиялық қақтығысқа алып келетін «қауіпті аймаққа» бақылау орнату

E қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жағдайларды табу

7 «Қызыл кітапқа» өсімдіктердің қандай түрлері енгізіледі:

A шаруашылық құндылықтары бар

B жергілікті аумаққа жатпайтын

C ерекше экологиялық мағнасы бар

D сирек кездесетін және жойылып бара жатқан

E экологиялық және экономикалық сипаттағы ерекше маңызға ие

8 Қоршаған орта –атмосфералық ауаны , жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және өзара іс-әрекеттен туындайтын климатты қоса алғандағы объектілер жиынтығы

A қондырғы

B қауіпті қалдықтар

C қоршаған орта

D қалдықтар түрлері

E коммуналдық қалдықтар

9 Мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау саясатын өткізуге және ұлттық экологиялық бағдарламаларды орындауға құзырлы:

A ҚР Парламенті

B ҚР Үкіметі

C ҚР Президенті

D қоршаған ортаны қорғау бірлестіктері

E табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі

10 «Жер қойнауы және жер қойнауларын пайдалану» туралы ҚР Президентінің жарлығы

A 1995 жылдың 16 қыркүйегі.

B 1995 жылдың 21 қыркүйегі

C 1995 жылдың 5 наурызы.

D 1994 жылдың 5наурызы

E 1996 жылдың 27 қаңтары .

11 Қоршаған ортаға ғылыми негізделген шекті мөлшерде әсер ететін әрекетті бекіту-бұл

A Сараптама

B Мониторинг

C қоршаған орта сапасын мөлшерлеу

D Кадастр

E Кондоминиум

12 Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі болып каралады: 

A нақты бір объектілерді қорғауды экологиялық талаптар

B экологиялық құқық бұзушыларға жауапкершілік түрлері

C табиги объектілерге және ресурстарға құқық түрлері

D табиғи ресурстарды пайдалануға құқықтық негіздер

E табиғатты қолдануды мөлшерлеу, қоршаған ортаны қорғау аймағын экономикалық реттеу

13 Экологиялық сараптама бөлінеді

A қоғамдық және муниципальдықка

B қоғамдық және мемлекеттікке

C Қоғамдық және аумақтық

D қоғамдық және ведомствалық

E қоғамдық және жеке

14 Объектілердің қайсысы қоршаған ортаны қорғау объектілеріне жатпайды

A жер бетіндегі және жер астындағы сулар

B жер, жер қойнулары, құнарлы топырықтар

C жануарлар және басқада организмдер және оларды генетакалық коры

D ормандар және басқа да өсімдіктер

E атмосфералық ауа

15 Мемлекеттік табиғи қорықтық қорлар объектілері бекітіледі

A қорықтық қорларда жұмыс жасайтын жеке тұлғалармен

B қорықтық қорлар аясында жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлермен

C ҚР заңымен

D жергілікті атқарушы органның бұйрықтарымен

E ҚР Үкіметі бұйрықтарымен

16 Авторлық объектісі болып табылмайды

A карталар,сызбалар, жоспарлар

B архитектураның туындылары

C сурет туындылары

D картиналар, көркем туындылар

E ресми құжат

17 «ҚР құрылықтық шельфінде заңсыз құрылыстар тұрғызу» (ҚР ҚК 284б) қылмыстың қандай түріне жатады :

A әскери қылмыс

B көліктегі қылмыс

C денсаулыққа және адамгершілікке қарсы

D экологиялық қылмыс

E әлеуметтік қылмыс

18 Экологиялық құқықты басқа құқық саласынан ажырататын белгілері

A қағидаларының бар болуы

B құқықтық реттеу пәнінің және әдісінің бар болуы

C жүйе көздерінің бар болуы

D құқықтық реттеу ерекше объектісінің бар болуы

E құқықтық реттеу субъектісінің бар болуы

19 ҚР аумағында кім қылмыскер болып табылады

A ҚР азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар

B тек азаматтар

C ҚР азаматтары және шетелдіктер

D ҚР азаматы, азаматтық жоқ тұлғалар, шетелдіктер

E ҚР азаматы және екі азаматтығы бар тұлғалар

20 Табиғи обьектілер қасиеттеріне ие емес, адаммен құрылған оның әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ететін обект- бұл 

A су обьектілері

B антропогендік объект 

C табиғи-антропогендік объект 

D табиғи ландшафт 

E жасанды ландшафт 

21 Экологиялық құқықтық қатынас кімдердің арасында пайда болады

A кәсіпорынмен және қоршаған табиғи ортамен  

B атқарушы билік органымен және қоршаған ортамен  

C саяси партиялармен 

D азаматпен және қоғамдық бірлестіктермен  

E атқарушы билік органымен және азаматпен 

22 Шаруашылық жобаларының алдын ала тексерілуі және экологиялық қауіпсіздік және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптары бұл

A экологиялық сақтандыру

B табиғатты пайдалануды ынталандыру

C экологиялық бақылау

D экологиялық сараптама

E экологиялық дайындық

ҚР Қылмыстық құқық тақырыбына арналған тест сұрақтары

1 Қылмыстық жауапкершілік мынадай сәтте тоқтайды

A жаза тағайындалғаннан кейін

B үкімнің заңды күшіне енгеннен соң

C жойылуы немесе соттылығы алынғанда

D жазасын өтегенде

E айыпталу қорытындысын бекіткенде

2 Қылмыстық кодексте қылмыстарды жіктелу мынадай жағдайларда жүргізіледі :

A қылмыстың, кінәнің нысаны және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай

B субьект және объективті жақтарына

C қылмыстың суубъектісі және объектісінің факультативті белгілеріне

D тек субъективті жағы

E мақсаты мен ниетіне

3 ҚР қылмыстық заңын қабылдауға қандай орган құзыретті

A ҚР Президенті

B ҚР Парламенті

C ҚР Қонституциялық кеңесімен

D ҚР Үкіметі

E ҚР Мәжілісі

4 ҚР ҚК заңды күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасында қандай қылмыстық заң әрекет етті

A 1926ж. РСФСР ҚК

B 1960ж. РСФСР ҚК

C 22.07.1959ж. Қаз . СҚР ҚК

D 1959ж.КСРО қылмыстық заңдылығының негізі

E 1991ж КСРО заңдылығының негізі

5  Қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық құқықтың дерек көздері болып...:

A кешірім актісі

B рақымшылық актісі

C саяси қорғану беру актісі

D қылмыскерді беру актісі

E дұрыс жауап жоқ

6 Қылмыстың қайталануы болып..

A қылмысты жасаған тұлға, бұрын дисциплинарлы жауапкершілікке тартылған болса.

B қылмысты жасаған тұлға, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса.

C ҚР ҚК бір бабында ұсынылған қылмысты тұлға екі рет немесе одан да көп жасаса.

D бір тұлғамен бірнеше қылмыс жасалса.

E қылмыс жасаған тұлға бұрында сотталған болса

7 Эксцесс атқарушы сөзін түсіну керек

A басқа қатысушылардың ниеттерін қамтымайтын әрекеттерімен қылмысты орындаушының жасауы

B қылмысты жасау басталған уақытта, жасаушылардың біреуі өз еркімен қылмыс жасаудан бас тартуы

C қылмысқа қатысушылардың бірін-бірі жақсы танитындығын ескере отырып, орындаушыларды біреуі олардың өзара алдын-ала келіспеген, болжамаған әрекет жасауы

D қылмысты орындаушылардың өзара әрекеттерін бөлулеріне сәйкес өзгеше әрекеттер жасауы

E қастандық деңгейінде орындаушының қылмыс жасаудан бас тартуы

8 Қылмысты жіктелуі болып саналады:

A қылмыстарды белгілі бір категорияларға бөлу

B қылмыстың қоғамға қауіптілігі дәрежесін анықтау

C құқықтық нормалардың диспозицияларының түрлерін бекіту

D санкцияларын бекіту

E ҚК қарастырылған қылмыспен және қоғамға қауіпті әрекеттің бекітілуі мен заңды анықталуының сәйкестілігі

9 Істі кассациялық сатыда қарау мерзімдері

A 3 айдан кешіктірілмей

B 1 жылдан кешіктірілмей

C 6 айдан кешіктірілмей

D 1 айдан кешіктірілмей

E сот тағайындаған мерзімде

10 Апелляциялық шағымдар беріледі

A аппеляциялық инстанцияларға

B шешім шығарған сот арқылы. Касациялық шағымдарды кассациялық инстанцияларға беру оларды қарауға кедергі болмайды

C Прокуратураға

D жоғарғы тұрғыдағы сотқа

E ҚР жоғарғы сотына

11 Соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау аппеляциялық шағымдарға жата ма

A Жатады

B Жатпайды

C арызды қайта қарау туралы арызданушының жеке шағымы бойынша жатады

D арызды қайта қарау туралы арызданушының жеке шағымы бойынша және қарсылығы бойынша жатады.

E жеке қарсылығы бойынша жатады

12 Азаматтық іс жүргізу міндеті болып

A моральдық өтемақыны төлеу

B төтенше және басқада заңсыз жағдайларды шешу

C жеке тұлға абырой-

D бұзылған және даулы болған құқықтарын қорғау

E дұрыс үкім шығару

13 Азаматтық істер қанша уақытта қаралып, шешім қабылданады

A соттың істі қарауына дайындықтың аяқталған күнінен бастап 2 ай ішінде

B соттың істі қарауына дайындықтың аяқталған күнінен бастап 5 ай ішінде

C соттың істі қарауына дайындықтың аяқталған күнінен бастап 4 ай ішінде

D соттың істі қарауына дайындықтың аяқталған күнінен бастап 3 ай ішінде

E 15 күн ішінде

14 Қандай қылмыс жан күйзеліс жағдайында жасалған болып есептеледі

A жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не моральға жат іс-әрекетінен болған кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында

B қызғаныштан жасалған

C өзінің жасаған әрекетіне толық көлемде есеп бере отырып психикалық ауытқуларға байланысты емес ақыл есінің дамуының жетіспеушілігіне байланысты, өзінің әрекетіне толық жауап бере алмайтын тұлғаның жасаған қылмысы

D психикалық ауытқуларға байланысты емес психикалық дамуының жетіспеушілігіне байланысты, өзінің әрекетіне толық жауап бере алмайтын тұлғаның жасаған қылмысы

E жан күйзелісі күйінде жасалған қылмыс

15 Азаматтық іс-жүргізу құқығының пәні болып

A азаматтық іс жүргізу қатынастары

B ҚР азаматтары

C ҚР азаматтық кодексі

D ҚР Конституциясы

E құқыққа қарсы қатынас

16  ҚР ҚК 15 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік тағайындалады:

A 14 жастан

B 15 жастан

C 16 жастан

D 17 жастан

E 18 жастан

17 ҚР ҚК 101 бабында абайсызда адам өлтіру бұл

A қылмыстық немқұрайлық пен менмендік бойынша адам өлтіріп алу

B қасақана адам өлтіру

C байқаусызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған, денсаулыққа қасақана ауыр жарақатын келтіру

D кінәнің қос нысанды өлтіру

E жанама ниетпен жетілген өлтірудің әртүрлілігі

18 ҚР бабында жеке өмірге қол сұғушылықты бұзу деп түсіндіріледі

A тұлғаның және оның жанұясының құпиясын және жеке өмірі туралы мәліметтерді заңсыз тарату

B тұлғаның жеке өмірі туралы заңсыз мәліметтер жинау және тарату

C тұлғаның келесімінсіз жеке өмірі туралы заңсыз мәліметтер жинау және тарату

D тұлғаның және оның жанұясының құпиясын және жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келесіміз заңсыз жинау және тарату, егер оның құқығына және заңды қызыгушылықтарына зиян келтірсе

E тұлғаның және оның жанұясының құпиясын және жеке өмірі туралы мәліметтерді, оның келесуміз заңсыз жинау және тарату

19 Тән азабына әкеліп соқтыратын жазадан бас тарту, қандай қағидаларды іске асыру болып табылады

A қылмыстық куғын-сүргінді үнемдеуді

B гуманизмді (ізгілікті)

C жеке жауапкершілікті

D кінәлілікті

E әділеттілікті

20 Вандализм қылмыстың қандай санатына жатады

A аса ауыр қылмысқа

B ауыр қылмысқа

C ауыр қылмысқа маңызсыз қылмысқа

D ауырлығы орташа қылмысқа

E орташа ауыр қылмысқа

21 Тыңшылық мемлекеттік опасыздықтан ажыратылады

A әдіспен

B Субъектімен

C оқиға орынымен

D объектімен

E құрал-сайманмен

22 ҚР ҚҚ 216 бабындағы құрам (қасақана банкротқа ұшырау) ҚР ҚК 217 бабындағы құрамнан (жалған банкротқа ұшырау) айырмашылығы

A Субъектімен

B объектімен және қылмысты жасау әдісімен

C субъективті жағынан

D объектімен және қылмыс орнымен

E объективті жағынан

23 Қылмыстық заң, заңды күшін жоғалтпайды

A жаңа заң қабылданғанда

B қылмыстық заңды қысқартқанда

C ескі заңды жаңа заңмен ауыстырғанда

D заңда көрсетілген мерзімнің өтуіне байланысты

E қылмыстық заңға өзгертулер және толықтырулар енгізілгенде

24 Кісі өлтірудің артықшылық түріне жатпайды:

A аяушылықтан өлтіру

B күйзелісті күйінде өлтіру

C анасының жаңа туған нәрестесін өлтіруі

D қажетті қорғаныс шегін асыра пайдаоанып өлтіру

E қылмыскерді ұстауда қажетті асыра пайдалнып өлтіру

25 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату болып табылады:

A қылмысты жасаған тұлғаның, келтірілген залалдың орнын толтыруы

B қылмысты аяқтаудан өз еркімен бас тарту

C өз кінәсін ішінара мойындау

D егер тұлға алғашқы рет өте ауыр емес қылмыс жасаса, сонымен қатар өз еркімен қылмысын мойындап тергеуге қылмыстың ашылуына көмек берсе

E қылмыс өз еріктерімен қылмысты мойындап келген тұлғалармен жасалса

26 Кәмелетке толмағандарға тәрбиелік тұрғыда мәжбүрлеу шарасы тағайындалады:

A айыппұл, қамау

B бас бостандығынан 5 жылға дейін айыру

C түзеу жұмыстары

D мүлкін тәркілеу

E ескерту

27 Қылмыстың құрамының элементтерінде себепті байланыстарының орны :

A қылмыстың объективті жағының айырып алынбайтын белгісі

B қылмыстың объективті жағының факультативті белгісі

C кінәні және жауапкершілікті ауырлататын белгісі

D материалды қылмыстың объективті жағының белгісі

E қылмыстың субъективті жағының белгісі

28 Қылмыстық құқықтың реттеу пәні болып:

A қылмыс жасауға байланысты пайда болатын қылмыстық құқықтық қатынастар

B қылымыстық қудалау аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастар

C қылмысқа қарсы күрес процесінде туындайтын қылмыстық құқықтық қатынастар

D қылмыстылық пен жазаны оқыту жөніндегі қоғамдық қатынастар

E әлемнің материалдық заттарға байланысты қылмыстың жасалуы

29 ҚР аумағындағы қылмыскер болып кім табылады

A ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар

B тек ҚР азаматтары

C ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар

D ҚР азаматтары және шетел азаматтары

E ҚР азаматтары және қос азаматтыққа ие тұлғалар

30 ҚР аумағынан тыс жерлерде жасалған қылмысы үшін шетел азаматтары жауапқа тартыла ма

A тартылмайды

B тартылады, егер ҚР мүдделеріне зиян келген болса

C тартылады ,егер қылмыс ҚР аумағында жасалса

D ҚР үкіметінің және басқа мемлекеттің шарты тартылады

E тұрақты тұратын мекен жайына, сонымен қатар ҚР қылмыстық кодекспен қарастырылған

31 Реторсия ұғымы

A шетел азаматын талап етіп отырған мемлекетке тапсыру

B шетел азаматтарының жекелеген санаттарының өзінің елінен тыс жерлердегі артықшылықтары

C өз елінен тыс жерлердегі шетел азаматттарының құқықтық жағдайы

D шетел азаматтарына қатысты бекітілген мемлекеттік құқықтық шектеулер

E адамдардың жаппай қырылуы, кәсіпорынның құлдырауы мен бұзылуы

32 Ниет түрлері

A Тікелей

B тікелей және жанама

C Альтернативтік

D белгілі және белгісіз

E Жанама

33 Үкімді қайта қарау туралы ұсыныс қаулысы қай беріледі

A қадағалау истанциясына қарауға

B облыстық сотқа

C әділет біліктілік алқасына

D ҚР бас прокурорына; облыс прокурорына

E аудандық(қалалық) сотқа

34 Вандализм қылмыстың кай санатына жатады

A орташа ауырлықтағы қылмысқа

B ауырлығы орташа қылмысқа

C ауыр қылмысқа

D аз маңызды қылмысқа

E аса ауыр қылмысқа

35 ҚР қылмыстық заңнамасында 96 бапта кісі өлтіру түсіндіріледі

A басқа адамның құқыққа қарсы өмірінен айыруы

B заңсыз басқа адамға қаза келтіру

C қасақана басқа адамның өмірін қию

D басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру

E заңсыз қасақана басқа адамның өмірін қию

36 ҚР ҚК 101 бабындағы абайсызда кісі өлтіру – бұл

A жанама ниетпен жасалған кісі өлтіру түрлері

B абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру-бұл

C кінәнің екі нысанымен жасалған кісі өлтіру

D басқа адамға қасақана қаза келтіру

E менмендікпен немесе немқұрайлылық әрекетімен басқа тұлғаға қаза келтіру

37 ҚК 160 бабында «Геноцид» қылмысының кінә нысаны қандай түрде болуы қажет

A тікелей ниетте

B жанама ниетте

C немқұрайлық

D Менмендік

E нақтыланған ниет

38 Қылмыстық заңнаманың 184 -бабы бойынша авторлықты иелену немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу қандай қатынасқа, әсер етеді

A меншік қатынастарына

B экономикалық қатынастар

C басқару тәртібі

D мемлекеттік қызметтің мүдделері

E коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызметтің мүдделері

39 ҚК 177 бабындағы «Алаяқтық» жасау тәсілдері неде көрінеді

A жалған мәліметтер хабарлағанда

B міндетті болған хабарламаларды қасақана фактілерді жасыру

C алдауда немесе сенімді ақтамау

D хабарлауға міндетті фактілерді қасақана жасырып қалу немесе алмастыру

E сенімді ақтамау

40 Алдын ала тергеу нысандары

A анықтау және алдын ала тергеу

B қылмыстық қудалау

C тергеу әрекеттерінің өндірісі

D кінә тағу

E жеке кінәлау

41 Аппеляциялық истанция сотының құрамы:

A құрамында 12 судьядан тұратын алқа

B құрамында 4 судьядан тұратын алқа

C 3 судьядан кем емес

D құрамында 12 судьядан тұратын алқа

E құрамында 12 судьядан тұратын судьялық алқа

42 Істі қайта қарауға негіз болатын мән-жайлар –бұл

A сотталған адамның кінәсіздігін дәлелдейтін жағдайлар

B сотталған адамның ауыр қылмыс жасағанын дәлелдейтін жағдайлар

C ақталған адамның кінәсін дәлелдейтін жағдайлар

D шешім қабылдау кезінде сотқа белгісіз, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша

E жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша

43 Ұрлықпен байланыссыз меншікке қарсы қылмыстарға, мынадай құрамдар жатады:

A тонау (ҚК 178 б)

B абайсызда бөтеннің мүлкін жою немес бүлдіру (ҚР ҚК 188б)

C ұрлық ( ҚР ҚК 175б).

D қорқытып алушылық( 181б ҚР ҚК ).

E сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немес ысырап ету( 176б ҚР ҚК).

44 ҚР ҚК 123 бабында қарастырылған қылмыстың обьективтік жағы айқындалады

A көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау

B шынайы түрде әйел адаммен оның еркінен тыс жыныстық қатынаста болу

C адамды бопсалау,құртамын деп қорқыту,мүлкін білдіру немесе тартып алу, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауы,әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс әрекет

D жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күшті қолдануда немесе қорқытуда

E көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркеке пен еркектің немесе әйел мен әйелдің қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы іс-әрекет

45 Рақымшылық актісі :

A қылмыс жасаған адамды толық немес толық емес жазадан босатуы мүмкін

B кінәліні кешіруі мүмкін

C соттылық мерзімін қысқартуы мүмкін

D барлық өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарды босатуы мүмкін

E сотталған адамның жеке өтініші бойынша босатуы мүмкін

46 Диверсия мақсаты

A жол бағыттарының бұзылуын және жойылуын

B байланыс құралдарының жойылуы мен бұзылуы

C адамның денсаулығына зиян келтіру

D ҚР экономикалық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін үзу

E бөтеннің мүлкін жою және бұзу

47 Тонаудың қарақшылықтан ажырататын ерекшелігі

A Объектісі

B Субъектісі

C объективті жағы

D субъективті жағы

E қолданылған күштің сипатымен

48 Ұстауға хаттама қандай мерзімде жасалады

A күдіктіден жауап алғаннан кейін тез арада

B анықтау және алдын ала тергеу органдарына әкелгеннен кейін 3 сағат ішінде

C заңды ұстағаннан кейін 3 сағат ішінде

D анықтау және алдын ала тергеу органдарына әкелгеннен кейін 6 сағат ішінде

E күдікті ретінде жауап алғаннан кейін 72 сағат ішінде

49  Қадағалау инстанциясы сотының қаулысына кімдер қол қояды

A іс бойынша шешім қабылдаған екі судьямен. ҚР жоғарғы сотының пленумының қаулысына ҚР жоғарғы соттың төрағасымен қол қояды

B облыстық соттың судьясымен

C жоғарғы сот алқасының төрағасының бірімен

D іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялармен

E ҚР бас прокурорымен және ҚР конституциялық кеңесімен

50 Қандай қылмыс тек бір адаммен жасалмауы мүмкін

A Бандитизм

B адамды кепілге алу

C әдейі банкроттық

D Вандализм

E Терроризм

51 Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс

A қылмыс белгісіз ниетпен жасалады

B кінәлінің жанама ниет салдарына қатынасы, қылмыс тікелей ниетпен жасалса

C жасалған әрекетке қатысты бөлек кінәні және келтірілген қоғамдық-қауіпті салдарға өз алдына кінәні анықтау талап етіледі

D екі немесе одан да көп қылмысқа қатысушылар болса

E қылмыс немқұрайлылық пен менмендікпен жасалған дұрыс