Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты по темам ОП каз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Қр Әкімшілік құқығы тақырыбына арналған тест сұрақтары

1 Әкімшілік жауапкершілік қай жастан бастап туындайды

A 14 жастан

B 16 жастан

C 18 жастан

D 15 жастан

E шектеу жоқ

2 ҚР «Мемлекеттік қызмет» туралы заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің түрлері

A азаматтық және саяси

B әкімшілік және атқарушы

C саяси және әкімшілік

D республикалық және парламенттік

E саяси және президенттік

3 Мемлекеттік қызметкер коммерциялық ұйымдарды басқаруға қатыса ала ма

A қатыса алмайды

B мүмкін,тек мәжіліс келісімімен

C мүмкін,егер коммерциялық ұйымды басқаруға қатысу оның қызметтік міндеттеріне жатса

D мүмкін, өкілді органдардың келісімімен

E мүмкін, жергілікті атқарушы органдардың келісімімен

4 Әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурс өткізудің нысаны

A ашық

B ашық және жабық

C жабық

D құпиялы

E кез келген нысанда

5 Саяси қызметке кіру кезінде қосымша талаптар қандай лауазымды тұлғамен анықталады

A ҚР премьер министрімен

B ҚР үкіметімен

C Парламент Сенатымен

D ҚР Президентімен

E Бас прокурормен

6 Алғаш әкімшілік мемлекеттік қызметке қабылданған азаматқа қандай уақытқа сынақ мерзімі бекітіледі

A 2 айға дейін

B 6 айға дейін

C 3 айға дейін

D 1 айға

E бекітілмейді

7 Заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің қайсысы қызметтен кетуге (отставкаға) құқығы бар

A әкімшілік қызметкер

B азаматтық қызметкер

C саяси және әкімшілік қызметкерлер

D әкімшілік және азаматтық қызметкерлер

E саяси мемлекеттік қызметкерлер

8 Саяси мемлекеттік қызметкерлер үшін қызметтік өкілеттігін дөрекі бұзу қандай жағдайға әкеледі

A сөгіс

B қызметтен босату

C көтермелеу

D әкімшілік шара

E ескерту

9 ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңы қашан қолданысқа енгізілді

A 1 қаңтар 2000 ж

B 1 қаңтар 2005 ж

C 1 қаңтар 2001 ж

D 1 қаңтар 2002 ж

E 1 қаңтар 2003 ж

10 Мемлекеттік қызметкердің қызметіне еңбекақысы қай бюджеттен төленеді

A жергілікті немесе республикалық бюджеттен немесе ұлттық банк қаражатынан

B Президент қаражатынан

C жергілікті бюджеттен

D облыстық бюджеттен

E салықтан және аударымдардан

11 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган кімге есеп береді

A ҚР Президентіне

B Премьер Министріне

C облыс әкіміне

D мәслихатқа

E Парламент Сенатына

12 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның шешімдерді рәсімдеу түрлері

A қаулы

B бұйрық

C жарлық

D шешім

E ережелер

13 Әкімшілік шаралардың түрлері

A мүлкін тәркілеу

B бас бостандығынан айыру

C өлім жазасы

D ескерту, әкімшілік айыппұл

E абақтыда ұстау

14 Мемлекеттік қызметкерлер ант келтіруге міндетті ме

A міндетті емес

B тек парламентке міндетті

C антты тек саяси қызметкерлер келтіреді

D барлық мемлекеттік қызметкерлер міндетті

E барлығы да дұрыс емес

15 Әкімшілік шаралардың түрлеріне жатпайды

A әкімшілік айыппұл

B бас бостандығынан айыру

C ескерту

D сөгіс

16 ҚР әкімшілік құқықтық пәні болып табылады:

A мемлекеттік тек құқық қорғау органдары қызмет аясындағы қоғамдық қатынастар

B жергілікті өзін өзі басқару аясындағы қоғамдық қатынастар

C жоғары өкілетті органдарының қызметі аясындағы қатынастар

D атқарушы органдары қызметінің аясындағы қоғамдық қатынастар

E сот органдарының қызметі аясындағы қоғамдық қатынастар

17 Әкімшілік құқықтың пәні болып табылады

A кәсіби одақтар арасындағы қатынастар

B әкім мен азаматтар арасындағы қатынастар

C қоғамдық ұйыммен тұтынушы кооператив арасындағы қатынас

D мемлекеттік емес білім мекемелерінің арасындағы қатынас

E прокурор мен соттың арасындағы қатынастар

18 Алып келу(айыпталушыны) қай органдармен жүргізіледі:

A прокуратура

B 2 инстанция соттарымен

C әділет органдары

D кеден органдары

E ішкі істер және қаржы полициясы

19 Әкімшілік -құқықтық қатынастардың толық құрамы

A субьект және обьект

B субъект и заңдық мазмұндар

C обьект

D субъект, объект және заңды фактілер

E объект және шын мәніндегі мазмұны

20 Әкімшілік құқықтың пәніне кірмейді

A сот пен азаматтың арасындағы қатынас

B діни бірлестік пен Әділет министрлігінің арасындағы қатынастар

C ҚР президентімен облыс әкімінің арасындағы қатынастар

D саяси партия мен азаматтар арасындағы қатынастар

E атқарушы билік органдарының арасындағы қатынастар

21 Әкімшілік құқық субъектілік

A белгілі бір жас ерекшелігіне жеткен азаматтың құқығы мен бостандығын мемлекеттің мойындауы;

B азаматтың өз құқығын заңды қорғаудағы қабілеті

C нақты әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектілері және субъективтік міндеттермен құқықтарды жүзеге асыра алатын мемлекетпен танылатын азаматтың заңдық мүмкіндіктері

D азаматтардың мемлекетпен заңды белгіленген азаматтың заңды құқықтары мен міндеттері

E азамат тың әкімшілік құқықтық қатынастың субъектісі болу алу мүмкіншіліктері

22 Қай жылы ҚР Президентінің жарлығымен ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі бекітілді

A 15.04.2005

B 03.05.2007

C 10.05.2005

D 15.05.2007

E 30.08.1999

23 ҚР әкімшілік құқығының субъектілері

A Премьер-министр

B ҚР азаматтары, мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар

C парламент

D Президент

E министрлік

24 Өзінің қол астындағы жұмысшылары бар мемлекеттік қызметкерлердің міндеті

A қарамағындағыларға қатысты адамның абройын төмендететін дөрекіліктерге жол бермеуге

B қарамағындағыларға қатысты ағайыншылық танытып және адамның абыройын төмендедетін дөрекіліктерге жол бермеуге

C қарамағындағыларға қатысты айғақсыз айыптар тағып, адамның абыройын төмендедетін дөрекіліктерге жол бермеуге

D кәсіпкерлерлі әрекеттерге жол бермей,мемлекеттік оргондарда басқа шаруашылық субъектілерінің қызығушылықтарын қорғау

E ҚР билігіне азаматтардың сенімділігін арттыру

25 Мемлекеттік саясат және қызметтік міндеттері мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлер қандай жағдайларда өз пікірлерін жариялауда ұстанымды болу қажет

A егер ол: мемлекет саяси бағытының негізіне сәйкес келмесе

B егер ол: ҚР мемлекеттік органдарының генізгі саяси бағыттарына сәйкес келмесе

C егер ол: мемлекет саяси бағытының негізіне сәйкес келмесе

D егер ол демократиялық қоғамның халықаралық саяси бағытына сәйкес келмесе

Е егер ол: ҚР Конституциясына сәйкес келмесе

26 Мемлекеттік қызметкерлер қандай нормаларды сақтауы керек

A жалпы қабылданған адамгершілік -әдепті нормаларды сақтау, мемлекттік және ресми тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу

B жалпы қабылданған адамгершілік -әдепті нормаларды сақтау, мемлекеттік және ресми тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін және әдеттерін құрметтеу

C жалпы қабылданған адамгершілік -әдепті нормаларды сақтау, мемлекеттік және ресми тілдерді, Қазақстан халқының дәстүрлерін құрметтеу

D жалпы қабылданған адамгершілік -әдепті нормаларды сақтау, ҚР мемлекеттік және президенттік саясатты құрметтеу

E моралды этикалық нормаларын сақтауға, ҚР президентінің саясатын құрметтеуге

27 ҚР әкімшілік аумақтық құрылысына жатады

A Облыс, кешендер, ауылдық аймақтар

B Облыс, аудандар, қалалар, кешендер

C Облыс, аудандар, автономиялық аймақ, кешендер

D Облыс,аудан,қалалар, республикалық маңызы бар қалалар, ауыл,село

E Қалалар, автономиялық аймақ, ауылдық аймақ

28 Мемлекеттік қызметкердің қандай істерге қатысуға құқығы жоқ:

A қызметіне немесе жұмысына қатысты басқа жоғарғы және төменгі тұрғыдағы қызметкерлермен ақшалы және басқа мүлікті құмарлық ойындарға қатысуға

B ҚР және ТМД елдерінің азаматтарымен ақшалы және басқа мүлікті құмарлық ойындарға қатыспауы керек

C басқа да мемлекеттік қызметкерлермен ақшалы және басқа мүліктік құмарлық ойындарға қатыспауы керек

D құмарлық ойындарға және лотореяға қатыспауы керек

E ақшалы ойындарға қатыспауы керек

30 Қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық кодексі қай кезде қабылданды

A 22 наурыз 1984ж

B 16 ақпан 1983 ж

C 22 наурыз 1991 ж

D 1 мамыр 1990 ж

E 30 қаңтар 2001 ж

31 Мемлекеттік қызметкерлер пікірталасты қалай жүргізуі керек

A мемлекеттік қызметкерлер пікірталасы, билік органдарының беделін түсірмей әдептілікпен жүргізілуі керек

B мемлекеттік қызметкерлер пікірталасы, билік органдарының және олардың басшыларының беделін түсірмей әдептілікпен жүргізілуі керек

C мемлекеттік қызметкерлер пікірталасы, мемлекеттік қызметтің беделін түсірмей әдептілікпен жүргізілуі керек

D мемлекеттік қызметкерлер пікірталасы, мемлекеттік саясаттың беделін түсірмей әдептілікпен жүргізілуі керек

E мемлекеттік қызметкерлер пікірталасы, халықаралық аренада демократиялық мемлекеттің беделін түсірмей әдептілікпен жүргізілуі керек

32 Қазақ халқы тарихында сот билігі кімдерде болды

A ақындарда

B билерде

C соттарда

D прокурорларда

E тергеушілерде

33 Әкімшілік құқықтың субъектілірінің құқықтық мәртебесі реттеледі:

A үкіметтік емес ұйымдардың актімен ғана

B заңдармен, жарлықтармен, үкімет қаулыларымен

C саяси партиялардың заңдарымен актілерімен

D соттардың заңдарымен үкімдерімен

E қоғамдық-ұйымдардың заңдары және актілерімен

34 Әкімшілік-құқық қатынастардың пайда болуының негіздері

A құқықты шығармашылық әрекет

B заңды фактілер

C құқықтардың және міндеттердің жүзеге асырылуы

D әкімшілік жауапкершілік

E әкімшілік-құқықтық норма

35 Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне төменде көрсетілген міндеттердің қайсысы кірмейді

A жол полициясы органдарына көлік құралдарын тіркеу міндеті

B қоғамдық орындардв спирттік ішімдіктер ішпеу міндеті

C қатерлі қауіп көздерін міндетті түрде сақтандыру міндеті

D заңмен белгіленген жағдайларда міндетті түрде медициналық тексерулерден өту міндеті

E алдын-ала тергеу органдарына шақырумен келу міндеті

36 Әкімшілік-құқық нормаларының элементтерін атаңыз

A жүріс-тұрыс ережесі, қоғамдық қатынас

B болжам, диспозиция, санкция

C бағытталған әрекет, координация

D басқару әрекеті, қоғамдық қатынас

E әкімшілік құқықтық қатынас, болжам

37 Мемлекеттік қызметке орналасушыларға міндетті талаптарды көрсетіңіз

A 18 жастан кіші болмауы, ҚР азаматттығы бар, білімінің және кәсіби даярлық деңгейінің сәйкестігі

B жоғары білімі болуы

C мемлекеттік тілді білуі

D сотты болмауы

E 20 жастан төмен және 50 жастан жоғары болмауы

38 Саяси мемлекеттік қызметкер болып кім табылады

A Парламент депутаттары

B Мәслихат аппараты

C мемлекеттік қызметкерлер

D Судьялар

E департамент бастығы

39 Мемлекеттік қызметкердің құқығы жоқ

A басшыдан мемлекеттік қызметіне, лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттігінің көлемін және нақты тапсырмаларды қоюын сұрауға

B лауазымды міндеттерін орындауға қажетті хабарларды және материалдарды белгіленген тәртіп бойынша алуға

C лауазымды міндеттерін орындау үшін жеке-меншік түрлеріне қарамастан орнатылған тәртіп бойынша ұйымдарға баруға

D мемлекеттік қызметке қатысты материалдармен танысуға

E оның қызметтік әрекетін қамтамасыз ететін қаржылық және хабарламалы, материалды- техникалық құралдарды қызметтен тыс мақсаттарға пайдалануға

40 Әкімшілік мәжбүрлеу бұл

A тек қана атқарушы органдармен заң нормаларын бұзушыға қолданылатын талап

B қоғамдық қатынастарды реттейтін әсерді қамтамасыз етуге лауазымды тұлғалармен қолданылатын мәжбүрлеу әдістері мен құралдары

C сот органдарымен қолданылатын мәжбүрлеу құралдары

D Мәжбүрлеу әдістері

E оқудан тыс мәжбүрлеу шараларын қолдану ережелері

41 Әкімшілік-ескерту шараларына жатпайды:

A медициналық куәландыру

B әкімшілік ұстау

C жеке тұлғалық құжаттарын тексеру

D карантин енгізу (эпидемияларда және эпизоотияларда)

E қару қолданғанда

42 Бір тұлғамен екі немесе оданда көп рет әкімшілік құқықбұзушылық жасалса, әкімшілік шара қолданылады

A жиынтық бойынша

B ауырлығына қарай ауыстыру

C қарапайым қосу амалы арқылы

D әр құқықбұзушылық жеке-жеке

E қиын қосу амалы арқылы

43 Әкімшілік құқықтың нормалары нені реттейді:

A азаматтық қағидаларын

B мемлекеттік қызметтің қағидаларын

C ұлттық-мемлекеттік құрылыс негіздерін

D интеллектуалдық меншік құқығын

E авторлық құқықты

44 Әкімшілік құқық – бұл

A нормативтік заңдардың жиынтығы

B басқару қатынастарының жиынтығы

C басқару саласын реттейтін, нормативтік заңдардың жиынтығы

D қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік заңдардың жиынтығы

E белгілі бір өзара қатынастарды реттейтін нормативтік заңдардың жиынтығы

45 Атқарушы билік органдарының қызметтері

A заң шығарушы және реттеушілік

B құқыққорғау және сот

C атқарушылық және реттеушілік

46 Әкімшілік құқықбұзушылық ол..

A жазаның аса қатаң жазалар бекітілген тұлғаға зиян келтірілетін қауіпті, құқыққа қарсы, кінәлі әрекет

B ұйымның ішкі тәртібін бұзатын құқыққа қарсы әрекеті

C мүліктік және мүліктік емес қатынастарды бұзу

D әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы,кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі

E деликтіге қабілетті тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі

47 Құқық нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылуы мен ұйымдастыру процесінде қалыптасатын атқарушылық қызметіндегі қоғамдық қатынастар

A отбасылық құқықтық қатынас

B еңбектік құқықтық қатынас

C азаматтық құқықтық қатынас

D әкімшілік құқықтық қатынас

E мемлекеттік құқықтық қатынас

48 Заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен ақы төленетін қызметті атқаратын ҚР азаматы болып табылады..

A оқушы

B бизнесмен

C қызмет көрсету саласындағы қызметкер

D кәсіпкер

E мемлекеттік қызметкер

49 Мемлекеттік қызметшілердің қайсысы аттестациялаудан өтеді

A саяси қызметкерлер және ерекше жағдайларда әкімшілік қызметкерлер

B тек әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер

C тек саяси мемлекеттік қызметкерлер

D саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер

E Президентпен тағайындалатын мемлекеттік қызметкерлер

50 ҚР азаматы қос азаматтыққа ие болады

A ТМД елдерінің аумағында туылса

B егер ол ҚР парламентінің рұқсатын алса

C ҚР Президентінің жарлығына сәйкес

D басқа елдің азаматтығы танылмайды

E егер ол ҚР президентінің рұқсатын алса

51 Республика аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол беріле ме

A жарғысында көрсетілген болса жол берліеді

B егер тиісті органдардың келісімі болса

C мемлекетті басқаруға қатысуға құқығы

D жол берілмейді

E халықаралық шарттарда қарастырылған болса

52 ҚР мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды

A 2 шілде 1993 ж

B 4 шілде 1992 ж

C 4 маусым 1992 ж

D 5 маусым 1993 ж

E 6 маусым 1992 ж

53 ҚР Конституциялық құқығының нормаларымен реттелетін пәндерінің бірі

A денсаулық сақтау

B бала асырап алу

C Қорғаншылық

D коммерциялық мәмлелер

E азаматтық

54 Әкімшілік ұстауға қандай жағдайларда жол берілмейді

A әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыруға

B алдын алу шараларын өткізуге

C дер кезінде істі қарауды қамтамасыз ету үшін

D құқықбұзушылық фактілерін іс жүргізуге рәсімдеу үшін

E әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу үшін

55 Заңмен бекітілген тәртіпте мемлекеттік бюджеттен төленетін мемлекетік қызмет бойынша міндеттерді ақшалай сыйақы үшін орындайтын ҚР азаматы

A қызмет көрсету аясындағы қызметкер

B оқушылар

C бизнесмен

D кәсіпкер

E мемлекеттік қызметкер

56 Қанша мерзімде ҚР Президенті Үкіметтің отставкасын қабылдайды немесе қабылдамайды

A 72 сағатта 

B 24 сағатта

C 7 күнде

D 10 күнде 

E 30 күнде

57 Азаматтардың әкімшілік құқықтық қабілеттілігі қай жастан пайда болады

A 14 жастан

B 18 жастан

C туылған кезден

D 16 жастан

E 15 жастан

58 Әкімшілік құқық оқытады:

A мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қызметі аясында басқару мәселелерін

B мемлекеттің және саяси партиялардың жоғары өкілдік және атқарушы органдарындағы басқару мәселелерін

C мемлекеттік емес ұйымдардағы басқару мәселелерін

D қоғамдық және діни бірлестіктерде басқару мәселелерін

E мемлекеттік органдар жүйесінде және ұйымдарда басқару мәселелерін  

59 Әкімшілік құқықтың пәніне кіреді

A діни қоғамдық бірлестіктердің арасындағы қатынас

B мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің арасындағы қатынас

C қоғамдық бірлестіктер мен тұтыну кооперативтерінің арасындағы қатынас  

D кәсіби кеңестердің арасындағы қатынас

E азамат пен өрт қадағалау органдарының арасындағы қатынас  

60 Әкімшілік құқықтың пәніне кірмейді

A ведомоствоаралық қатынас

B азамат пен қоғамдық қорлардың арасындағы қатынас

C ұйымның филиалы мен салық комитетінің арасындағы қатынас

D облыс әкімі мен аудан әкімінің арасындағы қатынас

E кооператив пен статистика органының арасындағы қатынас  

61 Биліктің атқарушы органдарына басым әсер ететін орган

A парламент

B ҰҚК

C сот

D Президент

E Конституциялық кеңес

62 Қандай әрекеттер әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі

A сату-сатып алу шартын құру

B көлікті жалға алу

C жұмыстан шығу

D тәртіптік жауапкершілікке тарту  

E кәсіпорынды және басқа заңды тұлғаларды тіркеу

63 Қандай нормалар түрлері белгілі бір әрекеттерді жасауды міндеттейді

A рұқсат етуші

B Мадақтау

C Міндеттеу

D Шектеулілік

E тиым салушы

64 Әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуына негізі

A тек әрекет

B әрекет және оқиға  

C тек әкімшілік құқықбұзушылықпен байланысты әрекет

D тек оқиға

E заңнамамен реттелмеген

65 Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын даулар қандай тәртіпте шешіледі

A тек әкімшілік тәртіпте

B сот және әкімшілік тәртіпте  

C тараптардың қарауымен

D міндетті әкімшілік тәртіпте алдын ала қараумен сот тәртібінде

E тек сот тәртібінде