Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ашық сабақ тарих.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
542.67 Кб
Скачать

§3. Түркеш қағанаты (704-756жж.)

Жоспары:

1.Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы.

2. Қағанаттың ішкі-сыртқы жағдайы.

3. Шаруашылығы.

4.Жетісудағы соғдылар.

Оқушыларға Түргеш қағанаты туралы электронды оқулықтан  үзінді тыңдату.

Жер аумағы.

 

Жер аумағы:   Жетісу

Астанасы:   Суяб

Үлкен Орда  - Суяб

Кіші Орда – Күңгіт (Іле бойында)

Қағанат жері: Орта Азияның  оңтүстік –шығысында Шаш қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан аралығын қамтиды.

Этникалық құрамы.

Халқының құрамы: түркі тілдес тайпалар

Түргеш қағанатының ішкі-сыртқы саяси жағдайы.

Қағанаттың  ішкі-сыртқы саяси дамуында роль атқарған қағандар:

Үшлік  699 – 706 жж

Сақал  406-711жж

Сұлу қаған 715-738жж

Тұқарсан –Құтшар 738-739жж

Сырттан төнген қауіп :

  • Арабтар шапқыншылығы

  • Қытай мемлекеті үлкен қауіп төндірді

  • Шығыс Түрік қағандығынан төнген қауіп

Тәуелсіздікті сақтау жолдары:

  • Қытай империясы және Шығыс Түрік қағанатымен құдандалық арқылы келісімге келді;

  • Көрші елдермен әскери келісім шарттар жасасты;

  • Орта Азия халықтарымен арабтарға қарсы күш біріктірді.

www.youtube.com/watch?v=dUqBYSJGbvQоқушыларға Түркеш қағанаты атты бейнематериал көрсетіледі.

Шаруашылығы.

Сауданың дамуы.

  • Ұлы Жібек жолында  орналасты;

  • Ірі сауда қалалары дамыды;

  • Теңге шығаратын сарайлар орналасты.

 

«Түргеш қағаны (Құдайдың қалаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» деген соғды жазуы дәлелдейді. Теңгелер 704-766жж. Таразда соғылған.

Жетісулық соғдылар.

Түрік және соғды халықтарының арасындағы байланыс олардың материалдық және рухани мәдениеттерінен айқын байқалады.

Жаңа сабақты бекіту.

І тапсырма.  Жылдар сөйлейді(жауаптары анимация арқылы шығады)

704-756жж-

VIғ –

20-

7 мың –

715-738жж -

737ж –

720-721жж  -

20ж –

751ж –

749-753жж-

756ж –

ІІ тапсырма.  Кестемен жұмыс.

мемлекет

атауы

уақыты

орналас-

қан

аумағы

этникалық

құрылымы

саяси жағдайы

қоғамдық

басқару

жүйесі

Түргеш

қағанаты

ІІІ тапсырма.  Берілген тізімнен  Түргештердің басшыларын тауып көрсет.

А.Үшлік В.Бумын С.Сұлу Д.Шегу Г. Күли Шор Е.Жыпыр Ж.Есен- бұға З.Тардуш

И.Тұқарсан Құтшар                         Жауабы:  А,С,Е,И

Бағалау.

Үйге тапсырма:§3. Түркеш қағанаты (704-756жж.)

  • РАФТ әдісі бойынша хат жазу

  • Кескін картаға қағанаттың аумағын сызу.

  • “Күлтегін” жазуынан Түргеш қағанаты туралы мәлімет алу

  • Қағанаттың шаруашылығын Түрік, Батыс  Түрік қағанаты шаруашылықтарымен  салыстыру.

ҮЙСІНДЕРДІҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ДІНИ НАНЫМ – СЕНІМІ

ADMIN · ИЮЛЬ 2ND, 2014 · 0 COMMENT

Павлодар облысы Лебяжі ауданы А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ Ибраева Гульзар Кабиденовна

Сабақтың тақырыбы:  Үйсіндердің салт-дәстүрі және діни наным – сенімі.

Сабақ мақсаттары: Оқушылардың үйсіндердің  туралы білімдерін жетілдіру арқылы олардың  салт-дәстүрлері мен діни наным-сенімдері туралы түсініктерін  қалыптастыру.Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, топтық, жұптық жұмыс істеу ережесінің сақталуын өздері қадағалауды дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Құралдар: Интербелсенді тақта, үйсіндердің салт-дәстүрлері суреттер,  маркер, флипчарт,үлестірме суреттер, қайшы, желім, скрепка, түрлі – түсті қарындаштар, фотоаппарат, видеокамера.

 

Әдіс-тәсілдер:  Сұхбат, ой қозғау, топтастыру, эссе жазу, оқулықпен жұмыс.

 

Оқыту нәтижесі:

-           оқушылардың тіл байлығы дамиды;

-          топта пікірталасқа түсуге дағдыланады;

-          топтың ойын, идеясын толық жеткізуге  машықтанады;

Сілтеме:  Қазақстан тарихы «Алматы Атамұра» 2011

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2мин

Психологиялық дайындықОқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.

Қазақстан- қол алысады,

Италия- құшақтап амандасады,

Зимбабва- арқаларымен төс қағысу

Македония- шынтақтарын тигізе амандасу,

Никорагуа-иық қағысады

Бразилия- арқа сипайды

Австралиялық аборигендер- қол шапалақтап, аяқпен секіреді, жамбаспен көршісін қағады.

 

Оқушыларды Қазақстан, Бразилия, Италия елдеріне бөлу арқылы топтастыру,

 Оқушылар мұғалім көрсеткен іс –әрекетті қайталайды. Көңіл-күйлері жақсарады.

АКТ

Білу кезеңі

4мин

Үй тапсырмасын оқушылардың өздері құрастырған тест жұмысы арқылы тексеру.

 

 

 

«Ойшыл хат» әдісі бойынша үш топқа 3 конверт таратылады.

Тесті орындайды, жұпта бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

 

СТО,ДО,ОмОЖТ, ОЖЕСО

 

Қай топқа мәтіннен үзінді және сұрақ түссе, сол топ  ой бөліседі, басқа да топтардың ойын біледі. Осылайша жаңа тақырыпқа шығады.

Түсіну жаңа материалмен жұмыс

10

«Ойлан,жұптас, топтас» тапсырмасы. Топтарға мәтінді бөліп беру.

-          1 топ-Үйсіндердің салт-дәстүрі.

-          2 топ- Үйсіңдердің наным-сенімдері..

-          3 топ – эксперттер (Маулен, Наурызгүл, Бекзат, Бекболат)

Топпен жұмыс кезінде. Оқушылардың  рөлге бөлінгенің, іс – әрекеттерін бақылайды.

 

СТО, ОБжК, ДО. ТжДО

 

Мәліметпен танысып болған соң, топтардан 2 оқушыдан бір-біріне қонаққа келеді, эксперттер 2-2-ден бөлінеді. Оқушылар мәліметтермен алмасып, олардың жұмысын эксперттер бағалайды.Қонақтар қайтпайды, Эксперттер өз тобына қайтады.

 

Қолдану

10

Оқушыларды түстер бойынша топтастыру.(қызыл, жасыл, сары)

Алған білімдерін пайдаланып, тапсырмалар дайындау.              Үйсіндердің орналасқан жері, үйсіндер туралы деректер және олардың қоғамдық құрылымы тақырыбына

1 –топ: Тарихи диктант тапсырмасын дайындайды.

2-топ: Сәйкестендіру тапсырмасын дайындау.

3-топ: Эксперттерге шығармашылық тапсырма болады.

Қазіргі  қазақ халық мәдениетімен үйсіндердің мәдениетінің ұқсастығы мен айырмашылқтары жайлы салыстырып, схеманы толтыр.

 

ТжДО, ОБжК, ДО, СТО.

Топтар тапсырмаларын дайындайды.

 

Оқушылар өз-өзін бағалап, бағалау парағын мұғалімге тапсырады.

 

Талдау

6 мин

1-2 топтар тапсырмаларын алмасып, орындап, қорғайды, тапсырмалар нәтижесін эксперттер бағалайды.

Эксперттер тобы өз тапсырмаларын ортаға салып, дәлелдейді. Оларды 2 топ оқушылары саусақпен бағалайды.

СТО, ДО,АКТ

түсіндіріп, алмасып, орындап, бірін-бірі тексереді, эксперттік топ тапсырмасы арқылы қосымша мәлімет алады.

Жинақтау

(синтездеу)

4 мин

Әткеншек әдісін қолдану.Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге бөліп орналастыру. (сабақта белсенділігі төмен болған оқушыларды ішкі шеңберге енгізу)

Үй тапсырмасын беру: Үйсіндер жайлы шағын эссе жазып келу.

Сыртқы шеңбердегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.

СТО, ТжДО

Бағалау

3мин

Әр оқушы сабақ бойынша өз жұмысына баға береді.

«insert» әдісі

Нені білдім?

Не біле алмадым?

Не білгім келеді?

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.

ОБжК, СТО, ОүБжОБ, ДО

Бағалау

2 мин

Эксперттер, бақылаушылар парағы бойынша мұғалім қорытындысы

 

Сабақты бағалау. Өзін- өзі бағалау, топтық бағалау. ОүБжОБ, ДО

Начало формы

Сабақтың тақырыбы:  Сақтардың мәдениеті

Сабақтың мақсаттары:  Сабақта сақтардың мәдениеті туралы түсінік беру. Оқушылар сақ мәдениетінің ескерткіштерін біледі. Қазақстанның өңірлерінде орналасқан сақ мәдениетінің ерекшеліктерімен танысады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Негізгі жабдықтар: оқулық, таза қағаз, фломастерлер, таратпа парақшалар, бағалау парағы, фотоаппарат, бейнекамера.

Оқу нәтижелері: Сақтардың мәдениеті туралы түсініктері қалыптасады. Сақ мәдениетінің ескерткіштерін біледі.

Сілтеме: Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

уақыт

Модульдер

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

Бағалау парағын тарату

Жағымды психологиялық ахуал тудырады. «Австралиялық жаңбыр»  сергіту сәтін қолдану.

Күн ашық. Күнді бұлт торлады. Жел тұра бастады. Жаңбыр себелей бастады. Жаңбыр нөсерге айналды. Жаңбыр шелектеп құйды.

Жаңбыр толастай бастады. Жаңбыр себелей бастады. Жел басыла бастады. Бұлттар сейіле бастады. Күн ашылды.

Оқушыларды  КҮН, БҰЛТ, ЖАҢБЫР  деп топтарға бөлу: 3 –топқа. 1 топ – бақылаушысы Құралай, 2 топ бақылаушысы мамыргүл, 3 топ бақылаушысы Камила.

Оқушылар мұғалім көрсеткен іс-әрекеттерді қайталайды.

 

Оқушылар өз атаулары  бойынша топтарға отырады

2 мин

 

 

 

1 мин

 

 

СТО

 

 

Білу кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

Класстерлер әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Берілген үй тапсырмасын класстерге түсіру үшін, топтағы әр бала өзіне тиісті флипчарттағы орынға не түсінгендігін түсіреді. Топтасып ортаға бір түйін жасайды.

Әр бала флипчарттағы өзіне тиісті орынға  үй тапсырмасынан не түсінгендігін салады. Сонан соң бірлесіп, ортаға бір түйін шығарады.

Топ болып қорғайды.

6 мин

СТО, АКТ

Түсіну

Жаңа материалға ену

Оқушылар сөзжұмбақ жасырылады.

Сөзжұмбақты шешеді.

3 мин

СТО, АКТ

Қолдану

Жаңа материалды түсіндіру

«Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. (оқулықпен жұмыс)  тақырыпшаларды топтарға бөліп беру.

1 топ –Сақтардың мәдениеті мен ескерткіштері.  Шығыс Қазақстан.                                           2 топ – Сақ мәдениеті мен ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жері.

3 топ – Сақтардың мәдениеті мен ескерткіштері. Орталық Қазақстан.

Түсінгендері бойынша постер жасау.

Өкілдерді орындығына стикер жабыстыру арқылы таңдау.

Саусақпен бағалау әдісін түсіндіру.

Әдісті орындайды. Тақырыпты түсінеді. Постерлар жасайды.

 

 

 

 

 

Топ өкілдері тапқан стикерлері арқылы  анықталады.

«Галерея» әдісі бойынша қорғайды.

Топтар  бірін-бірі саусақпен бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

ОмОЖТ, ОБжК, СТО, ОүБОБ, ТжДБО,ОЖЕСО

Талдау

Топтарды қайта орналастыру.

Гүл шоғы әдісін түсіндіру (қызыл, сары, ақ гүлдер)

Тапсырмалар орындау.

1 топ – сызба толтыру

2 топ – кесте толтыру

3 топ – эссе жазу.

Топтар  тапсырмаларды өзара алмасу арқылы тексереді.

Тексеру нәтижесін сұрайды.

Оқушылар атаулары бойынша топтарға орналасады.

Берілген тапсырмалардағы

Сызба сызады,

Кестені толтырады,

Эссе жазады.

Толықтырады, түзетеді. (қызыл түсті фломастермен)

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

СТО, ОБжК, ОүБОБ,ТжДБО, ОЖЕСО

Жинақтау

Синквейн әдісі бойынша

Оқушыларға бес жол өлең жазу алгоритмін беремін.

  1. Зат есім – 1 сөз

  2. Етістік – 2 сөз

  3. Сын есім – 3 сөз

  4. Мақал-мәтел немесе синоним – 4 сөз.

  5. Сөйлем – 5 сөзден тұрады.

Синквейн әдісі алгоритмін қолданып, 5 жол өлең құрайды.

 

5 мин

СТО, ОмОЖТ

Бағалау

 

«Көңіл күй нысанасы» әдісін түсіндіріп, бағалату.

Қызыл – менің көңіл күйім болмады, маған сабақ ұнамады.

Көк – көңіл күйім орташа, сабақ жартылай ұнады.

Жасыл – көңіл күйім жақсы, сабақ өте ұнады.

Түстер бойынша оқушылар  өз көңіл күйлерін білдіру ұсынылады. Әр топтан 1-2 баладан  ойын сұраймын.

Оқушылар  көңіл күйіне байланысты  стикер түстерін таңдай отырып, нысанадағы  түстерге өз аты жазылған стикерін жапсырады. Топтардан 1-2 бала өз ойын білдіреді.

1 мин

СТО, ОүБОБ

Бағалау

Топ бақылаушыларынан бақылау нәтижелерін және  бағалау парағына түсініктеме сұрайды.

Топ бақылаушылары бақылау және бағалау нәтижелерімен таныстырып, дәлелдейді.

5 мин

ОүБОБ,ОБжК

 

Сабақ тақырыбы

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

 

Сілтеме

                Жоспар

 

Жалпы мақсаты

 

Үйсіндердің мал шаруашылығы, егіншілік пен отырықшылық, түрлі кәсіпшілік туралы ақпарат беруді үйренеді.

 

Күтілетін нәтиже

 

Ø  Үйсіндердің мал шаруашылығы, егіншілік пен отырықшылық, түрлі кәсіпшіліктің даму ерекшеліктерін оқып үйренеді.

  • Суреттерді пайдалана отырып үйсіндердің қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдағанын, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды қалай жасағанын және шаруашылықты жүргізу ерекшеліктерін топпен талқылап, шығармашылық ізденістерін арттырады.

  • Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, топпен бірлесіп проблема шешуге, ынтымақтаса жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар

 

Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Үйсіндердің шаруашылығы туралы қытай жазбалары.Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген.Археологиялық деректерге қарағанда үйсіндерде егіншілік, кен өндіру, зергерлік өнер, тері өңдеу, тоқыма, жіп иіру жақсы дамыған. Қазба жұмысы кезінде егіншілікте пайдаланылатын түрлі құрал-саймандар: тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дән үккіштер табылды.Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған.Тау бөктерлерінде үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған.Қолөнершілер былғарыны пайдаланып, одан сұйық тағамға арналған ыдыстар жасады.Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды.     

 

Тапсырмалар

 

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар

Топтық жұмыс «Мәтінмен танысу»

Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырма орындау»

Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау

 

І. Ұйымдастыру кезең .(2 минут).

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы сөз айтқызу.

Сандар арқылы 4 топқа бөлемін

 

ІІ. Жеке жұмыс «Білу» (3минут)

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында алынады.Кім жылдам ойынында 7 сұрақ беріледі.Сұраққа дұрыс жауап берілсе «Бармақтарын көтереді».Егер келіспесе «Бармақтарын төмен қаратып көрсетеді».Сұрақтардың жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі. Дұрыс жауап берген оқушылар бағдаршамның жасыл түсін, түсініңкіремей, жартылай ғана жауап  берген оқушылар сары түсті, ал дұрыс жауап бермеген оқушылар бағдаршамның қызыл түсін көтереді.Дұрыс жауап бермеген оқушылар тапсырманы топта талқылап, дұрыс жауапты анықтап алады.

 

«Білу»

1.Үйсін атауының Қытай жазбаларында алғаш кездесетін кезеңі:б.з.б.2-ғасыр

2.Үйсіндердің астанасы: Қызыл Аңғар(Чигучен не Чигу) 

3.Үйсіндердің өмір сүрген уақыты: б.з.б.3-ғ.- б.з.-5ғ.

4. Үйсіндер басшысының атағы: Гуньмо

5.Үйсіндер туралы кімнің еңбегінде кездеседі? Қытай тарихшысы Сыма Цянь

6.Үйсіндерде тайпа көсемдері мен рубасыларын қалай атайды? Бек 7.Үйсін қоғамын кімдер құрады? Тайпа мен рубасшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар, абыздар мен қатардағы бұқара халық

8. Үйсіндер Қазақстанның қай аймағын мекендеген? Іле өзені, Ыстықкөл, Алакөл маңы.

 

ІІ.Мәтінмен жұмыс:

1.Үйсіндердің орналасқан жері(картаны пайдалана отырып, географиялық орнын анықтайды).

2.Үйсіндер туралы жазба деректер(оқулықтағы қосымша материалды пайдалана отырып түсінігін баяндайды).

3.Үйсіндердің қоғамдық құрылысы(оқулықтағы кестені пайдалана отырып талдайды, салыстырады).

 

IY. Жаңа сабақ (топтық жұмыс). (7 минут).

 1 топ. Үйсіндердің мал шаруашылығы(Қытай жазбалары бойынша түсіндіреді).

2 топ. Егіншілік пен отырықшылық( еңбек құралдары, тұрғын үй, тұрмысқа қажетті бұйымдары туралы).

3 топ. Түрлі кәсіпшілік( археологиялық қазба жұмыстарынан мәліметтер беру, салыстыру)

 

Оқулықтағы тарауларды және қосымша энциклопедияны, интернетті пайдаланып мәліметтер жинап, оқушылар бірлесе отырып талқылап ойларын постерге түсіреді, әр топтан бір оқушы шығып сөйлейді.Тапсырманы орындау барысында өзара бағалау, формативті бағалау жүреді.

 

А деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған?(Картаны пайдалану)

Б деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады?

С деңгейіндегі оқушы үшін тапсырма. Үйсіндердің қолөнер бұйымдарына сипаттама беру.

 

Сабақтың соңында оқушылар не ұнады, қиын болды, тілегім рефлексия жазады.Суммативті бағалау жүреді.

 

Y.Үйге тапсырма.Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

А.Үйсін ескерткіштері Қазақстанның қай аймағынан табылған?( оқулық картасымен жұмыс жасау)

 Б. Үйсіндердің орналасқан жерлерінің мал шаруашылығы үшін тиімді аймақтарын дәлелдеу.

С. Үйсіндердің күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдары туралы мәліметтер жинау.

 

 

 

Жалпы сыныпқа «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тарауы бойынша сұрақтарға жауап жазу, сол тарау бойынша тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

 

Кейінгі тапсырма: Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары.

 

Кері байланыс:

 

Не ұнады?______________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________ Қиын болды?______________________________________________________________________________________­­­­­­ __________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________

 

 

Тілегім:____________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________