
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы З.О.Баймырзаев атындағы орта мектебінің тарих және құқық пәні мұғалімі Беркімбай Гүлшат Күшікбайқызы Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты: 1.Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру; 2.Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; 3.Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Аралас сабақ Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгіме,СТО стратегиялары Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлық Қазақстанның картасы, интерактивті тақта, суреттер, тірек-кестелер Сабақтың негізгі ұғымдары: Әбу Насыр әл-Фараби шығармалары, Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері, Махмұд Қашғаридің кітаптары, Жүсіп Баласағұнидің еңбектері, Ахмет Иүгінеки шығармасы, Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық» кітабы,Сүлеймен Бақырғани шығармалары Сабақтың эпиграфы: «Білімді болу деген сөз-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу» Әл-Фараби Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралын тексеріп түгелдеу Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын талдау барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына тоқталып, шолу жасау. Оқушылар өткен сабақтың негізгі мәселелерін еске сақтай отырып, жаңа сабақты қабылдауға дайын болады. Үй тапсырмасы бойынша -Tермин сөздермен жұмыс (Слаид) 1.Жуынды су ағатын құдық (Ташнау) 2. Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы (Ғаныш) 3.Дүние жүзіне кең тараған дін (Мешіт) 4.Белгілі бір адамдардың құрметіне тұрғызылған діни құрылыс(Кесене) 5. Ислам дінін ұстанатындардың мінәжат орны (Мешіт) 6. Намазға шақыратын,мешіт жанынан салынған биік мұнара (Минарет) 7. Басқа діндегі халықтар арасына, өз дінін таратушы үгітшілер (Миссионер) 8. Құрғақшылық кезде тәңірден жаңбыр тілеп, құрбандық шалу рәсімі (Тасаттық) 9. Адамның шығу тегін жануардан тарататын наным-сенім (Тотемизм) 10.Түркілердің ислам дініне дейінгі ұстанған діні (Тәңірлік) -Даталар сөйлейді: 633 жыл,709 жыл,714 жыл,734-748жыл,751 жыл,960 жыл ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары: 1. Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері. 2. Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері. 3. Махмуд Қашғари- «Түрік тілдерінің сөздігі». 4. Жүсіп Баласағұни- «Құт негізі білік». 5. Ахмет Иүгінеки- «Ақиқат сыйы». 6. Қожа Ахмет Йасауи- «Даналық кітабы». 7. Сүлеймен Бақырғани шығармалары Ой қозғау: 1914 жылы Түркияның бұрынғы экономика министрі Нафыз бейдің үйінде бір құнды зат бар болатын. Күндердің бірінде Нафыз бей жақындарынан бір әйелді шақырып алып: - Саған бір нәрсе беремін. Жақсылап сақта. Қалтаң жұқарып қиналған шақта алтын ақшамен 30 лираға сат. Одан төмен беруші болма, - деп тапсырады. Көп өтпестен-ақ ақшаға зәру болған әлгі әйел жаңағы нәрсені Бурхан бей деген саудагерді тауып, 30 лираға сататындығын айтады. Бурхан бей әлгі заттың қадірін бір білсе, солар білер деген оймен «Энжумен илмия» деп аталатын ғалымдар кеңсесіне алып барады. Затты мұқият қарап шығу үшін 1 апта мұрсат сұраған кеңсе қызметкері, 1 аптадан соң заттың құнын 10 лираға бағалайды. Бурхан бей бұл заттың өзінікі емес екенін, иесі 30 лирадан төмен бермеуін тапсырғанын айтады. Әлгі кісі: «Мен 30 лираға тұтас қазына сатып аламын, затың өзіңе», - деп қайтарып береді. Міне, осы кезде Әли Әмір Әфенди деген оқымысты Бурхан бейдің дүкеніне бас сұғады. Бурхан бей: «Бір нәрсе бар, бірақ иесі 30 лира сұрап отыр» - деп мән жайды тегіс баяндап береді. Сатылатын затты қолына алған Әли Әмір есінен танып қала жаздайды... Осы табылған зат туралы ойларын сұрау Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын. 1.Ғылым дегеніміз не? 2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңде? 3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? «Оқу-білім азығы, Білім-ырыс қазығы», «Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру Оқушылардың назарын Шығыстың ортағасырлық аса көрнекті ғұламаларының еңбектеріне аударып, кесте бойынша түсіндіремін Мағынаны тану 1. "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби.Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, әскербасының отбасында дүниеге келген. Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Бағдат, Мысыр, Шам қалаларында білімін жетілдіреді. Әл-Фараби философия, музыка, математика, астрономия, ботаника ғылымдары саласынан 160-қа жуық трактат жазып қалдырады. Философиялық туындылары: «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні туралы» Музыка саласындағы еңбектері:музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» Күйші-Қорқыттың күйлерін тартып, “Шұбар айғыр” күйін шығарған. Логика, медицина, ғарыш, анатомия, заң ғылымы саласында жаңалықтар ашқан. 2. Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни (973-1050жж) энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы Қият қаласында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит)тілдерін меңгерген оқымысты. «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» еңбегін жазды. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. 3. Жалпы көптеген түрік тілдес тайпалар түрік тілінде сөйлемегенімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктері де болған.Оғыз,қарлұқ,қыпшақ тайпалары түбі түрік тілдес тайпалар қосылып ,бірігіп кетіп отырған.Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмуд Қашқари зерттеген.Махмуд Қашғари(1030-1090) шын есімі МахмудХусейн ибн Мұхаммед Қашқари. Үш кітаптан тұратын «Түркі тілдерінің сөздігі» (Диуани лұғат ат-түрік) еңбегі.Бұл еңбек туралы орыс ғалымы А.Н. Кононов: «Бұл кітапты жазудағы басты мақсат түрік тілінің мәртебесін көтеру, араб тілінен ешбір кем түспейтінін дәлелдеу»десе,Н.А. Баскаков: «Махмуд Қашқари - түрік тілдерін зерттеушілердің көшбасшысы»деп өз бағасын береді. 4. Ғұлама Шу өзені бойындағы Баласағұнқаласында туған.Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Ол өзінің атақты“Құт негізі-білік” атты еңбегімен белгілі.Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. Құтадғу білік”-ХІ ғ түркі тілді халықтарының қоғамдық ой-санасын орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек. Жүсіп Баласағұнидың басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған.Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ақынға Ұлы Хас-Хажиб деген атағын берген. 5. ҮІІ-ІХ ғасырларда өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиеттің негізін қалады. Бұл кездегі ислам дінінің кеңінен таралуы да жазба әдебиеттің жандануына әсерін тигізеді. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі Қарахан дәуірінің өкілі Ахмет Иүгінеки (Әдіб Ахмет Махмудұлы) “Ақиқат сыйы” дастаны-түрік тілінде жазылған шығарма. Ақыл-кеңес, тәрбиелік мәні бар нақыл сөздерге бай. Білімнің пайдасы, орынсыз сөйлемеу, шешен сөйлеуге ақыл-кеңес береді. 6. Қожа Ахмет Яссауи.(1103-1067 ж.ж) Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1103 жылы немесе 1094 жылы көне Исфиджаб(Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Әпкесі Гауhар-Шаhназдың тәрбиесінде ер жетеді. Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбаб бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, сопылық ілімнің негізін салады. Қазақ жерінде ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикметтің» орны ерекше. (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған. Шам айналып көбелектей түстім күйге, Жалын атып,от боп жанып күйдім мен де, Бұрынғыдан күрт өзгеріп,бөгде болдым, Алла түспес аузымнан пенде болдым-деп ақын өзінің Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын сопылық жолға түсіп,өзі айтқандай «әділ сөйлеп,адал жүрер» жолда болып,тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмаған».1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Иассауи жылы болып жарияланды. Ғалымдардың аты-жөні Зерттеген салалары мен бағыттары Еңбектері Әбу Насыр әл-Фараби Әбу Райхан әл-Бируни Махмуд Қашғари Жүсіп Баласағұни Қожа Ахмет Йассауи ІҮ. Сабақтың бекіту: -Сәйкестендіру -Семантикалық картамен жұмыс Ү. Бағалау ҮІ. Үйге тапсырма:21 параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу.
Қазақстандағы 1860-1870 жж көтерілістер
Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы.
Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн.
Н.Ә.Назарбаев
Білімділік мақсаты: Туған жердің тарихын, соның ішінде Орал, Торғай көтерілісін және Иса Досан бастаған көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке Отанын құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Қолданылатын әдістер: Тірек-схема, таблица, тест, баяндау,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: География, Маңғыстау тарихы, Құқытану (2,3,36,37 баптар)
Көрнекілігі: Батырлардың суреттері, ҚР картасы, ҚР Конституциясы
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Ұлт рухын оятып, тұлғаларын ұлықтау, 20 жыл толғалы отырған тәуелсіздіктің негізгі арқауы. Бәсекеге қабілетті жолын таңдап отырған ҚР сан ғасырлық тарихында «Тар жол тайғақ кешуде» Отаншылдық қасиеті әкеден балаға қалып еркіндікке жетеледі.
Қазақстандағы ұлт-азаттық күрестері тақырыптарына сатылай талдау жасау (қашан болды,себебі,мақсаты,кезеңдері,нәтижесі)
1 С Датұлы көтерілісі (1783-1797жж)
2 Исатай, Махамбет көтерілісі (1836-1838жж)
3 Жанқожа, Есет бастаған Сыр бойындағы көтерілістер
4 Кенесары Қасымұлы (1837-1847 жж)
5 Жоламан Тіленшіұлы, Тентектөре
6 Иса, Досан көтерілісі
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
1867-1868 жж Патша өкіметі Қазақ жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлді
Орынбор Түркістан Батыс-Сібір
генерал-губернаторлығы генерал-губернаторлығы генерал-губернаторлығы
Орал, Торғай Жетісу, Сырдария Ақмола,Семей
Сырым, Исатай; Кенесары көтерілістері мақсат-мүдделері заңдылығы бар тарихи құбылыс еді. Дәл сол сияқты Маңғыстаудағы Иса, Досан бастаған азаттық жолындағы көтерілістер тәуелсіздіктің бір қадамы еді.
Салыстырмалы схема
Орал, Торғай өңірі ---- ХХ ғ 2-ші жартысындағы ---- Маңғыстау түбегі
Көтерілістер
1868-1869 жж Жылы 1870 ж
Себебі
Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы
1868 Ж уақытша ережеге байланысты
А) Бекіністер салуға шаруа А) Жер мәселесі
жерлерін тартып алу Б) Салық мәселесі: 40 мың отбасы адайлар 2 жылда 160 мың сом төлейтін болды.
Б) Салық мәселесі: 1 сом 50 тиын-
3 сомға өсті
В) Патша озбырлығы
Көтеріліс кезеңдері
1869 ж мамыр Орынбор шебінен 1869 ж күзде Ембі уезіндегі адайлар
жіберілген фон Штемпель басқарған қосылды
200 атты әскер, 1 рота жаяу 1870 ж сәуірде Александровск фортын,
әскерінен Жамансай көлі маңында Николаевск станицасынқоршап,
көтерілісшілер 1 апта бойы Маякты өртеді
қоршады. Әскер кейін шегінді
Арсланұлы (сұлтан) Асауұлы басшылары Досан Тәжұлы
Мұңайтпасұлы, Иса тіленбайұлы
Рысқұлұлы, Досұлы (Молда)
Алаша Сейіл Түркебаев
Байбақты Берік Оспанов
Ерекшелігі
Жергілікті үстем тапқа, көтеріліске жұмысшы
бай феодалдарға қарсы жатақтар қатысты
сипатта болды
1869ж наурыз-маусым
Феодалдарға қарсы 41 рет
Шабуыл жасады
Нәтижесі
Қарулы күштер көтерілісшілерді 1870 ж желтоқсан көтеріліс басшылары
аяусыз жазалады жазалауға төтеп бере алмай
Хиуа жеріне өтіп кетіп жазалаудан құтылды
«Тәуелсіздік-бабалар арманы» тақырыпта ой-толғау жазып келу
ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТЫ(704-756ЖЖ.)
ADMIN · ИЮЛЬ 26TH, 2014 · 0 COMMENT
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназия
Ахбулатова Майра Берикона - жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Тақырыбы:§3. Түргеш қағанаты(704-756жж.)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды VIII ғасырда қазақ жерiн мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, ішкі-сыртқы саяси жағдайымен, экономикалық дамудың бағытымен таныстыра отырып, соғдылар туралы тyciнiк беру;
Дамытушылық: Түргеш қағанатының тарихын талдау арқылы өз ойларын жүйелi жеткiзе бiлуге, белсенділікке дағдыландыру;
Тәрбиелік:Оқушыларды өткен тарихи оқиғаларды оқыта отырып елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақ әдісі:сұрақ – жауап, тірек – сызбалар, кестемен жұмыс. Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, бейне материал,электронды оқулық Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
§2. Батыс Түрік қағанаты (603 -704жж.)
І тапсырма. «Кім шапшаң?»( жауабы аннимация – арқылы шығады)
1.Батыс Түрік қағанаты құрылған жылды ата?603-704жж
2. Батыс Tүpiк қағанатының орталығы қай жерде? Жетісуда
3. Батыс Түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады? Он – оқ бұдун тайпалары
4. Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің? Дулу(дулат)
5. Қағанаттың мемлекеттiк құрылымының ерекшілігі қандай? Он-оқ бұдун жүйесі
6. Батыс Tүpiк қағанатында билік үшін талас қашан болды? 630ж
7.”Бұдун” сөзінің мағынасы қандай? Ел, халық
8. Батыс Түрік қағанатын Тон қаған билеген жыл?618-630жж
ІІ тапсырма. Түрік қағанаты мен Батыс түрік қағанатының саяси дамуын салыстыр.
Түрік қағанаты |
Ұқсастығы |
Батыс Түрік қағанаты |
|
|
|
ІІІ тапсырма. Тарихи диктант. ( жауабы аннимация – арқылы )
Батыс қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы____ қаласы болды. Жазғы ордасы ___ орналасты. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі ______ мен_____қағандарының билік құрған кезі. Шегу қаған салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға ____ деген атақ берді.
Тон қаған 627ж _______ көмек беру үшін қалың қолын аттандырды. Қағанның билігі ____жолмен беріліп отырды.
( Суяб, Мыңбұлақта, Шегу мен Тон, селиф, Византияға, мұрагерлік)
ІV тапсырма. Бұл кім?
№ |
Аты-жөндері |
Литер -әріп |
1 |
Тардуш (Дато) |
|
2 |
Мұқан қаған |
|
3 |
Бумын қаған |
|
4 |
Тон қаған |
|
5 |
Иштеми |
|
6 |
Шегу қаған |
|
7 |
Үшлік қаған |
|
А. Түргеш қағанатының негізін салушы
В. 552-554жж. жужандарды толық жеңген қаған
С. 610-618жж. Батыс Түрік қағанатының билеушісі
Д.Соғдыларды жаулап алуға аттанған Түрік қағаны
Е.618-630жж. Батыс Түрік қағанатын билеуші
Д. Түрік қағанатының негізін салушы
Ж. Батыс түрік қағанатының алғашқы билеушісі
Жаңа сабақ