
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •Қосымша
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •2. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
- •3. Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру
- •4. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •2. Стратегиялық жоспарлау кезеңдері және құрамдас бөліктері
- •3. Фирманың стратегиясы, оның қалыптасуы. Стратегия түрлері.
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •Инвестициялар
- •3 Сурет. Инвестициялар бойынша тәуекел деңгейі
- •Инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •10. Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Курстық жұмыс төмендегідей ретпен орындалуға тиісті:
- •2012-2013 Жж. Кезеңіндегі
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Ұсынылатын әдебиеттер мен дереккөздер
- •1.Заңнамалық және нормативтік актілер
- •Фатхутдинов р.А. Организация производства. – м: инфра – м, 2001 г
- •9. Үлестіру материалдары
3. Фирманың стратегиясы, оның қалыптасуы. Стратегия түрлері.
Фирманың стратегиясы мына сұраққа жауап береді: алға қойған мақсатқа өзгеріп отырған жағдайда қалай жетуге болады? Стратегиялық жоспарлауда кәсіпорынның қызметін анықтайтын ережелердің маңызы зор. Ережелерге кәсіпорынның қызметіне белгілі бір шектеулер немесе ұсыныстар енеді. Кәсіпорын қандай жағдайда қызмет ететінін көрсетеді. Ережелер фирманың қызметінің жекелеген жолдарын қамтуы мүмкін немесе жалпы қызметке байланысты болуы мүмкін.
Нарық жағдайда қоршаған өзгерістер жылдамдығы сондай-ақ, осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты өседі. Сондықтан, фирманың стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар алу мүмкіндігін шаруашылық жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді қамтитынындай болуы керек.
Фирманың мақсаты, оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздетінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір фирманың жағдайын ескеріп, фирмаға жаңаша шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Стратегияның түрлері.
Фирманың стратегиясы оның нақты жағдайына, қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланыста. Бірақ, барлық фирмалар стратегиясын анықтау барысында мынадай сұрақтарды шешуі қажет:
қандай өндірісті тоқтату керек;
қандай өндірісті жалғастыру керек;
қандай өндіріске көшу керек.
Фирманың рыноктағы іс-әрекеттінің негізгі 3 бағыты бар:
1-бағыт. Өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындарды аз болған сайын, кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде, бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Бұл үшін, фирма стратегиясын жоспарлағанда, өндірісті және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа, жақсы технологияны игеру өзіндік құнын төмендету шараларын жоспарлайды.
2-бағыт. Өнім өндіруде мамандандыруда жоғарылату. Негізгі мақсаты - өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту. Тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан, бұл бағытты таңдаған фирмалар қалай да өнімнің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл үшін, жақсы дизайнерлер мен жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек.
3-бағыт. Фирма өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл бағытты таңдаған кәсіпкерлік рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады. Яғни, осы өнімнің өзіндік құнын төмендету немесе осы өнім өндіргенде жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Фирма бүкіл тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қазіргі нарық жағдайында іс жүзінде көбірек кездесетін стратегиялар болып табылады.
Эталондық стратегиясының 1 тобы (стратегия концентрировнного роста):
Өндірістік өнімнің сапасын жақсарту;
Жаңа өнім өндірудің бастау, сол саланың ішінде;
рынокта өзінің позициясын нығайту.
Эталондық стратегиясының 2 тобы:
Жаңа құрылымдарды қосу арқылы фирманы өсу жолдары жатады.
Фирма қосымша бөлімшелер алуы мүмкін, өзі жабдықтайтын кәсіпорындарды өзінің қарамағына енгізіп алуы мүмкін.
Эталондық стратегияның 3 тобы (стратегия диверенциального роста):
Егер, фирма бұрыңғы өндірісімен ары қарай дами алмайтын болса, жаңа өндірісті бастау жолдарын қарастырады. Өзінің мүмкіндіктерін пайдалануының жаңа өнім өндіру, жаңа технология өндіру және өзінің негізгі өсіміне қосымша қосалқы өнім өндіру.
Эталондық стратегияның 4 тобы :
Егер, фирманың өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, енді құлдырай бастаса рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмейтін болса, онда фирма нысаналы түрде жоспарлап өндірісті қысқартуға мәжбүр болады.
а) жою тсратегиясы.
Егер фирма ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын болса, бұл өндірісті түпкілікті жоқтатады.
б) жиынды теріп алу стратегиясы (стратегия сбора урожая)
Ұзақ мерзімді көзқарасты көздемей мерзімде қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді.
в) қысқарту стратегиясы
Фирма өзінің бір бөлімшесін жабады немесе сатады. Егер бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз келтірілген болса, ол қаржыны басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсайды.
Қорытынды:
Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.Стратегия – бұл: Өз бизнесіңіздің күшті және әлсіз жақтарын сыртқы ортадағы қауіп пен мүмкіндікке сәйкестендіру; Таңдалған даму бағытында шектелген ресурстарды бөлу жоспары.
7-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты талқылау барысында кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындау үшін жоспарлаудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну керек. Жоспарлау мәнін, оның түрлерін, түрлерінің сипатын толық аша білу қажет.
Стратегия ұғымын жан-жақты қарастыру кезінде оның ерекшеліктерін, кезеңдеріне аса мән беру керек.
Қолданылған әдебиеттер:
Фатхутдинов Р.А. Организация производства. – М: ИНФРА – М, 2001 г
Мильнер Б. З. Теория организации. – М.: ИНФРА – М., 2000 г.
Новая технология и организационные структуры. под. ред. И. Пининга, А. М. Бьюитандама, М.: Экономика, 2000 г.
8-ші тақырып. Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның құрылымы
Дәріс мақсаты: Тауарларды өңдіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастырудың негіздерін қарастыру, кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсатын анықтау, менеджменттің құрылымын жете түсіну.
Дәріс жоспары:
Менеджмент теориясы, мақсаты мен функциялары.
Менеджменттің негізгі категориялары
Фирманы тиімді басқарудың негізгі компоненттері
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Менеджмент, басқарудың объектісі мен субъектісің, алдын ала болжау, ағымдық, адамдық ресурстарды басқару, материалды ресурстарды басқару, қаржылық ресурстарды басқару.
Дәріс мәтіні:
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.
Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.
Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
Мененджмент макро және микроэкономиканың негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай ролдә психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбьалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады.
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Басқару мен менеджментте бірдей категориялар пайдаланылады, бұларға жататын ұғымдар мынадай – «басқарудың объектісі мен субъектісің, «олардың арасындағы тура және кері байланысң, «басқару жүйесің, «қоршаған орта.
Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларын кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде қарастырғанда, олардың іс-жұмысының ерекшелігін және шаруашылық субъектілердің іс-қимылдарының жалпы міндеттерін ескерген жөн.
Басқару объектісі – бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі – бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты.
Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс – бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда). Кері байланыс – бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.
Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды.
Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін – басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің басқарушы жүйеліліктің ықпалымен өзінің параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін қасиеті болып табылады. Бұл орайда басқарудың тиімділігі үшін критерийлер мен көрсеткіштер қажет, олардың ішінде басқару объектісінің іс-қызметінің маңызды паремтрін неғұрлым толық көрсететіндер.
Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек.
Мақсатқа анық бет бұру үшін басқару субъектісіне объектіге ықпал көрсетілгенше және көрсетілгеннен кейінгі жағдайлары бойвынша ақпарат түсіп отыруы қажет, басқаша айтқанда басқару жүйесінде тура және кері байланыс айқын түрде ұйымдастырылуы керек. Сонымен ақырында, басқарудың қайсы бір экономикалық жүйесі болса да, онда белгілі материалдық, еңбек, қаржы және басқа ресурстар болуы керек.
Әрбір кәсіпорын қоршаған ортамен өзара әрекетте болады. Қоршаған орта – бұл осы кәсіпорынды қоршағанның барлығы: жеткізушілер мен сатып алушылар, бәсекелестік ұйымдар, мәдениет, саяси ахуал және т.б. Қоршаған орта қай ұйым болса да, оған кадрларды, еңбек қаруын, шикізатты, материалдарды және қуат таситындарды бере отырып, белсенді әсерін көрсетеді. Өз кезегінде кәсіпорын қоршаған ортаға тауарлар мен қызметті өңдіргенде және өткізгенде өзінің ықпалын тигізеді.
Менеджменттің бақылау функциясы.
Бақылау басқару функциясы ретінде.
Бақылау - бұл ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін процесс.
Бақылау не үшін қажет ?
Анықсыздық факторының маңыздылығы соншалық,сыртқы орта ықпалын анықтау үшін қажетті механизм дайындалып, бейім тұру керек.
Дағдарыстық жағдайлардың пайда болуын ескерту.Бақылау функциясы бұл мәселелерді анықтауға және ішкі жағдайлар дағдарысқа айналып кетпейтіндей ұйымның қызметін сәйкесінше түзетуге мүмкіндік беретін басқару сипаттамасы.
Жетістікті қолдау. Мақсатқа жетуге ұйым қызметінің қандай бағыттары неғұрлым тиімді көмектесетінін анықтау.
Бақылаудың кеңдігі. Бақылау басқарудың маңызды және күрделі функциясы. Әр бір жетекші міндеттемелердің бөлігі,оны тұрақты түрде жүзеге асыру керек.
Тәжірибеде бақылаудың мына түрлері бөліп көрсетіледі:
Алдын ала болжау;
Ағымдық;
Қорытынды.
Жоспарлауды,құрылым құруды бақылауға сирек жатқызады,бірақ олар ұйымның қызметін алдын ала бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1.Алдын ала бақылау операцияның басталуына дейін жүзеге асырылады.Алдын ала бақылаудың басты құралдары – белгілі бір ережелерді,процедураларды жүзеге асыру.Ұйымдарда алдын ала бақылаудың 3 ауқымды түрі қолданылады:
Адамдық ресурстарды басқару;
Материалды ресурстарды басқару;
Қаржылық ресурстарды басқару.
2. Ағымдық бақылау тікелей жұмыс барысында жүзеге асырылады. Ағымдық бақылаудың объектісі бағынушы жұмысшылар, олардың жұмысы дағдылы тексеріліп отырады, пайда болған мәселелер талқыланады және ұсыныстар көзделген жоспарлардан ауытқуға жол бермейді.Ағымдық бақылауды жүзеге асыру үшін кері байланыс,алынған нәтижелер туралы мәліметтер қажет.Жүйе «шығыста»талап етілетін сипаттамаларға жету үшін «кіруге» ықпал етеді.Кері байланыстың барлық жүйелері мыналар арқылы сипатталады:
Мақсаттар;
Сыртқы ресурстарды қолдану;
Сыртқы кірістерді ішкіге құру;
Көзделген мақсаттардың ауытқуын бақылау;
Ауытқуларды мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін түзету.
3.Қортынды бақылау бейім болу үшін кешірек жүзеге асырылады.2 маңызды функцияға ие:
Жоспарлауға қажетті ақпарат беру;
Мотивацияға көмектесетін ақпарат беру.
Бақылау процессінің кезеңдері
Бақылау процессі стандарттарды бекітуден, нақты жеткен нәтижелерді өлшеуден және нәтижелер бекітілген стандарттардан ерекшеленген кезде түзетулер енгізуден тұрады.Бақылау өз дамуында өндірістік циклмен сәйкес үздіксіз процесс.Ол 3 негізгі кезеңнен тұрады: 1.Стандарттар жасау; 2 .Нәтижелерді стандарттармен салыстыру; 3.Қажетті шаралар қабылдау.
1-кезең бақылаудың жоспарлауға жақындығы мен сипатталады.Стандарттар нақты мақсаттар,өлшеуге болатын процесс.Бұл мақсаттар жоспарлау процессінен шығады.Бақылау стандарттары ретінде қолданылатын мақсаттар екі маңызды қасиеттерді ажыратады:
уақытша шеңберлер;
жұмыстың орындау дәрежесін бағалауға болатын нақты белгілер.
Нақты белгі және белгілі бір уақыт кезеңін нәтижелік көрсеткіштері деп атайды. Олар мақсаттарға жету үшін не алу керектігін дәл анықтайды.Нәтижелік көрсеткіштері жетекшіге нақты жасалған жұмысты жоспарланған жұмыспен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Пайда, сату көлемі және т.б. тәрізділердің көлемі үшін нәтижелік көрсеткіштерін бекіту жеңіл.Бірақ мақсат ретінде адамгершілік деңгейін жоғарылатуды сандармен көрсету өте күрделі, кейде мүмкін емес, мұндай жағдайда жанама көрсеткіш қолданылады, бірақ ол басқа да айнымалыларға байланысты. Бақылау үшін көрсеткіштің болмауы белгісіздік бойынша басқаруға әкеледі. Нәтижелік көрсеткіштерін НИОКР-ға бекіту өте күрделі.
Бақылау процессінің 2 – кезеңі нақты жетілген нәтижелерді бекітілген стандарттармен бекіту. Менеджер стандартпен нәтижелердің сәйкестігін анықтауі тиіс:
∙ ауытқулар масштабін анықтау;
∙ нәтижелерді өлшеу.
Ақпаратты беру және оның бағасы. Нәтижелелік көрсеткіштері анық бағыт береді, бірақ әрқашан ауытқулары болуы мүмкін, басқару жүйесінің жақсы стандарты мақсаттар параметрлерінің нақты жетістіктерінен тұрады. Жіберілуі мүмкін ауытқулардің масштабы үрей тудырмайтын нәтижелердің стандарттан ауытқуы.
Нәтижелерді өлшеу бекітілген стандарттарды қаншалықты сақтауға болатынын анықтауға мүмкіндік береді:
∙ өлшеу бірлігін таңдау;
∙ жылдамдық;
∙ жиілік;
∙ қызметпен келісілген өлшеудің нақтылығы.
Бақылау процессінің 3 – кезеңі. Менеджер үш іс әрекет желісінің біреуін жасау керек:
∙ ештеңе қабылдамау. Бақылаудың басты мақсаты ұйымның қызметін жоспармен сәйкес жүзеге асыру.
∙ ауытқуларды жою. Түзетудің қажеттілігі ауытқудің себебін жою мен негізделеді. Өлшеу барысында масштабтың стандарттан ауытқуының бекітілуі керек және ауытқу шешімін нақты көрсетілуі керек. Түзетудің мәні себепті нықтап, ұйымның дұрыс қозғалуына қайтуына жету. Мындай қозғалыстар жүйенің ішкі айнымалыларының өзгерістері болуы мүмкін.
∙ стандарттарды қайта қарастыру. Барлық белгілі ауытқуларды жоймау керек. Кейде стандарттардың өзі нақты болмауы мүмкін, өйткені олар жоспарларға негізделеді, ал жоспарлар болашақтың болжамы.
Адамдар бақылаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бақылау процедурасын жасауда менеджер адамдардың іс әрекетін назарда ұстауы керек.
Тиімді бақылаудың сипаттамалары:
∙ Бақылаудың стратегиялық бағыттылығы, яғни ұйымның жалпы басылымдықтары сипаттау және оларды қолдау.
∙ Нәтижелерге бейімделу. Бақылаудың соңғы мақсаты ақпаратты жинау, стандарттар бекіту мен мәселелерді анықтау емес, ұйым алдындағы міндеттерді шешу.
∙ Іске сәйкестігі. Бақылау тиімді болу үшін қызметтің бақыланатын түріне сәйкес болуы керек. Ол маңыздыны бағалап, өлшеуі қажет.
∙ Бақылаудың өз уақытында болуы жоғарғы жылдамдықта және оның іс әрекетінің жиілігін емес, бақыланатын құбылысты сәйкес өлшеуді немесе бағалауды жүргізу арасындағы уақытша интервалға байланысты.
∙ Бақылаудың икемділігі. Бақылау жоспарлар тәрізді шеткілікті икемді және өзгерістер арқылы қалыптасатын болу керек.
∙ Бақылаудың қарапайымдылығы. Тағайындалған мақсаттар көзқарасы бойынша қарапайым бақылау болады. Өте көп бақылау әдісі күнделікті тәртіпсіздікке, ретсіздікке әкеледі.
Бақылаудың үнемділігі. Кезкелген бақылау мақсаттарға жетуге қарағанда артық тұрса, оқиғаны, жағдайды бақылауды жақсартпайды, жұмысты алдамшы жалға бағыттайды, бұл бақылаудың бір синонимі болып табылады.
∙ Бақылауға барлық қызметкерлерді тарту керек, өйткені жақсы бақылау өзін өзі бақылау болып саналады. Бақылаудың сенімділігін жоғалту үшін қызметші міндеттерінің шегін кеңейту керек.
Бақылаудың мүмкін болатын жайсыз салдары:
∙ Бақылауға бейімделген іс әрекет, яғни мақсатқа жету емес, бақылау талаптарын қанағаттандыру;
∙ Бақылауды қолдануға қажетсіз ақпаратты алу.
Жайсыз салдарларды кездестірмеу үшін іс әрекет туралы ғылым тиімді бақылауды жүргізу үшін төмендегі нұсқауларды береді:
∙ Қызметшілермен қабылданатын мағыналы стандарттарды бекіту;
∙ Екі жақты қарым қатынасты бекіту;
∙ аса жоғарға бақылауды болдырмау;
∙ Қатаң, бірақ жетуге болатын стандарттарды бекіту;
∙ стандарттарға жету үщін марапаттау, сияқы беру.
Қорытынды:
Қазақстанның жас нарықтық экономикасы жағдайларында ұйымның даму айналымдары мен іс-әрекет тұрақтылығы ең үлкен кызығушылық туғызады. Өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану мен оның тиімді жұмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыруға тәуелді. Менеджмент ахуалы өндірістің технологиялық деңгейіне де, кадрлардың сапасына да өсер етеді.
Кәсіпорындарды басқарудың негізгі мақсаты — өндірісті клмтамасыз ету жене тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекетін тиімді түрде жүзеге асыру.
7-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Адамдар бақылаудың ажырамас бөлігі болып табылатындығын, бақылау процедурасын жасауда менеджер адамдардың іс әрекетін назарда ұстауы керек екендігін түсіну керек. Сонымен бірге кәсіпорын қызметін басқаруда оны қоршаған ортаның да әсерін ескеруді білу қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
Фатхутдинов Р.А. Организация производства. – М: ИНФРА – М, 2001 г
Мильнер Б. З. Теория организации. – М.: ИНФРА – М., 2000 г.
Новая технология и организационные структуры. под. ред. И. Пининга, А. М. Бьюитандама, М.: Экономика, 2000 г.
9-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысын болжамдау және қаржылық жоспарлау
Дәріс мақсаты: Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңыздылығын ашу. Кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуын сипаттау.
Дәріс жоспары:
Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау
Кәсіпорынның қаржылық жоспары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Дәріс мәтіні:
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырған кезде немесе өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады:
Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек.
Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу кетек.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндеі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.АРусак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз, етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынас болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капитал пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу» - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бонынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек ауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесін және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін негізінде анықталатыны анық.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мені өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. «Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеі беру мерзіміндегі өзгерісі;
• активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
• айналым капиталының көлемін, оның өсуі (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
• қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның, ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
• баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік, және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорыннңң шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды жабдықтау, өңдіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы, қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жоспары
Кәсіпорын қорының кассасындағы қолма – қол ақша банктің белгілеуімен кәсіпорын жетекшісінің келісуі бойынша шекті болады. Қажетті жағдайда касса қалдықтарының шектелуі қаралады. Кәсіпорындар банкке барлық қолда бар ақшаларды тәртіп және уақыт бойынша қызмет көрсету банктің келісімімен өткізіледі. Қолма – қол ақша күндізгі немесе кешкі кассаларға банк инкассаторларына және біріккен кассаларға кәсіпорынның соңғы өткізулерін банке өткізіледі.
Кәсіпорынның қорының банк шотынан аудару келісім – шорт жасайды. Кәсіпорын кассасында шектеулі қолма – қол ақшалар сақталынады. Банк мекемелерінің қызмет көрсетуі. Осы кәсіпорын жетекшілерінің келісімімен белгілінеді. Кассадағы қолма – қол ақша қалдықтарының шектелуі жыл сайын барлық кәсіпорынға банк мекемелеррі белгілейді. Ұйымдық – құқық нысаны және қызмет саласынан тыс, кассасы бар қолма – қол ақша есебіне жүзеге асырылады. Касса қалдықтарының шектелуі кәсіпорынның қолма – қол ақша айналымының көлемінің азаюы, оның қызмет мерзімінің ерекшелігі, қолма – қол ақша құралдарын тәртіпті және уақыт бойынша банк мекемелеріне тапсыру, кездейсоқ құндылықтарды тасымалдауын сақтау және қысқаруын қамтамассыз ету арқылы анықталады. Кәсіпорын өз кассаларында қолма – қол ақшалар үстінен белгіленген шектеулерді сақтау, тек қана жалақы беру, әлеуметтік төлемдер және стипендия 3 күннен көп емес, банк мекемелерінде ақша алу күні іске асырылады. Қолма – қол ақшаның осы мерзімнің өтеуі белгіленуі бойынша қолданбаса банк мекемесіне тапсырылады. Көрсетілген құралдар кезек бойына және федералдық заңмен белгілеуі арқылы береді.
Қорыта келгенде, кәсіпорындағы қолма – қол ақша және қолма – қол ақшасыз айналымында өзара байланыс және өзара тәуелділік болады. Ақша әрқашанда бір айналым сферасынан екіншіге ауысады. Қолма – қол ақша формасы несие мекемелерінің шотына ауысады және керісінше қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақшаны несие мекеменің шотына салғанда пайда болады. Ал қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақша арқылы бола алмайды. Осы уақытта тапсырыскерде несие мекеме шотынан қолма – қол ақшаны алу кезінде пайда болады.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технолргиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдагы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық калиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? деген қауіп туады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақьп қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал ке болуы — дамуға кедергі жасап, басы артық қорларме және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуп әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның банк шотынан аудару келісім – шорт жасайды. Кәсіпорын кассасында шектеулі қолма – қол ақшалар сақталынады. Банк мекемелерінің қызмет көрсетуі. Осы кәсіпорын жетекшілерінің келісімімен белгілінеді. Кассадағы қолма – қол ақша қалдықтарының шектелуі жыл сайын барлық кәсіпорынға банк мекемелеррі белгілейді. Ұйымдық – құқық нысаны және қызмет саласынан тыс, кассасы бар қолма – қол ақша есебіне жүзеге асырылады. Касса қалдықтарының шектелуі кәсіпорынның қолма – қол ақша айналымының көлемінің азаюы, оның қызмет мерзімінің ерекшелігі, қолма – қол ақша құралдарын тәртіпті және уақыт бойынша банк мекемелеріне тапсыру, кездейсоқ құндылықтарды тасымалдауын сақтау және қысқаруын қамтамассыз ету арқылы анықталады. Кәсіпорын өз кассаларында қолма – қол ақшалар үстінен белгіленген шектеулерді сақтау, тек қана жалақы беру, әлеуметтік төлемдер және стипендия 3 күннен көп емес, банк мекемелерінде ақша алу күні іске асырылады. Қолма – қол ақшаның осы мерзімнің өтеуі белгіленуі бойынша қолданбаса банк мекемесіне тапсырылады. Көрсетілген құралдар кезек бойына және федералдық заңмен белгілеуі арқылы береді.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорының қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауьи әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділікі деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау: жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы бар табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті -мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңа зеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Кәсіпорынның қаржысын басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оператиитік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді.
Кәсіпорын қаржысын жалпы басқару кәсіпорындағы ақша қаражаты, ақша айналымы, алдағы жоспарды болжау, шағынды азайтып, қызметкерлерді жалақымен қамтамасыз ету. Кәсіпорын өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.
Кәсіпорынның кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды салық қызметшісі орындайды.
Салық қызметшісі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық оргаңдарына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсіктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы араттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Қорытынды:
Кәсіпорын қаржылық қорын жағдайын бағалауды ұйымдастыру адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
9-шы тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау, оның тұрақтылыққа жету жолдарын көрсету кезінде экономикалық тиімділікті де анықтау керек. Кәсіпорын жұмысының қаржылық қорынының жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Сондықтан белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы екенін түсіну керек.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.
Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
10-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысындағы инвестиция мен инновациялар
Дәріс мақсаты: Инновация және инвестиция түсіктерін талдау және олардың қазіргі таңда кәсіпорынның өндірістік қызметін тиімді ұйымдастырудағы маңыздылығын анықтау.
Дәріс жоспары:
Инновациялық инфрақұрылым. Өндірістің дамуын қамтамасыз етуде инновациялардың орны.
Инвестиция. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін ұйымдастыру.
Дәріс мәтіні:
Инновациялық бағыттағы экономика құрудың алғышарты – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру. ҚР Инновациялар туралы заңына сәйкес, инновациялық инфрақұрылым – ҚР инновациялық қызметке маманданған, бір-бірімен өзара байланысқан субъектілер жүйесі. Инфрақұрылым түсінігі инновациялық кәсіпкерлік қызметтің дұрыс, тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін салалар, кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Экономикалық әдебиеттерде инновациялық инфрақұрылымға түрлі анықтамалар беріледі. Мысалы, П.Н.Завлин инновациялық инфрақұрылымды инновациялық қызметті жүзеге асыу барысындағы жұмыстардың толық циклын қамтитын ұйымдар мен бірлестіктер деп бейнелейді, яғни ол жаңа ғылыми-техникалық идеяның пайда болуынан сол идеяның жүзеге асырылуына дейінгі өзара байланысқан және бір-бірін өзара толықтыратын жүйелер мен оларға қажет ұйымдастырушылық элементтер жиынтығы деп түсіндіреді.
Г.К.Қуатбаев келесідей анықтама береді: «инновациялық инфрақұрылым – ұлттық шекара шегіндегі өзара бір-бірімен байланысқан, ақпараттық қамтумен айналысатын, ғылыми білім мен технологияны өндіретін және жүзеге асыратын құрылымдар (ұйымдар) жүйесі».
Жоғарыда аталған анықтамаларды түйіндей келе, мынадай қорытынды жасауға болады: Инновациялық инфрақұрылым – түрлі бағыттағы, әр түрлі ұйымдық-құқықтық формадағы инновациялық үрдістің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, бір-бірімен өзара байланысқан жүйелер жиынтығы.
Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық үрдістің жүзеге асырылу жағдайына әсер ететін құқықтық, қаржылық, әлеуметтік-экономикалық және ақпарат институттарының жиынтығын қамтитын ұлттық инновациялық жүйенің маңызды құрамдас бөлігі. Оның субъектілерінің келесідей бағыттары бар:
өндірістік-технологиялық қамту;
ақпараттық-анлитикалық қамту;
қажет мамандарды даярлау;
қаржылық-инвестициялық қамту;
ғылыми-техникалық, инновациялық жобалар экспертизасы;
ғылыми-техникалық және инновациялық өнімді нарықта жылжыту.
Өндірістің максималды тиімділігін қамтамасыз ету үшін, аталған бағыттар, экономиканың инновациялық дамуын қамтамасыз етуі үшін олар ортақ тізбектің нақты, толық буындары болуы тиіс. Өндірістік-технологиялық бағыт жаңа жоғары технологиялы өнім өндіруге, сол технологиялардың дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасайды. Оның элементтерін инновациялық орталықтар деп атайды, оның құрамына технопарктер, технологиялық инкубаторлар, технополистер, инжинирингтік орталықтар және тағы басқа кеңес беруші ұйымдар кіреді.
Экономиканың инновациялық инфрақұрылымы субъектілерінің келесідей функциялары бар: кешенді консалтинг бойынша, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету бойынша, ортақ қолданысқа арналған зертханалық, өндірістік құрылғыларға қол жетерлікті қамтамасыз ету, білім беру бойынша қызмет көрсету, технология трансферті, әріптестік байланыстарды орнату. Инновациялық инфрақұрылымның базалық элементі ретінде жоғарыда аталған қызметтерді жүзеге асыратын – технопарктер болады.
Аталған ұйымдармен қоса, инновациялық инфрақұрылымның маңызды элементі инновациялық, өнеркәсіптік кәсіпорындардың оңтайлы әрекет етуін қамтамасыз ететін құқықтық –нормативтік базасы. Инновациялар туралы заңдар, жолдаулар инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығын қамтамасыз етеді және инновацияларға қатысты қатынастарды реттейді.
Бүгінгі таңда ғылымда технопарктерге берілетін белгілі бір анықтама жоқ. Олардың түрлі формалары мен ұйымдастырылу әдістерінің әртүрлілігі, функцияларының және ортақ бағыттылығының түрліше болуы жаңа терминдердің пайда болуына негіз болды. Технопарк ұғымын түрлі ақпарат көздерінде әр түрлі түсіндіреді, бірақ осылардың ішінде ең көп тарағаны Ұлыбританияның Ғылыми парктер Ассоциациясының берген анықтамасы. Ол келесідей, технопарк – жер мен жылжымайтын мүлікке ие ұйым. Технопарктер бір немесе бірнеше зерттеу орталықтары, институттар, университеттердің, өндірістік кәсіпорындар мен билік органдрының бірлесуі негізінде құрылады. Технопарк аумағында ғылым сыйымды өнім өндіретін кәсіпорындарды дамыту мақсатында материалдық-техникалық және әлеуметтік-мәдени базаны құру арқылы тиімді инновациялық орта қалыптасады. Мемлекет тарапынан технопарктерге арнайы жасалған жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесі қсынылады. Технопарктер ғылым сыйымды жоғары технологиялы өнім өндіретін кәсіпорындардың ұйымдастырылып, өсіп-өнуіне жағдай жасап, технологияларды трансферттеумен, технопарк аумағында орналасқан ұйымдарға «бизнес» білімдерді трансферттеумен айналысады.
Дәстүрлі технопарк моделіне сәйкес оның орталығы – ірі университет немесе ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Технопарк қарамағындағы территория түрлі шарттарға сәйкес негізгі ұйымның ғылыми жобалары негізінде өнім өндіруге арнайы құрылғанкәсіпорындарға біеріледі, сонымен бірге түрлі сипаттағы инновациялық кәсіпорындарға қызмет көрсететін (сервистік) фирмаларға беріледі.
Технопарк құрамына кіретін фирмалар инновациялық үрдістің әр түрлі стадияларында әрекет етеді: зерттеу не жобалау жұмыстарын жүргізу, дайын өнім өндіру, түрлі делдалдық және басқа да қызмет түрлерін көрсету. Технопарк жаңа қалыптасқан компаниялармен қатар нарықта тұрақты орныққан фирмаларды да біріктіреді. Технопарктерде, ережеге сәйкес, клиент-фирмалар әр уақытта қала алмайды, ондағы фирманың өмірлік циклы 3-5 жылды құрайды. Одан кейін клиент-фирма өзінше жеке алдына кәсіпорын болады және технопарк құрылымынан шыққан соң жеңілдіктерге ие бола алмайды.
Технопарктерді құрудағы негізгі мақсат – инновациялық жобаларды іске асыруға максималды жағымды жағдай жасау, ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктерді енгізуді жеңілдету. Жағымды жағдайлар нақты аймақта жоғары білікті мамандарды біріктіру, дамыған өндірістік, экспериментальді және ақпараттық база құру негізінде жасалады.
Технопарктер келесідей міндеттерді атқарады:
Шағын инновациялық фирмаларды дамытуға қолдау көрсету;
Ғылыми-техникалық өнімді тауарлық өнімге айналдыру;
Өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуы, өндірістік аймақтардың экономикалық қайта жаңғыруы мен құрылымдық қайта құрылуы;
Жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру;
Инновациялық сфераға мамандар мен инвестицияларды тарту;
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) қосалқы қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция – ол оралынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, олар ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды, басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған. Ал, инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайыздар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
«Инвестиция» термині латынның investments – «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келеген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады».
Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мқсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамауына негіз болады. Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар мен инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісіне арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрекет жасайды. Инвестициялық салалар құрамына қосылады:
капиталды құрылыс саласы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;
инновациялық сала, яғни ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалдық потенциалдың жүзеге асырылуы;
қаржылық капиталдың айналым саласы.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды рөл атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:
кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
жалпы даму стратегиясы;
инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өз бетінше бір стратегия. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашан да экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асыру мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
1-кесте Белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы
Сатылары |
||||
Стратегиясы |
Пайда болуы |
Өсуі |
Жетілуі |
Ескеруі/Пайда болуы |
Жалпы |
Нарыққа еніп, бекітілу процесінде өмір сүру |
Нарық сегментінің кеңеюі, іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз ету |
Іс-әрекеттің салалық диверсификациясы, пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасау |
Пайда нормасын сақтау және іс-әрекеттің бағыты мен нысандарының бір уақыттық жаңалуының қаржылық тұрақтылығы |
Инвестиция лық |
Бастапқы нақты инвестицияның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету |
Өндірістің және нақты қаржылық инвестиция масштабтарының кеңеюі |
Өндірістің техникалық қайта қамтамасыздандырылуы және кең масштабты қаржылық инвестицияландыру |
Жаңа құрылыс пен өндірістің қайта құрылуына нақтылы масштабты инвестицияландыру |
Ескерту: оқулықтың мәліметтері негізінде |
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияланыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады. Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауымен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен ай- рықшаланатын инновациялармен байланысты болады.
Қорытынды:
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
10-шы тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты қарастыру кезінде инновациялар мен инвестициялардың нарық жағдайындағы кәсіпорынның дұрыс қызмет етуіндегі маңыздылығына басты назар аударып, кәсіпорынның тиімді дамуына қандай ықпал ететіндігін түсіне білу қажет. Аталған тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген жөн.
Қолданылған әдебиеттер:
Мейірбеков А.Қ., Әлімбеков Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: ЖШС «Издательство LEM», 2007
Дүйсенов К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001
11-ші тақырып. Кәсіпорынның айналым құралы және айналым қоры
Дәріс мақсаты: Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталының бір-бірімен байланысын көрсету. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізетіндігін және керісінше екендігін анықтау.
Дәріс жоспары:
Айналым қаржылары (капиталы)
Айналым құралдарының айналымдылығы
Дәріс мәтіні:
Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға және оның қаржылық жағдайын күшейтуге бағытталған шаралар жүйесiнде айналым құралдарын рационалды қолдану сұрақтары маңызды орын алады. Нарықтық қатынастар қалыптасуы шартында айналым құралдарын қолдануды жақсарту проблемасының өзектiлiгi ұлғая түстi. Кәсiпорын қызығушылығы өздерiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi нәтижесiнде толық жауапкершiлiктi талап етедi. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы айналым құралдарының жағдайына тiкелей тәуелдi болғандақтан және шаруашылық нәтижесiн шығындармен өлшеу, меншiктi құралдармен шығындарды өтеу керек болғандықтан кәсiпорындар айналым құралдарын оңтайлы ұйымдастыруға – олардың қозғалысын мүмкiн болатын минималды сомамен ұйымдастыру арқылы неғұрлым көп болатын экономикалық әсерге қол жеткiзуге қызығушылық бiлдiредi.
Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиiмдiлiгiн арттыру проблемасының жалпы кешенiндегi негiздеме болып табылады.
Айналым құралдарын ұйымдастыру келесiлердi қамтиды:
айналым құралдарының құрылымы мен құрамын айқындау;
кәсiпорынның айналым құралдарына қажеттiлiктерiн анықтау;
айналым құралдарының қалыптасу көздерiн анықтау;
айналым құралдарын үйлестiру және басқару;
айналым құралдарының қауiпсiздiгiне жауапкершiлiк және оларды тиiмдi қолдану.
Айналым құралдарының құрамы өндiрiстiк айналым қорлары мен айналыс қорларын қалыптастыратын элементтер жиынтығын бiлдiредi, яғни жеке элементтерге бөлудi қарастырады.
Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа бөлінеді: айналым қорлары және айналым құралы. Айналым қорларының құрамына жөнелтілген дайын өнім, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп – шотттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.
Айналым қорларының құрылымы жеке өндiрiстiк айналым қорларының элементтерi мен айналым құралдарының ара-қатынасын бiлдiредi, яғни айналым құралдарының жалпы сомасындағы әр элементтiң үлесiн бiлдiредi.
Өндiрiстiк айналым қорларының басымды бөлiгiне шикiзат, негiзгi және көмекшi материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, отын және жанармай сияқты еңбек құралдары жатады. Сонымен қатар өдiрiстiк айналым қорларына құны төмен және тез тозатын заттар, құралдар, арнайы құрылғылар, инвентарь, ағымдағы жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер, арнайы киiм сияқты еңбек заттары да жатады. Бұл еңбек заттары бiр жылға дейiн қызмет етедi. Айналыстағы құралдар құнының шектеулiгi өзгерiп отырады, олар негiзгi қорлармен жүргiзетiн бағалау мен оларды сатып алу кезеңiне байланысты.
Сонымен бiрге кәсiпорында бұл еңбек заттарының атаулары мыңға жуық болады, соның нәтижесiнде ол тозу есебiн жүргiзудi техникалық жағынан қиындатады. Сондықтан тәжiрибеде оларды негiзгi емес айналым қорларына жатқызады.
Аталған құралдар мен еңбек заттары өндiрiстiк айналым құралдарының тобы өндiрiстiк запастарды құрайды. Олармен қоса өндiрiстiк айналым қорларына аяқталмаған өндiрiс пен болашақ кезең шығындары кiредi.
Өндiрiстiк айналым қорларын аванстайтын құралдардың негiзгi мiндетi өндiрiстiң үздiксiздiгiн және ырғақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Өнiрiстiк айналым қорларынан басқа кәсiпорындарда айналыс қорлары болады. Оларға қоймадағы дайын өнiм, тиелген тауарлар, кәсiпорын кассасындағы және банк счеттерiндегi ақша-қаражаттары, дебиторлық қарыздар, басқа счеттегi қаражаттар жатады. Айналыс қорларының негiзгi мiндетi айналыс үрдiсiн ресурстармен қамту болып табылады. Айналым құралдарының құрылымы мен құрамы экономиканың әртүрлi саласында бiрдей емес. Олар өндiрiстiк, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртiп факторларымен анықталады. Мысалы машина жасау саласында өндiрiстiк цикл ұзақ болғандықтан аяқталмаған өндiрiс үлесi жоғары. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарында басты орынды шикiзат пен материалдар алады (мысалы тоқыма өнеркәсiбi). Сонымен қатар тамақ өнеркәсiбiнде (мысалы сүт, май өндiретiн кәсiпорындар) көмекшi материалдар запасы жоғары.
Кәсіпорындардың іс әрекеттерін қаматамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражатының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.
Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы
|
Айналым қаражаты |
|
|||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||
Өндірістік айналым қорлары |
|
Айналыс қорлары |
|||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||
Өндірістік босал-қы қор |
|
Өндіріс про-цесінде |
|
Алдағы кезең-дегі шығындар |
|
Қоймада-ғы дай-ын өнім-дер |
|
Тауар жөнелту және жолдау |
|
Ақша-лай қаражаттар |
|
Дебиторлық берешек |
|||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||
Нормаланатын айналым қаражаты |
|
Есеп айырысу қаражаты |
|
Банктегі ағымдық есепайырысу |
Мұндағы тауар жөнелту және жолдау мен дебиторлық берешек нормаланбайтын айналым қаражатына жатады.
2.Айналым қаражаты үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және жартылай фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек заттарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А – Қ – Ө – Д - А1.,
мұнда: А – шаруашылық субъектілерін аванстауға ақша қаражаты;
Қ – өндіріс заттарын;
Ө – өндіріс;
Д - дайын өнім;
А1 – өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша
қаражаттары.
Қорытынды:
Өндірістік байланыс қорынының құрамында, негізгі қор және айналым қаражатты бар. Қаражаттардың айналым деп атауының себебі, табиғи-заттық формасының өзгеріп, оның өндірістік процінде айналымдылық жүруінен айтады. Бұл айналымдылық бір өндірістік цикл (жыл) бойынша жүреді, бұнда айналым қаражаттары толығымен жұмсалып өз бағасын жаңадан шығарылған өнімге ауыстырылады. Әр айналымыдылықта айналым қаражаттар бірнеше деңгейлер өтеді.
11-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар
Бұл тақырыпты талдау барысында айналым қаражаттарының екі тобын ажырата білу керек, яғни айналым қорлары мен құралдарын. Айналым құралдарын ұйымдастыру тиімділігін арттыру мәселесін қарастырғанда оның қамтитын негізгі шаралар кешенін меңгеру керек.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Ж.Оразалин, «Кәсіпорын экономикасы» Оқу құралы, Алматы 2007 ж.
Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
12-ші тақырып. Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділігі және еңбекақы төлеу жүйесі
Дәріс мақсаты:
Еңбектің материалдық және рухани байлықтың көзі екендігін, ал еңбек ететін адамдар қоғамның басты өндіргіш күші болып табылатындығын ашу. Жалақының мәнін түсіндіру және оның негізгі түрлері мен функцияларын қарастыру. Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесін талдау арқылы оның өндіріс үрдісіне әсерін ашып көрсету.
Дәріс жоспары:
Еңбек. Еңбек ресурстары. Жалақының нысандары.
Жалақының функциялары
Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру
Дәріс мәтіні:
Еңбек ақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.
Еңбек ақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.
Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады.
Еңбек бірлігінде нарықтық баға - уақыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар келісім шартқа негізделген және ақы мөлшерлемесі. Маркс бойынша жалақы мөлшерлемесі жұмысшы күшінің құнымен анықталады,яғни жұмыс күнін жақсы өндіру үшін қажетті тұтылу тауарлары, қызметтері және өмір қаражаттары. Бірақта қазір нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалақы мөлшерлемесі өндіруші минимумынан асып кетеді және ол сол елде, салада нақты сападағы еңбек ақы деңгейінен құрылады. Одан басқа жалақы мөлшерлемесін кейде «теңестіру айырмашылығы» деп айтуға болады – төлемдер, жұмыс орнын ауыстырғандағы айырмашылақтарды көрсетеді.
Жалақының негізгі элементі – жалақы мөлшерлемесі. Бірақта ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтуға болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б.) Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жұмысшының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы).
Жұмысшы үшін жалақы жоғарыдағыға қосымша айтсақ отбасының жақсы тұрмысын жақсартатын табыс.
Жұмыс берушіге өз жұмысшыларына еңбекақы төлеу ол жұмысшы күшін жалдау үшін кеткен шығындар. Осыған қоса жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмыс күшінің шығындарын қысқартуға ұмтылады.
Еңбек ақы деңгейі еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың үнемі өзгеруіне байланысты жұмысшы мен жұмыс берушілердің іс-әрекетіне салмақты әсер етеді.
Жалақының нақты көлемі нарықта, әлеуметтік қатынастарда, өндірісте пайда болатын әр түрлі факторларға байланысты.
Адамның өз еңбегі үшін алатын ақша саны негізінде жұмыс күшінің құны көлеміне байланысты. Әр топ үшін бұл құнның жоғарғы және төменгі деңгейі болады.
Төменгі деңгейге өмір сүруге қажетті қаражат сомасы жатады. Олар отбасын асырау, кәсіби білім алу үшін, жұмысшының жұмыс қабілетін арттыру үшін жұмсалады. Көптеген елдерде әдейі өмір сүру минимумы деген көрсеткіш саналады. Ол кедейшілік шегін – жұмысшылардың төменгі квалификациясымен жұмыс қызметін ұстайтын қаражат мөлшері.
Жоғарғы жұмысшы күші шегі ол кейбір елдерде әдет-ғұрыпты болатын әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді өтейтін қосымша шығындар.
Жалақының мәнін функциялардан айқын көре аламыз. Функция өз қызметін қоғамдық өндірісте: өндірісте, тұтынуда жүзеге асырылады. Жалақының өзінің бес функциясы болады:
Қайта өндіру
Ынталандырушы
Өлшеу- бөлу
Ресурстік-шығарушы
Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастыру
1. Қайта өндіру функциясы. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақта қайта өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін қайта өндіруді қамтамасыз ететін заңмен бекітілген оның минималды көлеміне байланысты.
Номиналды және нақты еңбек ақы түсініктерін ажырату.
2. Ынталандырушы функция. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеуге, кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.
3. Өлшеу-бөлу функциясы. Бұл функция өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.
4. Ресурстік-шығарушы функция. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндегі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.
5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастыру функциясы. Бұл функцияның мәні – төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді.
Жоғарыда айтылған функцияларды іске асыру үшін келесі маңызды қағидаларды қолдану керек:
1. Өндіріс және еңбек тиімділігінің өсуіне қарай нақты жалақыны жоғарлату. Бұл қағида тұтынуды көтерудің экономикалық заңының объективті әрекетіне байланысты, олардың толық қанағаттануы материалдық игіліктер мен қызметтерді көп көлемде алу мүмкіндігін кеңейту арқылы іске асыруға болады. Бірақ мұндай мүмкіндік еңбек тиімділігі, өндірістік қызмет нәтижелерімен байланысты болу керек. Мұндай байланыстың болмауы, бір жағынан жалақыны төлемеуге сәйкесінше инфляцияға алып келуі, екінші жағынан – төмендетілген еңбек үлесінің тиімділігіне сәйкес номиналды жалақы төлеу. Нәтижесінде жұмысшылардың мұқтаждығын қанағаттандыру мүмкіндігі және жалақыны көбейту жоққа шығады.
2. Еңбек өнімділігі өсу темпінің орташа жалақының өсу темпінен жоғары болуын қамтамасыз ету (немесе өнім өндіру көлемінің өсу темпінің тұтыну қоры өсу темпінен жоғары болуы). Бұл қағиданың мәні - өндіріс тиімділігін жоғарлату мен дамыту негізінде еңбек табыстарын максималдау. Осы бағытта жүру кәсіпорынның дамуы мен өсуіне жағымды жағдай болып табылады. Бұл қағиданы бұзу инфляцияға, елдің экономикасының тоқырау құбылысына алып келеді. Нақты кәсіпорын жағдайында бұл өндіріс құралдарын жаңарту процесінің бәсендеуі, және перспективалы нәтижесі бар жобаларды жасауға бағыт бұзылады – бәсекелестік фирмалардың өнімдеріне қарағанда сапасы төмен өнімге сұраныстың төмендеуі.
Еңбекақы
жүйесінің қарапайымдылығы, логикалығы
Еңбек
өнімділігі өсу темпінің орташа жалақы
өсу темпінен жоғары болуын қамтамасыз
ету
Жалақы функциялары мен ұйымдастыру қағидалары арасындағы байланыс
1-сурет
3. Жұмысшының кәсіпорындағы еңбек нәтижесіне, маңыздылығына және еңбек жағдайына, кәсіпорын орналасқан ауданға байланысты жалақының өзгешелігі. Бұл қағида жұмысшының еңбек біліктілігі тұрғысында материалдық мүддесін жоғарлату керектігі негізінде жасалған. Және де жұмыс күшін қайта өндіруге қажетті, әртүрлі еңбек жағдайындағы, географиялық және климаттық жағдайға байланысты материалдық игіліктердің көлемі белгіленуі керек.
4. Сәйкес еңбекке сәйкес төлем. Нарық жағдайында қарастырып отырған қағиданы жынысы, жасы, ұлты және тағы басқа бойынша еңбек ақы төлеуде дискриминацияны болдырмау деп түсіну керек, кәсіпорын немесе фирма ішіндегі әділеттік қағиданы қорғау болып табылады.
5. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу.
6. Еңбек нарығы әрекетін есепке алу. Еңбек нарығында мемлекеттік және жеке компаниялардағы жалақының диопазоныны көрсетілген, және де ұйымдастырылмаған секторда.
7. Еңбек ақы жүйесінің қарапайымдылығы, логикалығы еңбек ақы жүйесінің мәні туралы ақпараттылықты қамтамасыз етеді. Атқарушылар жалақы көлемін қандай жағдайда, яғни олардың материалдық игіліктерінің көтеруді нақты алдына қоюы керек.
Көбінде еңбек ақыны ұйымдастыру қағидаларын функциялармен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар функцияларды жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше функциясымен байланысты. Бірақта бір басты функцияны бөліп көрсетуге болады. Оны орындауға нақты қағида бағытталған.
Қорытынды:
Өндіріс үрдісіне әсерін тигізетін маңызды мәселенің бірі – бұл еңбек ресурстарының бағасы – жұмысшылардың ебекақысы. Жұмысшыларды тиімді пайдалануда ынталандырудың негізгі бір жолы – еңбекақы төлеу. Еңбек ақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.
12-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Еңбек пен еңбекақы ұғымдарын терең қарастыру. Жалақы түрлерін талдып, функциялары мен ұйымдастыру қағидалары арасындағы байланысты ажырата білу қажет. Тақырыпты талқылау нәтижесінде кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды дұрыс жүргізуде және жоспарда белгіленген жұмыс көлемін орындау үшін жұмысшының еңбегі қалай мөлшерленуі тиіс екендігін анықтай алу қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Ж.Оразалин, «Кәсіпорын экономикасы» Оқу құралы, Алматы 2007 ж.
Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
13-ші тақырып. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару
Дәріс мақсаты: Сертификаттау саласындағы негізгі талаптарды анықтау. Бақылаулардың жүргізілу тәрітібі мен қағидаттарына талдау жасау. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқарудың негіздерімен танысу. ҚР сертификаттау жүйесіне толық тоқталу.
Дәріс жоспары:
Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері
Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару
Дәріс мәтіні:
Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет.
Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады. Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік багасы деп атайды.
Сәйкестік бағасын «үшінші жақтың» сынақтан өткізуінің нәтижесі бойынша анықтайды. «Тасымалдаушы» (бірінші жақ) мен «сатып алушыларға» (екінші жақ) тәуелсіз қызмет орнын «үшінші жақ» деп атаймыз.
Сәйкестік багасы сәйкестікке тексерумен, сәйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты.
Сәйкестікке тексеру - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға дәлелдемелер бойынша сәйкестігін мақұлдау.
Сәйкестікті қадағалау - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға сәйкес жүмыс жасап жатқандығына көз жеткізудегі қайта бағалау.
Сәйкестікпен камтамасыз етілу - өнімнің (процестің, қызмет-тің) берілген талаптармен қамтылуы жайлы мэлімделуі болып табылады.
Тасымалдаушының сәйкестік туралы мәліметі - өнімнің берілген талаптарға сәйкес келуі жайындағы жазбаша кепілдік беруі, яғни ол каталогте, пайдалану жайлы басшылықта, этикет түрлерінде болып келеді.
Сертификаттау туралы заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан әрі қарай процестерді), сертификаттаудың кұқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауга қатысушылардың қүқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
2. Сертификаттаудың мақсаты мен принциптер
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістін сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын; сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестатталған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.
Аталған жұмыстарды жүргізу елімізде «Стандарттау және сертификаттау» мамандарына жүктелген.
Қазакстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауга қатысатыг адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтыгы немесе сәйкестік (белгісі) сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынак тәсілінің көптүрлілігі;
- сертификаттау жүмысында ИСО (МЭК) аймактық ұйымдар,халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану;
- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитенің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталды. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.
Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
3. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару. 1.Сертификаттау жөніндегі жүмыстарды басқаруға сәйкес Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2.Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік кұжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесін үйымдастыру
1.Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық кұрылымын мыналар құрайды:
стандарттау, метрология жэне сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган;
өнімді, үрдістерді, жүмыстарды, қызмет корсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар;
тіркелген сынақ зертханалары (орталықтары).
2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатыи талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері:
Стандарттау, метрология жэне сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері;
мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу;
міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың тауарлар мен қызмет көрсетушілердің) тізбесін дайындау;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кұқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекетгік сертификаттау тәртібі бойыншатіркеу;
сарапшы-аудиторларды аттестаттау;
сынақ зертхана орталыктарымен өнімді. процестерді,жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын. оларды беру және қолданудың тәртібін белгілеу;
сынақ зертхана орталықтары мен өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы қабылдау;
құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бірақ рет рұқсат беру;
егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру;
сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға зандарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.
Өнімді, процестерді, жұмыстарды, кызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар
1.Өнімді өндірушілерге, оны берушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз (осы қызметтерді көрсететін және осы қызмет көрсетулерді тұтынатын жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз), өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ зертхана (орталықтары) бар барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар өнімді, үрдістерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар бола алады. Өнімді, процестерді, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қорытынды:
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатыи талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.
13-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Сертификаттаудың мәні мен мазмұнын талқылау кезінде оның түпкі мағынасына үңілу. Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістін сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға әрқашан ұмтылу қажет екендігін түсіну керек.
Қолданылған әдебиеттер:
Операционное управление. Учебное пособие. Авторы составители: Л. Батенко, В. Данилов – Алматы, АШМ, 2001 г.
Саймагамбетова Г. А. Организация и планирование производства: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2004 г.
14-ші тақырып. Өнім сапасын басқару және бәсекелестік
Дәріс мақсаты: Кез – келген фирма және кез – келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік талапта қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және қажетті параметрлерге сәйкес келуі тиіс екендігін анықтау. Фирмаға өз өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек екендігін түсіну.
Дәріс жоспары:
Сапа және оның теориясы. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы
Өнім сапасын басқару жүйесі
Дәріс мәтіні:
Сапа және оның теориясы. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі. Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқа талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
• сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.
Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатын алу сату актісінде көрінеді Мұндай ерекшеліктің үйлесті өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалың және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар — бәсекелестер ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну бағаны болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:
Бт = Бс Шт
мұнда, Бт — тұтыну бағасы
Бс — сатылу бағасы
Шт — бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық норматавтік мерзім ішіндегі қызметі)
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артытырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техниканың деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды қалыптастыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басымда салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:
КК = ККэ ККт ККс
мұнда, КК — тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККэ — эстетико-аргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККт — техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;
КҚс — көрсеткіш кешенінің сектімділігі.
Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.
Өнім сапасын басқару жүйесі
Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.
Стандарт және стандарттау ұғымы
Стандарт — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетіи және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:
Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.
Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді.
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
• салалық стандарттар (ССТ);
• техникалық жағдайлар (ТЖ);
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінің және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.
14-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты қарастыру барысында сапа ұғымын, оның көрсеткіштерінің маңыздылығын білу керек. Бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Сондықтан, еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын беретіндігін меңгеру қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».
Алматы -2001 ж.
2. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж.
3. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж