Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
labor_dlph_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.62 Mб
Скачать

2 Мысал

М ысал 2.1 . арифметикалық өрнекті есептеу керек, егер айнымалылар а=0,11 және х=-0,05 болса.

Е септің шешуі: 1. Алгоритм-қойылған есептің шешіміне жеткізетін әрекеттер тізбегі. Кез-келген есепті шешу, бағдарламаны құрастыру, алдымен есептің алгоритмін талдауды қажет етеді. Есептің шығару алгоритмінің графикалық сипаты - блок-схеманы құрастыру қажет (Сурет -1).

2. Есептің қойылымына байланысты а, х және y айнымалыларын (нақты айнымалар-real) жариялап, енгізу, шығару операторларын қолданып консоль қосымша жазу керек. Консоль қосымша даярлау терезесі 2-суретте көрсетілген.

3. FileSave All арқылы программаны сақтап ( Pr_1-бағдарлама атауы, сурет-2), F9 функционалды клавишасын, немесе саймандар панелінен батырмасын, сол сияқты мәзірден Run Run таңдаңыз. Консоль қосымшаның орындалу DOS терезесі ашылып, есептің нәтижесін ұсынады.

Зертханалық жұмыс № 2

Жұмыстың тақырыбы: Delphi ортасымен танысып, сызықты бағдарлама құрастыру.

Жұмыс мақсаты: Delphi ортасындағы Standard парағының Label, Edit, Button, Memo компоненттерімен танысу, оларды бағдарламада қолдану.

Орындалу уақыты: 4 сағат.

  1. Тапсырма

    1. Зертхана жұмысының тақырыбына сәйкес теориялық материалдарды меңгеру.

    2. Төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беру:

  1. Delphi ортасындағы бағдарлама құрылымы неше бөліктерден құрастырылған?

  2. Компонент қасиеттері деген не?

  3. Label компонентінің қандай қасиеттерін қолдандыңыз?

  4. Form компонентінің қандай қасиеттерін қолдандыңыз?

  5. Edit, Button, Memo компоненттерінің қандай қасиеттерін қолдандыңыз?

  6. Оқиға деген не, бағдарламада қандай оқиғаларды қолдандыңыз?

  7. Компонент әдісі деген не?

  8. Delphi ортасының басты терезелерін, олардың ерекшеліктерін атап айтыңыз.

  9. Қандай функционалдық батырма немесе команда арқылы Объектілер инспекторының терезесін экранға шығаруға болады?

  10. Бағдарламаны тек компиляциялау үшін тізбеліктің қайсы командасы немесе функционалды батырма қолданылады?

  11. Қандай батырма бағдарламаны қадам бойынша орындауға арналған?

  12. Project текстінен тұратын файлдың кеңейтілуі қандай?

  13. Модульді іске асыру бөлімі қандай сөзбен басталады?

  14. Модульдің орындалу бөлімі қандай сөзбен басталады?

  15. Тұрақтылардың дұрыс сипаттамаларын көрсет:

а) const min:=0;

b) const min=0,5;

c) const min:=0.5, max=10;

d) const min: integer=0;

e) const min, max: integer=0;

Вариант бойынша ұсынылған тапсырмалар 1-ші зертхана жұмысының 1, 2-ші кестелерінде келтірілген. Есепті шағару үшін Delphi ортасының негізгі құндылығы - компоненттер палитрасының мүмкіндігін қолдану, яғни есепті шығару алдында Standard парағының Label, Edit, Button, Memo компоненттерімен танысып болған соң ғана оларды бағдарламада қолдану.

2Мысал

Мысал 2.1 Есептің шарты: егер айнымалылар а=2,3 және b=4 болса арифметикалық өрнегін есептеу қажет.

Есептің шешуі: 1. Есеп шартына сәйкес өрнекті шешудің алгоритмін блок-схема түрінде бейнелейміз. Алгоритм сипаты бойынша бағдарлама - сызықты (сурет-3).

2 .Delphi ортасындағы компоненттер палитрасының Standard парағынан үш Label, екі Edit, екі Button компоненттерін формаға орналастырып, осы компоненттердің қасиеттерін тағайындаймыз (сурет-5 және 3-ші, 4-ші кестелерге назар аударыңыз). Form1 компоненті үшін BorderStyle – форманың пішінін, Width – форманың енін; Height - биіктігін айқындау керек. Label компоненттері үшін Caption, Left, Top қасиеттерін тағайындап, екі командалық батырмалар Button – ға Caption арқылы атқаратын міндеттерін сипаттаймыз. Edit өрісі айнымалыларды енгізуге арналған, сондықтан Text қасиетінің жолы бос болғаны дұрыс. Осы мақсатта Delphi-дің объектілер инспекторының терезесі (Object Inspector) арқылы Properties парағының мүмкіндігін қолданған жөн болады. 7-ші суретте Button1 компонентінің қасиеттерін тағайындау және оның оқиғасын таңдау сәті бейнеленген. Осы амалды басқа да компоненттердің қасиеттерін тағайындауға қолдану керек.

Form1 компонентінің қасиеттері Кесте-3

Компонент

Қасиеттері

Шамасы

Form1

BorderStyle

bsSizeable

Caption

Лабораторная_работа№2

Width

270

Height

196

Label, Edit, Button компоненттерінің қасиеттері Кесте-4

Компонент

Caption

Text

Left

Top

Label1

a

24

24

Label2

b

24

56

Label3

-

24

96

Edit1

-

104

24

Edit2

-

104

56

Button1

Вычислить

Button2

Очистить

3. Есептің шартына сәйкес өрнекті есептеу үшін Button1 компонентінің OnClick оқиғасын шақырамыз: үрдістің атауы компонент пен оқиға атауларынан құрастырылған: Button1+Click=Button1Click

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

4. Процедура операторларының алдында айнымалыларды жариялау қажет, есептің шартында келтірілгендей b - бүтін шама, a - нақты сан, яғни нәтиже y – те нақты тип болғаны: var b:integer; a,y:real;

5.a:=StrToFloat(Edit1.Text); /Edit1 өрісіне нақты сан ұсыну

b:=StrToInt(Edit2.Text); /Edit2 өрісіне бүтін сан ұсыну

6. Жазылу ережелерін ескеріп өрнекті бейнелеу:

y:= exp(b*ln(a))+sqrt(sqr(a)+sqr(b))-3*abs(b);

7. Есептің нәтижесін Label3 компонентінде ұсыну үшін оның Caption қасиетін қолдану керек: Label3.Caption:='Результат вычисления y='+FloattostrF(y,ffFixed,5,2);

8. F12 функицоналдық батырма немесе тақшадан арқылы кодтар редакторының терезесінен формаға ауысу керек.

9. Енді Button2 батырмасының оқиғасын өңдеу үрдісі:

procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

10. Edit компоненттерінің өрісіндегі шамаларды жаңарту, өзгерту Clear әдісі арқылы іске асады:

Edit1.Clear; Edit2.Clear;

11. 8-ші пункті қайталау

12. FileSave Project As басты тізбеліктің командасы арқылы жобаны сақтау барсында Delphi ортасы екі рет сұхбат терезесін ұсынады: Save Unit As – модульді сақтау; Save Project As – жобаны сақтау. Екі терезеге де Имя файла жолына аттарын енгізу керек.

13. F9 функционалдық немесе тақшадан батырмасы арқылы компиляция жүргізу.

  1. 14. Edit1, Edit2 өрістеріне айнымалылар шамасын енгізіп есептің нәтижесін алу (сурет-5).

Мысал 2.2 Жоғарыдағы келтірілген мысал тәрізді арифметикалық өрнектің нәтижесін, егер а=23,6 және b=4 болса, Memo компонентін қолданып қарастыру қажет.

Есептің шешуі: 1. Есептің шығару алгоритмін анықтап, форманы даярлау, компоненттерін орналастырып, олардың қасиеттерін тағайындау, айнымалыларды жариялау алдыңғы қарастырылған есеп тәрізді болады. Айырмашылығы есептің нәтижесін Memo1 компонентінде ұсыну.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]