
- •1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
- •Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •Бас жоспардың шешімдері
- •1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
- •1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер
- •1.5 Ғимаратты инженерлік жүйелермен жабдықтау
- •Антисейсмикалық шаралар
- •2. Есептік конструктивтік бөлім
- •2.1 Scad 11.5 программасы туралы қысқаша мәлімет
- •2.2 Құймалы аражабын есебі
- •2.3 Арқалық есебі
- •2.4 Баспалдақ алаңының есебі
- •2.4.1 Баспалдақ марштарын есептеу
- •2.4.2 Жүктемелер мен күштерді анықтау
- •3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық карталарды жобалау
- •3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
- •3.3 Жер жұмыстарын жүргізу бойынша қазу машиналарды таңдау
- •3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау
- •Жер жұмыстарының автопаркі
- •Арматуралық торды тасымалдайтын маз-503 жүк көтергіш автомобилдердің есебі
- •Нөлдік деңгейдегі жұмыстарының технологиялық картасын жоспарлау
- •3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
- •Ғимаратқа кететін негізгі бетон көлемі,арматура үлесі және қалып ауданы
- •3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
- •3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
- •Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
- •Күнтізбелік жоспарлау
- •4 Құрылыс экономикасы бөлімі
- •4.1 Сметалық есептеу
- •4.1.2 Локальдік сметаларды құру
- •4.1.3 Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
- •4.2 Жиынтық сметаларды құру
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер
- •5.3 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
Ғимарат құрылысы кезіндегі жердің бетінен жүргізілетін барлық технологиялық процестер – нөлдік дәңгейдегі жұмыстар деп аталады.
Нөлдік дәңгейдегі жұмыстарға кіретін жұмыстар бұл – топырақты өңдеу, негіз және іргетастарды орнату жұмыстары жатады. Құрылыс басталмай тұрып, дайындау жұмыстары жүргізіледі. Тек дайындау жұмыстарынан кейін барлық құрылыс жұмыстары берілген жұмыс аймағында басталады. Гидрогеолиялық ерекшеліктерге және нақты жұмыс түрлеріне байланысты көмекші жұмыстар жүргізіледі. Нөлдік дәңгейдегі жерді өңдеу, қазу, тасымалдау, орнату және тығыздау – жер жұмыстардың жиынтығы деп аталады.
Міндетті түрде жер жұмыстары басталмай тұрып дайындау және көмекші жұмыстары жүргізіледі. Дайындау жұмыстары құрылыс жұмыстары алдында, ал көмекші жұмыстары құрылыс жұмыстарымен параллель жүргізіледі. Дайындау жұмыстарына кіретіндер – құрылыс алаңын тазалау, құнарлы жер қабатын кесіп алу, тығыз негіздерді қопсыту, құрылыс алаңды құрғату, суды алып кету жүйесін орнату.
Азаматтық және өндірістік құрылыстағы жер жұмыстарына келесі уақытша құрылғылар жатады – қазаншұңқырлар, траншеялар, жолдар және алаңды жобалау жұмыстары жатады. Жоғарыда айтылған барлық жер құрылғылары жерді алып-тасымалдау процестерден тұрады.
Жалпы құрылыстық жұмыстардың ішінде жер жұмыстары үлкен үлес алады, шамамен 10% қаражат шығыны жағынан және 20% құрылыс жұмыстарынын өнімділігі жағынан.
Керекті мәліметтер:
Ғимарат – инженерлік корпус, қызмет көрсету ғимараты
Іргетас табанының деңгейі -2,300 м
Қазаншұңқыр табанының деңгейі -2,400 м
Негіздің түрі – саздақ (суглинок)
Негіз тобы - ІІ
Негіздің орташа тығыздығы: 1820 кг/м³
Топырақты тасымалдау арақашықтығы 10 км
1) Қазаншұңқырдың көлемін анықтау:
а)Мектептің қазаншұңқырының көлемін есептеу үшін оны көптеген қарапайым геометриялық фигураларға бөлу керек. Себебі осы қазаншұңқырдың формасы күрделі болғандықтан жоғарыда айтылған әдісті қолданып көлемді есептеу жүргізіледі. Математикалық әдіспен есептегенде мектептің қазаншұңқырын 4 қарапайым бөлікке бөліп, сол бөліктердің көлемдерін бір біріне қосып, нәтижесінде мынандай сан шықты:
Vқ=4449м³
1) Vқ=H/6[(A∙B) + (C∙D) + (A + C) ∙ (B + D)] (3.1)
Vқ=1,5/6[(15,2∙45,2) + (19,2∙49,3) + (15,2+19,2)∙ (45,2+49,3)]=1221,2 м³
2) Vқ=H/6[(A∙B) + (C∙D) + (A + C) ∙ (B + D)] (3.2)
Vқ=1,5/6[(22∙48,4) + (26∙52,4) + (22+26)∙ (48,4+52,4)]=1816,4 м³
3) Vқ=H/6[(A∙B) + (C∙D) + (A + C) ∙ (B + D)] (3.3)
Vқ=1,5/6[(21,2∙38,5) + (25,2∙42,5) + (21,2+25,2)∙ (38,5+42,5)]=1411,4 м³
Vқ.жалпы= 1221,2 + 1816,4 + 1411,4 = 4449 м³
3.1-Сурет - Қазаншұңқырдың негізгі жоспары
2) Қазаншұңқырдың табанын тегістейтін топырақ көлемін анықтау:
Vқ.т = Sтаб · Δn (3.4)
Δn=0,2 тегістейтін топырақтың қалыңдығы
Sтаб - қазаншұңқырдың табанының ауданы
Sтаб =2630 м²
Vқ.т =2630 · 0,2= 526 м³
3) Топырақты қайта көму көлемі:
Vқ.к=Vқ/(1+Ко.р) = 4449/(1+0,05) = 4237,14 м³ (3.5)
Ко.р=0,05
4) Топырақты тығыздау ауданы:
Vтығ = Vқ.к / 0,2= 4237,14 / 0,2=21185,86 м² (3.6)
0,2 тығыздайтын топырақ қалыңдығы
6) Үйіндіге аударылатын топырақтың көлемі:
Vүйін =Vқ.к = 4237,14 м³ (3.7)
7) Автосамосвалдарға аударылатын топырақтың көлемі:
Vавтос =Vқ - Vқ.к = 4449 – 4237,14 = 211,86 м³ (3.8)
8) Тегістейтін қабаттың көлемі:
Vтегіс= Sтаб ∙ һплита =2630∙1=2630 м³ (3.9)