- •1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
- •Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •Бас жоспардың шешімдері
- •1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
- •1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер
- •1.5 Ғимаратты инженерлік жүйелермен жабдықтау
- •Антисейсмикалық шаралар
- •2. Есептік конструктивтік бөлім
- •2.1 Scad 11.5 программасы туралы қысқаша мәлімет
- •2.2 Құймалы аражабын есебі
- •2.3 Арқалық есебі
- •2.4 Баспалдақ алаңының есебі
- •2.4.1 Баспалдақ марштарын есептеу
- •2.4.2 Жүктемелер мен күштерді анықтау
- •3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық карталарды жобалау
- •3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
- •3.3 Жер жұмыстарын жүргізу бойынша қазу машиналарды таңдау
- •3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау
- •Жер жұмыстарының автопаркі
- •Арматуралық торды тасымалдайтын маз-503 жүк көтергіш автомобилдердің есебі
- •Нөлдік деңгейдегі жұмыстарының технологиялық картасын жоспарлау
- •3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
- •Ғимаратқа кететін негізгі бетон көлемі,арматура үлесі және қалып ауданы
- •3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
- •3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
- •Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
- •Күнтізбелік жоспарлау
- •4 Құрылыс экономикасы бөлімі
- •4.1 Сметалық есептеу
- •4.1.2 Локальдік сметаларды құру
- •4.1.3 Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
- •4.2 Жиынтық сметаларды құру
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер
- •5.3 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 құжатына сәйкес құрылыс алаңының периметрі және соның ішіндегі барлық жеке жұмыс алаңдарының орындары белгіленуі тиісті. Әрбір құрылымды немесе құрылыс машиналарды монтаждаған кезде нақты техника қауіпсіздігі құжаттары жасалынып және барлық жұмысшыларға жеке таныстырып болған соң, арнайы техника қауіпсідігі журналдарына қол қойып шығуы міндетті. Бұл журналда құрылыстағы жүрген әр адамның қолы қойылуы керек. Техника қауіпсіздік шарттарын жұмысшыларға таныстыру әр мастердің міндеті болып табылады. Егер төтенше жағдай болған кезде құрылыс обектісінің басшысы жауапқа тартылады. Сондықтан құрылыс жұмыстары кезінде келесі шарттар орындалуы тиісті:
Құрылыс алаңына бөтен адамдар болмауы тиісті (кейбір жағдайда құрылыс алаңының басшысы рұқсатымен болады). Барлық жұмысшылар техника қауіпсіздігімен танысып шығуы керек. Жұмысшыларға арнайы жұмыс киімдері мен жабдықтар берілуі тиісті (негізгі жұмысшы киім, каска, көзілдірік, респератор, қолғап, сақтау белбеулері және т.б.) Құрылыс алаңындағы барлық жұмыс аламдары және жоғарғы қабаттардың шекаралары қоршалып және қоршау жақсы көрінуі тиісті. Әрбір жұмысты сол жұмысқа мамандырылған жұмысшы атқаруы тиіс. Құрылыс машиналары жұмыс істеу барысында айналасындағы жүрген әр жұмысшы сақ болуы керек. Құрымдарды немесе материалдарды кранға строптаған кезде барлық байланыстар дұрыс бекітілгені анықталуы керек. Құрылымды жоспарлық орнынға түсіру, тек қана оның жақсы орнықтылығы қамтамас етілген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Крандар жұмыс істеген кезде, егер желді ауа-райы болса арнайы жұмыс шаралары қолдануы керек. Барлық негізгі монтаждық жұмыстарда, биіктіктегі жұмыстарда, аса қауіпті жұмыстарда бір жұмысшыны басқа жұмысшы сақтандырып тұруы міндетті. Әр құрылыс материалдар өз қоймасында сақталыныуы керек. Әсіресе өртке қауіпті материалдар жеке арнайы орында сақалады. Өртке қарсы жабдықтары мен қондырғыларына жол ашық болуы тиісті. Құрылыстың эвакуациялық жолдары ашық болуы тиісті.
Құрылыстық жөндеу жұмыстарының өндірісі ҚМжЕ III-4-80 техникалық қауіпсіздігіне байланысты жүргізіледі.
Конструкция монтажы және демонтаж жұмыстарына жасы 18-ден асқан, бағдарлама бойынша оқудан өткен, емтиханнан өтіп, тиісті куәлік алған адамдарды жіберу керек. Жұмыс басталғанға дейін олар техникалық қауіпсіздігі жайында мәліметтер алуы қажет.
Монтаж машиналарын жұмысқа дайындағанда кран кабинасындағы краншыға құрылыс ауданы анық көрініп тұратындығына көп назар бөлінуі тиіс. Қажетті жағдайда кабинаның әйнек жүйесін өзгерту қажет.
Монтаждық және демонтаждық жұмыстарының негізгі қауіпсіздік талаптарын, монтаждайтын крандардың дұрыс тасымалдануын, олардың тұрақтылығын анықтау. Ол үшін монтаждайты кран сенімді және тексерілген негізге бекітіледі. Кранның артық салмақ көтермеуі үшін көтерілетін элемент салмағын білу қажет.
Жүкті көтеріп, түсіру қатаң тік бағытта орындалуы тиіс. Жүкті көтермес бұрын жүкті стоповкілейтін жіптің сенімді екендігіне көз жеткізу керек.
Конструкцияларды монтаждағанда міндетті түрде ҚМжЕ 1 «құрылыстағы техника қауіпсіздігі» бөлімімен басқарылуы керек. Конструкция монтажына және сол сияқты жұмыстарға кіріспелік нұсқаудан өткен жұмысшыларды жібереді. Монтаждық жұмыстарында жүрген жұмысшылардың барлығы бастарына каска киуі тиіс. Биіктікте жұмыс істеген уақытта олар, берік орналасқан элементке бекітілген қорғаныс белбеулерін тағу керек.
Қауіпсіз құрылыс мақсатында ескертпе жазулары сондай-ақ қауіпті аймақтардың көрсетілуі, оймалардың қоршаулары болу тиіс
Жер жұмыстарының өндірісінде дейін жерастындағы істеп тұрған канализациялар орналасқан жерлер өңделуі керек және осы каммуникацияларды эксплуатациялайтын ұжымдармен келісілуі тиіс, ал жергілікті жерасты каммуникациялары тиісті белгілермен немесе жазулармен белгіленеді. Жер жұмыстары кезінде жарлғыш қауіпті материалдар табылса, онда ол жерде жұмыстарды тиісті органдардан рұқсат алғанша тоқтату керек.
Патогенді уланған жерлерде жер жұмыстары өндірісін бастамас бұрын (қоқыс т.б.) мемлекеттік санитарлық қадағалаушылардан тиісті рұқсат алу қажет Ұралардың және қазаншұңқырдың адамдар өтетін бөлігінде түнгі уақытта жарықтандырылған, арнайы өтпе көпірлермен жабдықталуы керек.
Қазаншұңқырдан немесе ұралардан алынған топырақтарды, аралығы 0.5 м кем емес етіп оймаладың шетіне тастайды.
Қазаншұңқырдағы және ұралардағы топырақты « үңгут » арқылы өңдеу рұқсат етілмейді.
Жұмысшыларды тереңдігі 1.3 м көп қазаншұңқырға немесе ұраға жіберер алдында, құламалардың тұрақтылығын немесе қабырғалардың беітілуін тексеру қажет. Оймалардан топырақты қауға шелек көмегімен алған кезде, оймада істейтін жұмысшыларға жаппа ретінде қорғаушы – қалқан күн қағарларды орналастыру керек. Топырақты автосамосвалдарға тиеу, артқы немесе шеткі жиектен орындалады.
Ілмелі бесіктерді ҚМжЕ III-4-80* сай және қалай пайдалануы керектігі туралы арнайы нұсқаулық бойынша пайдаланады.
Құрылыстық ілме бесіктер, жүкшығырлар мемлекеттік еңбек қауіпсіздігінің стандарттарына сай болуы тиіс, ал жаңадан алынған кезде ереже бойынша еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сай сертификаты болуы керек.
Жұмыс істеп тұрған уақытта бесіктің және жүкшығырдың астында қауіпті аумақтарын белгілеп қою керек.
Жұмысты мұз-тайғақ кезде тұманда, қар жауғанда, найзағайда машина жеке куәлігінде көрсетілген шектен жел жылдамдығы жоғары болғанда немесе ауа температурасы төмен болғанда жүргізуге болмайды. Қоршау биіктігі 1,2 кем емес, жиектік элемент – 0,10 м-ден кем емес, ал жазықтық элементтер арасында қоршау 0,5 м-ден кем емес болуы тиіс.
Ілмелі ағаштар немесе биік төселген тақтайларды қайталана пайдаланар алдында олардың бекітілетін конструкциясын жүккөтергіштік талаптарына жауап беретіндігін анықтау қажет.
Ілмелі ағаштар және биік төселген тақтайларды нормативтілігі 20%-ға артқан статикалық жүктемені бір сағат көтеруге сынақтан өткеннен кейін барып пайдаланады. Ал, көтермелі төселген тақтайларды нормативтілігі 10%-дан асқан динамикалық жүктемені көтеру сынағынан кейін пайдаланады.
Көтерілмелі төселге ағаштар үзіліс уақытында жерге түсірілуі тиіс. Көтерілмелі төселген ағаштардан ғимаратқа немесе үймеретке өтуге немесе керісінше өтуге болмайды.
Қол машиналарын, қаптау жұмысының құрылғысын және құрылғыларды пайдаланушы адам жұмыс алдында, оларды пайдалануы туралы, қауіпсіздігі туралы, шығарушы-зауыттың арнайы еңбекті қорғау нұсқаулығының талаптарымен танысу керек.
