Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мектеп Ст бойынша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.89 Mб
Скачать

1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер

Ғимараттың жүк көтергіш конструкциясы, бұл – тұтасқұймалы темірбетонды толық қаңқалы құрылым.

  1. Ұстындар тұтасқұймалы т/б 500х500

  2. Ригельдер тұтасқұймалы т/б 500х450

  3. Іргетас (ленталы) тұтасқұймалы т/б, биіктігі 2200мм

  4. Төбе жабындар тұтасқұймалы т/б, биіктігі 200мм

Осы ғимараттың конструктивтік құрылымының беріктігі 2-ші деңгейге жатады (50 жылдан 100 жылға дейін)

Ғимараттың сыртқы және ішкі материалдары қазіргі заманның талаптарына сай таңдалған. Барлық әрлеу материалдары отқа төзімді, ұзақ мерзімге жарамды, жеңіл жууға және санитарлы-гигиеналық өңделу мүмкіндігі бар талаптарына сай келеді.

Мысалы, сыртқы қабырға қызыл кірпіштен, М50 құмды-цементті қоспада жасалған. Ал, арматуралық тор қабырғаға анкерлермен ұсталады. Бұл тор Ø8 мм АІІІ класты арматурадан жасалған және оның қадамы 300х300 мм болып келген. Барлық терезелердің рамалары ақ түсті металл қаңқада жасалған. Сыртқы терезелер 2 қабатты шынықаптамадан жасалған, ал оның рамасы жоғары маркалы алюминийден орындалған. Жалпы ғимараттың қасбеті қазіргі заманның үлгісіне сай болуы үшін, терезелердің түсі – арнайы қою көк болып жасалған.

Қысқаша мәліметтер:

Сыртқы қабырға – кірпіш (380мм)

Ішкі қабырға – левкас және эмульсия

Едендер (бөлме) – керамика, линолеум

Едендер (сан.узел) – керамика

Едендер (баспалдақ, коридор) – керамика, гранит, мрамор

Төбе – аспалы гипсокартонды төбе, левкас және эмульсия

Есіктер (сыртқы)және оның рамасы – шыны және алюминий

Есіктер (ішкі)және оның рамасы – металл

Терезелер және оның рамалары – шынықаптама және алюминий-пластик

Құбырлар – пластик, болат, алюминий

Жылыту радиаторлары – ерекше дизайнды, жеңіл болаттан жасалған

Қоршаулар (парапет) – биіктігі 1 метр, алюминий

Негізгі жүк көтергіш конструкциялар келесі ҚНжЕ бойынша есептелген:

ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005 “Бетонды және темірбетонды конструкциялар”

ҚНжЕ 2.01-07-87* “Нагрузки и воздействия”

ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005 “Ғимараттар мен үймереттердің негізі”

Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі:

Жылу техникалық есебі ғимараттың негізгі қабырғасына есептелген. Бұл есептеу ҚНжЕ 2.04-03-2002* құжатына сәйкес келеді. Талғар қаласының табиғи-климаттық ерекшеліктері:

Ең суық бес күннің температурасы, tсыртқы : -23С°

Есептік ішкі температура, tішкі : +20С°

Негізгі сыртқы қабырғаның керекті мәләметтері:

1.3-Сурет - Қабырға қимасы

Жылу-техникалық есебінің негізгі шарты:

Ro> Rталап (1.1)

Ro – жылу өткізгіштік коэффиценті

Rталаб – қоршауға талап етілетін жылу өткізгіштік коэффиценті

Ro= + R + (1.2)

α ішкі – ішкі қоршаудың жылу бергіш коэффиценті: 8,7

α сыртқы – ішкі қоршаудың жылу бергіш коэффиценті: 23

R – қабырғаның температуралық кедергісі:

R= + + + (1.3)

δ – қабырға құрамындағы материалдар қалыңдығы

λ – қабырға құрамындағы материалдар жылу өткізгіштік коэффиценті

1) Құмды-цементті штукатурка және левкас: δ=0,02 м ; λ=0,76

2) Кірпіш: δ=0,4 м ; λ=0,41

3) Минералды мата: δ=0,15 м ; λ=0,09

4) Травертин: δ=0,05 м ; λ=0,58

R = 0,02/0,76+0,4/0,41+0,15/0,09+0,05/0,58 = 2,75 м² ∙ °С/Вт

Rо = 1/8,7+2,75+1/23 = 2,9 м² ∙ °С/Вт

Rталап = (1.4)

n – коэффицент: 1

△t – ішкі және сыртқы қоршаудың жылу өткізгіштік айырмасы: 4°С

Rталап = = 1,24 м² ∙ °С/Вт

Ғимараттың құрылысындағы негізгі қабырғаны құрайтын материалдары жылу-техникалық талаптарына сәйкес дұрыс таңдалған. Себебі келесі шарт орындалып тұр:

Ro> Rталап (1.5)

2,9 м² ∙ °С/Вт > 1,24 м² ∙ °С/Вт