Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мектеп Ст бойынша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.89 Mб
Скачать

5.1 Қоршаған ортаны қорғау

Жобаланып отырған ғимараттағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің мақсатын іске асыру бұл қарастырылып отырған территориядағы қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жетілдіру, оның ішінде:атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, өсімдік және жан - жануар әлемін қорғау болып табылады. Және санититорлық - гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық шарттарды жаңарту экологиялық теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Көлік жол қозғалысы қоршаған ортаны қорғауға тікелей әсер етеді. Көлік жол қозғалысы ең бірінші атмосфераны ластайды. Автотранспорттық кәсіпорындарың зиянды қалдықтары халық шаруашылығына атмосфераны ластай отырып, зиян келтіреді. Шымкенттегі санының шегі жоқ автомильдердің басым мөлшері двигательдерінен шығаратын газы арқылы атмосфераны бүл – діруде, жергілікті өзеннің суына, сонымен қатар көлдердің табиғи жағдйына да кері әсерін тигізеді.

Берілген жайда ластану еш күмәнсіз автомобиль қозғалысынан шығып жатыр. Мұндағы техникалық кемшіліктен немесе жүргізушінің қателігінен газдың көп мөлшерде бөлінуінде. Сонымен қатар ластану автотранспорттық кәсіпорынды өндірістік қызметіне байланысты экспликациялау кезінде де болады. Мысалы: май ағуы мүмкін, автомобильді жууда өзен-көл сулары ластануы мүмкін.

Республикмыздағы қоршаған ортаны қорғау қатынасы жерге қатысты, жергілікті су, атмосфералық ауаны сақтау, өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау заңдарымен реттеледі және осыған сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының актісімен қатар жүреді.

Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегі өкіметтің мақсатты да тиімді іс-шараларын ұйымдастыру үшін ҚР мемлекттік экологиялық бағдарламасы жаслып шығарылуда.

Жобаның технологиялық бөлігіне қатысты ғимаратты ластау көздеріне сараптама жасаймыз. Жобаланып отырған ғимараттың техникалық процесі атмосфераға шығарылатын қалдықтармен байланысы жоқ болғандықтан, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ондай маңызды шаралар қатыстырылмайды. Мұндағы лас заттарды атмосфераға шығарудың жобалық шешімінің мәні R < 5. Бұл деп отырғанымыз бұл заттардың тарапынан атмосфераға зиян келтірілмейді.

5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер

Құрылыс алаңында келесі адам денесіне зиян әсерлер болуы мумкін:

  • шаң түрлерінен (жылжымалы, сырғымалы металдарды тасымалдағанда);

  • объектінің дұрыс жарықтанбауынан адамның тұрақты көру-көрмеуі;

  • әр түрлі жұмыстарды жасағанда немесе әрлеу жұмыстарында көп уақыт аяқпен тұрып қалуы;

Құрылыс алаңында өрт келесі себептерден тууы мүмкін:

  • электрмен дәнекерлеу;

  • битум пісіру жұмыстары;

  • сырлау жұмыстары;

  • лакпен бояу жұмыстары

Өндіріс санитарыясы және еңбек гигиенасы

Санитарлық қызмет ету және еңбек гигиенасын сақтау үшін келесі уақытша ғимараттар орналасқан:

  • киім ауыстыратын орын (ерлер үшін);

  • киім ауыстыратын орын (әйелдер үшін);

  • қол жуатын орын;

  • душ;

  • уақытша дәретхана;

  • тамақтану орны;

  • кеңсе;

  • асхана;

  • жылыту бөлмесі;

Жасанды жарықты табиғи жарық жетіспеген кезде жұмысқа комфорттық жағдай жасау үшін тәуліктің түнгі уақытында, сонымен қатар табиғи жарығы жоқ ғимараттарда қолданылады.

Жасанды жарық функционалды белгілеумен жұмыстық, апаттық, эвакуациялық және қорғағыш болып бөлінеді. Қажет болған жағдайда шырақтардың бір бөлігі кезекті жарықты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Жұмыс жарығы – барлық ғимараттар мен үйлерді қамтиды, сонымен қатар жұмысқа акрналған ашық учаскелерді, адамдардың жүретін жерлерінде және транспорт жолдарын қамтиды.

Апаттық жарық – жұмыс жарығының апаттық өшірілгенінде жұмысты жалғастыру үшін арналады.

Эвакуациялық жарық ғимараттағы жұмыс жарығы апаттық өшірілгенде жұмысты жалғастыру үшін арналған жарық. Бір мезгілде 50 не одан көп адам жұмыс істейтін жерде және адамдардың жүруі үшін қауіпті дерлерде ескеріледі.

Шағылу бетінің коэффициенті ρ = 0,2 болған кезде фон қараңғы болып саналады. Ажырату объектісі мен фон арлығында қарама-қарсылық < 2 болған кезде аз болып саналады. Қ1 – 0,2 – 0,5 болған кезде орташа объектінің жарықтығы мен фон айырмашылығы көзге түсерліктей байқалады. Осы нормаларға сәйкес қыздыру лампаларымен бөлмелерге қажетті жарық түсіруді белгілейді.

Жарықтың ең аз мөлшерін көз жұмысының шарттарына сәйкес келесі параметр бойынша белгілейді: ажырату объектісінің шамасы фонның күшіне, фон мен объектінің қарама-қарсылығына, жарықтың көзіне және жарық жүйесі.

Еңбекті қорғаудың негізгі сұрақтары болып өндіріс бөлмелеріне және жұмыс орнын жарықпен қамтамасыз ету болып табылады.

Өндірістегі жарық, оның дұрыс жобалануы және орындалуы көру жұмыстарының жағдайын жақсартады, шаршағандықты төмендетеді, еңбек өнімділігін жоғарылатуды талап етеді және өндірілген өнімнің сапасын жақсартады, өндіріс ортасына жақсы әсерін тигізеді, сөйтіп жұмысшыға жағымды психикалық әсерін тигізеді, еңбек қауіпсіздігін жоғарылатып, жарақат алуды төмендетеді. Экономика жағынан тиімді болғандықтан барлық өндіріс бөлмелеріне күндізгі уақытты табиғи дарықты алдын-ала қарастырады.