Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мектеп Ст бойынша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.89 Mб
Скачать

5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы заңы» 2003жылы 25-інші қыркүйегінен бастап, еңбек шарты қамтамассыз етілмеген жағдайда жұмысшының алған зардабына, жұмыс берушінің келтірілген зардапты өтеуі қарастырады немесе қауіпсіздік техникасы өтеуді қарастырады. 1997 ж 15-інші шілдесінен бастап «Қоршаған Ортаны Қорғау» Заңы ортаны жақсарту мақсатында жұмыс атқарып келеді. Бұл заңда қоршаған ортаның қорғалатын аумақтары анықталған. Бұған жататындар: жер,су, атмосфералық ауа және т.б.

ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 құжатына сәйкес құрылыс алаңының периметрі және соның ішіндегі барлық жеке жұмыс алаңдарының орындары белгіленуі тиісті. Әрбір құрылымды немесе құрылыс машиналарды монтаждаған кезде нақты техника қауіпсіздігі құжаттары жасалынып және барлық жұмысшыларға жеке таныстырып болған соң, арнайы техника қауіпсідігі журналдарына қол қойып шығуы міндетті. Бұл журналда құрылыстағы жүрген әр адамның қолы қойылуы керек. Техника қауіпсіздік шарттарын жұмысшыларға таныстыру әр мастердің міндеті болып табылады. Егер төтенше жағдай болған кезде құрылыс обектісінің басшысы жауапқа тартылады. Сондықтан құрылыс жұмыстары кезінде келесі шарттар орындалуы тиісті: Құрылыс алаңына бөтен адамдар болмауы тиісті (кейбір жағдайда құрылыс алаңының басшысы рұқсатымен болады). Барлық жұмысшылар техника қауіпсіздігімен танысып шығуы керек. Жұмысшыларға арнайы жұмыс киімдері мен жабдықтар берілуі тиісті (негізгі жұмысшы киім, каска, көзілдірік, респератор, қолғап, сақтау белбеулері және т.б.) Құрылыс алаңындағы барлық жұмыс аламдары және жоғарғы қабаттардың шекаралары қоршалып және қоршау жақсы көрінуі тиісті. Әрбір жұмысты сол жұмысқа мамандырылған жұмысшы атқаруы тиіс. Құрылыс машиналары жұмыс істеу барысында айналасындағы жүрген әр жұмысшы сақ болуы керек. Құрымдарды немесе материалдарды кранға строптаған кезде барлық байланыстар дұрыс бекітілгені анықталуы керек. Құрылымды жоспарлық орнынға түсіру, тек қана оның жақсы орнықтылығы қамтамас етілген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Крандар жұмыс істеген кезде, егер желді ауа-райы болса арнайы жұмыс шаралары қолдануы керек. Барлық негізгі монтаждық жұмыстарда, биіктіктегі жұмыстарда, аса қауіпті жұмыстарда бір жұмысшыны басқа жұмысшы сақтандырып тұруы міндетті.

Әр құрылыс материалдар өз қоймасында сақталыныуы керек. Әсіресе өртке қауіпті материалдар жеке арнайы орында сақалады. Өртке қарсы жабдықтары мен қондырғыларына жол ашық болуы тиісті. Құрылыстың эвакуациялық жолдары ашық болуы тиісті. Қауіпсіз жерге тұрғызу мен нолге келтіру адамдардың металдарды ұстап қалған жағдайдағы тоқтың ұруынан сақтауы қажет . Қауіпсіз жерге тұрғызуды электрлік құрылғының жермен байланысатын металдың бөліктерін алдын- ала енгізу керек . Нөлдендіру жерге тұрғызылған электроэнергия көзінен шығатын электроқұрылғы арқылы нөлдік қауіпсіз өткізгіш арқылы іске асады. Мұндай қауіпсіз жерлерге адам қолы жететін электр қауіпсіздігін қамтамассыз ететін электр құрылғыларының металдық бөліктері кіреді. Санитарлық-тұрмыстық орындарға жататындар: киім ілетін бөлме , киім кептіретін жер, жуынатын бөлме, асхана және әжетхана. Осы мақсатта уақытша ғимараттар (көшпелі) қарастырылған, өйткені олар басқа да құрылыстық аймақтарда өте қажет. Демалыс орнында медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған, ішінде қажетті заттарымен бірге аптечка да бар. Тұрмыстық орындарды міндетті түрде өзінің ішкі су құбыржолдарымен, құбырмен, жылу және желдеткішпен жабдықтау қажет. Қабырғаның, төбенің және еденнің жоғарғы қабаты өндірістік тазалық ережелеріне сәйкес келуі қажет.