
- •1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
- •Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •Бас жоспардың шешімдері
- •1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
- •1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер
- •1.5 Ғимаратты инженерлік жүйелермен жабдықтау
- •Антисейсмикалық шаралар
- •2. Есептік конструктивтік бөлім
- •2.1 Scad 11.5 программасы туралы қысқаша мәлімет
- •2.2 Құймалы аражабын есебі
- •2.3 Арқалық есебі
- •2.4 Баспалдақ алаңының есебі
- •2.4.1 Баспалдақ марштарын есептеу
- •2.4.2 Жүктемелер мен күштерді анықтау
- •3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық карталарды жобалау
- •3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
- •3.3 Жер жұмыстарын жүргізу бойынша қазу машиналарды таңдау
- •3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау
- •Жер жұмыстарының автопаркі
- •Арматуралық торды тасымалдайтын маз-503 жүк көтергіш автомобилдердің есебі
- •Нөлдік деңгейдегі жұмыстарының технологиялық картасын жоспарлау
- •3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
- •Ғимаратқа кететін негізгі бетон көлемі,арматура үлесі және қалып ауданы
- •3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
- •3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
- •Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
- •Күнтізбелік жоспарлау
- •4 Құрылыс экономикасы бөлімі
- •4.1 Сметалық есептеу
- •4.1.2 Локальдік сметаларды құру
- •4.1.3 Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
- •4.2 Жиынтық сметаларды құру
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер
- •5.3 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
Құрылысты жүргізу барысында негізгі шарттарының бірі бұл құрылыстық бас жоспарды жобалау болып табылады. Құрылыстық бас жоспарға келесі бөлімдер кіреді: уақытша қоймалар мен алаңшалар, құрылыс ұйымының жергілікті әкімшілік-тұрмыстық бөлімшелері, су, электор, газ және жылу беру жүйелерінің есебі кіреді.
Құрылыстық бас жоспарда келесі бөлімдер болуы тиісті:
Құрылыс алаңының периметрі
Уақытша және тұрақты жолдар
Құрылыс алаңының жеке функционалдық бөліктер бөлінуі
Тұрақты және уақытша ғимараттарының экспликациясы
Қоймалардың орналасу орны
Негізгі құрылыстық машиналардың жұмыс істеу зоналары
Шартты белгілер
3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
Құрылыс алаңындағы уақытша ғимараттардың санын және ауданын табу. Соның ішінде: әкімшілік, киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер, асхана, әжетханалар және т.б. Құрылыстың жұмыс уақыты барысында, бір ауысымдаға жұмысшылардың саны – 210 адам. Сонын ішіндегі әйелдер – 80 адам. Әкімшілікте жұмыс істейтін адам саны 10, соның ішінде: құрылыс алаңының бастығы, есепші, қоймашы, маркшейдер, бас инженер, 3 прораб және 2 мастер. Егер есеп бойынша әкімшілікте 1 адамға 3 м2 болса, онда келесі аудан шығады:
Fәкімшілік=3∙10=30 м2
Киім ауыстыратын бөлмеде 1 адамға 0,5 м2 болса, онда келесі аудан шығады:
Fкиім ауыстыру ер=0,5∙130=65 м2
Fкиім ауыстыру әй=0,5∙80=40 м2
Егер есеп бойынша жуынатын бөлмеде (душ) 1 сағатта адам өтімділігі 10-20 адам болса, онда жұмысшылардың 50% душпен қолданады, ал бір душтың ауданы 1,5 м2:
ерлер үшін n=130/10∙0,5=7 дана Fдуш=7∙1,5=11 м2
әйелдер үшін n=80/10∙0,5=4 дана Fдуш=4∙1,5=6 м2
Егер есеп бойынша асханада 1 орынның ауданы 1,2 м2 болса және онда жұмысшылардың жалпы санының 50% бір рет тамақтанады:
Fасхана=1,2∙210∙0,5=126 м2
Әжетхананы есептегенде гигиеналық талаптар бойынша 100 адамға 3,5 унитаз керек. Сонда ерлер саны 180 адам болса, онда 5 унитаз орнатылады, ал әйелдер саны 80 адам болса, онда 3 унитаз керек болады. Ал нормалар бойынша бір унитаздың ауданы 2-3 м2 болады. Сонда әжетханаға жұмсалатын аудан:
Fерлер=5∙2=10 м2
Fәйел=3∙2=6 м2
Қоймалардағы пайдалы жалпы көлемін табу:
V=Q/β (3.44)
Q – қарастырылған материалдардың жалпы көлемі 477 м3
β – жабық қойма үшін арнайы коэффицент 0,5
V=477/0,5=954 м3
3.9-Кесте – Қоймалардың ауданын табу есебі
№ |
Материалдар аттары |
Көлемі |
Саны (дана) |
Іске қосу мерзімі (күн) |
1 |
Пеноблоктар |
175 м3 |
8750 |
35 |
2 |
Қызыл кірпіш |
110 м3 |
10000 |
35 |
3 |
Травертин |
15 м3 |
3500 |
50 |
4 |
Құрғақ құрылыс материалдары |
25 м3 |
- |
14 |
5 |
Есік, терезелер |
22 м3 |
218 |
- |
6 |
Рулоды қара қағаз |
14 м3 |
450 |
28 |
7 |
Тавр, швеллер, арматура |
6 м3 |
200 |
35 |
8 |
Құрал-жабдықтар |
10 м3 |
- |
- |
9 |
Басқа ескерілмеген материалдар |
100 м3 |
- |
- |
Құрылысқа қажетті негізгі су шығынын есептеу
Құрылыс алаңына ең негізгі талаптарының бірі бұл сумен толық қамтамасыз ету. Судың қажеттілігі келесі мақсаттарға жұмсалады: құрылыстық машиналарды жууға, құрылыс ертінділерін жасауға, бетон бетіне себуге, тұрмыстық қажеттілікке және өртке қарсы шараларға. Сонымен өндіріске қажетті су шығыны:
Q = N∙A∙K/n∙100 (3.45)
N – көлік немесе қондырғы саны
A – судың литрмен кететін шығыны
K – суды тұтынудың біркелкі емес шығыны
n – жұмыс сағатының саны
Жер жұмыстарын орындайтын машиналарға кететін су шығыны:
Q = 3∙45∙1,1/1∙1000=0,15 м3/сағ
Құрылыстық ертінділерді жасауға кететін су шығыны:
Q = 140∙400∙1,5/7∙1000=12 м3/сағ
Бетон құрылымдарына суды себуге кететін су шығыны:
Q = 240∙400∙1,5/24∙1000=6 м3/сағ
Тұрмыстық қажеттілікке кететін су шығыны:
Q = 180∙25∙3/8∙1000=1,7 м3/сағ
Өртке қарсы қажеттілікке кететін су шығыны:
Q = 0,83 м3/сағ
Толық негізгі қажетті су көлемі:
ΣQ =20,68 м3/сағ немесе 1 секундына 0,006 м3
3.10-Кесте – Уақытша ғимараттар мен қажетті құрал жабдықтар
№ |
Ғимарат атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Ғимарат |
||
түрі |
өлшемі |
жұмыс ауданы |
||||
1 |
Әкімшілік |
дана |
2 |
контейнер |
3х6 м |
30 м2 |
2 |
Ерлер бөлмесі |
дана |
1 |
құрастырмалы |
6х12 м |
65 м2 |
3 |
Әйелдер бөлмесі |
дана |
1 |
құрастырмалы |
4х12 м |
40 м2 |
4 |
Асхана 50 орынға |
дана |
2 |
құрастырмалы |
6х12 м |
126 м2 |
5 |
Биоәжетхана |
дана |
8 |
блок |
1,4х1,4 м |
16 м2 |
6 |
Душ |
дана |
11 |
блок |
1,3х1,3 м |
17 м2 |
7 |
Қойма |
дана |
4 |
құрастырмалы |
6х10 м |
240 м2 |
Σ=534 м2
Құрылысқа қажетті электр тоғын есептеу
P = 1,1/cosφ(kP1+kP2+kP3+kP4+kP5+kP6) (3.46)
Автокран P1= 29 кВт ; k=0,75
Экскаватор P2= 8 кВт ; k= 0,9
Бетонсорғыш P3= 5кВт ; k= 0,8
Вибратор P4= 3 кВт ; k= 1
Жылыту P5= 25 кВт ; k=1
Құрылыс алаңын және бөлімшелерді жарықтандыру P6= 45,6 кВт ; k=0,95
cosφ=0,9
P = 1,1/0,9(0,75∙29+0,9∙8+0,8∙5+1∙3+1∙25+0,95∙45,6)= 104,27 кВт
Есептелген қуатты ескере отырып нақты осы құрылыс алаңына қозғалмалы электрстанциясын орнатамыз. Егер құрылысқа қажетті есептелген қуат көрсеткіші 105 кВт болса, онда біз ВЭС-1,5 маркалы қозғалмалы электрстанциясын қабылдаймыз. Оның қуаттылығы 150 кВт.