
- •1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
- •Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •Бас жоспардың шешімдері
- •1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
- •1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер
- •1.5 Ғимаратты инженерлік жүйелермен жабдықтау
- •Антисейсмикалық шаралар
- •2. Есептік конструктивтік бөлім
- •2.1 Scad 11.5 программасы туралы қысқаша мәлімет
- •2.2 Құймалы аражабын есебі
- •2.3 Арқалық есебі
- •2.4 Баспалдақ алаңының есебі
- •2.4.1 Баспалдақ марштарын есептеу
- •2.4.2 Жүктемелер мен күштерді анықтау
- •3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық карталарды жобалау
- •3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
- •3.3 Жер жұмыстарын жүргізу бойынша қазу машиналарды таңдау
- •3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау
- •Жер жұмыстарының автопаркі
- •Арматуралық торды тасымалдайтын маз-503 жүк көтергіш автомобилдердің есебі
- •Нөлдік деңгейдегі жұмыстарының технологиялық картасын жоспарлау
- •3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
- •Ғимаратқа кететін негізгі бетон көлемі,арматура үлесі және қалып ауданы
- •3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
- •3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
- •Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
- •Күнтізбелік жоспарлау
- •4 Құрылыс экономикасы бөлімі
- •4.1 Сметалық есептеу
- •4.1.2 Локальдік сметаларды құру
- •4.1.3 Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
- •4.2 Жиынтық сметаларды құру
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер
- •5.3 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
Ғимарат қаңқасын бетондау жұмыстары
Қаңқаның құрамына кіретін элементтер ұстындар, арқалықтар, ригелдер және жабындар. Ұстындарды негізінде алымдарға бөліп бетондайды. Ал арқалық пен жабындарды ұстындар бетондалғаннан кейін 1-2 айырмашылығымен бетондайды. Бұл тәсіл ұстынның жақсы меншікті орнықтылығын алуын және арқалық пен жабындармен дұрыс байланысуын қамтамас етеді.
Егер арқалықтар мен жабындардың арматуралық торлардың үлесі қою болса және ұстынды үстінен бетондауға мүмкіндік бермесе онда, ұстынның бетондауы арқалықтың арматуралау жұмысынан бұрын жүргізілуі керек. ҚНжЕ бойынша ұстынның бұл бетондау әдісі егер тек оның биіктігі 5 м аспаса, көлденең қимасның өлшемдері 400х400÷800х800мм аралығында болса және негізгі қамыты арматуралық қаңқаның сыртынан орнатылса ғана рұқсат етіледі. Ал ұстынның осыдан кіші өлшемдері болса және оның қамыты арматуралық торды екіге бөлсе онда ұстынның бетондау жұмыстары 1-2м биіктігімен бөліктеп жүргізіледі.
Ұстынды үстінен бетондағанда оның астындағы төсеу қабатына шамамен 300мм қалыңдығында бетонның ұсақ толтырғышы бар ертіндіні салады. Ал сондан кейінгі қабаттарды ірі толтырғышты бетон ертіндісімен бетондайды. Осының нәтижесінде бетон ертіндісі қалып ішінде керекті мөлшерін сақтайды. Кейбір жағдайда ұстын қалпының 0,7 м биіктігінде бақылау тесігін жасайды. Бұл бақылау тесігі арқылы құрылымның бетондау дәрежесін байқауға болады, ал егер ертінді бақылау тесігіне жеткенде оны бітеп тастайды.
Ұстынды бетондаған соң оны қатаң немесе ілгіш айналдырғышымен жабдықталған ішкі вибратормен тығыздайды. Жіңішке иілгіш айналдырғышымен жабдықталған вибраторларды арматуралық тордың қою үлесі бар құрылымдарды бетондауға тиімді.
Негізінде ұстынды бетондағанда оны бүкіл қабат деңгейінде үзіліссіз бетондайды. Ал оның келесі құрылыммен түйісу жері тек оның ең астында немесе оның жоғарғы деңгейінен 2-3 см төмен орналасады.
Арқалықтар жабындармен шамамен бірдей уақыт аралығында бетондалады. Егер арқалық өлшемінің биіктігі 800-1000 мм аралығында болса онда жабын 1-2 сағаттан кейін бетондала бастайды. Сонда арқалықтың жұмысшы жігі жабыннан 30-50 мм төмен өтеді.
Арқалықтарда қорғаныш қабатын түзеу үшін арматураны арнайы дайындау қабатының үстіне орнатады. Ал бұл дайындау қабаты қалыптың ішкі бетіне жайылады.
Жабындарда қорғаныш қабатын жасау үшін арматуралық торды арнайы пластмасса немесе цемент ертіндісінің төсегіш қабатына орнату керек.
Арқалықтың бетон ертіндісін тығыздау үшін вибробалғалар мен иілгіш қондырғысы бар вибраторларды қолданады. Егер арқалықтың биіктігі 400 мм болса, онда бетондау тек бір рет жүргізіледі. Одан жоғарғы арқалықтар 2-3 рет бөлініп бетондалады. Жабынды бетондаған соң оны беттік вибратормен тығыздайды. Жабынның бетін тегістеп арнайы кондырғымен жылтыратады.
Жабындардың жұмысшы жіктерін бетондағанда, ол арқалықтың немесе өзінің ортасынан өтеді. Тұтасқұймалы жабындарды бетондағанда арқалық бағытымен бетондаған өте ыңғайлы.
Ал жұқа қабырғалардың бетон ертіндісін тығыздау үшін беттік вибраторларды қолданады. Бетонның ағуы, қалып қырының үстіңгі бетінен ағыа кетпеу жағдайында болуы керек.
Сонымен нақты осы құрылыста ғимарат қаңқасын тұрғызу үшін қалаптың келесі түрлерін қабылдаймыз:
Инвентарлы, жиналма-қозғалмалы қалып
Қалып айналымының есебі
Тұтасқұймалы темірбетон құрылысында қалыптың бір циклге кететін тиімді санын анықтау келесі формуламен анықталады:
a = n + 1 + A∙tбетон / K (3.41)
n=4 – қарапайым операциялар саны: қалыпты орнату, арматуралау жұмыстары, бетон ертіндісін құю және қалыпты шешу.
A=1 – бетондау жұмыстары тек бір ауысымда жүргізіледі.
K=1 – бір алымдағы қалыпты орнату ұзақтылығы.
tбетон – бетонды қалыпта ұстау уақыты (вертикаль құрылымдары үшін tбетон=4 тәулік, ал горизонталь құрылымы үшін tбетон=7 тәулік)
Вертикальді құрылымдар үшін:
a = 4 + 1 + 1 ∙ 4 / 1 = 9 жинақ
Горизонталь құрылымдар үшін:
a = 4 + 1 + 1 ∙ 7 / 1 = 12 жинақ