
- •1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
- •Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •Бас жоспардың шешімдері
- •1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
- •1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер
- •1.5 Ғимаратты инженерлік жүйелермен жабдықтау
- •Антисейсмикалық шаралар
- •2. Есептік конструктивтік бөлім
- •2.1 Scad 11.5 программасы туралы қысқаша мәлімет
- •2.2 Құймалы аражабын есебі
- •2.3 Арқалық есебі
- •2.4 Баспалдақ алаңының есебі
- •2.4.1 Баспалдақ марштарын есептеу
- •2.4.2 Жүктемелер мен күштерді анықтау
- •3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық карталарды жобалау
- •3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
- •3.3 Жер жұмыстарын жүргізу бойынша қазу машиналарды таңдау
- •3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау
- •Жер жұмыстарының автопаркі
- •Арматуралық торды тасымалдайтын маз-503 жүк көтергіш автомобилдердің есебі
- •Нөлдік деңгейдегі жұмыстарының технологиялық картасын жоспарлау
- •3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
- •Ғимаратқа кететін негізгі бетон көлемі,арматура үлесі және қалып ауданы
- •3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
- •3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
- •Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
- •Күнтізбелік жоспарлау
- •4 Құрылыс экономикасы бөлімі
- •4.1 Сметалық есептеу
- •4.1.2 Локальдік сметаларды құру
- •4.1.3 Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
- •4.2 Жиынтық сметаларды құру
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер
- •5.3 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
Жер жұмыстарының автопаркі
Техника-эконикалық есептеулер нәтижесінде келесі жер жұмыстарына арналған машиналар қабылданды. Бұл кестеде машина аттары, маркалары, қажетті саны және мақсаты жазылған:
3.4-Сурет - Негізді тасымалдау және тығыздау
3.1-Кесте - Қажетті жер жұмысының машиналары
Аталуы |
Маркасы |
Саны |
Міндеті |
1 |
2 |
3 |
4 |
Экскаватор |
ЕК-12-00 |
2 |
Қазу |
Жүк машина |
Маз-503 |
2 |
Тасымалдау |
Бульдозер |
ДЗ-24А |
1 |
Кесу Өңдеу Тегістеу |
Каток |
ДУ-29 |
1 |
Тығыздау |
Іргетастар
Темірбетонды ленталы іргетастар негізінен көпқабатты ғимараттарда қолданады. Осы ғимараттардың іргетастары шамамен 2.2 м болады және бұл бүкіл ғимарат ауданда орнатылады. Плиталы темірбетон іргетасқа тікелей ғимараттың негізгі қабырғасы түйіседі. Бұл іргетастың арматуралау келесі әдіспен орындалады – астыңғы және үстіңгі негізгі арматура торы жоғары маркалы ірі диаметрлі арматурамен орындалады. Астыңғы арматуралық тор дайындау қабатының үстіне 35 мм биіктігінде монтаждалады, бұл биіктік негізінен қорғаныш қабаты болады. Жоғарғы арматуралық тор болат каркасқа бетітіледі, ал бұл болат каркас дайындау қабатына монтаждалады. Ғимарат қабырғалары тұтасқұймалы темірбетоннан жасалады.
Жалпы іргетасқа кететін бетон мен арматура үлесі
Тұтасқұймалы плиталы іргетас жобаланып жатқан ғимараттың астында толық ауданы бойынша орналасқандықтан келесі шешімдер қолданды.
Мектептің ғимаратында іргетас биіктігі 2.2 м өлшемімен қабылданды. Плиталар өлшемдері 6000х6000 және 6000х3000.
Бетон маркасы 200 болып қабылданды. Бұл қабылданған қалыңдық ғимарат биіктігіне сәйкес алынған. Қабылданған армарура А-ІІІ диаметрлері Ø18÷28 мм.
Бетон көлемі:
Vбетон = Sіргетас ∙ hіргетас (3.26)
Sіргетас – іргетас бетінің ауданы 1797,4 м2
hіргетас – қабылданған іргетас биіктігі 2.2 м
Vбетон = 1797,4 ∙ 2.2 = 3954.3 м3
Арматура үлесі:
Қабылданған арматуралық торлар А-ІІІ Ø18÷28 мм, 3000х3000, ал арматура қадамдары 200 болып қабылданды. Арматуралық тор симметриялы болғандықтан көлденең және бойлық арматура диаметрлері бірдей болып есептелді.
Инженерлік корпус ғимараттарының іргетастарындағы арматуралық торларға қадамы 200 мм және өлшемдері 3000х3000, кететін арматура ұзындығы 96 м. Сонда диаметрі Ø18 кетеді 192 кг, ал диаметрі Ø28 кетеді 461 кг. Жалпы салмағы m=653 кг. Сонда торлар саны тең:
n = Sіргетас / Sтор (3.27)
n = 1797,4/ 9 = 199,71
Жалпы арматура салмағы:
Mартарура = n ∙ m (3.28)
Mарматура = 199,71 ∙ 0,653 = 131 т
Іргетасты орнатуға қалыпты таңдау
Іргетасты монтаждау үшін қалқанды ағаш қалыпты қолданамыз. Жалпы бұл қалыптың атауы – инвентарлы алып-салынатын қалып. Бұл қалыптың түрлерін құрылыста көбінесе келесі элементтерді бетондағанда қолданады: іргетас, ұстын, арқалық, жабын және қабырға. Қалыптың қалқаны нешетүрлі материалдардан жасалады. Олардың конструкциялары тегіс, қырлы-тегіс және каркасты. Тегіс қалыптың салмағы аз болғандықтан, оған жүктеме аз түсіріледі. Көбінесе бұл тегіс қалыпты қолмен жеңіл орнатылатын жұмыстарда және арқалық пен ферманы монтаждауға қолданады. Құрылыс алаңында ең жеңіл құрастырылатын қалып бұл – ағаш қалыптар:
3.5-Сурет - Қалқанды ағаш қалып
Қалыптың ауданын есептеу:
Sқалып = (hіргетас + K) ∙ Pіргетас (3.29)
hіргетас – іргетас биіктігі 2.2 м
Pіргетас – іргетас бетінің периметрі 198 м
К – қосымша биіктік 0,2 м
Sқал.ик = (2.2 + 0,2) ∙ 198 = 475.2 м2
Sқалып = 475.2 м2
Құрылымды арматуралау
Тұтасқұймалы құрылыстың тиімділігі бұл – арматураның жақсы пайызбен үнемдеу болып табылады. Тұтасқұймалы құрылымдар мен элементтерге арматураның таңдалуы олардың мақсаты, жұмыс істеу шарттары, салу технологиясы және жұмыстың ұйымдастырылуына байланысты таңдалады. Құрылымды арматуралау тәсілі арматураның санына және салмағына қатысты қабылданады. Осы шартты орындаған соң оның еңбек шығынын, механикаландыру деңгейін және жұмыс қарқынын анықтайды.
Темірбетон құрылымын құрастырғанда еңбек шығынын және экономикалық жағынан тиімділігі оның арматуралау дәрежесіне байланысты. Жалпы арматуралау жұмыстары құн жағынан 17-30 % және еңбек шығыны жағынан 15-25 % құрайды.
Арматуралау жұмыстары:
Арматуралау жұмыстары негізінен 2 жұмыс түрінен құрылады: арматуралық бұйымды жасау және оны құрылым бетондалатын қалып ішіне орнату. Арматуралық бұйымдарды арнайы зауытта және цехдарда жасайды. Кейбір жағдайларда арматуралық бұйымдарды нақты құрылыс алаңында орындайды.
Бұйымдарды жасау келесі операциялардан тұрады: болатты қабылдау, тасымалдау, түзеу, тазалау, кесу, торлар мен каркастарды дәнекерлеу, оларды бір-бірімен байланыстыру және дайын бұйымдарды қоймаға тасымалдап сақтау. Арматураны монтаждау барысында төсеу келесі 2 тәсілі болады: кернелген және кернелмеген.
Кернелмеген арматураны әдетте бұйымды бетондау жұмыстарының алдында орнатады, ал кернелген арматураны бұйымды бетондау алдында кернеп, екі жағынан тартып және бетон өзінің беріктік шегіне жеткеннен кейін арматураның екі шетін босатады. Осы операцияны орындау үшін арнайы кернейтін құрылғыларын бұйымның екі жағына орнатады.
Тұтасқұймалы құрылыстың тиімділігі бұл – арматураның жақсы пайызбен үнемдеу болып табылады. Тұтасқұймалы құрылымдар мен элементтерге арматураның таңдалуы олардың мақсаты, жұмыс істеу шарттары, салу технологиясы және жұмыстың ұйымдастырылуына байланысты таңдалады. Құрылымды арматуралау тәсілі арматураның санына және салмағына қатысты қабылданады. Осы шартты орындаған соң оның еңбек шығынын, механикаландыру деңгейін және жұмыс қарқынын анықтайды.
Бетон ерітіндісінің технологиялық қасиеттері
Бетон ертіндісі, бұл – дұрыс таңдалған, бір қалыпты дәңгейге дейін араластырылған, қатпаған, байланыстырғыш және толтырғыш заттардан, судан, қоспалардан тұратын құрылыс материалын айтамыз. Төселген және нақты бір формаға дейін жеткізілген ерітінді, бұл – бетон.
Бетонның сапасы оның келесі қасиеттеріне байланысты – созылу мен сығылуға беріктігі, тығыздығы, сусіңіргіштігі және аязға төзімділігі.
Созылу мен сығылуға беріктігіне байланысты бетон келесі класстарға бөлінеді. Бетон классы оның беріктігі МПа-мен кепілдендірілген және оның орташа қабылдайтын коэффиценті 0,95 есептік кедергісіне тең болады.
Сусіңіргіштігі бойынша ауыр бетондардың келесі маркалары болады: 2; 4; 6; 8; 12 ал аязға төзімділігі бойынша 50; 75; 100; 150; 200; 300; 400; 500.
Технологиялық қасиеттері бойынша бетон ертіндісінде келесі шарттар міндетті түрде орындалуы керек:
тасымалдау, шығару және қалыпқа төсеу барысында бетон ертіндісі міндетті түрде бастапқы бірқалыптылығында болуы тиісті.
ыңғайлы төселгіштік қасиеті бетондалып жатқан құрылымға және оның тығыздалу қарқынына сай болуы керек.
Бетон ертіндісінің бірқалыптылығы массаның бөлшектенбеуіне негізделген, соның ішінді судың бөлініп кетпеуі де жатады. Жеткілікті деңгейде байланысы және судың шығып кетпеуі бетон ертіндісінің құрамдас заттардың дұрыс таңдалуына, мөлшеріне және оларды сапалы араластырылуына байланысты.
Ыңғайлы төселгіштік – бұл, ертіндінің әртүрлі сыртқы тығыздайтын әсерлерден жеңіл төселу қасиетін айтады. Бұл бетонның беріктігіне және аққыштығына байланысты.
Бетон ертіндісінің аққыштығы конустық қалыптан сантиметрлік дәлдікпен ағуын айтады. Оны нақты дайындалған басқарылмалы бетон ертіндісімен экспериментті жүргізеді.
Бетон ертіндісінің беріктігі нақты бір уақыт ішінде вибрациямен анықтайды. Ол үшін ертіндіні конус қалпына келтіріп толық жайылғанға дейін жүргізеді.Бетон ертіндісіне тапсырыс бергенде құжаттарда ол әріптермен белгіленуі тиісті. Бұл жерде бетонның дайындығы, беріктік классы, ыңғайлы төселгіштік маркасы, аязға төзімділігі, суөткізгіштігі, орташа тығыздығы белгіленеді.
Бетон ертінділерін дайындау жұмыстары және оның негізгі әдістері
Бетон ертінділерін негізінде арнайы бетон зауыттарында жасайды. Бірақ, егер құрылыс алаңында салыстырмалы түрде кіші бетон жұмыстары болса, онда құрылыста жылжымалы және инвентарлы бетонараластырғыш қондырғыларын қолданады.
Бетон ертіндісін дайындау келесі операциялардан тұрады: бетонның құрамдас заттарын (толтырғыш және цемент) қоймадан арнайы бетонараластырғыш кондырғыға әкелу, мөлшерлеу, механикалық тәсілмен араластыру және дайын ертіндіні арнайы тасымалдау қондырғыға беру, ал бұл қондырғы ертіндіні жұмыс алаңына апарады. Сонымен бұл жұмыстың негізі – механикалық араластыру және оның құрамдас заттары болып табылады.
Бетонараластырғыштар ертіндінің жүктелуі және беру жағынан – циклді және үзілмелі жұмыс істеу тәсәлдеріне қарай 2 бөлінеді, ал араластыру жағынан – гравитациялық және бағынбалы араластыруы тәсілдері болады.
Цикл үш операциялардан тұрады: бастапқы заттарды жүктеу, араластыру және дайын ертіндіні беру. Осы тәсілдің тиімділігі – құрамдас заттардың мөлшерін еркін ауыстыруға және көлемін азайтып-көбейтуге болады. Үзілмелі әдісте жоғарыда айтылған тәсілдер толықтай автоматтандырылып үзілмелі жұмыс істейді.
Гравитациялық бетонараластырғышта барлық құрамдас заттар еркін құлау әдісімен құлап араласады. Бұл құрылғының түрі пластикалық бетонды жасауға қолданады. Бетонараластырғыш құрылғының көлемі құрымдас заттардың көлеміне қарай 100, 250, 500, 750, 1200, 2400, 4500 л болуы мүмкін.
Бағынбалы бетонараластырғыш құрылғысының ішінде қырлары және жұдырықшалары болады. Бұл қондырғымен негізінен азқозғалмалы қатты, саңылаулы және жеңіл толтырғышы бар бетон ертінділерін жасайды.
Бір сағаттағы бетонараластырғыштың өнімділігінің формуласы:
Ө = (V ∙ nаралас ∙ Кшығу ∙ Куақыт) / 1000 м3/сағ (3.30)
nаралас = 3600 / t1 + t2 + t3 (3.31)
V – қондырғы көлемі, nаралас – бір сағаттағы араластыру саны, Кшығу – бетон ертіндісінің шығу коэффиценті (0,7÷0,8), Куақыт – бетонараластырғышты қолдану коэффиценті, t1 + t2 + t3 – негізгі оперциялар уақыты.
Бетон ертіндісін жұмыс алаңына тасымалдау және беру
Бетон ертіндісін тасымалдау бетон зауытынан құрылыс алаңына дейін тасымалдау болып табылады. Тасымамалдау жұмыстары зауыт пен құрылыс алаңының қашықтығына, тасымалдау машиналарына және бетон қасиеттеріне байланысты болады. Тасымалдау әдіс-тәсілдеріне қарамастан, басты технологиялық талап сақталуы қажет – бетонның бірқалыптылығы және қозғалғыштығы сақталуы. Сондықтан бетон ертіндісін тасымалдағанда атмосфералық жауын-шашыннан, күн сәулесінен, желден және бетон сүтінің ағып кетпеуі керек.
Бетон ертіндісін құрылыс алаңына әкеледі, содан кейін тарату құрылғыларына беріледі, ал олар нақты жұмыс орнына ертіндіні апарады. Негізгі тасымалдау құрылғылары: автожүк машиналары, автобетонтасығыш, автобетонтасығыш, бетонсорғыш, пневмоайдағыш, бетонтөсегіш, ленталы және вибротасығыш құрылғылары.
Бетонның тасымалдау графигі:
3.2-Кесте – Бетон ертіндісінің уақытқа тәуелділігі
Бетон ерт. темпе. |
оС |
20-30 |
10-20 |
5-10 |
Тасымалдау уақыты |
мин |
45 |
90 |
120 |
Бетонның тасымалдау уақыты оның қозғалғыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан бетонның тасымалдау уақыты толық нақты есептеліп анықталуы керек, ал бұл бетонның цемент түріне және температурасына тәуелді болады.
Бетонсорғышты таңдау
Ғимараттың жерасты бөлігіндегі барлық бетондау жұмыстары автомобиль негізіне орнатылған жебелі бетон сорғышты қолданамыз. Автобетонсорғашты қолданғанда жұмыс өнімділігін және бетон сапасын жоғалтпау үшін үзіліссіз жұмыс атқарылады.
SCHWING L – 30 м
H – 30 м
Өнімділігі 60 м3/сағ
Автокранды таңдау
Ғимараттың тұтас құймалы ленталы іргетас тақтасын орнату үшін пневмодөңгелекті кранды қолданамыз. Себебі бұл кран түрі нақты осы құрылысқа сай келеді. Алдымен іргетас жұмыстарында кранмен іргетастың қалыптарын және арматуралық торларын орнатамыз. Ал бұл ғимараттың өлшемдері ірі болғандықтан, осы кранның барлық параметрлері осы жұмысқа сай келеді. Іргетас жұмыстары біткен соң, қабылданған кран түрін ғимарат қаңқасын тұрғызуға өте ыңғайлы және қолайлы болады. Ғимарат салынып біткенге дейін осы автокранды колданамыз. Жалпы ғимарат құрылысы барысында пневмодөңгелекті автокран комплексті түрде жұмыс жасайды.
Іргетас жер деңгейінен төмен орналасқандықтан кран ілмегінің көтерілу биіктігі ескерілмейді.
Кран маркасы (пневмодөңгелті): МКП-16
Жүк көтергіш : Q=16 т
Кран ілгішінің ұзындығы : Lілгіш=22 м
Кран ілгішінің биіктігі: Hілгіш=17 м
Монтаждық автокранның техника-экономикалық есептеулері
Кранның іргетас үшін арматуралық торды орнатуға келтірілген меншікті шығындарын анықтаймыз:
Ск.м.ш=Се+Ен∙Км (3.32)
Ск.м.ш=22,81+0,12∙28,64=26,25 ш.б.
Се – бір тонна конструкцияны монтаждаудың өзіндік құны
Ен – күрделі қаржының эконом. тиімділігінің нормативтік коэффиценті = 0,12
Км – меншікті ақша қаражатын жұмсау
Се=(1,08∙См.а+1,5ΣЕорт.ең.ақ)/Пн.ауыс (3.33)
Се=(1,08∙39,39+1,5∙101,3)/10,69=18,2 ш.б.
1,08 және 1,5 қосымша шығынның соған сәйкес машиналарды эксплуатациялау мен монтажшылардың еңбек ақысының коэффиценті
См.а – машинаның бір ауысымдағы өзіндік құны 39,39
ΣЕорт.ең.ақ – ауысымдағы монтаждалатын, дәнекерленетін және қосылған жерді бекітуге істеген жұмысының еңбекақысы 247(көлем)∙0,41(орташ.ақұны)=101,3
Пн.ауыс – берілген ағымдағы конструкцияны монтаждауға кранның ауысымдық нормативтік өнімділігі
Пн.ауыс=Р/Пм.ауыс (3.34)
Пн.ауыс=161/15,1=10,69 т/ауыс
Пм.ауыс - берілген ағымдағы конструкцияны монтаждау үшін кранның машина ауысымдағы саны, іргетастың арматуралық торы үшін 247(көлем)∙0,5(есеп.уақ)/8,2=15,1
Р – ағымдағы қарастырылатын жалпы элементтердің массасы 161 т
Меншікті жұмсалатын ақша қаражатын анықтаймыз:
Км=(Сқ.с.е∙tауыс)/( Пн.ауыс∙tжыл) (3.35)
Км=(31500∙8)/( 18,2∙3075)=4,5 ш.б./ауыс
Сқ.с.е – кранның құрал-саймандарының есеп бойынша құны 31500
tауыс – кранның ауысымдағы жұмыс сағатының саны 8 сағ
tжыл – кранның жыл ішіндегі нормаланған жұмыс сағаттарының саны 3075
3.6-Сурет – Іргетас орнатудың негізгі технологиялық көрінісі
1.Пневмодөңгелті автокран МКП-16 ;
2.Автобетонсорғыш SCHWING ;
3.Автобетонараластырғыш СБ-92А (4 м3) ;
4.Арматуралық қаңқа 0,6 т
5.Қалқанды ағаш қалып ;
6. Қосымша құбыр