Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом мектеп Ст бойынша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.89 Mб
Скачать

3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау

Экскаватормен өңделген топырақты автосамосвалдармен шығарып тасымалдаймыз. Топырақты тасымалдау қашықтығына байланысты 10 км және экскаватордың ожау сыйымдылығына байланысты 2 x 0,65 м³ , автосамосвалдардың келесі жүк көтеру параметрлерін аламыз:

ma=12,85 т

3.3-Сурет - Экскаватор мен жүк көтергіш машина

Анықталған ma бойынша автосамосвалдардың келесі маркасын техпаспорттан таңдаймыз:

МАЗ – 503

1) Экскаватор ожауындағы топырактың көлемі:

Vтоп=Vожау∙Kтол/Kқоп (3.17)

Kтол - ожауды толтыру коэффиценті =0,8

Kқоп - қопсыту коэффиценті =0,3

Vтоп=0,65∙0,8/0,3=1,74 м³

2) Экскаватор ожауындағы топырақ массасы:

Q= Vтоп∙γ = 1.74 ∙ 2,13 = 3,7 т (3.18)

γ = топырақ тығыздығы 2,13 т/м3

3) Автосамосвалдарға аударылатын ожау саны:

n= ma/Q = 12.85/3.7 = 4 (3.19)

4) Автосамосвалдарға аударылатын топырақтың көлемі:

V= Vтоп∙ n = 1.74∙4 = 6.96 м³ (3.20)

5) Экскаватормен топырақты автосамосвалдарға аударылатын уақыты:

tп= V∙Hуақ∙60/100 = 6.96∙3,9∙60/100 = 16.28 мин (3.21)

Hуақ= N2

6) Автосамосвалдардың бір циклде жұмыс істеу уақыты:

Тц= tп+60∙L/Vr+tp+60∙L /Vп+tм (3.22)

L – топырақты тасымалдау арақашықтығы 10 км

Vr – автосамосвалдардың жүктелген күйіндегі жылдамдығы 70 км/сағ

Vп - автосамосвалдардың бос күйіндегі жылдамдығы 90 км/сағ

tp - 1 мин; жүк түсіру уақыты

tм - 2,5 мин; қосымша операциялар уақыты

Тц= 16,28+60∙10/70+1+60∙10∙/90+2,5=34 мин

7) Автосамосвалдардың қажетті саны:

N= Тц/ tп = 34/16,28 = 2,09 ≈ 2 (3.23)

Бульдозерді таңдау

Бульдозер негізінен үш негізгі жер жұмыстарын атқарады. Бұлар – жерді үю, тасымалдау және жобалық орынға төсеу.

Бульдозерлерді келесі жағдайларда қолданады: тереңдігі 2 м аспайтын жерді өңдеген кезде және жерді тасымалдап биіктігі 1,5 м үйіндіден аспайтын жағдайларда, қазаншұңқырлардың немесе траншеялардың қойнын өңдегенде, үйіліп жиналып қалған топырақты қопсыту үшін қолданады. Комплексті құрылыс кезінде бульдозерді көмекші жұмыстардың көбісінде қолданады, соның ішінде құрылыс алаңын өсімдік қабатынан, ағаштардан, құрылыстық қоқысықтан және тастардан.

Құрылыс алаңын бульдозермен жоспарлау келесі екі тәсілмен жүргізіледі: траншейлік және қабаттап.

Траншейлік әдісті көбінесе топырақты 50 м қашықтықтан аспай тасымалдағанда оның жоғалту пайызын азайту үшін қолданады. Параллельдік жолақтармен траншеяны 0,4 тен 0,6 м қалыңдықпен, бір жерді бірнеше рет қайталып тығыздауды айтады. Траншеяның ені міндетті түрде бүльдозер еніне тең болуы тиісті. Ал олардың арасындағы қашықтық 0,4 м немесе 0,6 м болады. Арасындағы қуыстарды әрбір екі жолақ өткеннен кейін өңделеді. Топырақты 50 м қашықтықтан астам тасымалдағанда әр 25 м кейін үйінділер жинайды. Содан кейін-ақ, басқа бульдозерлер сол үйіндіні өңдейді.

Қабаттап өңдеу әдісі бойынша параллель жолақтар әдісін қолданады. Әр кейінгі қабат алдынғы қабаттан шамамен 0,3÷0,5 м қалыңдау болады. Жалпы барлық жер-өңдейтін машиналар топырақты 150 м дейін тиімді тасымалдауы оның қуаттылығына тікелей байланысты.

Топырақты төгу екі түрлі әдіспен жүргізеді. Бұлар: қабаттап және оны параллель тығыздау және ірі құрылымдармен қабаттаусыз тікелей тығыздау.

Бульдозердің бір ауысымдағы өнімділігін табу

Қабылданған бульдозер ДЗ-24А (Т-180)

Пөнім = (60T∙q∙α∙Kуақыт)/(Tжинау + Ттасымал + Lтолы/Vтолы + Lбос/Vбос) (3.24)

Т – жұмыс уақыты 8,2 сағат

q – бульдозермен тасымалданатын тығық топырақ көлемі 4,3 м3

α – тасымалдау кезіндегі топырақты жоғалту коэффиценті 0,5

Kуақыт - машинаны қолдану уақыты коэф.0,75

Tжинау – топырақты жинау уақыты 0,24 мин

Ттасымал – топырақты тасымалдау уақыты 0,16 мин

Lтолы ; Lбос – жүру қашықтығы 75,5 м

Vтолы ; Vбос – жүру жылдамдығы 48,3 м/мин ; 145 м/мин

Пөнім = (60∙8,2∙4,3∙0,5∙0,75)/(0,24 + 0,16 + 75,5/48,3 + 75,5/145) = 319 м3/ауыс

Бульдозерді әр жұмысы үшін бригада құрымы:

Өсімдік қабатын кесу – машинист 6 разряд 1

Жерді өңдеп тасымалдау – машинист 6 разряд 1

Жердің бетін тегістеу – машинист 6 разряд 1

Негізді тығыздау машинасын таңдау

Негізді тығыздау өздігімен жүретін және тиегіш катоктармен жүргізіледі. Топырақтағы кернеу катоктың ауыр салмағынан және жер бетімен толық байланыс нәтижесінде пайда болады.

Топырақты тығыздаған кезде келесі шарттар орындалуы керек – негізді тығыздайтын машинаның бір ауысымдағы өнімділігі оның толық мүмкіндігімен құжат бойынша толық сәйкес болуы керек, тығыздайтын қабаттың қалыңдығы негіз тығыздайтын машинаның мүмкіндігінен аспауы тиісті, әрбір толық аяқталған өтістен кейін келеі өтіс алдыңғы өтіске 0,1 немесе 0,2 м үстімен өтуі міндетті, сонда саңылау қалуынан мүмкіндік қалмайды.

Құрылыс алаңын тегістегенде, катоктың толық еркін бұрылысына мүмкіндік болуы тиісті, сондықтан катоктың дөңгелек өтіс әдісі қолданылады.

Негізді тығыздау катоктың жобаланған тиімді жылдамдықтарын қолданып жүргізіледі. Катоктың бір циклдегі жылдамдықтары әр түрлі болып келеді. Бастапқы 1-2 өтістер төмен жылдамдықтарда өтеді, шамамен 2-2,5 км/сағ , ал қалан кейінгі аралық жүрістер жоғары жылдамдықта, шамамен 8-10 км/сағ.

Катоктоң максимальды тығыздау күші негіздің кернеулік шегінен аспауы керек. Катоктың еркін жүруін қамтамас ету үшін оның бір өтісі 100-200 м шамасында болуы тиісті.

Негізді тығыз дайтын машина ретінде өзідігімен жүретін пневмодөкгелекті ДУ-29 маркалы катокты таңдаймыз. Топырақты тығыздау толық механикаландырылған әдіс қолданылады. Құмды-жұмыр тас негізі себілу қасиеті болғандықтан, оның өтіс жүрісі 100 м-ден аспайды. Дөңгелектері пневмошиналы сондықтақ ол негізге статикалық әсер етеді, өтіс ені 2,2 м.

Катоктың бір ауысымдағы өнімділігі: ДУ-29

Пөнім = (Е-е) ∙ V ∙ 1000 ∙ Т ∙ h ∙ Kв/m (3.25)

Е – катоктың жұмысшы ені 2,2 м

е – келесі өтістің алдыңды өтіске ену ені 0,2 м

V – жылдамдығы 5 км/сағ

h – тиімді тығыздау қабатының қалыңдығы 0,45 м

Т – жұмыс істеу уақыты 8 сағ

Кв – катокты қолдану коэффиценті 0,8

m – бір жерден өтіс саны 6

Пөнім = (2,2-0,2) ∙ 5 ∙ 1000 ∙ 8 ∙ 0,45 ∙ 0,8/6 = 4800 м3/ауысым

Катоктың бригада құрамы:

машинист 6 разряд 1