
- •1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
- •Құрылыс ауданының сипаттамалары
- •Бас жоспардың шешімдері
- •1.3 Көлемдік-жоспарлық шешімдер
- •1.4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер
- •1.5 Ғимаратты инженерлік жүйелермен жабдықтау
- •Антисейсмикалық шаралар
- •2. Есептік конструктивтік бөлім
- •2.1 Scad 11.5 программасы туралы қысқаша мәлімет
- •2.2 Құймалы аражабын есебі
- •2.3 Арқалық есебі
- •2.4 Баспалдақ алаңының есебі
- •2.4.1 Баспалдақ марштарын есептеу
- •2.4.2 Жүктемелер мен күштерді анықтау
- •3 Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру бөлімі
- •3.1 Технологиялық карталарды жобалау
- •3.2 Жер жұмыстарының технологиялық картасы
- •3.3 Жер жұмыстарын жүргізу бойынша қазу машиналарды таңдау
- •3.5 Қазаншұңқырды қазу бойынша топырақты тасымалдау жүк көтергіш машиналарды таңдау
- •Жер жұмыстарының автопаркі
- •Арматуралық торды тасымалдайтын маз-503 жүк көтергіш автомобилдердің есебі
- •Нөлдік деңгейдегі жұмыстарының технологиялық картасын жоспарлау
- •3.6 Ғимарат қаңқасын тұрғызудың технологиялық картасы
- •Ғимаратқа кететін негізгі бетон көлемі,арматура үлесі және қалып ауданы
- •3.7 Құрылыстық бас жоспарды жобалау
- •3.7.1 Уақытша ғимараттарды жобалау
- •Қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария
- •Күнтізбелік жоспарлау
- •4 Құрылыс экономикасы бөлімі
- •4.1 Сметалық есептеу
- •4.1.2 Локальдік сметаларды құру
- •4.1.3 Құрылыс құнының толық сметалық есебін құру
- •4.2 Жиынтық сметаларды құру
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.2 Тіршілікке төнетін қауіптің туатын көздер
- •5.3 Өртке қарсы шаралар
- •Қорытынды
КІРІСПЕ
Қазіргі заманда құрылыс әртүрлі қарқынмен даму жолында. Біздің Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері оның басты мақсатарының бірі бұл - құрылыс саласы болып табылады. Мемлекеттің басты саясаты жаңа қалаларды салу, қала ауданын кеңейту, жаңа үйлер салу және ескі ғимараттарды қайта жаңарту. Қазақстанның құрылыс саласындағы негізгі мақтан тұтатын үлгісінің бірі, бұл – Астана қаласы. Біздің Астанамыз Қазақстан құрылысының айнасы болып табылады. Барлық жаңа және әсем сәулеттік туындылары Астана қаласының бейнесінде көрінеді.
Бірақ, біздің мемлекетіміздің негізгі мәселелері, бұл – көп қалалардың физикалық және моральдік тозуы, ескі инфрақұрылымы, қоғамдық қолжетер тұрғын үйлердің жетіспеуі, құрылыс саласына қаржының бірқалыпты бөлінбеуі, жоғары білімді құрылыс саласындағы мамандардың жетіспеуі және т.б. Осы айтылған мәселелердің барлығы Қазақстанның одан әрі даму жолына үлкен тежегіш болып табылады. Сондықтан біздің құрылыс саласы әлі даму кезеңінде. Қазіргі кезден бастап нақты құрылыс саясатын мемлекеттік жоғары деңгейде жүргізіп және сапалы, жақсы мамандарды даярлау басты құрылыс мәселелерінің шешімі болып табылады.
Менің дипломдық жұмысымда Талғар қаласы, Әлмерек ауылында салынып жатқан 300 орынға арналған орта мектебі жобаланды. Дипломдық жобалаудың негізгі тапсырмаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары және ережелерінің негізгі талаптарына сәйкес орындалған. Тік жүктемелер алдымен жабын арқалығы ұстындарға, содан соң іргетасқа беріледі .
Қазіргі таңда ғимараттар мен үймереттерді қазіргі технологиямен тұрғызуда тұтас құймалы құрылыс көбіне тиімді болып саналады. Ғимараттарды тұтас құймалы қаңқамен тұрғызу , сыртқы қабырға құрылымы үшін материалдардың үлкен таңдауын қамтамасыз етеді. Тұтас құймалы құрылыс, құрылыста ең танымал құрылыстың бірі және тиімді бағыт болып табылады. Тұтас құймалы үйді тұрғызуда, бүтін қабат үшін бір қалып тәсілі қолданады. Бұл ғимараттың барлық бөліктерінің өте оңды біртегістігін қамтамасыз етеді және әрлеудің барлық түріне дайын. Сонымен қатар тұтас құймалы құрылыс практикалық «тігіссіз» құрылымды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты дыбыс өткізбеушілік және жылу көрсеткіштері жоғарлайды.Сонымен қатар құрылым ұзақ уақыт мерзімінде бұзылмайтын болады.Тұтас құймалы қаңқа осы жобада үш түрден тұрады: күш түсетін бойлық қабырғамен, күш түсетін қабырғамен, күш түсетін ұстындардағы төбе жабындармен.
1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
Құрылыс ауданының сипаттамалары
Бұл құрылыс объектісі Алматы облысы, Талғар қаласы, Әлмерек елді-мекенінде нақты салынып жатқан ғимарат. Тапсырыс берушісі – Алматы әкімшілігі. Ғимараттың негізгі функциясы – оқушылардың білім алу орталығы болып табылады. Осы ғимаратта ұйымның барлық басшылары мен негізгі қызметкерлері жұмыс атқарады. Бұл ғимараттың орналасуы өте ыңғайлы:
1. «Алматы қаласын кешенді түрде сейсмикаға ықшамдастыру жүйесі» ҚР ҚНжЕ 3.04.30-2006 құжатына сай бұл құрылыс ауданы Талғар қаласының, Әлмерек елді-мекенінде жатады. Ал құрылыс ауданы 9 баллдық сейсмикалық ауданға жатады.
2. Инженерлік-геологиялық ізденістер қорытындысы бойынша құрылыс ауданы толық 9 баллдық сейсмикалық ауданға сай келіп, барлық антисеймикалық талаптар ескерілген. Ғимарат астындағы негіз бұл – саздақ(суглинок), ал сейсмикалық қасиеті бойынша негіз ІІ топқа жатады. Жер астындағы су деңгейі 4,3-4,8 метр тереңдікте төмен өтеді.
3. Құрылыс ауданы толық инженерлік жүйелермен жабдықталған. Бұл жүйелер қалалық орталықтандырылған жүйесіне қосылған.
Ғимарат қасбеті және айналасындағы алаңдары ерекше дизайндық үлгіде орындалған. Сыртқы қабырға қызыл кірпіштен, М50 құмды-цементті қоспада жасалған. Ал, арматуралық тор қабырғаға анкерлермен ұсталады. Бұл тор Ø8 мм АІІІ класты арматурадан жасалған және оның қадамы 300х300 мм болып келген. Барлық терезелердің рамалары ақ түсті металл қаңқада жасалған. Сыртқы терезелер 2 қабатты шынықаптамадан жасалған, ал оның рамасы жоғары маркалы алюминийден орындалған. Ал іргетасы ленталы темірбетонды, биіктігі 2.2 м болады. Бетон класы В25, ал арматурасы АІІІ. Жалпы ғимаратың қасбеті қазіргі заманның үлгісіне сай болуы үшін, терезелердің түсі – арнайы қою көк болып жасалған.
Құрылыс алаңның табиғи-климаттық ерекшеліктері
Есептік сыртқы ауаның температурасы: - 23°С
Құрылыс ауданының сейсмикасы: 9 балл
Жердің қату тереңдігі: 1,26 м.
Есептік жел күші: 0,38кПа немесе 38кг/м²
Есептік қар көрпесінің салмағы: 0,70 кПа немесе 70 кг/м²
Негіздің орташа тығыздығы: 1820 кг/м³
Құрылыс алаңы Алматы облысы, Талғар қаласы, Әлмерек елді-мекенінде орналасқан. Осы құрылыстық объектісі орналасқандықтан, барлық табиғи-климатологиялық ерекшеліктері ескерілген.
Негізгі табиғи ерекшеліктерінің бірі, бұл – сейсмикалық аудан болып табылады. ҚР ҚНжЕ 3.04.30-2006 “Сейсмикалық аудандағы құрылыс” және ҚР ҚНжЕ 3.04.30-2006 “Алматы қаласы және іргелес аумақтарлың сейсмикалық ықшамаудандастыру ескерілген құрылысы” құжаттарына сәйкес құрылыс аймағы 9 баллдық жүйесімен жобаланған. Нақты осыған сәйкес қолданылған шаралар келесі арнайы бөлімдерде айтылады. Жалпы Талғар қаласы таулы жерде орналасқандықтан, инженерлік корпустың бірінші қабатының еденінің таза 0,000 деңгейі, 651м абсолюттік деңгейіне сәйкес келеді. Талғар қаласының климаты ерекше болып келеді. Қысы суық, ал жазы ыстық және құрғақ климаттық табиғи аудан.
Инженерлік-геологиялық ізденістері бойынша ғимарат іргетасының негізі, бұл – саздақ(суглинок). Жер асты су деңгейі 4,8 м тереңдікте өтеді. Бірақ, бұл жағдай ғимарат құрылысына әсер етпейді, себебі қазаншұңқырды қазғанда бұл сулар ашылмаған. Ғимарат іргетасының сыртқы бетін қайта көму жұмыстары, осы жердің негізімен қайта көмілді. Қайта көму жұмыстары 20 см қабатымен реттеліп каток арқылы тығыздалады. Содықтан бұл шара экономикалық жағынан өте тиімді болып келеді.
1.1-кесте - Желдердің қайталануы
мезгіл |
с |
сш |
ш |
ош |
о |
об |
б |
сб |
қыс |
6,43 |
8 |
5 |
12,78 |
8,89 |
10,53 |
4,12 |
4,62 |
жаз |
2,63 |
5,5 |
3,75 |
16,07 |
6,07 |
3,33 |
1,82 |
2,11 |
1.1-сурет-Жел бағыттары
Осы желдің әсер ету мәндері мен графигі сызба жұмысында бас жаспарда көрсетіледі.