- •Екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Нарықтық экономика. Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?) Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
- •Бесінші сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Алтыншы сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Жетінші сабақ. Лексикалық тақырып: Банкир Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Маңдай терімен табыс табуға ұмтылмайтындардан аулақ жүр.
- •Сегізінші сабақ Лексикалық тақырып: Бухгалтерлік есеп. Грамматикалық тақырып: Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •Он бірінші сабақ Лексикалық тақырып: Салым Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
- •Он екінші сабақ
- •Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он төртінші сабақ.
- •Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он бесінші сабақ Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •Он бесінші сабақ соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма
Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Құжат қай кезде толтырылады?
Бухалтерлік құжат дегеніміз не?
Бухгалтерлік құжатты қалай толтырамыз?
3-тапсырма. Аударыңыз.
Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысыңда толтырылуы керек.
4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды
СОӨЖ. Банкроттық кәсіпорын
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыз. Мәтіннен сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
Банкроттық кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте фирманың банкроттығы олардың шығыны кірісінен асып кеткен уақытта туындайды. Мұндай жағдайда борышкер тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.Егер борышкер өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Ал, ықтиярсыз банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаны жасырып қалу мақсатымен жалған “Банкротқа” ұшырау деректері кездеседі. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Борышкерге, фирмаға (банкротқа ұшыраған) жәрдем берушілер болмаса, кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып таратылады.
2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын анықта.
1. Валюта, …
2. Борышкер, …
3. Деректер, …
4. Маңызды, …
5. Жәрдем беруші, …
3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Халықаралық валюталық қаржы операциялары … … .
2. АҚШ жетекшілігіндегі доллар аймағы … … .
3. Валюта үстемдігін орнату … … .
4. Банкроттыққа ұшыраған фирмалар … .
5. Банкирлер өз қызметтерін … … .
6. Банк құпиясы үнемі … … … .
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ресей ақшасы қалай аталады?
2. Борышкер қай уақытта банкрот болады?
3. Ерікті банкрот дегеніміз не?
4. Ықтиярсыз банкрот қалай жасалады?
5. Борышкер қай уақытта қудаланады?
СӨЖ. Өмірбаян. Резюме
Он бірінші сабақ Лексикалық тақырып: Салым Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Жинақ кассасына ең алғаш салымшы келгенде, оған есеп менеджері немесе балқылаушы бірнеше есептік салым түрлерін ұсынады. Салымшы салымның барлық ттүрлерімен танысып болғаннан кейін, өзіне тиімді салымды қалайды. Салымшы салымға есеп ашар кезде, өзімен бірге құжатын, салықтық тіркеу нөмірін алыпкелу керек. Салымнын тіркеу нөмірі банкіде сақталады. Есеп менеджері салымшыға банк басшысының атына алғаш өтініш жаздырып, келісім-шартқа отыруы қажет. Осы құжаттарды толтыру арқылы бақылаушы салымшыға кіріс ордерін толтырып, кіріс кассасына нақты ақшасымен, яғни салымын қабылдауға жібереді. Қазынашы кіріс ордеріне жазылған сумманы қабылдап, ордер бөлігін өзіне, квитанцияны салымшыға жинық кітапшасымен беріп жібереді. Дұрыс толтырмаған ордерді салым иесінің жыртып тастауға болмайды, оны менеджер қатаң ескертуі қажет. Ол салымшыны дұрыс толтырған ордермен жинақ банкісіне жібереді де және №20 форма кітапшасы бойынша контролер операция толтырғанда жинақ кітапшасындағы ордерді түбірден бөлек жартып алады. Егер салым иесі қателескен жағдайда, одна ол жарамсыз деп жазылып, өзінің фамилиясын, аты-жөні және күнін көрсетіп, қол қояды.
Кассир өзіне берілген құжаттарды және жинақ кітапшасындағы ордерлердің қалдықтарын, Ф№31 квитанцияның дұрыстығын қарайды. Жинақ кітапшасы мен Ф№31 квитанцияны және №51/36 Ф№51 ордерлердің бәрін алып, қол қояды. Белгіленген мерзім ішінде салымшы өз салымнын қосып алуға міндетті.
2-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз
3-тапсырма. Сөйлемді аударыңыз.
Есеп менеджері салымшыға банк басшысының атына алғаш өтініш жаздырып, келісім-шартқа отыруы қажет. Осы құжаттарды толтыру арқылы бақылаушы салымшыға кіріс ордерін толтырып, кіріс кассасына нақты ақшасымен, яғни салымын қабылдауға жібереді.
4-тапсырма. Сөйлем құраңыз.
Жинақ кассасы, салымшы, қабылдау, банк қызметкері, есеп ашу.
4-тапсырма. Сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
СОӨЖ. Сөйлеу мәдениеті.
СӨЖ. Депозит. Мәтінді мазмұндаңыз.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі: депозитік қаражаттар; депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатып қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті багалы қағаздарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар — банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктерден шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
