- •Екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Нарықтық экономика. Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?) Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
- •Бесінші сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Алтыншы сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Жетінші сабақ. Лексикалық тақырып: Банкир Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Маңдай терімен табыс табуға ұмтылмайтындардан аулақ жүр.
- •Сегізінші сабақ Лексикалық тақырып: Бухгалтерлік есеп. Грамматикалық тақырып: Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •Он бірінші сабақ Лексикалық тақырып: Салым Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
- •Он екінші сабақ
- •Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он төртінші сабақ.
- •Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он бесінші сабақ Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •Он бесінші сабақ соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
Жетінші сабақ. Лексикалық тақырып: Банкир Грамматикалық тақырып: Синоним.
1 тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Банкир – ақша капиталының, банктің меншік иесі немесе банк операцияларын жүргізу міндетін атқарушы адам, менеджерлер. Банк менеджерлері – осы саланы ұйымдастыруға және басқаруға білімі жетерлік, тәжірибесі бар маман адамдар. Оларға ақша капиталының иелері белгілі дәрежеде әкімшілік билік бере алады, бірақ олардың банк капиталы иелеріне билігі жүрмейді, тек акционерлердің шешімін орындайды. Банкирлердің қолында аса ірі қаржы ресурстары жинақталады. Сондықтан олар маңызды деген қаржы топтарының құрамына кіре алады. Қазақстан жағдайында банктің басқарушы кеңесінің төрағасы мен мүшелері, басқарманың төрағасы, оның орынбасарлары, бас бухгалтері, оның орынбасары, банктің басшы қызметкерлері деп танылады.
Банктің өз клиенттерінің, кредиттік мекемелердің есепшоттары мен аманат ақшалары жөніндегі мәліметтерді құпия сақтауы ҚР Президентінің “Қазақстандағы банктер және банк қызметі туралы” заң күші бар Жарлығының 50-бабына сәйкес келетін салымдар құпиясына кепілдік береді.
Банкроттық кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте фирманың банкроттығы олардың шығыны кірісінен асып кеткен уақытта туындайды. Мұндай жағдайда борышкер тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.Егер борышкер өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Ал, ықтиярсыз банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаны жасырып қалу мақсатымен жалған “Банкротқа” ұшырау деректері кездеседі. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Борышкерге, фирмаға (банкротқа ұшыраған) жәрдем берушілер болмаса, кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып таратылады.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын анықта.
1. Валюта, …
2. Борышкер, …
3. Деректер, …
4. Маңызды, …
5. Жәрдем беруші, …
3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Халықаралық валюталық қаржы операциялары … … .
2. АҚШ жетекшілігіндегі доллар аймағы … … .
3. Валюта үстемдігін орнату … … .
4. Банкроттыққа ұшыраған фирмалар … .
5. Банкирлер өз қызметтерін … … .
6. Банк құпиясы үнемі … … … .
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ресей ақшасы қалай аталады?
2. Борышкер қай уақытта банкрот болады?
3. Ерікті банкрот дегеніміз не?
4. Ықтиярсыз банкрот қалай жасалады?
5. Борышкер қай уақытта қудаланады?
5-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрылысына қарай талдаңыз.
1. Белгілі бір мақсатқа жету үшін қарапайым нәрседен-ақ бастау керек. Алдымен темірдей тәртіп пен айқын логика керек.
2. Бизнесті сезіне білу табиғи дарындылықпен бірге асқан төзімділік пен еңбекқорлықты қажет етеді.
3. Өнімді нашар алған диқан ендігі жылы тұқым сеппей қойса, арғы жылы өнім алуы тіптен қиындайды.
4. Ештеңеге тәуекел ете алмаған адам ештеңе ұта алмайды.
5. Бизнеске біліктілік, адами мәдениеттілік қажет.
