Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс казак .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361.98 Кб
Скачать

Бесінші сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.

1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Бағаны (барлық түрін) белгілеу үшін салалық өнімнің толық өзіндік құнын алады, сонан соң оған өзіндік құннан белгіленген мөлшердегі рентабельдікті (сомасын) қосады. Сөйтіп пайданы өзіндік құнмен салыстырып дұрыс баға белгіленеді. Пайданы толық өзіндік құннан белгіленген рентабельділік арқылы есептеп шығарады. Өндірісті одан әрі дамыту үшін өнімді сатқаннан түскен ақша барлық жұмсалған шығыңнан (өзіндік құннан) артып, қажетті мөлшерде пайда әкелуге тиіс.

Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылады

Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды.

(Профессиональный казахский язык З.М.Загитова)

Сөздерді есте сақтаймыз:

баға – цена

белгілеу – определять

өзіндік құн – себестоимость

мөлшер – величина

сала – область, отрасль

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Баға – дегеніміз не?

2. Бағаны қалай белгілейді?

3. Пайданы қалай есептеп шығарады?

4. Баға өз алдына нені талап етеді?

5. Өзіндік құн дегеніміз не?

6. Нарықтағы баға нені қамтиды?

3-тапсырма. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыздар

Атаман үкіге еңкейіп, қолын суға малды да, бір қызыл сағанды мұз бетіне лақтырып тастады. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Уақыт керуеніне бөгет жоқ. Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі де өзгермеген. Істің қазіргі ұсқынына қарағанда, береке бітіммен тынатын түрі жоқ. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды.

4-тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін анықтаңыз.

1. Баға пайданы салыстырып өзіндік құнмен белгіленеді дұрыс.

2. Ақша дамыту өндірісті өнімді одан түскен әрі үшін сатқаннан жұмсалған барлық шығыңнан артады.

3. Өнімнің құнын алады бағаны салалық белгілеу үшін толық өзіндік.

5-тапсырма. Мақалды жаттап алыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

Бағаны базар іреттейді,

Сананы өмір іреттейді.

Қолдағы малдан не пайда,

Өнімін, төлін бермесе.

Сүтін ішіп, ет-майын,

Бала-шағаң жемесе.

Теңге тиыннан. 

Ынтымақ ұйымнан.

Тұз астың дәмін келтіреді, 

Мақал сөздің дәмін келтіреді.

Теңге тиыннан өсер,

Жылқы құлыннан өсер.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Өнімді өндіру мен өткіз... жұмыстар... орындау, қызметтер... көрсету үдерісін... пайдаланылады.

2. Өндірістік өзіндік құн... цехтық өзін.... құн жалпы өнеркәсіп... басқару... және қызмет көрсетумен байланыс... шығындар жатады.

3. Пайдан.... өзіндік құнмен салыстыр... дұрыс баға белгілене.... .

7-тапсырма. Сөйлемді аударыңыздар.

Цена – денежная выражение стоимости товара; величина цены зависит от уровня стоимости и от соотношения спроса и предложения на товары.

Цена договорная – в период перехода к рыночным отношениям применяется на товары, не оказывающие существенного влияния на жизненный уровень населения. В системе цены договорной функционируют отпускные и розничные цены.

Цена закупочная – цена, по которой государство закупает сельскохозяйственную продукцию у производителей.

8-тапсырма. Берілген жұмбақты аударып, шешімін тауыбыңыздар.

1. На товаре быть должна

Обязательна .....

2. Люди ходят на базар:

Там дешевле весь .....

3. Дядя Коля – нунизмат.

Значит, каждый экспонат,

Я скажу вам по секрету,

Называется .....

4. Много знает он о сделках,

Крупных денежных и мелких,

Ведь всегда меж двух сторон

Их посредник в деле он.

5. В наши дни не встретишь эту

Очень малую монету.

В сказках ты ее найдешь,

Денежка зовется .....

Керекті сөздер: монета, цена,грошь, маклер, товар,

СОӨЖ. Үй шаруашылықтарының қаржысы мәні мен мазмұны.

Мәтінді мазмұндаңыз.

Қаржы жүйесінде үй шаруашылықтарының қаржысы ерекше буын ретінде қарастырылады. Үй шаруашылықтарының қаржысы маңызды экономикалық қызмет субъектілері, өйткені жекелеген субъектінің жағдайына әсер етеді. .

Үй шаруашылықтары экономикалық агент ретінде шешімдер қабылдайды, алдымен олар жанұя мүшелерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Үй шаруашылықтары деп бір немесе бірнеше тұлғалардың, бірге тұратын және ортақ бюджеті бар шаруашылықты айтады.

Үй шаруашылықтары жанұяның қажеттілігін қанағаттару үшін өндірістік қызметінің нысанын көрсетеді.

Үй шаруашылықтары қаржысы жанұя мүшелерінің матеиалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және бөлу бойынша экономикалық ақшалай қатынастарды көрсетеді.

Қаржы жүйесінің буыны болып қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылымының бастапқы элементі ретінде қарастырылады.

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары – жанұя қарамағындағы ақша қаржаттарының жиынтығы. Үй шаруашылықтарында екі қор құрылады:

- тұтыну қоры, ұжымның (жанұяның) қажеттілігін қанағаттандыруға (тағам алу, тұтыну тауарларын алу, қызметтерді төлеу, т.б.);

- жинақтау қоры, қымбат бағалы тауарларды сатып алу үшін немесе болашақта пайда табу мақсатында жинақталатын қор.

Қаржы ресуртарының құрамы:

  1. Меншікті қаражат, яғни жанұяның мүшелерімен алынған табыстар– жалақы, коммерциялық қызметтен табыс;

  2. Нарықта жинақталған қаражат, яғни несиелік мекемеден алынған қаражат, дидвдендтер, пайыздар;

  3. Қайта бөлу нәтижесінде алынған қаражаттар– зейнетақы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан алынған ссуда.

3. Үй шаруашылықтарының шығыстары.

Үй шаруашылықтарының бюджеті – үй шаруашылықтарының ақша қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану нысаны.

Бюджет шеңберінде ақшалай қаражат шығыстары:

- жеке бюджеттер, жанұя мүшелерінің түрлі тауарларды сатып алуына қажетті қаражат шығыстарына арналған бюджет;

- ортақ бюджет, ортақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға арналған бюджет (телевизор, тоңазытқыш алу үшін және т.б.);

- жинақтар (резервтік қор), болашақ күрделі шығындар үшін қажетті шығындарға арналған бюджет (үй, пәтер, жер учаскесі, көлік алуға арналған шығындар).

СӨЖ. Еңбек қорғау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]