Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс казак .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361.98 Кб
Скачать

Он бесінші сабақ Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

  • жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

  • әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

  • еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

  • жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

2- тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

***

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айрылмас азап.

***

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық,

Аздырар адам баласын.

***

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.

Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,

Қор етеді, кулығын ішке сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

***

Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойына жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар.

(Абай)

***

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

(Төле би)

***

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.

3- тапсырма. Коп бағыныңқылы сабақтастардың қайсысы сатылы, қайсысы жарыспалы екендігін анықтап, схема түрінде көрсетіңіздер.

Аспан қаһарының ббарлығын жерге төгіп болған соң, күн жадырап, ауа шайдай ашылды. Мен үйге кіргенде, күн батып, үй іші қара көлеңке болып қалған еді. Машина жақындаған сайын, қала да қойнын ашып, көшелері кеңи береді. Баста бірін-бірі онша жақсы білмесе де, осында келгеннен кейін, семьялары қатты араласып, туыстай боп кеткен-ді. Максатты тыңдай отыра, оның сөздерінен көңіліне қауіп ала отыра, Айжанға көлденең, бір ой кеп кетті.

Он бесінші сабақ соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?

Оқыңыз! Білініз!

Тіршілік пікір жоқ 307 рет оқылды

Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы нысандылықтарды

Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы нысандылықтарды сақтауды естен шығармаңыз.   Бүгінгі күні жұмыс беруші мен жұмыс алушы құқықтарының тең еместігін білу керек. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдауда басымдыққа ие еңбек шартын құрастыруда да, алдымен оның талаптары ескерілген. Алайда өзіңіздің негізгі құқықтарыңызды біліп, оларды қолдануға Сіздің мүмкіндігіңіз бар.

Жұмысқа қабылданғанда жұмыскерден бұрынғы жұмысынан анықтамалар, бұрын алған төлемақы туралы мәлімет, отбасылық жағдайы,  бұрынғы жұмыстағы мінездемелері, т.б – осы документтерден басқасын талап етуге заңмен тыйым салынады.

Жеке еңбек шартын жасасу. Жұмысқа қабылдау барысында жеке еңбек шартын жасасу шарт (ары қарай – келісімшарт). Ол жазбаша негізде екі данамен Сіздің және жұмыс берушінің қолдары қойылып, әрқайсысына бір данадан қалады. Жұмыскер келісімшартының бір данасы алынғандығы туралы жазбаша негізде расталады. (Сіз жұмыс берушінің данасына өз данаңызды алғандығыңыз жөнінде белгі қоясыз).

Жұмыскердің іске кірісу күні, яғни жұмыстың басталуы келісімшартта көрсетіледі.

Келісімшарт жасалғаннан кейін, жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдауы жөнінде бұйрық шығарып, Сізге қолхат ретінде берілуі тиіс.

Тәжірибе көрсеткендей, келісімшарт мүлдем не дұрыс жасалмаған оқиғалар көптеп кездеседі. Келісімшартсыз жұмысқа қабылдануға келіссеңіз, онда Сіз өз құқықтарыңызды толықтай қорғай алмайсыз. Алайда бұл Сіз барлық құқықтарыңыздан айырыласыз деген сөз емес. Жұмысқа қабылдау бұйрығы мен жұмысқа кірісу фактісі келісімшарттың жасалғанын растайды. Алайда қарама-қайшылық туындаған жағдайда, Сіз төлемақы көлемін, қызмет міндеттемелерін тағы басқа жағдайларды дәлелдей алмайсыз. Өйткені олар ешқайда көрсетілмеген. Сондықтан, келісімшарттың жазбаша формасы Сіз үшін маңызды.

СӨЖ. Еңбек нарығына байланысты реферат жазыңыз.