- •Екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Нарықтық экономика. Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?) Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
- •Бесінші сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Алтыншы сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Жетінші сабақ. Лексикалық тақырып: Банкир Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Маңдай терімен табыс табуға ұмтылмайтындардан аулақ жүр.
- •Сегізінші сабақ Лексикалық тақырып: Бухгалтерлік есеп. Грамматикалық тақырып: Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •Он бірінші сабақ Лексикалық тақырып: Салым Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
- •Он екінші сабақ
- •Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он төртінші сабақ.
- •Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он бесінші сабақ Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •Он бесінші сабақ соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
Он төртінші сабақ.
Лексикалық тақырып:
Коммерциялық банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы
Түйін сөз: активтік операциялар, кассалық операциялар, несиелік операциялар, инвестициялық операциялар, бағалы қағаздар, комиссиондық операциялар, кепілдік операциялар, активтердің сапасы.
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар, мазмұндаңыз.
Коммерциялық банк активтері бұл банктің меншікті және тартылған ресурстарын, несие және өзге де активтік операциялар бойынша орналастыруды білдіреді. Банктің активтік операциялары – табыс алу, өтімділікті қолдау мақсатында иелігінде бар ресурстарды орналастырумен байланысты операциялар.
Активтік операцияларға кассалық, несиелік, инвестициялық, комиссиондық және кепілдік операциялар жатады.
Кассалық операциялар – қолма-қол ақшаларды қабылдау және берумен байлансты, кез келген банктің ағымдағы өтімділігін қолдаумен байланысты операциялар.
Несиелік операциялар – банкке пайыз және комиссиондық табыс әкелетін клиенттергі займдар берумен байлансты операциялар. Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары алады. Банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік несиелік біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді. Несиелік операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін құрайды. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелерді береді.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Аударыңыз:
Банк проводит активную внешнеэкономическую политику.
Банком установлены корреспондентские отношения с ведущими банками США, Франции, Швеции, Испании, Австрии.
Банк успешно работает с частными клиентами.
В короткий срок банк выдвинулся в число лидеров.
В кассе банка должна быть сумма наличных денег для удовлетворения потребности своих клиентов.
Работа приходной кассы организована так, что клиенты банка имеют возможность сдать выручку в течение определенного дня.
Зачисление денежной выручки на счета банка и выдача наличных средств на различные цели.
Заемщик- получающий кредит и обязанный возвратить полученную ссуду.
Руководство банков ведет контроль за качеством своих активов, предоставлением новых кредитов, технологией кредитования, соблюдением заемщиком условий кредита.
3-тапсырма. Сөйлем құрастырыңыз:
Бағалы зат, тиімді келісім, ақша қаражаты, шетелдік валюта, есепшот ашу, депозиттік салым пайызы, шартты талдау, пайыз мөлшерін өсіру, сатуға кірісті, салым қабылдау.
4-тапсырма. Етіс түрлерін ажыратыңыз.
Қалыптастыру, жапкыз, қолдау, таранды, төгілді, көрсеткіз, жайнат, сөйлес, табыс, санас, орналастырылды, салыс, құрылады, табылады, жасалды, келтір, бітірт, айтқыз, алғыз.
СОӨЖ. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялары.
Мәтінді мазмұндаңыздар.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:
- банктің эмитент ретіндегі операциялары;
- инвестор ретіндегі операциялары;
- делдал ретіндеге операциялары.
Коммерциялық банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаздарды шығарады: акция, облигация, банктік сертификат, туынды бағалы қағаздар.
Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастырады.
Облигация мен сертификаты шығару арқылы банктер қосымша қаражаттар тартады.
Банктің инвестор ретіндегі қызметінің нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады.
ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- брокер қызметі
- дилер қызметі;
- депозитарий қызметі;
- кастодиандық қызмет;
- тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі;
- бағалы қағаздарды басқару.
Комиссиондық операциялар – клиенттердің тапсырмасымен және олардың атынан жүзеге асырылатын және банке комиссиондық табыс әкелетін операцияларды білдіреді.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
- дебиторлық қарызды инкассациялауға байланысты операциялар (әр түрлі төлем құжаттары негізінде клиенттердің тапсырмалары бойынша қаражат алу);
- аударым операциялары;комиссионды делдалдық операциялар (шетел валютасын, бағалы қағаздарды, бағалы металлдарды сатып алу–сату, факторинг, форфейтинг, лизинг және өзге)
Кепілдік операциялар – комиссиондық табыс әкелетін және клиенттің қарызы бойынша үшінші бір тұлғаға кепіл берумен байланысты операциялар.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
СӨЖ. Жеке іс парағын толтыру.
