Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс казак .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361.98 Кб
Скачать

Он үшінші сабақ

Лексикалық тақырып: Сыртқы экономикалық байланыстар

Грамматикалық тақырып: Сан есім және оның түрлері

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Бүгінде республика дүниежүзіндегі жүз қырық бес мемлекетпен сыртқы сауда операцияларын жүргізуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің жүз жиырма екі еліне жүзеге асырылуда, импорттық тауарлар жүз он бес мемлекеттен жеткізілуде.

Қазақстан өнімін негізін тұтынушылары – Ресей, Нидерланды, Қытай, Швейцария, Германия, Өзбекстан, Италия, Украина, Ұлыбритания т.б.. Импортталатын тауарлардың басым бөлігі Ресейден, Өзбекстаннан, Түркіменстаннан, Гермаиядан, Түркиядан, Ұлыбританиядан Белорусьтен, Украинадан, АҚШ-тан, Қытайдан жеткізіледі.

Қазақстан Еуропа мен Азия Тынық мұхит аймағын қосып маңызды геосаяси орын және стратегиялық кеңістікті алып жатыр. Сондықтан Қазақстанның Ресей және Қытаймен өзара қарым-қатынастары ерекше мәселе болып табылады. 1992 жылы Ресесймен өзара көмек, экономика, әскери және саяси сфераларда достық пен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды. Қытай Халық Республикасымен де бірқатар келісімдер жасалды. Қазіргі кезде Қазақстаннан сыртқы нарыққа тауарлардың екі жүзден астам түрі шығарылды. Қазақстанның түсті металдары, ферроерітінділер, қара металл, минералдық тыңайтқыштар, көмірсутекті шикізат дүниежүзілік нарықта көп сұраным тауып отыр. Республиканың экспорттық тауарларының маңызды тобын агроөнеркәсіп кешенінің өнімі: талшықты мақта, дәнді дақылдары, былғары шикізаты, ет консервілері құрайды.

Қазақстанның ең ірі және пәрменді шетелдік әріптестері арасында Шеврон, Британия Газ, Аджип, Мобил, Самсунг т.б. бар. Шетелдік инвесторларды бәрінен көп қызықтыратыны – мұнай-газ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия.

Тізе берсек тізім үлкен, еліміз әлемнің бар елімен қатынаста десек артық болмас, ең бастысы тізім емес, нәтижелік, еліміздің алға дамуы, ДСҰ-ын басқаруы.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мекен, мезгіл үстеулерін қолданып, сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңыз.

Әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, лайықты орын, өтпелі кезең, іс жүзінде, тығыз байланыс, әңгіме барысында, баса назар аудару, дербес даму жолы, жөн болар еді, айрықша риза, жалғасын табу.

4-тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қарапйым американдықтар (немістер) Қазақстан туралы неге өте аз біледі деп ойлайсыз? Оның себебі неде?

2. Кез-келген ел туралы пікір қалай қалыптасады деп ойлайсыз?

3. Қазір біздің елімізге кімдер қызығушылық танытып отыр? Не үшін?

5-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, есіңізге сақтаңыз.

1. Өз елің – алтын бесік.

2. Әркімнің өз жұрты – ұжмақ.

3. Отан – елдің анасы.

Ел – ердің анасы.

4. Ұлтарақтай болса да

Ата қонысы – жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып - өскен ел қымбат.

СОӨЖ тапсырмалары. Жағдаят.

1-тапсырма. Сіз шетелге ресми іс-сапармен бардыңыз. Қазақстанды қалай таныстырар едіңіз? Яғни, «Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» тақырыбы бойынша өз ойыңызды жазыңыз.

2-тапсырма. Сіз ірі шетел компаниясымен бірлескен кәсіпорынның басшысысыз. Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз өткізіңіз. Шараның толық жоспарын құрып тапсырыңыз.

СӨЖ. Жағдаят.

1-тапсырма. Сіз шетелге ресми іс-сапармен бардыңыз..

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сыртқы экономикалық байланыстар – жүйесінде қаржы үлкен рол атқарады. Ол шаруашылықты жүргізудің экономикалық инструменті ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының ролі - үш бағыт бойынша көрінеді:

Қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;

Халыралық ықпалдастық процестерді реттеу;

Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын көтрмелеу.

Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту мемлекеттің шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және несие қатынастарының негізіне қойылған. Қазақстандағы нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін бүкіл дүниежүзілік банк, Халыралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы мекемелерімен іс- әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар.

Сөздерді есімізге сақтаймыз:

Байланыстар-связи

Ену-вводить, входить, присоединиться

Қалыптастыру –сформировать

Қағидалары-нормативы

Қауіпсіздік-безопастность

Саясат-политика

Ықпал-влияние

Ынтымақ-солидарность

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

3–тапсырма. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсаты не?

2. Сыртқы экономикалық байланыстар не үшін пайдаланады?

3. Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының ролі неше бағыт бойынша көрінеді?

4. Қазақстандағы нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қаңдай банктермен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар?

4-тапсырма. Төл сөзінің автор сөзінің ортасында келген түрін табыңыздар.

Марат: «Үй тапсырмасын орындадың ба?» - деп сұрады. «Әттеген-ай!» - деп басын шайқады. Айтқаны мынау: «Ертең қонақ келеді».

– Бүгін қай күн? «Балалар, - деп ағай бізге қарады, - сабақты бастауға дайынсыңдар ма?»

5-тапсырма. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыздар. Содан соң салыстыру жолымен олардың арасындағы өзгерістерді көрсетіңіздер.

1. – Шалғайдағы ауданға келгеніме өкінбеймін, - деді ол.

2. – Мынау үгіт айтып кетті ғой, - деді әлдекім.

3. – Сізді қайтарудағы мақсат не? – деп сұрады Марат.

4. Ол Маратпен қолдасып жатып, - Асан Жағыпаров, - деп, өзін таныстырып өтті. Марат бетіне тесіле қарап отырды да:

- Сізді сыртыңыздан білетін сияқтымын, - деді.

- Мен де сізге сырттан қанықпын, - деді Асан.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңыз.

Көптеген экономика.... және саяси жаһандау үдерісте... халықаралық құқықтың басты-басты қағидала... алға қойып отыр.

Қазақстан жекеле... мемлекеттермен сыртқ... қарым-қатынасында халықара... құқықтың көпшілік таныған нормала..... сақтауд.... көздейді.

Сыртқы экономика... байланыстар – жүйесін.... қарж... үлкен рол атқарады.

7-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрыңыз.