
- •Екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Нарықтық экономика. Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?) Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
- •Бесінші сабақ. Лексикалық тақырып: Баға. Өзіндік құн. Грамматикалық тақырып: Аралас құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Алтыншы сабақ Лексикалық тақырып: Ұлттық банк. Грамматикалық тақырып: Етістік. Оның түрлері.
- •Жетінші сабақ. Лексикалық тақырып: Банкир Грамматикалық тақырып: Синоним.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •6. Маңдай терімен табыс табуға ұмтылмайтындардан аулақ жүр.
- •Сегізінші сабақ Лексикалық тақырып: Бухгалтерлік есеп. Грамматикалық тақырып: Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •4 Тапсырма. Сөйлемнен анықтауыштарды табыңыз.
- •Он бірінші сабақ Лексикалық тақырып: Салым Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.
- •Он екінші сабақ
- •Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он үшінші сабақ
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он төртінші сабақ.
- •Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Он бесінші сабақ Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.
- •Он бесінші сабақ соөж. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
№ 7 қосымша
Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары
Бірінші сабақ.
Лексикалық тақырып: Қазақстан экономикасының дамуы.
Грамматикалық тақырып: Сөйлем түрлері. Жай сөйлем.
Құрмалас сөйлем. Сұраулы сөйлем.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Қазақстан дүниежүзі бойынша ең шапшаң дамып келе жатқан елдердің бірі.
Экономиканың қарқынды дамуы отандық компаниялардың өсу преспективасын жандандырды. Ал бұл Қазақстан Республикасы қор нарығының дамуы үшін аса маңызды іс.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда.
Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды.
Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 118 миллиард АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (14,5 млрд. АҚШ доллары).
Қазақстанның жетекші компаниялары («ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазатомпром» және басқалар) халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.
Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел.
Республикада бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған.
Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орында иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек.
Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.
Сөздерді есімізге сақтаймыз:
белсенді – активный
бәсеке – конкуренция
деңгей - уровень
көлем – объем
қарқынды – стремительно
сарапшылар – эксперты
саралауы – отборочно, делать отбор
табысты - прибыльный
тікелей – напрямую
шапшаң – быстро, быстрый
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Экономиканың дамуы нені жандандырады?
Қазақстан экономикасы қалай өсіп келеді?
Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі қандай?
Республикада бизнесті дамыту үшін жағдай жасалған ба?
Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды неше мемлекеттің қатарында?
3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден жай сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Қазақстан ең шапшаң дамып келе жатқан елдердің бірі. Қазақстанның қаржы жүйесі ең озық жүйе. Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел. Біздің еліміз үлкен аумақты алып жатыр. Экономикалық даму қарқыны зор елміз. Мүшелікке қабылдандық. Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
4 – тапсырма. Сұраулы сөйлемді қатыстыра отырып, Қазақстан экономикасының дамуына қатысты сұрақ-жауап түрінде сөйлесіңдер.
5 – тапсырма. Қазақстан экономикасы қалай дамып жатыр?
Диалог құрастырып, сөйлесіңіз.
6 – тапсырма.
Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикасы туралы баяндама жазыңыз.
7 - тапсырма. Текстегі сұраулы сөйлемдерді жасалу жолына қарай ажыратыңыз.
8 - тапсырма. Берілген жай сөйлемдердің сөйлем мүшелеріне сұрақ қойыңдар. Сөйлем мүшелерін шартты белгілермен сызып көрсетіңдер.
Қазақстан –қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтады.
Қазақстанда қаржы жүйесі қалыптасқан.
Қазақстанның жетекші компаниясы «ҚазМұнайГаз».
Үлгі: бастауыш_________ , баяндауыш ============, анықтауыш ~~~~~~~~~~~~, толықтауыш _ _ _ _ _ _ , пысықтауыш _ . _ . _ . _ . _ .
9 - тапсырма. Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.
Қазақстан экономикасы қарқынды өсіп келеді.
Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар көлемі 118 миллиард АҚШ долларына жетті.
10 - тапсырма. Берілген сандарды оқылуы бойынша жазбаша баламасын жазыңыз:
115 млрд. долларға дейін, 2009 жылы, 7000 АҚШ доллары, 14,5 млрд, 2017 жыл.
11 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді жай сөйлемге айналдырыңыз.
Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты аяқтап, жаңа сапалы қадам - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ниет білдіріп отыр.
Қазақстанның жетекші компаниялары («ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазатомпром» және басқалар) халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.
Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды.
12 - тапсырма. Мына сұрақтарға жазбаша жауап іздеңіздер.
Сұрақтар:
|
Жауаптар: |
1. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша нешінші орын алады? 2. Қазақстанның жетекші компанияларын атаңыз? 3. Дүние жүзі бойынша ең шапшаң дамып келе жатқан ел? 4. Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды неше мемлекеттің қатарында? 5. 2017 жылы Қазақстан қандай саланың ондығына кірмек? 6. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі қандай? 7. Экономиканың дамуы нені жандандырады? |
1. _____________________ 2. _____________________ 3. _____________________
4. _____________________
5. _____________________
6. _____________________
7. _____________________ |
13 - тапсырма. Ауызша мәтінге байланысты төрт сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
14 - тапсырма. Мәтіннен жай сөйлемдерді тауып, синтаксистік талдау жасаңдар.
СОӨЖ. Экономикалық дамудың негізгі үлгілері.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.
Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.
Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.
Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:
Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
Пайдалануға өте ыңғайлы
Мүлтіксіз сақталынуы
Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.
2- тапсырма. Өзіңіздің ойыңызды айтыңыз.
Мемлекет басқаруға лайықты жаралғанбыз дейтіндер көбіне-көп ақылы орта, жаны жарымжан адамдар. Міне, солар асқан жігер мен табандылық танытып алға ұмтылады. Ақыры біреуі өлермендікпен үкімет басына жетіп жығылады.
(Ч.И.Амирэджиби)
Бір адал адамды ұрып-соғып жатқанда, барлық адал адамдардың жаны қоса ышқынып, аяққа тапталған адамдық асыл қасиеттің азабын бірге шегіп, ашынулары керек.
Өтірік пен жалғандық – өмірдің адамды қорлауының ең бір кең тараған оңбаған түрі.
(Л.Н.Андреев)
СӨЖ. Ақшаң болса қалтаңда…
Оқыңыз! Біліңіз!
ҚАЗАҚСТАН ТЕҢГЕСІ. Өзіміздің төл ақшамыз. Бұл атау қазір мақтанышпен аталады. Себебі ол – ел болғандығымыздың белгісі. Тәуелсіздіктің айшықты көрінісі. Осы теңге шыққалы көп нәрсе өзгерді. (Ал, оған дейін еңбекақы мен зейнетақы уақытында берілмей жүрді). Біздің ұлттық валютамыздың артықшылығы көп-ақ. Соның бірін айта кетейік. Қазіргі заманғы қағаз ақшалардың әлемдік тарихын ашу құрметі теңгеге бұйырған. Неліктен таңдау басқаға емес оған түскен? Айтайық. Теңге сапасы мен қорғанышы жағынан әлемдік 10 банкноттың қатарында. Бәрімізге белгілі АҚШ долларында 4 түрлі қорғаныс элементі бар. Біздің теңгеде оның саны 14. Төл валютамызды жасауға “Harrisson & Sons” фирмасы бекерге таңдалмаған. Ол 1898 жылдан бері осы шаруамен айналысып келе жатыр. Сол уақыттың ішінде оның атына ешбір сын айтылмаған. Теңгенің сапалы шығуына фирма ынталылық танытпаса алғашқы ондыққа кірмес едік. Елбасымыз кімге сенім арту керектігін дәл тапқан. Қазіргі, соңғы шыққан теңгелерді қолдан жасау мүмкін емес. Оларға кейбір құпия белгілер қолмен салынған көрінеді. Қағазы да ерекше. Жалған ақша бірден анықталады. Санаушы аппараттардан да жылдам өтеді.Тәуелсіздіктің әр жылы 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келген қазақ ақшасын сынаудай-ақ сынап бақты. Ұлттық валютамыз төтеп берді. Долларды шалып құлатқан кешегі дағдарыс та оның сағын сындыра алмады. Қазір де 1 доллар – 147,65, еуро – 207,26, рубль – 4, 80 теңге. Аздап ауытқушылық болғанымен “көк қағаз” соңғы жылдары 150 теңгелік мөлшерге секіре алмады. Алға қарай да оған жетуі неғайбыл. Бірден айта кетейік, біз осы мақаламызда тек теңгемізге ғана тоқталмаймыз. Сонымен қатар доллар, еуро, пластикалық карточкалар туралы да аздаған мәлімет берсек дейміз…
Екінші сабақ. Лексикалық тақырып: Нарықтық экономика. Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Нарықтық экономика – экономиканы ұйымдастыру жүйесі, онда шаруашылық шешімдер орталықтан шешілмейді, ал өндіріс және ресурстарды бөлу жоспармен емес өндірушілер және тұтынушылармен анықталады. Еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке немесе меншікке негізделген.
«Нарық экономикасы» термині «нарық» ұғымынан кең, оған екі сала: өндіріс және тұтыну жатады.
Одан да кең «әлеуметтік-реттелетін нарық экономикасы» деген ұғым нарық экономикасына яғни, сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші механизмді (тікелей және жанама) қоса тіркейді. Реттеуші механизмге мемлекет, нарық институттары, әлемдік экономика әсері жатады.
Реттеудің мақсаты – қоғамдық қасиеттерді қамтамасыз ету, нарық экономикасы салаларының жалпы проблемаларын шешу.
Нарық бүгінде сатып алу-сату объектісіне дәстүрлі тауарлармен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация, зиялылық (интеллектуалды) тәрізді жетістіктерді біріктіреді.
Нарық экономикасы тәжірибесінде төмендегідей процестерді шешуде өте тиімді әдіс болып табылады:
өндіріс пен тұтынудың өзара байланысын қамтамасыз етеді;
өз алдына тәуелсіз шаруашылық жүргізетін өндірушілер еңбегі нәтижесін қоғамдық тұрғыдан бағалайды;
бағаның еркін қозғалысын қамтамасыз етеді;
бәсекенің жалпыға бірдейлігін реттейді.
Сөздерді есте сақтаймыз:
алу-сату – купля-продажа
баға - цена
бәсекелестік – конкуренция
меншік – имущество
ұйымдастыру –организовать
ұсыныс - предложение
қамтамасыз ету – обеспечивать
қоғамдық - общественный
реттеудің мақсаты – цель регулирования
экономика әсері – экономическое влияние
өндіріс – производство
сұраныс – спрос
тұтыну – потреблять, потребитель
тиімді әдіс – выгодный метод
тікелей – прямо
шаруашылық - хозяйство
шешімдер – решение
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма: Мәтінді аударыңыздар.
3 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Нарықтық экономика дегеніміз не?
2. Өндіріс және тұтыну қай салаға жатады?
3. Әлеуметтік-реттелетін нарық экономикасы дегеніміз не?
4. Реттеудің мақсаты не?
5. Нарық бүгінде қандай жетістіктерді біріктіреді?
6. Нарық экономикасына қандай екі сала жатады?
7. Реттеуші механизмге қандай әсер жатады?
4-тапсырма. «Бәсекелестік, меншік, өндіруші, тұтынушы» сөздерінің орысша баламасын табыңыздар.
5-тапсырма. Берілген сөйлемді аударыңыздар.
Нарық бүгінде сатып алу-сату объектісіне дәстүрлі тауарлармен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация, зиялылық тәрізді жетістіктерді біріктіреді.
6-тапсырма. Өзіңді тексер.
Белгілі бір атау мағынасында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі түріндегі жай сөйлем ....... деп аталады. Мысалы: ......
7-тапсырма. Берілген сөйлемдерді күрделі сөйлемге айналдырыңыз:
1. Бағаның еркін қозғалысын қамтамасыз етеді.
2. Бәсекенің жалпыға бірдейлігін реттейді.
3. Өндіріс пен тұтынудың байланысын қамтамасыз етеді
8-тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Рынок – экономическая категория товарного хозяйства, представляющая собой сферу товарного обмена. Первоначальнорынок возник в виде непосредственных обменных операций товара на товар.
9-тапсырма. Қазақстанның нарықтық экономикасы жайлы әңгімелеңіз.
10-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Нарықтық экономика, отандық экономика, экономикалық ақпарат, экономикалық дағдарыс.
11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойыңыз.
1. Нарықтық экономика бір орталық... бағынбайды.
2. Ол жеке адам... бостандығы.... басты принциптері.... негізделеді.
3. Экономика.... табиғат... салыстыруға болады.
4. Шет елдер... жастар үйленгенде некелік шарт жасайды.
5. Экономика байлық...., бақыт...., тыныштық... барар жол.
12-тапсырма. Диалогты роль бойынша оқыңыз, толықтырыңыз.
- Нарықтық экономика адамдарды неге үйретуде?
- ...........
- Нарықтық экономика адамдарды жаппай кәсіпкерлікке үйретуде.
- ...........
- Қалай ойлайсыз, нарықтық экономика адамның психологиясын қалай өзгертті?
- ...........
- Ол халықты табыс табуға, пайда түсіруге, ақшаның әрбір тиынын бағалай білуге үйретіп отыр.
- ...........
- Не арқылы жұрттың күш-жігерін, ақыл-ойын еңбекке бағыттауға болады?
- ............
- Нарық экономикасы арқылы ғана жұрттың бүкіл күш-жігерін, ой-санасын еңбекке бағыттауға болады?
- ............
- Реформаның табысты іске асуы неге байланысты?
- ............
- Реформаның табысты іске асуы ақша саясатына байланысты.
- ............
13-тапсырма. Ойланып, жауап беріңіз.
Еліміздегі қазіргі экономикалық жағдайды қалай түсінесіз?
Қалыптасқан экономикалық жағдайды шешу үшін қандай экономикалық ұсыныс жасар едіңіз?
Қазақстан Республикасында нені өзгертуге дайынсыз және не өзгерте аласыз?
СОӨЖ. Экономикалық жүйе.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.
Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Оған әсер ететін факторларды үш құрылымға топтастыруға болады:
1) шаруашылық құрылым;
әкімшілік құрылым;
ақпараттық құрылым.
Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.
Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.
СӨЖ. Өтініш түрлерін дайындау
Үшінші сабақ.
Лексикалық тақырып: Сұраныс пен ұсыныс.
Грамматикалық тақырып: Зат есімнің тәуелденуі.
Толымды, толымсыз сөйлемдер.
1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Ұсыныс дегеніміз - сатушылардың нарықта тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі.
Ұсыныс – бұл нарықта тұрған немесе жеткізуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы. Ұсыныс өндірілген тауарлардың ассортименті (әр түрлі тауарлар жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранымды құрайды. Өз кезегінде сұраным тауар өтімді тауар ғана қайта өндіріле алады.
Сұраныс дегеніміз белгілі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Сұраным – бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну түрі. Басқаша айтқанда, сұраным – төлем қабілеті бар қажеттілік. Сұраным заңы бойынша егер баға төмендесе, тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Ал тауарларға баға өссе, онда оларға сұраным азаяды. Сұраным бір қалыпты тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл өзгеріп отырады.
Нарықтық сұраным толып жатқан факторлардың (бағаның деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, тұрғындардың ұнатуы және артық бағалауы, жиналған мүлік, сатып алушылардың саны) әсері арқылы қалыптасады.
Сұраным мен ұсыным әрдайым бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады.
Сұраным мен ұсыным бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады.
Сөздерді есте сақтаймыз:
әдіс – метод
баға – цена
бағаның еркін қозғалысы – свободное движение цен
бәсеке – конкуренция
төлем қабілеті – платежеспособность
тұтыну – потребление
сұраныс – спрос
реттеуші механизм – механизм регулирования
ұсыныс – предложение
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
2-тапсырма. Мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
1. Сұраныс дегеніміз не?
2. Ұсыныс дегеніміз не?
3. Ұсыныс не арқылы сұранымды құрайды?
4. Сұраным мен ұсыным бір-бірімен өзара неде болады?
5. Тауарларға баға өссе, онда оларға не азаяды?
3-тапсырма. Төмендегі сөздермен жақсыз және жақты сөйлемдер құрастырыңыз. Бәсеке, қажеттілік, белгілі, қабілеті, реттеуші механизм
4-тапсырма. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар, жай сөйлем түрін анықтаңдар.
1. Әркімді қабілеттілігіне, іскерлігіне, біліктілігіне, қарай пайдалануымыз керек.
2. Сұраным мен ұсыным әрдайым бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады.
5-тапсырма. «Ұсыныс» сөзін септеңіз.
6-тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын беріңіз:
Сұраным, сұраныс, мөлшер, төлем қабілеті.
7-тапсырма. Берілген сөйлемнен септік жалғаулы сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын айтыңыз.
1. Сұраным мен ұсыным әрдайым бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады.
2. Сұраным мен ұсыным бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады.
8-тапсырма. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды қойып, сөйлемді көшіріңіздер.
1. Айрылмай..... деген уәде.... бар.
2. Сұраным мен ұсынысты салыстыру керек болса, уақытында салыстыра.... .
3. Адамдар... міне, аман-есен аласы... да, бересі.... де жоқ, - деп айқалап қайықты итеріп жіберді.
9-тапсырма. Сөйлемді оқып, тәуелдік мағынаның қандай көрсеткіш арқылы беріліп тұрғанын табыңыздардар.
1. Басқанікі болу мүмкін емес.
2. Біздің университетте жүргізген сабақтарымыз колонистерге көп ұғым берді және олардың саяси білімдерін едәуір көтерді. (А.Мак.).
3. Ұқсағаны шын болса, ән де сенікі. (А.Мак.).
10-тапсырма. Мәтіннен толымды және толымсыз сөйлемдерді тауып, талдау жасаңыз.
11-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
12–тапсырма. Мәтін ішінен ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөз тіркестерін табыңыздар.
Үлгі: ақша қорының жүйе+сі
13-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.
Халықтың қаржысы, қаражат жинау, жиынтығы, жүйе, құқықтық тәртіп, шағын кәсіпорын.
СОӨЖ. Тауардың бәсекелік қабілеті
Өз ойыңызды айтыңыз.
Тауардың бәсекелік қабілетін сапа анықтайды. Демек, сапа стандарттары халықаралық өлшемдерге қаншалық сай болса, отандық тауар да бәсекеге қабілетті болмақ.
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетов отандық сапа стандарттарын дамыту барысы туралы әңгімелейді.
- Ғабит Мұхамбетұлы, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік қадағалау жүйесіне 10 жылдан асқаны белгілі. Бүгінде отандық стандарттар халықаралық талаптарға қаншалықты жақындады?
- Алдымен айта кетейін, ҚР Индустрия және сауда министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің құрылғанына биыл 6 жылға жуықтады. Оны құрудағы басты мақсат - стандарттау мен сертификаттаудың ұлттық жүйесін реформалау арқылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық жүргізу және техникалық қадағалаудың жаңа жүйесін құру болды.
Бүгінде біздің орган техникалық реттеу және метрологиялық қадағалау саласындағы саясатты жүзеге асыратын және бақылау жүргізетін ведомство болып табылады. Тәуелсіздік жылдары 2510 мемлекеттік стандарт қабылданды. Оның 1603 бірлігінде халықаралық стандарттармен үйлесімдік бар. Бүгін біз ұлттық нормалардың халықаралық нормалармен үйлесімдік деңгейін 64 пайызға бағалап отырмыз. Экономиканың нақты секторындағы үйлесімдікті 67 пайыз деңгейіне жеткізе алдық. Үкімет алдымызға бұл бағанды жыл сайын 2 пайызға арттыру міндетін қойды. Айта кету керек, бүгінде Қазақстанның стандарттар қорында 55 мыңнан астам нормативті құжаттар бар.
Өкінішке қарай, қазіргі күні республиканың кәсіпкерлері посткеңестік кезеңдегі ескі ГОСТ-тарды пайдалануда. Оның себебі - кәсіпорындарымыздың өндірістік базасының техникалық жетілдірілмеуі. Қазіргі күні елді қарқынды инновациялық индустрияландыру шеңберінде, өндірістік базаны қайта жарақтандыру және халықаралық озық құжаттардың негізінде бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару бойынша нақты тапсырмалар алдық.
СӨЖ. Сауалнама, іс қағазын дайындау
Төртінші сабақ