
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- •5В050700 «Менеджмент» мамандығына арналған
- •Әдістемелік нұсқаулары
- •Өндірістік практиканың мақсаттары мен міндеттері
- •Өндірістік практикаға жетекшілік ету
- •3. Практика мазмұны
- •4. Практиканы өткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •5. Өндірістік практиканің тақырыптық жоспары
- •5.1 Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-шаруашылық жағдайы
- •5.1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
- •5.1.2 Басқаруды ұйымдастыруды талдау
- •5.1.3 Кәсіпорындағы менеджмент жүйесін жобалау
- •5.2 Кәсіпорынның экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайының талдауы.
- •5.2.1 Кәсіпорынның шаруашылық жағдайын және экономикалық даму деңгейі талдауы.
- •5.2.2 Экономикалық (жер) ресурстарын (материалды-техникалық базаны) пайдалануды талдау.
- •5.2.3 Кәсіпорынның (ауыл шаруашылық) өндірістік негізгі қорлармен қамтамасыз етілу және оларды қолдану тиімділігі талдауы.
- •5.2.4 Өнімдер (қызметтер) өндіруді талдау
- •5.2.5 Еңбек ресурстарын пайдалану мен еңбекті төлеу қорын талдау
- •5.2.6 Өндіріс шығындары (айналымы) талдауы және өнімдердің (қызметтердің) өзіндік құны
- •5.2.7 Кәсіпорынның табыстарын, пайдасын және рентабельділігін талдау
- •5.2.8 Сауда кәсіпорнының қаржылық жағдайын талдау
- •5.3 Таңдау бойынша бөлім (мысалы «Кәсіпорында персоналды басқару»)
- •6. Студенттердің практикадан өту барысындағы құқықтары мен міндеттері
- •7. Практика бойынша есепті рәсімдеу және қорғау
- •7.1 Өндірістік практика туралы есепті ресімдеуге арналған талаптар
- •Қосымша б
- •Қосымша в
- •Қосымша г
- •Қосымша д Кафедраға өндірістік практикаден кейін тапсырылатын материалдар тізімі
3. Практика мазмұны
Өндірістік практикаден өту кезіндегі студенттердің жалпы міндеттері мыналар болып табылады:
- кәсіпорын құрылымын, өндірістің ұйымдастырылуы мен технологиясы, өндірістік, экономикалық және басқару бөлімдерінің негізгі функцияларын зерттеу;
- өндірісті жоспарлау мен өнімді өткізуді зерттеу және талдау;
- өндірістің ғылыми-зерттеу, практика-конструкторлық және техникалық дайындықтарын талдау;
- өндірістің материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуін зерттеу;
- шығаратын өнімдерінің номенклатурасын және сапасын бағалау;
- шығындардың қалыптасу механизмін, олардың тиімділігін және баға қалыптастыруды зерттеу;
- кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін анықтау;
- өндірістік және басқару қызметінің әлеуметтік тиімділігін бағалау;
- кәсіпорынды басқарудың ақпараттық қамтамасыз етілуін талдау;
- өндірісті және персоналды басқаруды жетілдіру бойынша басқару шешімдерінің нұсқаларын әзірлеу, бағалау және қабылдау;
- басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылауды талдау;
- өндірістік тиімділігі тұрғысынан басқаруды талдау.
Студент өндірістік практикадан өту барысында статистикалық материал жинауы, кәсіпорынның қызметтік құжаттарынан қажетті үзінділер жасауы, диломдық жұмыс тақырыбы бойынша ақпараттармен танысуы және графикалық материалдар жинауы және әзірлеуі қажет.
Диплом жазушыға фирма, ұйымдар және кәсіпорындар қызметінің практикасі баяндалатын отандық және соған қоса шетелдік әдебиеттермен танысу ұсынылады.
Қазіргі кездегі қолданыстағы фирма, ұйымдар және кәсіпорындар жұмысын реттейтін нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулықтар, нормативті құжаттар, жарғылармен танысулары қажет.
Өндірістік практиканің қорытынды кезеңінде студент практикаден өту барысында жинаған материалдарын жалпылап, оның дипломдық жұмысты орындау үшін дұрыстылығы мен жеткіліктілігін анықтауы, практика бойынша есепті безендіруі қажет.
4. Практиканы өткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Студенттердің өндірістік практикасін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жетекшілігін менеджмент кафедрасы жүзеге асырады. Кәсіпорындағы практикані ұйымдастыру бойынша жауапкершілік кәсіпорын басшысы тағайындаған өндірісті басқару саласының маманына жүктеледі.
Студенттер практика орнына базалық кәсіпорындар және ұйымдармен немесе кәсіпорын сұранысымен жасалған келісім-шартқа сәйкес жіберіледі. Студенттің кәсіпорындағы ғылыми-әдістемелік жетекшілігін ЖОО-ң кафедрасының оқытушысы жүзеге асырады.
Практиканің ЖОО-нан бекітілген жетекшісі:
- практика бағдарламасына сәйкес әрбір студенттің жеке жоспарын бекітуі;
- студенттерді практика сұрақтары бойынша және жасалған жұмыстары туралы есеп құруға кеңес беруі;
- студенттер жұмысының сапасын және олардың жеке жоспарларының орындалуын тексеруі;
- дипломдық жобаны дайындау үшін материалдар жинауға және жүйелеуге көмектесуі қажет.
Студенттер жұмысына тікелей жетекшілікті кәсіпорыннан бекітілген жетекші жүргізеді. Ол студенттердің бағдарламалары мен жеке тапсырмаларын орындаулары үшін жағдай жасайды, өндірістік менеджмент сұрақтары, күнделікті жүргізу, есеп құру бойынша кеңес береді. Практика соңында күнделікті, практика бойынша есепті тексереді және студент жұмысы бағаланады.
Өндірістік практика бойынша есеп бағдарламаның негізгі бөлімдері бойынша жеке тапсырманы есепке ала отырып құрылады. Көлемі 50 бет қолжазба мәтін болуы қажет (қосымшасыз).
Студент, өндірістік бағдарламаны орындамаса және жұмысы туралы теріс пікір алса немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алса, практикаге қайта жіберіледі немесе жоо-нан шығарылады.