
- •Бірінші сабақ
- •Отан-отбасынан басталады
- •1. Берілген амандасу түрлерін тез, баяу, сыпайы, көңілсіз, нәзік, құштарлық, таңғаларлық сезіммен айтып шығыңыз.
- •2. Мәтінді қысқа-нұсқа әңгімелеп беріңіз.
- •3. «Сәлем – сөздің анасы» мақалын қалай түсінесіз. Екінші сабақ
- •Үшінші сабақ Лексикалық тақырып: Мінез және келбет
- •1. Сөздерді орыс тіліне аударыңыз
- •2. Сөздерді сәйкестендіріңіз
- •3. Мәтінмен танысыңыз Мінез және келбет
- •1. Төмендегі мәтіннің мазмұнын айтыңыз
Үшінші сабақ Лексикалық тақырып: Мінез және келбет
1. Сөздерді орыс тіліне аударыңыз
Келбет |
Мінез |
Сыртқы келбет, пішін, түр |
Білімді |
Дене бітімі |
Талантты |
Маңдай |
Турашыл |
Иек |
Келбетті |
Бойы |
Тартымды |
Келісті |
Есепшіл |
Шымыр |
Байсалды |
Жүдеу |
Қызба |
Қараторы |
Жомарт |
Мұртты |
Іскер |
Ойлы |
Кекшіл |
Қыр мұрын |
Жеңілтек |
Сымбатты |
Сенімді |
Тартымды |
Ерке |
Аққұба |
Шыншыл |
Жирен |
Көпшіл |
Ойнақы |
Құбылмалы |
Күлімкөз |
Тәкаппар |
Талдырмаш |
Еңбекқор |
Жүрісі |
Кірпияз |
Сөйлеу мәнері |
Талғампаз |
Дауысы |
Ақкөңіл |
Аласа |
Қарапайым |
Бетті әрлеу |
Сезімтал |
Сүйсіндіреді |
Тұрпайы |
Жиіркендіреді |
Арсыз |
2. Сөздерді сәйкестендіріңіз
Дене бітімі мең
Қасы қалың
Шашы ойнақы
Маңдайы аппақ
Бойы бұйра
Басы аласа
Мінезі салмақты
Көзі қыр
Мұрны таз
Тісі шымыр
Бетінде кең
3. Мәтінмен танысыңыз Мінез және келбет
Адамның сыртқы келбеті мінез-құлқымен тығыз байланыста болады. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы үш түрге бөлінеді. Олар:
1. Астениктер. Бұлар – тар сүйектілер.
2. Нормастениктер. Бұлар – кең сүйектілер.
3. Гиперстениктер. Бұлар – өте кең сүйектілер.
Әркім өзінің пішінін қадағалап отыруға тиісті. Әйелдер кейде сәнді көйлектердің бірінен соң бірін сатып алып, шаштаразға барып шаштарын сәндегенімен, пішіні қалай, оған мән беруді ұмытып та кетеді. Содан сымбатын, мүсінін жоғалта бастайды. Әркім пішінін қалыпты сақтауы үшін саламатты өмір сүруге, қай жаста да келбетті көрінуге ұмтылуға тиісті.
Адамның киімі адам өмірінде маңызды орынға ие. Халық арасындағы «Киіміңе қарай қарсы алады», «Адам көркі – шүберек», - деген сөздер соны айғақтайды. Киімнен сән қуғанда оның қалай жарасатынына мән берген абзал. Мысалы, қысқа юбка кию үшін қыздардың аяғы түз, сымбатты болуы қажет. Ашық сарафанды кию арқа терісі таза, әдемі жандарға ғана лайықты. Адамның сыртқы келбетін әдемі етіп көрсетуде оның киімінің жақсы үлгіде тігілуі, үтіктелуі, аяқ киімінің тазартылған, шашының таза, көзқарасының жылы, тілектес болғаны, бетті әрлеу, үстіге иіссу құю шектен шықпауы, тырнағының күтілген, сақал, мұртының басылған күйде көрінуі шарт. Әйтеуір, сыртқы келбет пен сән бір-бірімен үйлесімді болса, сол адам өзгелерді жақсы әсерге бөлейді.
Адам мінезін түрі арқылы анықтауға болады. Ғылыми жұмыстар жүргізіп, адам табиғатын зерттеушілердің, көнекөз қариялардың болжамы бойынша «Адамның беті - ішкі жан-дүниесінің айнасы». 1. Дөңгелек жүзді адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қолайлы жағдай жасай алатын жан. Олар турашыл, еңбекқор, жақсы қасиеттері үнемі көбейе түсетіндер. 2. Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп. 3. Кең маңдай - ақыл-ой кемелділігінің белгісі. 4. Жіңішке қас – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жанға тән. 5. Мұрыны орташа адам – шыншыл, сенімді.
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН Инфо Цес 20.05.2013
4-тапсырма. Мәтін бойынша шығармашылық тапсырмалар:
Мәтін бойынша тірек сөздерді теріп жазыңыз.
Тірек сөздер арқылы мәтінді өз сөзімен айтып беріңіз.
Мәтінді диалог, сұхбат түріне ауыстырыңыз.
5-тапсырма. Төмендегі шағын мәтінді оқыңыз, аударыңыз
Қазіргі заманның белсенді адамы барлық жағынан жаңа белестерге ұмтылады. Олардың өмір сүру салты, киім киісі, өзін-өзі ұстау әдебі не болмаса өмірлік ұстанымдары да басқаша. Кейінгі кезде өркениетімізде «дресс код» ұғымы пайда болды. Саналы азамат бүгінгі күні сырт келбетіне үлкен мән береді. Олар киім таңдауда бірінші, бұл киіммен қай жерге қандай мақсатпен баратынын, және ауа райы мен жыл мезгіліне қарап, ойша саралап барып таңдайды. Бұл жерде «дресс-код» ұғымын дұрыс түсіну маңызды.
Дресс код (ағылшын сөзі dress code - киім кодексі)-арнайы іс-шара мен мекемеге арнап киілетін киім формасы. «Дресс код» терминін алғаш болып Ұлыбритания халқы қолданған. Аз уақыт ішінде-ақ бұл термин бүкіл әлемге жайылды. Бастапқыда адамның киіміне қарап, белгілі бір ортаға бағынышты екенін білдіру үшін осындай киімдер тігілген. Арнайы компанияға тән дресс код сол бірлескен ұйымның жалғасы іспеттес: лауазымы мен қызметіне қарай киінген қызметкер жұмыс орнының немен айналысатынын, сондай-ақ мәдениеті мен тазалығын, ұйымшылдығын бір киіммен көрсетуге септігін тигізеді. Мұндай ұйымдар дресс код тәртібін бұзған жағдайда арнайы жаза қолдануға дейін барады.
«Дресс код» ұғымы қазақ халқына жат ұғым емес. Атауының жаңа сипат алғаны болмаса, қазақ халқы бағзы заманнан-ақ ережеге сай киінген. Қыз баланың өсіп-жетілуіне қарай, киім үлгісінің қатал сақталуының өзі қазақ халқының дресс кодты қатаң ұстанғанын дәлелдейді. Ел басқарған хандар мен сұлтандар қазақы қалыптың, ұлтымыздың айрықша белгісіндей болған шапанды әсте, иықтарынан тастамаған. Олардың иыққа жапқан шапандары беделін немесе лауазымын көрсетіп тұрған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған. Мысалы, айыр қалпақ, зерлі шапан, тымақ, ішік, саптама етік, кимешек, қамзол, мәсі, бөрік, үкілі тақия және т.б.
6-тапсырма. Төмендегі тапсырманы орындаңыз
Дресс кодтың тәртібі бойынша киім киюшінің қызмет ететін саласына байланысты арнайы стильде киіну керек. Білім беру саласы, консалтинг, жарнама қызметі, қаржы саласы, медицина, заң саласы, бұқаралық ақпарат құралдары, іскерлік сұхбатқа қандай киім кию дұрыс екенін айтып беріңіз.
7-тапсырма.
Замандас келбеті.
№1 СОӨЖ тапсырмасы: