Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз 2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.58 Кб
Скачать

Бірінші сабақ

Лексикалық тақырып: Отан-отбасынан басталады

Грамматика: Фонетика. Үндестік заңы.

1-тапсырма. Төмендегі үлгі бойынша отбасы сөзімен сөз тіркесін жасаңыз

Білімді отбасы, қазақ отбасы, ...

Отбасы құндылығы, отбасы тірегі, ...

Отбасын құру, отбасын асырау, ...

2-тапсырма. Сөздікпен танысыңыз

сыйластық-

жарастық-

ұжым-

қалыптасу-

ер жету

адамгершілік-

көкірек-

керемет-

қадам-

баспалдақ-

жарқырау-

сезім-

сүйіспеншілік-

өндіріс-

өнім-

мәні-

ниет-

3-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз

Бала тәрбиесі, адамның жеке басы, ер жету, отбасында қалыптасады, туған үйдің жылуы, адамгершілік белгілер, көкірегінде көп сақталады, асыл қасиеттер, ыстық сезім, сыртқы және ішкі саясаты, отбасы құрылымы, отбасының ар-намысын сақтау, сырын шашпау, адалдыққа тәрбиелеу, ізгі ниет, мәңгі есте сақтау.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз

Отан-отбасынан басталады

Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан-отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы-алғашқы қадам. Отбасы-өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

Отбасы-ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнімі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б. болатыны сияқты, әр отбасы тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды. Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек! Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз

6-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады

Н.Ә. Назарбаев

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен-президент, сен-премьер

Қасым Аманжолов

7-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

15 мамыр-халықаралық   отбасы   күніАтаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. ҚР Президенті Жарлығымен "Отбасы күні" Қазақстанда 8 қыркүйек күні тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту

8-тапсырма. Шығармашылық жұмыс а) Құндылық құнын ұғындар.

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________ Ең қымбатты _____________________________________________ Ең ақылды _______________________________________________ Ең сүйкімді ______________________________________________ Ең құрметті ______________________________________________ Ең құнды ________________________________________________ Ең бағалы ________________________________________________ Ең қажетті _______________________________________________

ә) Төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар

1. Жеті атаңызды жазып шығыңыз

2. Отбасыңыздағы ұлттық дәстүрлерді әңгімелеп беріңіз

3. Өз отбасыларыңыздың бюджеті қалай қалыптасатыны туралы әңгімелеп беріңіз

4.

5.

3. Еске түсіріңіз.

Қазақ алфавиті 33 орыс әрпінен және 9 қазақ әрпінен тұрады. Қазақ әріптері мыналар: ә, і, ө, ұ, ү, ң, ғ, қ, һ.

Олар төмендегіше жіктеледі:

Дауысты дыбыстар

1) Жуан дауысты дыбыстар – а, о, у, ұ, ы, /ю, я, ё/

2) Жіңішке дауысты дыбыстар – ә, е, и, ө, ү, і, /э/

Дауыссыз дыбыстар

1) Қатаң дауыссыз дыбыстар – к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ

2) Ұяң дауыссыз дыбыстар – б, в, г, ғ, д, ж, з

3) Үнді дауыссыз дыбыстар – л, м, н, ң, р, й / у

Үндесу /Сингармонизм.

Егер сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады. Ал, сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады.

Мысалы: мектеп-тер, бала-лар, кітап-тар и т.д.

4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.

 

1 СОӨЖ тапсырмасы:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]