- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
3. Су құбырының ескіруінен судың микробтармен қайта ластануына әкеп соғуынан.
4. Шаруашылық және ішер су мақсатында ашық суаттардың суын өңдеусіз пайдаланудан.
Су арқылы ішек инфекциясы тек үш жағдай (шарт) сақталғанда ғана тарауы мүмкін:
1) Қоздырғыштардың ауру адамдардан немесе бацилла тасымалдаушы адамдардан бөлініп суға түсуі.
2) Суда олардың өмір қабілеттілігінің мен вируленттігінің сақталуы.
3) Олармен ластанған судың адам ішегіне өтуі.
Суға түсуі, судан өмірін сақтап қалуы, адамның ішегіне түсуі.
Көрсетілген бұл жағдайлардың болмауы тұрғындардың салмонеллезбен аурушылдығыда ықпал жасайды. Ол диареямен бірге жүретін жедел гастроэнтерит түрінде өтеді. Салмонелланың адам үшін патогенді 100-ден астам серотиптері бар. Оларды судан, тағамнан, нәжістен бөліп алады. Салмонеллалар әсіресе, ағынды сулардан және ластанған жер беті суаттарынан табылады. Олардың өзен, көлдерге түсетін негізгі көздері мал өсіретін обьектілер.
1965 ж. АҚШ-та су тасымалдау жүйесінің суын жеткіліксіз хлорлау нәтижесінде салмонеллезбен 16000 адам ауырды. Мадагаскардағы салмонеллез эпидемиясын зерттеген француз зерттеушілері әр түрлі су көздерінен ағынды сынаманың 20%-нан салмонелла қоздырғыштарын тапқан.
Ішек инфекциясының су арқылы берілуі барлық уақытта бола бермейді, өйткені оның ауру адамнан не малдан тұрғындарға тасымалдануына ағынды суларды тазарту және зарарсыздандыру, су тасымалдау жүйесіндегі суды тазарту, зарарсыздандыру, су көздерін санитарлық қорғау және тағы басқа әртүрлі кедергілер жасалады. Осы көрсетілген шаралардың тіпті біреуін ғана дұрыс сенімді орындаса инфекцияның жұғуын болдырмауға жеткілікті.
Ауру кеміргіштердің нәжісімен ластанған ішер су арқылы туляремия ауруының жұғуы мүмкін. Ластанған суды пайдаланған малшылардың арасында бұл аурудың эпидемиясы болғаны белгілі.
Лептоспироз ауруының жұғуында да су басты роль атқарады. Бұл ауру адамға ірі-қара малдан, жылқыдан, иттерден жұғады. Ауру малдардың лептоспироз қоздырғышы бар несептері өзен, көл суларына түседі. Қоздырғыштардың суда өмір сүруіне оның температурасы әсер етеді, сондықтан аурудың пайда болуы жыл мерзіміне байланысты, яғни жаз айларында көбірек кездеседі. Сондай-ақ олардың өмір сүруіне судың құрамының да маңызы зор. Мысалы: стерильді өзен суында лептоспиралар 100 күнге дейін өмірін сақтайды, көл суында - 140 күнге дейін, грунт суларында - 160 күнге дейін.
Адам үшін көптеген патогенді вирустардың жұғу механизмі сумен байланысты. Бұлар: вирусты гепатит, полимиелит, коксаки, аденовирустар т.б.
Вирусты гепатиттің қоздырғышы суда ұзақ уақыт өмірін сақтайды, эпидемияға қарсы шараларды жүргізгенше халықтың біраз бөлігі ауырып үлгеруі мүмкін. Тіпті 6000 С-да 4 сағат бойына өзінің белсенділігін толық жоғалтпайды, ал – 1000 С-дан 2000 С-ға дейінгі температурада вирус 4,5 жылға дейін өмір сүреді. Вирустың ультракүлгін сәулесіне, хлорға және басқа да химиялық заттардың әсеріне төзімділігі жоғары. Құрғақ күйінде, үй температурасындағы жағдайда бір жылға дейін өмір сүреді. Қазақстанда вирусты гепатиттің жиі тез таралуы Талды-Қорған облысында байқалады (Үш-Арал п.). Вирусты гепатиттің су арқылы таралуынан аурудың ең көп тіркелуі 1955-1956 жылдары Делиде байқалған, мұнда 20 мыңнан астам адам ауырған. Полимиелит вирусының да су арқылы жұғу мүмкіндігін қазіргі кездегі жиналған материалдар көрсетіп отыр. Бұл вирус өзінің вируленттілігін су тасымалдау құбырларының суында 100 күнге дейін сақтай алады. Коксаки вирусы да ағынды суларда өзінің өмір сүру қабілетін ұзақ уақыт сақтайды, ағынды сулардағы органикалық заттардың оған ықпал ететін, қорғайтын әсері бар. Вирустар 18-200С температурада 230 күнге дейін, ал 4-60 С температура кезінде - 2 жылдан астам уақытқа дейін өзінің инфекциялық қасиетін жоғалтпайды.
Әдебиеттік мәліметтер бойынша АҚШ-та балалар организмінде бактерия тасымалдаушы энтеровирустар 10%-ға дейін, ал дамып келе жатқан елдерде одан да жоғары пайызда кездеседі. Еуропа қалаларындағы су тасымалдау құбырларынның тарау жүйелерінен алынған сынаманың 18%-ынан коксаки вирусы бөлінгені әдебиеттерде жазылған. Канализация жүйелерінде бұл көрсеткіш едәуір жоғары. Аденовирустар бірінші рет 1953 жылы анықталған, негізінен ауа-тамшылы жолымен жұғады (жоғары тыныс жолдарының қабынуы, коньюктивит). Бұл инфекцияның су арқылы жұғуы мүмкін деген де мәліметтер бар. Бірінші кезекте бұл эпидемиялық кератоконьюктивитке және аденофарингоконьюктивитке қатысты. Көптеген зерттеушілер бұл аурудың су арқылы жұғуын аденовирустармен ластанған жүзу бассейіндерінде, адамдардың суға түсуімен байланысты деп есептейді.
А.П.Ильницкидің (1967ж.) мәліметтері бойынша аденовирустардың суда өмір сүру қабілеті, олардың судағы концентрациясына, судың температурасы мен құрамына және де вирустың типіне байланысты. Осы жағдайларға байланысты вирустардың судағы өмір сүру уақыты 13-130 күнге дейін, кейде одан да артыққа ауытқиды. Адамдарға жұғуы екі жолмен жүреді:
1) Вирустың көздің кілегей қабықшасына түсуі арқылы.
2) Ауыз арқылы (перорально).
Организмге екінші жолмен түскен кезде, вирустар асқорыту жолында көбейіп, диспепсия және диарея туындатуы мүмкін.
Сонымен қатар, қоздырғыштардың су арқылы организмге өту жолы инфекциялық аурулардың тарауындағы маңызды фактор болып есептеледі. Бұл дәрісте олардың тек негізгілері ғана келтіріліп отыр. Бұл жағдайлар заңды түрде, халықтың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін су тасымалдау құбырларымен нашар қамтамасыз етілген жерлерінде байқалады. Суландыру жүйелерінің суы арқылы инфекция өте жиі тарайды, бұл оңтүстік аймақтарға тән. Магистралды каналдардың, арық тораптарының суларын кейде жер суарумен қатар тұрмыстық қажеттілік үшін де, суға түсуге және тіпті ішуге де пайдалынады. Осындай жағдайлардағы ішек инфекциясының су арқылы таралуын 1982 жылы К.С.Зайров жақсы жазған.
И.И.Ильинскийдің берген мәліметі бойынша (1972 ж.) Өзбекстанның бірқатар облысындағы тіркелген барлық ішек инфекциясының 80%-дан артығы шаруашылық ішер суы үшін немесе суға түсу үшін ластанған суаттар суын пайдаланумен байланысты. Республикада тіпті "арық" аурушылдығының түрі деген термин пайда болған. Бұл аурудың деңгейі балалар мен жасөспірім ұл балалардың арасында, сумен байланыс ең көп уақытта (маусым-қазан) өте жоғары. Арық сулары сонымен қатар гельминттердің таралуына да ықпал етеді.
Қазақстанның оңтүстік аудандарында ластанған ішер суды пайдалануға байланысты, жыл сайын жұқпалы аурулардың мезгілдік жедел тарауы байқалады. Демек, оңтүстіктегі ауылдық аудандардағы жұқпалы аурулардың су арқылы таралуының негізгі себептері, орталықтандырылмаған суды пайдалану арқылы болатыны белгілі болып отыр.
Бірақ, өзге аймақтарда басқа көріністердің байқалуы мүмкін.
С.Н.Черкинскийдің жүргізген зерттеулері Ресей аймағындағы сулардан таралған дизентерияның кездесуі негізінен елді-мекендердегі орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету кезінде ақаулардың немесе санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуымен байланысты.
Ішек жұқпалы ауруларының таралуының негізгі себептері:
1. Су тасымалдау құбырлары мен канализация тораптарының санитарлық-техникалық жағдайларының нашарлығы.
2. Техникалық су тасымалдау құбырларының суын пайдалану.
3. Санитарлық күзет зоналарының ластануы.
4. Ішер суды су тазарту қондырғыларында жеткіліксіз тазарту және зарарсыздандыру және т.б.
Жалпы алғанда, аурудың 85,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету себебінен, ал орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету есебінен - небәрі 14,2% ауру тіркелген. Бірақ бұл факторлар орталықтандырылған жүйенің суын халықтың көп бөлігі пайдаланғанын білдіреді.
