Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материал:

1. СЛАЙД Топырақтың санитарлық жағдайын бағалу критериі.

2. СЛАЙД Топырақты ластаушы заттардан қорғаудың шаралар жүйесі

3. СЛАЙД Топырақта ЭХЗ-ды нормалаудың зияндылық көрсеткіштері.

5. Әдебиет

  1. Вернадский В.И. Очерки геохимии, М., 1934.

  2. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементах в почве, М., 1957.

  3. Гончарук Е.И. Санитарная охрана почвы от загрязнения химическими веществами, Киев, 1977.

  4. Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И. Гигиеническое нормирование химических веществ в почве, М., - 1986.

  5. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң, Алматы. – 2003.

  6. Кобриц Г.А. Меры безопасности при работе с пестицидами, М., 1992.

  7. Кречковский Е.А. Гигиена применения ядохимикатов. Киев, 1978.

  8. Щербо А.П., Негриенко К.В. и др. «Вопросы санитарного надзора в связи с антропогенным загрязнением почвың., Л-д., 1990.

  9. Методические указания по оценке степени опасности загрязнения почвы химическими веществами. № 3.01.006.97, Алматы. - 1997.

  10. Оценочные показатели санитарного состояния почвы населенных мест. № 3.05.004.96. Алматы. -1996.

  11. «Гигиеническое нормирование содержания пестицидов в объектах окружающей средың., М. - 1996.

6.Бақылау сұрақтары:

1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжатты білесіз?

2. Топырақтың санитарлық жағдайын бағалу критерийі.

3. Топырақты ластаушы заттардан қорғаудың шаралар жүйесі

4.Топырақта ЭХЗ-ды нормалаудың зияндылық көрсеткіштері.

4 кредит

3 – дәріс.

Тақырыбы: Елді мекендерді санитарлық тазалауды ұйымдастырудың және жүргізудің негіздері.

2. Мақсаты: Студенттерге елді мекендерді санитарлық тазалауды ұйымдастырудың және жүргізудің негіздерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

  1. Қатты тұрмытсық қалдықтар (ТБО).

  2. Елді мекенді қалдықтардан тазартудың жүйелері.

3. Тағамдық қалдықтарды жинау.

  1. Қала территориясын жинау.

  2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды зарасыздандыру және өңдеу.

  3. Елді мекенді тазартуға санитарлық бақылау жүргізу.

Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)

Өндірістің және басқа да салалардың дамуы елді мекеннің қоршаған ортасының ластануына алып келеді және тұрғындардың өмір сүру жағдайын нашарлатады. Бұл әрине ірі қалаларда жиі байқалады, шектелген территорияда шаруашылық іс-әрекет едәуір шоғырланған және тұрғындардың негізгі бөлігі жиі орналасып шоғырланған. Қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтардың интенсивті жиналуы жоғары, сондықтан дер уақытында жиналмай, зарарсыздандырылмауының себебінен антисанитарлық жағдайды тудырады. Тарихтан белгілі болғандай, орта ғасырдағы қалаларда елді мекенді санитарлық тазарту өз дәрежесінде жүрмеуі нәтижесінен эпидемиялық жағдайлар дамыды. Бұл жағдайға ХХ ғасырдың ортасында ірі дамығын қалаларда қалдықтардың жиналуынан гигиеналық мәселе туындағаннан кейін барып көңіл бөліне бастады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) морфологиялық көлемі мен құрамы елді мекеннің жайластыру деңгейіне және оның орналасуының климаттық зонасына байланысты. Негізінен ҚТҚ-дың құрамына қағаз, картон, тағам қалдықтары, метал, тоқыма өнімдері, сүйек, шыны, тері, резина, тас, полимерлік материалдар кіреді. Қаланың жайластырылған аудандарында қалдықтардың едәуір бөлігін қағаз, картон және тоқыма өнімдері құрайды, ал пешпен от жағатын жайластырылмаған аудандарда қалдықтардың көп бөлігін күл құрайды. Бірақ негізінен ҚТҚ-дың 45 пайызға дейінін тағам қалдықтары, ал 30 пайызға дейінгі бөлігін қағаз қалдықтары құрайды.

Негізінен қатты қалдықтардың құрамында көптеген патогенді және басқа да микроорганизмдер болады, сондай-ақ кеміргіштер мен жәндіктердің қоректік ортасы болып табылады, шіру кезінде жағымсыз иіс шығады. Олар эпидемиологиялық жағынан және өрт қауіптілігі жағынан қауіп туғызады, сондықтан оларды тез арада жиналу орнынан алып кету қажет. Негізінен тұрмыстық қалдықтарда дизентерия қоздырғыштары өзінің тіршілік қабілеттілігін 5 күнге дейін, холера 15 күнге дейін, іш сүзегі 150 күнге дейін сақтайды. Қалдықтарды өз уақытында алып кетпеген жағдайда, шыбындардың жиналу, көбею көзі болып табылады, шыбындардың аяғында патогенді микроорганизмдер 7 күнге дейін сақталады. Сондай-ақ қалдықтар гельминтоздардың дамуына және тышқандардың көбею ошағына айналады.

Елді мекенді тұрмыстық қалдықтардан дұрыс тазартпаудың нәтижесінде келесі инфекциялар көбейеді: ішек, вирустық, оның ішінде вирустық гепатит, кеміргіштермен тарайтын инфекциялар (туляремия, оба, лептоспироз); туберкулез және т.б. Сондықтан елді мекендегі қалдықтарды бекітілген заңдылықтар бойынша дер уақытында алып кету қажет.

Осы мәселе бойынша негізгі нормативтік құжаттың СанПиН РК № 3.01.007-97 «Санитарные правила содержания территории населенных местң талабына сәйкес қойылады. Қалдықтардың жиналу нормасы СНиП РК № 3.01.01 – 2001 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және қала құрылысын салу. Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских поселенийң (прил. 11) құжатында берілген. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормасы есептеу бірлігі бойынша бекітіледі: тұрғын фонды үшін – 1 адамға шаққанда; қонақ үй үшін – 1 орынға шаққанда; сауда алаңдары үшін - 1 шаршы м-ге шаққанда. Санитарлық заңдылықтарда ТҚ –ды жинау, сақтау жыл мезгіліне және басқа да жағдайларға байланысты анықталады.