Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

6. Бақылау сұрақтары:

1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжатты білесіз?

2. Топырақтың гигиеналық мағыздылығы.

3. Топырақтың эпидемиологиялық мағыздылығы.

4. Биогеохиялық провинция туралы ілім.

4 кредит

2 – дәріс.

1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.

2. Мақсаты: Студеттерге топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлерімен, ластанудан қорғаудың шараларымен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

  1. Топырақтағы экзогенді химиялық заттарды нормалау.

2. Топырақты санитарлық қорғау бойынша шаралары.

  1. Мал шаруашылығы нысандарына санитарлық бақылау.

  2. Топырақ тазалығын санитарлық бақылау әдістері.

Топырақтағы экзогенді химиялық заттарды нормалау.

Қазақстан территориясында «Методические указания по оценке степени опасности загрязнения почвы химическими веществамиң № 3.01.006 – 97. нормативті құжаты практикада іс-жүзінде қолданылады. Ауа мен суға 4 қауіптілік класын бөлінетін болса, ал жер қыртысына арнап 3 түрлі класқа бөлінеді:

1 класс - жоғары қауіптілік класы.

2 класс - орташа қауіптілік класы.

3 класс - аз қауіптілік класы.

1 класқа - мышьяк, кадмий, сынап, селен, қорғасын, мырыш, фтор, бенз(а)пирен жатады; 2 класқа - кобальт, никель, бор, молиб­ден, мыс, сурме, хром жатады; 3 класқа - барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций жатады. Кластардың әрқайсысына бірқатар пести­цидтер жатады.

Барлық жер қартысын экзогенді ластаушыларды екі топқа бөлуге болады: химиялық және биологиялық. Жер қартысы ластануының биологиялық факторлары көп зерттелген және олардың әр-түрлі территорияларда сандық сипаттамасымен ғана ерекшеленеді. Химиялық топтар, керісінше, бүгінгі күні өте жеткіліксіз зеріттелген және гигиенистердің өте көп көңіл аударғанын қажет етеді.

Жоғарыда айтылғандай, жер қыртысында кездесетін 1000-даған химиялық қосылыстардың тек 100-дейіне ғана гигиеналық норматив бекітілген. Мұндай жағдай жер қартысындағы химия­лық заттарды гигиеналық бағалауды қиындатады. Осы сұраққа арналған нормативті құжаттардың саны да атмосфера мен суға қарағанда өте аз.

Топырақтағы зиянды заттар адам организміне жанама әсер ететіндіктен сирек түседі. ЭХЗ-дың адам организміне негізгі түсу жолы жанасу жолы ауа, су, өсімдік арқылы түседі.

Соңғы жылдары ғалымдар топырақты ЭХЗ нормалаудың теориясын өңдеп 8 негізгі жағдайды ұсынды:

  1. Адам организміне және қоршаған ортаға зиянын тигізетін ЭХЗ қауіпті зат ретінде қарастыру қажет. Бұл ауыл-шаруашылығын химияландыру кезінде маңызы зор.

  2. Топырақтығы ЭХЗ-ң түсу қауіптілігін бағалау сезімтал тұрғындардың заттарға тәуелділік мүмкіндігін туғызбауы қажет. Бұл адам мен табиғаттың адаптациялық мүмкіндігінің қауіптілік табалдырығынан жоғарылауына мүмкіндік бермейді. ЭХЗ-ң қауіпсіз табалдырығы кезінде адам организміне түсетін заттар оның өміріне, ұрпағына, қызметтік, биохимиялық, құрылымдық өзгерістер және адам денсаулығына қауіп туғызбайды. Экологиялық қауіпсіздік табалдырығы дегеніміз өзін-өзі тазарту процесін бұзбайтын мөлшері.

  3. Топырақтағы ЭХЗ-ды нормалау кезінде максималды қолайсыз әсер ету мөлшерін ескеру қажет. Сондықтан зерттеулер экстромалді топырақттық климаттық жағдайда жанасатын ортада химиялық заттар максималды миграцияланғанға қабілетті және топырақтың микробиоционозға әсер ететін мөлшері ескерілу қажет. Сондықтан тәжірибе максималді сүзілетін және минималды жұтылатын қабілеті бар топырақта жүргізіледі, мұндайға құмдар жатады.

Эстремалдық принципіне микроклимат параметрі (температура, ылғалдылық, УК сәулелену), жанасушы ортада ЭХЗ-ң максималды миграциялану қабілеті ескеріледі.

  1. Нормалау әдістемесі бірыңғайланған болу керек, яғни регламентпен айналысатын гигиенистер басқа да гигиенистер мектебіне байланыссыз болу керек. Зерттеу стандартты түрде сәйкес топырақтық және микроклиматтық жағдайда жүргізілуі қажет. Бұл үшін барлық зерттеушілер біріңғай стандарттық топырақтық эталонды қолдануы қажет.

  2. Зерттеу тек біріңғай сәйкес лабораториялық үлгіде жүргізіледі.

  3. Тәжірибе нәтижесінде сол заттың миграциясы, детоксикациясы, органолептикалық қасиетіне әсері, өсімдіктердің тағамдық құндылығына әсері, топырақтық микробиоционозға және тұрғындардың денсаулығымен санитарлық жағдайына әсерін анықтауға негізделеді.

  4. Бекітілген нормативтер кез-келген топырақтық климаттық жағдайда біріңғай мөлшерде болады.

  5. Бекітілген ШРЕК бойынша аумақтық норматив бекітіледі, яғни бұл кезде миграция және детоксикация процесіне әсер ететін нақты факторлар ескеріледі. Түзетілген ШРЕК (ПДУВ – предельно-допустимый уровень внесения)ШРЕД және (БОК – безопасное остаточное количество) ҚҚМ.

Топырақта ЭХЗ нормалау су, ауа, тағады нормалауға қарағанда ерекшеленеді, өйткені ЭХЗ-дың адам организміне негізгі түсу жолы жанасушы орта арқылы: су, ауа, өсімдік. Ластанған топырақ адамға жанама жол арқылы әсер етеді.

Қазіргі кезде топырақ құрамындағы химиялық заттарға гигиеналық регламент белгіленбеген. Негізінен небәрі 200 химиялық затқа норматив бекітілген. Бұның себебі материалдық базаның жеткіліксіздігі (токсикологиялық лабораторияның аздығы), бұндай жұмыстар ешқашан аяқталмайды, өйткені жылына 1000 химиялық қосылыстар пайда болады.

Сондықтан 1975 жылы Соколов М.С. және Стрекозов Б.П. бірінші кезекте нормалануға қажетті едәуір қажетті пестицидтерді таңдаудың балдық жүйесін ұсынды. Заттардың приоритеттілігі (бірдеңені ең алғаш ойлап шығру немесе ашу) экотоксикологиялық және токсико-гигиеналық көрсеткіштер бойынша бағаланады:

  • персистенттілігі, топырақта заттың сақталу ұзақтығын ескеретін көрсеткіш (1 айдан 2 жыл және оданда жоғары). Заттардың персистентілігінің мерзімі ұзақ болған сайын оның приоритетті болып табылады;

  • топырақта миграциялану, заттардың топырақ тереңдігі бойынша араласуы ескеріледі (0-50 см және одан жоғары). ЭЗХ-дың қозғалысы жоғары болса нормалау үшін приоритетті болып табылады;

  • топырақтан дақылдық өсімдіктерге транслокациялануы және оған кері әсері;

  • инсаляцияға реакциясы. Күн сәулесінің әсеріне ерімейтін заттар соғырлым приоритетті болып табылады;

  • өсімдіктер мен ауыз судың сапасына органолептикалық әсер етуі. ЭХЗ-р аз мөлшерде органолептикаға әсер етсе ол соғұрлым приоритетті болып табылады;

  • заттардың ұшпалық қасиеті жоғары болса ол соғұрлым приоритетті болып табылады;

  • жылы қандыларға улы әсер етсе, соғұрлым приоритетті болып табылады;

  • организмге жиналу қабілеттілігі жоғары болса, соғұрлым приоритетті болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген есептеулер бойынша барлық пестициттерді 3 топқа бөлуге болады:

1-ші аса қауіпті пестициттер, оған гранозан, ГХЦГ, гептахлор, тиодан, цирам, метафос, севин, линдан және т.б. жатады;

2-ші орташа қауіпті пестициттер, оған атразин, симазин, карбин, карбофос, хлорофос, фталофос, фосфамид және т.б. жатады;

3-ші қауіптілік қасиеті аз, оған дихлорэтан, цинеб, линурон және т.б. жатады.

ЭЗХ-ды нормалаудың приоритеттілігі бойынша топыраққа түсетін ластаушы заттарды келесі кезекте орналастыруға болады:

  • пестицидтер;

  • ауыре металдар;

  • микроэлементтер;

  • мұнай өнімдері;

  • күкіртті қосылыстар;

  • органикалық синтез өнімдері және т.б.

ЭХЗ-дың приоритеттілігін есепке алу кезінде академик Гончарук Е.И. ұсынған нормалау схемасы қолданады, оның 4 негізгі сатысы бар. Бірінші сатыда заттардың физико-химиялық қасиеттері және оның топырақта тұрақты деңгейі зерттеледі. Екінші сатыда заттардың топырақта миграциялануы, транслокация және детоксикациялануының математикалық үлгісі жүргізіледі. Үшінші сатыда зияндылықтың 6 көрсеткіші бойынша табалдырық концентрациясын негіздеу үшін тәжірибелік эксперимент жүргізіледі:

  1. Органолептикалық - тағамдық өсімдіктердің дөмі мен исінің, ауа исінің, судың түсі, дәмі, исінің өзгеруі.

  2. Жалпы санитарлық көрсеткіш - жер қыртысының биологиялық белсенділігінің өзгеруі және органикалық ластанушылардан өзін-өзі та­зарту дәрежесінің өзгеруі.

  3. Транслокациялық көрсеткіш - ЭХЗ-ның жер қыртысынан тағамдық өсімдіктерге миграциялану дәрежесін анықтайды. ШРЕК өсімдіктерге ЭХЗ-ның мөлшерінің (рұқсат етілген қалдық мөлшердің) РЕҚМ деңгейінде болуына кепіл болуы керек.

  4. Су-миграциялық көрсеткіш - ЭХЗ-ның жер қыртысынан су көзде­ріне орын алмастыруын сипаттайды.

  5. Ауа-миграциялық көрсеткіш - ЭХЗ-ның жер қыртысынан атмосфе­раға түсуін сипаттайды.

  6. Токсикологиялық көрсеткіш - жер қыртысынан адам организміне барлық жолдармен (тікелей, жанасқан кезде, су, тамақ, ауа арқылы) түскен кездегі ЭХЗ-ның улылық әсерін сипаттайды.

Лимиттік көрсеткіш бойынша табылған ШРЕК жер қыртысындағы ЭХЗ-ның концентрациясы зияндылықтың басқа 5 көрсеткіш­тері бойынша сәйкес шекті концентрациялардан аспайтынына толық ке­піл болады. Мысалы, зияндылықтың ең төмен шегі транслокациялық көрсеткіш бойынша тағайындалса, онда осыған негізделіп есептелген нормативтер органолептикалық, жалпы санитарлық, миграциялық, ток­сикологиялық параметрлердің бұзылмай сақталуына кепіл болады.

Төртінші сатыда нақты жағдай үшін енудің болжамды рұқсат етілген деңгейі және қауіпсіз қалдық мөлшері есептеледі. Жер қыртысындағыны нормалау үшін экзогенді заттар таңдалынған кезде ең бірінші жоғары қауіпті класты заттар, содан соң қауіптілігі аз заттар алынады. Сондай-ақ жер қыртысына тұрақты болатын және жер қыртысына жүйелі түрде түсіп тұратын, жанасып тұрған орта мен өсімдіктерге миграциялану дәрежесі өте жоғары қоспаларға көп көңіл бөлінеді. Бұл кезектілік міндетті түрде сақталуы керек, себебі тағайындалған нормативтердің саны жүзден аспайды, ал жер қыртысын­дағы ЭХЗ бірнеше мыңға теңестірілген.

Жер қыртысындағы ЭХЗ үшін регламентті тағайындау, басқа орталармен салыс­тырғанда олардың зияндылық көрсеткіштерінің саны өте көптігіне (6) байланысты екенін анықтап айта кету керек.

Топырақта ЭХЗ-ды тәжірибелік негіздеу негізгі және едәуір объективті болып табылады, бірақ ЭХЗ-ды нормалауда жеделдетіп нормалау әдістерін қолдану қажет (топтық немесе есептік әдістер). Қазақстанда жер қыртысындағы ауыр металдардың БРЕК үшін формула ұсынылды, яғни нормалаған кезде, зияндылықтың лимиттік көрсеткіші болып көбінесе зияндылықтың транслокациялық көрсеткіші саналады.

Топырақты санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.

Топырақты санитарлық қорғау бойынша шаралар үш негізгі топқа бөлінеді:

• технологиялық;

• санитарлық-техникалық;

• жоспарлаушы.

Технологиялық шаралар ең маңыздысы, яғни қалдықсыз немесе аз қалдықты қауіпсіз технологиялық өндірісті таңдауға бағытталған кешендер әрекеті. Рационалды технология қалдықтарды ең аз мөлшерге дейін жеткізу және оларды зарарсыздандырудың оптималды жүйесін таңдау.

Санитарлық-техникалық шараларға қалдықтрды жинау, алып кету, залалсыздандыру және утилизациялау жатады.

Жоспарлаушы шаралар тазарту қондырғылары үшін жер учаскесін таңдау, олардың селибтивті аумақ арасындағы санитарлық қорғасын зонасының мөлшеріні негіздеу, елді мекенде арнайы автокөлік қозғалыс схемасын таңдау жатады.

Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, утилизациялау үшін қондырғылардың санитарлық қорғау зонасының мөлшері 100-3000 м аралығында болады:

• өндірістік қалдыққтарға арналған полигондар – 3000 м;

• ассенизации және жырту алаңдары – 1000 м;

сүзу және суару алаңдары, тәуліктік жүктемесіне байланысты

150 -1000 м;

• компостирлеу алаңы – 500 м;

• құю станциялары – 300 м;

• механизацияланған арнайы автотұрақтар – 100 м.

Топырақты санитарлық қорғау шараларына заңдылық, ұйымдастыру және әкімшіліктік шешімдерді, сондай-ақ топырақтың санитарлық жағдайын бағалау үшін гигиеналық нормативтерді де жатқызуға болады.

Мал шаруашылығы нысандарына санитарлық бақылау жүргізу.

Ауыл шаруашылығының өндірістік негізге көшуіне байланысты, ірі мал шаруашылық кешендері құрыла бастады. Олардың екі түрі көбірек дами бастады: шошқа шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығы. Бұларды пайдаланған кезде көң-тезек, яғни малдардың нәжіс­тері және су мен жемнің қоспалары түзіледі.

Көптеген шелдерде, ТМД және Қазақстанда мал шаруашылық кешендері қошаған ортаны ластайтын негізгі бір көз болып табылады.

Қоршаған ортаны ластанудан сақтау келесі шаралармен іске асырылады:

  1. Кешендердің құрылысы үшін тек қана типтік жобаларды пай­далану. Жобаға сараптама жүргізу кезінде келесі сұрақтарға көңіл бөу керек:грунт суларының толу деңгейін, су тұтыну және су қажеттілігін дұрыс есептеу, тазартуға бақылау бойынша санитарлық-бактериологиялық лаборраторияның болуын, нәжіс сақтайтын ыдыстардың жеткіліктілігін, олардың гидроизоляциялануын.

  2. Санитарлық қорғаныс зоналары шекараларын сақтау.

  3. Қалдықтарды шығаруда, жинауда, сақтауда, тасымалдауда және утилизациялауда нәтижелі әдісті таңдап алу.

  4. Қалдықтарды зарарсыздандыруда топырақ ішілік әдістерді қолдану.

  5. Мүмкіндігінше жаңбырлату әдісін қолданбау, күшті жел болатын аудандарда мүлдем қалданбау.

  6. Айналмалы сумен қамтамасыз етуде шаю үшін ағындарды максималды пайдалану.

  7. Нормаға сәйкес қалдықтарды тыңайтқыш үшін максималды қолдану. Аймақтық нормативтерге байланысты тазарту деңгейіне байланысты, әртүрлі елдерде гекторына 25-тен 100 т дейін.

  8. Алаңдар бірлігіне қалдықтарды нормадан көп тастауға тыйым салу.

Топырақтың тазалығына санитарлық бақылау әдістері.

Жер участкесін бөлген кезде және күнделікті санитарлық бақылау кезінде топырақтың ЭХЗ-мен ластану деңгейін бағалаудың қажеттігі туады. Сы­нақтық үлгілердің саны және оларды таңдауға арналған орындар зерт­теудің мақсаты мен міндетіне байланысты.

Кез-келген зерттеу кезінде территорияның 25 шаршы метр участкесі алынады, сол жерден топырақтың 5 сынақтық үлгісі және әр қайсысы 1 шаршы метр ара-қашықтықтағы жерден алынады. Сы­нақтық үлгілерді таңдап алу нүктелерінің орналасуы "конверт" немесе диагонал әдісі бойынша жүргізіледі. Егер ластаушы көзінің әсері зерттелсе сынамаға тәжірибелік участкеден басқа, ластаушылар әсер етпейтін бақылау участкесі де алынады.

Сынақтық үлгіні таңдап алудың әрбір нүктесінің көлемі 0,3х0,3, тереңдігі 0,2 м шұңқыр қазылады, содан соң шурфтың бір қабырғасы­нан топырақтың қажетті бөлігін ойып алады. Егер жер қыртысының жақында ғана ластанғаны зерттелетін болса, ол кезде оның жоғарғы қабаты (2-3 см) ғана алынады. Жер қыртысының терең қабаттарына ЭХЗ-ның енуін зерттеу үшін жер қыртысына арналған Некрасов бұрғысы қолданы­лады. Сынақтық үлгіні дорбаға салады, номірлейді, территория схемасында белгілейді.

Бір шаршы метрден (25м2) таңдап алынған сынақтық үлгіні кептіреді, таза жерде араластырады, бөгде заттардан (шыны, тамырлар, галь­ка) тазартады, електен өткізеді, квадрат пішінді етіп тегістейді, содан соң диагоналды бағытта 4 участкеге бөледі. Қарама-қарсы екі участкені қосады да, одан лабораторияға сынақтық үлгіні алады, ал қалған екеуін мүмкіндік қайта зерттеулерге арнап сақтайды. Лаборато­риялық сынақтық үлгіден топырақтың қажетті мөлшерін талдауға алады және зерттеудің мақсатына байланысты өңдейді.

Жекелеген ластау көзімен жер қыртысының ластануын зерттеу үшін сынақтық үлгілерді алу схемасын құрастырады. Ол үшін картаға (1:5000; 1:10000) ластау көзінің өзі белгіленіп, 8 румба­лық бағытта радиустар жүргізіледі. Румбалардың орталығынан, яғни ластау көзінен 0,2; 0,5; 1,0 км ара-қашықтықта шеңберлер жүргізеді. Шеңберлердің радиустармен қиылысқан нүктелері сынақтық үлгілерді алу нүктелері болып табылады.

Басым желдер болған жағдайда, басымырақ бағыттағы румб бойынша, 120о сынақтық секторлар белгілейді. Осы бағыттағы ра­диустарды созылады да, сынақ алу нүктелерін 1 км-ден (2,3,4,5 км) ұзаққа жалғастырады. Сынақтық үлгілерді алу тереңдігі, олардың румбалар бойынша жиілігі және бақылау ұзақтығы әрбір нақтылы жағдайда зерттеудің мақсатына байланысты белгіленеді.

Топы­рақтың пестицидтермен ластануын зерттеуде топырақтың үлгілері егістіктерден жылына екі рет: көктемде (қар еріген соң) және күзде (егін орылған соң) алынады. Егер аудан немесе облыс тексерілетін болса, олардың экономика­лық дамуын ескере отырып барлық территориялардың біркелкі қамтылу­ын қадағалау керек. Бірінші кезекте улы химикаттарды максималды қолданатын шаруашылықтар таңдалынады. Пестицитдерді шамалы мөлшерде ғана қолданылатын шаруашылықтарда зерттеу жылына бір рет таңдамалы (көктемде) жүргізіледі. Қажетті мәліметтерді өсімдіктерді қорғау станциялары мен ауыл шаруашылық басқармаларынан алуға болады.

Ірі өнеркәсіптік кешендердің маңында топырақтың металдармен ластанғанын зерттеу кезінде сынақтық үлгілер жылына екі рет алынады. Көбінесе ол мәдени өсімдіктер өсіруге арналған қала сыртындағы территория болып табылады. Пайдалы мәліметті топырақ үлгілері алынған нүктелерден қыс аяғында алынатын қардың сынақтық үлгілері де бере алады. Қардың сы­нақтық үлгісі көлемі 0,2х0,2 м участкеден, тереңдігі жердің беткейлік қабатына дейінгі тегіс участкеден алынады. 8 румбалар бойынша алынатын сынақтардың ара қашықтығы 50 км дейін жетеді. Бұндай зерттеулер 5 жылда бір рет жүргізілсе, ал аралық кезеңдегі сынақтық үлгілер қысқар­тылған бағдарлама (4 румба бойынша немесе жел­дің басым бағыты бойынша) бойынша жүргізіледі. Сол участкелерден өсімдіктердің де сы­нақтық үлгілерін алуға болады.

Әдетте санэпидстанцияларда металдар­дың анализі химиялық әдістермен орындалады (сәйкес ГОСТ-тар бойын­ша). Бірақ бұл зерттеулер өте күрделі, көп уақытты алады, жалпылай тексеру жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта атомдық абсорб­ция әдісі әлдеқайда қолайлы, себебі химиялық әдіспен салыстырғанда оның сезімталдығы мен жылдамдығы әлдеқайда жоғары. Қазіргі кезде осы айтылған әдістеме шет елде де, біздің елімізде де кеңінен қолданы­лады.