Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материалдар:

  1. СЛАЙД Су құбырының жалпы сызбасы.

  2. СЛАЙД Жер асты су құбырының сызбасы.

  3. СЛАЙД Жер беті су құбырының сызбасы.

  4. СЛАЙД Ұңғылардың сызбасы.

  5. СЛАЙД Өндірістік сы құбырының сызбасы.

  6. СЛАЙД Су құбырының айналмалы тарату жүйесінің сызбасы.

  7. СЛАЙД Су құбырының тұйықталған тарату жүйесінің сызбасы.

5. Әдебиеттер

  1. «Гигиена окружающей средың (под редакцией Г.И. Сидоренко). - М.- 1995.

  2. Неменко Б.А «Коммунальная гигиенаң, - Алматы. – 2004.

  3. Неменко Б.А. и соавт. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең, Алматы. – 2008.

  4. Мазаев В.Т. и соавт. «Коммунальная гигиенаң – М., 2005.

  5. Кучма Р.В. «Оценка риска влияния факторов окружающей среды на здоровье детейң. Гиг. и сан. – 2002. - № 6. – с.51-53.

  6. Природоохранные нормы и правила проектирования (справочник). – М.- 1998.

  7. Руководство по коммунальной гигиене (под ред. С.Н. Черкинского), т. 2. – М.- 1962.

  8. Черкинский С.Н. «Руководство по гигиене водоснабженияң. – М.- 1975.

  9. «Водоснабжение. Наружные сети и сооруженияң, СНиП РК № 4.01.02-2001.

  10. «Санитарные правила проектирования и эксплуатации систем централизованного горячего водоснабженияң, СанПиН РК № 3.01.005 – 97.

  11. Хотько Н.И, Дмитриев А.П. Водный фактор в передаче инфекций. – Пенза. – 2002.

6. Бақылау сұрақты:

  1. Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?

  2. Қазастанның қай облыстары жес асты суымен едәуір жақсы қамтамасыз етілген?

  3. Ауыз су мақсатында қандай су көзі едәуәр жағымды болып табылады?

  4. Жер асты және жер беті суларының артықшылығы мен кемшіліктері.

  5. Жер беті су көздері үшін қолданылатын су құбырының негізгі имараттары.

  6. Жер асты су көздері үшін қолданылатын су құбырының негізгі имараттары.

  7. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің түрлері.

  8. Су құбырының таратушы жүйелері.

  9. Су құбырының таратушы жүйелеріне санитарлық баға беріңіз.

№2 Кредит

1 – дәріс.

1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.

2. Мақсаты: Студенттерге су арқылы тарайтын ауруларды таныстыру.

3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметі бойынша бүкіл әлемде ішер судың сапасының нашарлығынан шамамен 5 млн. адам өлімге ұшырайды.

Ежелгі заманның өзінде - судың денсаулыққа қатерлі, белгілі- бір белгілері болған. Бірақ тек XІX ғасырдың ортасында ғана Л.Пастер мен Р.Кохтың зерттеулерімен потогенді микробы бар судың халық арасында ауру шақыратыны дәлелденген. Оның үстіне аурудың таралуына жер бе­тіндегі су көздерінен тазартпай және зарарсыздандырмай орталықтан­дырып, су беретін су тасымалдау құбырлары ықпал жасады. Мысалы: 1854 жылы Лондонда бірінші рет холераның су арқылы тараған эпидемиясы болды. Гамбургтағы эпидемияда (1892ж) 18000 адам ауырып, оның 900-і өлімге ұшырады. 1908 жылғы Петербургтағы холераның судан тараған эпидемия­сы 4000 адамның өмірін әкетті. Осы жылы холера - Ростовта, екі жыл өткеннен кейін - Волга бойындағы қалаларда байқалады (В.Гиляревс­кий). Міне, бұл жағдайлардың бәрінде де негізгі инфекцияның таралу жолы су арқылы болғаны белгілі болып отыр.

Мюнхеннің санитарлық дәрігері Макс Пет­тенкофер холера ауруының Р.Кох ашқан микробтан туындайтына сенбей, 1892 жылы октябрде Гамбургта холера қаhарын шашып тұрған кезде, холера вибрионын ішіп өзіне тәжирибе жүргізді. Ауруы жеңіл түрде өтті, оның себебі микроб дақылының вируленттілігінің төмендігімен байланысты болуы мүмкін. Іш сүзегі мен паратиф аурула­рының басты таралу жолының бірі - су арқылы жұғуы. Бұл жағдайда су тек ішу кезінде ғана қауіпті емес, сонымен қатар қолды, ыдыс-аяқты әртүрлі қондырғыларда жуғанда да қауіпті. Қоздырғыштың суда өмір сүру уақыты 3 айға дейін жетеді. Ішек сүзегінің судан тараған эпи­демиясы 1910 ж. Харьковта, 1925 ж. Подольск қаласында байқалды, ай­та кететін жай ауырғандардың бәрі бір су көзінен су тұтынғандар. 1926 жылы Ростовта канализацияның апаты кезінде су тасымалдау құбырындағы судың ластану нәтижесінде ішек сүзегімен 3000 адам ауы­рып, оның 241-і дүниеден өтті. Әлемдегі ішек сүзегінің ең ірі тез та­ралуы (вспышка) 1941 ж. Борселонда байқалған. Су факторы дизентери­яның (қан тышқақ) таралуында да үлкен роль атқарады. Мысалы: 1926 жылы Детройтта су тасымалдау жүйесінің су алатын жерінің қаладан шыққан ағынды сумен ластануынан, дизентериямен 45000 адам ауырды. 1937 ж. Жапонияның Омуто қаласында 24 күн ішінде халқының 10%-ы ауырған, ал 1943 ж. АҚШ-тың Ньютон қаласында бір аптаның ішінде - халқының 27%-ы ауырған.

Су инфекциясының негізгі себептері келесідей:

1. Су көздерінің санитарлық қорғау зонасының дұрыс ұйымдарты­рылмауынан.