Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Сумен қамтамасыз ету жүйелері

Негізгі су тұтынушылардың су пайдалану деңгейіне байланысты сумен қамтамасыз ету келесі жүйелерге бөлінеді:

1. Біріккен жүйе-барлық тұтынушыларды сапасы жағынан ішуге жа­райтын сумен қамтамасыз етеді. Бұл жүйе өндіріске тек ішер су керек болған кезде не аздаған су мөлшері керек болған жағдайларда ғана мақсатты. Бұл жүйе қарапайым, қаржы шығыны аз кетеді.

2. Толық жекеленбеген жүйе (неполная раздельная) - егер өнді- ріске сапасы жағынан ішуге жарайтын су керек болмаған кезде, ондай жағдай­да суды тазартуға кететін шығын ақталмайды.

3. Жекеленген жүйе (раздельная система) - ішу үшін, өндіріс үшін, жер суландыру үшін, өртке қарсы мақсаттарда жеке-жеке сумен қамтамасыз ету жүйелері болады. Сирек кездеседі.

Жүйе түрларін таңдау келесі көрсеткіштерге байланысты:

  • меншікті су тұтыну деңгейіне;

  • пайдалануға қажетті судың сапасына;

- су көзіндегі судың сапасына;

  • су көзіндегі судың көлеміне.

Су құбырының тарату жүйесі

Сақтық және күнделікті санитарлық бақылау кезінде су құбырының тарату жүйесіне айрықша көңіл аударған жөн. Тарату торабына түскен суды ұйымдыстырылған түрде тазартуға және зарарсыздандыруға мүмкіншілік болмайды. Тарату торабы судың екіншілік ластану қауіпсіздігін болдыруға себеп болатын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі ең осал жері.

Су құбырының тарату жүйесіне кіреді:

1. Елді мекен аймағындағы жер астындағы құбырлар торабы.

  1. Су қысымды резервуарлар.

3. Су алу қондырғылары (сыртқы және үй ішіндегі).

Тарату жүйесін жобалау және салу кезінде оған екі негізгі санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады:

1. Оның халық тұтынатын нүктелерінің бәріне суды үзіліссіз бе­ріп отыру.

2. Барлық судың жүретін жолдарында оның ластануын болдырмау.

Мұны қамтамасыз етуде су құбыры торабының кескінінің (конфигурация­сының) маңызы зор.

Су құбырының тарату торабы екі түрге бөлінеді:

1. Айналмалы тораптар(кольцевые сети).

2. Тармақталған немесе тұйықталған тораптар.

Гигиеналық тұрғыдан алғанда айналмалы жүйенің күмәнсіз ар­тықшылығы бар. Бұл жүйеде сумен үзіліссіз қамтамасыз етеді, практика жүзінде жекелеген апаттарға сезімтал емес. Тұйықталған тораптағы апат керісінше тұтынушылардың едәуір бөлігіне су берілуін тоқта­туы мүмкін. Оның үстіне айналмалы торапта құбырлар судың үзіліссіз ағынымен жуылып отырады, ал тұйықталған торапта су тоқтап қалып микробтардың өсіп көбеюіне ықпал жасайды. Сондықтан да қалаларда тұйықталған тораптарды қолданбайды.

2.04.02-84 СНиП құжаты бойынша су тарату тораптары айналмалы бо­луы қажет.

Тұйықталған торап төмендегі жағдайда рұқсат етіледі:

- өндерістік қажеттілік үшін апат жағдайында сумен қамтама­сыздауда үзіліс қажет болатын көздерде рұқсат етіледі;

- құбыр диаметрі 100 мм-ден артық емес кезде шаруашылық-ішер судың қажеттілігіне рұқсат етіледі;

- өрт сөндіру үшін торап ұзындығы 200 м-ден аспаған кезде рұқсат етіледі.

Жаңа су тасымалдау құбырлары айналмалы торапта болуы қажет, ескі тұйық тораптарды айналмалы торапқа айналдыру қажет.

Су таратудың су бөлетін (разводящих сетей) тораптар жүйесіне кіреді:

- су жүргізетін құбырлардан су тұтынатын аудандарға дейін су жеткізетін тораптар;

- су тұтыну аудандарындағы су бөлетін құбырлар торабы.

Су бөлетін құбырлар торабы:

а) транзиттік немесе магистралды тораптар (тораптың жеке учаскелерінде судың негізгі жүретін торабы).

б) тарату тораптарынан суды ең жақын учаскелерге бөлу үшін қажетті торап.

Су алатын колонкалардың ең шеткі су алу қондырғысына дейінгі радиу­сы 100 м-ден аспауы қажет.

Су тарату торабына қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:

- оның ұзына бойына құбыр ішіне сыртқы бөгде заттардың түспеуі қажет;

- су тартатын құбырлардың берік болуы керек;

- саңлаусыз болу қажет;

- ішкі беті тегіс болуы керек;

- топырақ пен судың агрессивтік қасиеттеріне қарсылығы жоғары болуы қажет.

Шаруашылық-ішер суды тарату үшін әртүрлі материалдардан жасалған құбырлар қолданылады: шойын, болат, темір-бетон, кейбір жағдайларда ағаш, пластмасса, шыны. Құбыр материалдарын таңдау күтілетін қысымның мөлшеріне, топырақтың сипатына, құбырларды орнату әдістеріне байланысты.

Көп елдерде және бұрынғы ССРО-да көбіне шойыннан жасалған құбырлар қолданылады. Бұл құбырлар 10 атм.-ға дейінгі қысымға шыдайды. 100 атм қысымға дейінгі шыдайтын құбырларды келесі орындарда қолданады:

- темір жол, автомобиль жолдарының астынан өткізу үшін, су бөгеттерінен (тосқауылдарынан) және аңғарларынан өткізу үшін;

  • су құбырларын жол кемерінің, қала көпірлерінің тоннельдер­дің бойымен салу кезінде;

  • су құбыры мен канализация тораптарының қиылысқан жерлерінде.

Су тарату құбырларын орналастыру тереңдігі жердің тоң ба­сатын қабатынан 0,5 м төмен жатуы қажет. Болат құбырларды пайдаланған кезде коррозиядан қорғауды қарастыру қажет. Бұл үшін бұрынғы ССРО денсаулық сақтау Министрлігінің та­лабына сәй келетін коррозияға қарсы, құбыр жабындылары қолданылады. Соңғы жылдары бетон, темір-бетон, асбест-цемент құбырлары көп қолданылып жүр. Бұл коррозияға төзімді, оны ұзақ уақыт пайдалануға болады жене ар­зан, бірақ өте нәзік.

2.04.02-84 СНиП құжаты бойынша қысымды су тарату құбырлары және тораптары үшін метал емес құбырларды қол­данған жөн.

Суық шаруашылық-ішер суымен қамтамасыз ету үшін бұрынғы ССРО-да пластмасса­лық құбырларды пайдалануға рұқсат етілген, бірақ көпшілік пластмассалар майды ерітетін заттарға сезімтал келеді. Судың органолептикалық қасиеттеріне әсер етеді. Құбырларды өзара бір-бірімен жалғау әдісі бойынша раструбтік және фланцтілік құбырларға бөледі. Ең жақсы герметикалық қасиетке раструбтік құбырлар ие, ал фланцтілік құбырлар тек елді -мекен ішінде немесе тоннельдерде қолданылады.

Ішер суды тарататын құбырлар канализация тораптарын кесіп өтетін жағдайларда, оларды канализация тораптарынан жоғары (0,4 м-ден кем емес) орналастырады.