
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
4. Көрнекілік материал:
1. СЛАЙД Қаланың бас жоспары.
2. СЛАЙД Жағдайлық жоспар.
5. Әдебиет
Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., Киев, 2006.
Зарубин Г.П., Гимадеев М.М., «Организация предупредительного санитарного надзора за планировкой населенных местң, М.- 1991.
Зарубин Г.П., Новиков Ю.В., «Гигиена городаң.- М.- 1986.
Лобанов Е.М. «Транспортная планировка городовң.- М. - 1990.
Майков Г.П. «Благоустройство и озеленение селң.- Л-д, 1993.
«Методическое указания по осуществлению государственного санитарного надзора за разработкой и реализацией генеральных планов городовң.- М., № 1434 «аң - 96.
Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң.- Алматы.- 2004.
Неменко Б.А. и соавт. «Руководство к практическим занятиям по коммунальной гигиенең, Алматы – 2008.
СанПиН РК № 3.01.078.00. «Санитарные нормы и правила обеспечения инсоляцией жилых и общественных зданий и территорий застройкиң.
СНиП РК № 4.01-02-2001. «Водоснабжение. Наружные сети и сооруженияң.
СНиП РК № 3.01-01-2002. «Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских поселенийң,
СНиП РК 1.02-012001 «Инструкция о порядке разработки, согласования, утверждения и составе проектно-сметной документации на строительство предприятий, зданий, сооруженийң,
Соловьев А.К., «Социально-экономическая эффективность мероприятий по защите окружающей среде при застройке городовң.- М., 1987.
6. Бақылау сұрақтары:
Тақырып бойынша қандай нормативтік құжаттарды білесіз?
Елді мекенді жоспарлау, жобалық құжаттар.
Бас жоспарды өңдеу кезіндегі санитарлық бақылау.
Қаланың бас жоспарын сараптау кезіндегі санитарлық бақылау.
Жоспарлау жобасын пайдалану кезіндегі бақылау.
№8 кредит
4– дәріс.
1. Тақырыбы: Қаланың селитебті аумағын ұйымдастыру. Инсоляцияның гигиеналық маңызы.
2. Мақсаты: Студенттерге қаланың селитебті аумағын ұйымдастыру тәсілдерімен, инсоляцияның гигиеналық маңыздлығымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәрістің жоспары:
Елді мекенді жоспарлау, жобалық құжаттар.
Бас жоспарды өңдеу кезіндегі санитарлық бақылау.
Қаланың бас жоспарына сараптама жүргізу кезінде санитарлық бақылау.
Жоспарлау жобасын жүзеге асыру кезіндегі бақылау.
Инсоляцияның гигиеналық мағызы.
Қаланың бас жоспарын қарастырған кездегі санитарлық бақылау.
1. Бас жобалаушы мекеме қалалық СЭС-қа жобаның түсініктеме қағазы мен графикалық материалдарын міндетті түрде әкеліп берулері керек. Егер материалдар толық болмаса, онда жобаны қарастыруға қабылдамайды. Жобаны қарстыруды СЭС-тың коммуналдық бөлімінің дәрігері жүргізеді, сонымен қатар міндетті түрде басқа бөлімдердің манандары және инженерлер қатысады.
2. Қаланың бас жоспарын қарастырудың негізі ретінде, санитарлық тапсырма және Қалалық СЭС алдын-ала дайындаған шаралар тізімі көрсетілген санитарлық сипаттама, сондай-ақ аудандық жоспарлау схемасының жобаға сәйкестігі және таралып орналасу схемасы (территория мөлшері, кәсіпорын тізімі, қала маңындағы зона) алынады.
3. Бас жоспарды қарастыруды "Қаланың экономикалық қоры", "Қаланың қала құрушы қоры", "Өндірістік",-деген бөлімдерден бастайды.
Түсініктеме қағаздың құрамына еңбектік балансқа негізделіп құрастырылған, жобаланған қаланың тұрғындар саны туралы мәліметтер кіреді. Осыларға сәйкес барлық тұрғындар шартты түрде 3 негізгі топқа бөлінеді: тұрғындардың қала құрушы тобы (қала құрушы мәні бар мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар). Құрылыстың алғашқы кезегінде бұл топтың меншікті салмағы 35% болады, тұрғындардың қызмет көрсету тобы (коммуналдық шаруашылық, сауда, қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени-тұрмыстық мекемелерде жұмыс істейтін адамдар). Оның меншікті салмағы: ірі қалалар үшін - 23-26%, тұрғындардың жұмыс істемейтін тобы (балалар, қарт кісілер, мүгедектер). Бұл топтың меншікті салмағы - 46-48%.
Қаланы құруға және оның өсуіне тікелей әсер ететін негізгі факторлар - қала құрушы факторлар деп аталады. Бұлар қаланың пайда болуына себеп болған кәсіпорындар, жергілікті маңызы бар әкімшілік және ғылыми мекемелер, республикалық маңызы бар курорттар, демалыс орындары және т.б.
"Табиғи-климаттық жағдай" деген бөлімде санитарлық дәрігер қаланың санитарлық сипаттамасы туралы материалдардың толық пайдаланғандығын тексереді, сонымен қатар құрылыс салу мен жайластырудың әсерінен ықшам климаттың болжамды өзгеруін тексереді. Бұл бөлімде міндетті түрде грунттық сулардың деңгейі туралы гидрогеологиялық мәліметтер, ашық суаттардың сипаттамасы, ағынды сулардың қуаттылығы және т.б. мәліметтер болуға тиіс.
Санитарлық дәрігер бас жоспарда ұсынылған қаланың территориясын функционалды зоналаудың дұрыстығын бағалауы қажет. СНиП 2.07.01-89 "Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских поселений" құжатына сәйкес қала территориясы келесі топқа бөлінеді: селитебтік, өндірістік және ландшафты - рекреациялық.
Бұндай бөлу функционалды пайдалану артықшылығына байланысты, сонымен қатар селитебтік территорияда өнеркәсіптік нысандардың да орналасуы мүмкін.
Көрсетілген территория аралығында бірнеше функционалды зоналар орналасады: тұрғын құрылыстар, қоғамдық орталықтар, өнеркәсіптік, ғылыми, коммуналдық-қоймалық, сыртқы транспорт жалпы демалыс зоналары.
Селитебті территория – яғни, бұл жерде тұрғын фонд, қоғамдық ғимараттар мен құрылымдар, ғылыми - зерттеу институттары мен олардың кешендері, көшелер, алаңдар, парктер, бульварлар, бақшалар орналасады. Бұл зонада санитарлық-қорғау зонасын керек етпейтін өнеркәсіптік және коммуналдық нысандарды орналастыруға рұқсат беріледі.
Бұрынғы жылдары елді мекендерде квартал бойынша құрылыс салу жүргізілетін, мұндай жағдайда функционалды зоналау жүргізілмеді, ал барлық өзара байланыстар, оның ішінде мәдени-тұрмыстық байланыстар архитектуралық-конструктивтік шешімдерге бағынады. Мұндай құрылыс кезінде мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, дүкендер және тұрмыстық нысандар тұрғын үйлерден алыс жерде орналасады. Балаларға қозғалысы қарқынды көшелерден өтуге тура келеді. Тұрмыстық үрдістердің дұрыс ұйымдастырылуы көбінесе ықшам аудандарға сәйкес.
Тұрғын құрылыс зоналарында қазіргі кезде екі негізгі элементті бөледі: ықшам аудан және тұрғын аудан.
Ықшам аудан - 10-нан 60 га-ға дейін жер алаңы бар, бірақ 80 га-дан аспайтын, магистралды көшелер бөліп өтпейтін тұрғын құрылыстың элементі болып табылады. Күнделікті тұтынатын сауда-тұрмыстық объектілердің қызмет көрсету радиусы 500 м-ден аспайды, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің радиусы - 300 м, мектептерге дейінгі қашықтық 750 м (бастауыш мектептерге дейінгі қашықтық - 500 м). Ықшам аудандардың шекарасы болып магистралды және тұрғын көшелер саналады.
Тұрғын аудан – 80-нен 250 га-ға дейін жер алаңы бар құрылымды элемент, қызмет көрсету объектілерінің радиусы 1500 метрден аспаулары керек.
Кіші қалаларда барлық селитебті территория әдетте, тұрғын аудан болып саналады. Үлкен қалаларда бірнеше ықшам аудандар тұрғын ауданды құрастырады. Бір ықшам аудан аралығында тұрғындар мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің барлық түрімен қамтамасыз етілулері қажет.
Жоспарлаудың негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып мыналар саналады:
1. Брутто бойынша тұрғын фондтың тығыздығы - 1 га территорияға тұрғын жер алаңының шаршы мертлерінің саны. Ықшам аудандарда бұл көрсеткіштер тұрғын аудандарға қарғанда жоғары болады, бірақ ол көбінесе ғимараттардың қабатына және жергілікті жердің ендігіне байланысты болады. Осы факторларға байланысты 1 га территорияда тұрғын фондтың максималды тығыздығы 2400 ден 7600 шаршы м аралығында болады.
2. Брутто бойынша тұрғындардың тығыздығы, бұл- 1 га территорияға шаққандағы тұрғындардың саны. Жалпы қала бойынша бұл көрсеткіш 1 га территорияда 220 адамнан, ықшам аудандарда - 450 адамнан, ал сейсмикалық аудандарда - 300 адамнан аспауы керек. Бірақ СНиП-те бұл көрсеткіштер тұрғын үймен қамтамасыз ету есебі бойынша 1 адамға шаққанда 18 шаршы метрден келетіндігі келтірілген. Басқа аймақтық нормативтерде, тұрғын үймен қамтамасыз етуде тұрғындардың тығыздық көрсеткіштері де сәйкес өзгереді.
Өндірістік территория, өнеркәсіптік кәсіпорындарды және олармен байланысы бар нысандарды яғни, тәжірибелі өндіріс орны мен ғылыми мекеме, коммуналдық-қоймалық нысандарды және басқа да нысандарды орналастыруға арналған. Осыған сәйкес келесі функционалдық зоналарды көрсетуге болады: өнеркәсіптік, ғылыми, ғылыми-өндірістік және коммуналдық-қоймалық нысандар және т.б.
Өнеркәсіктік зона тұрғын аудандармен рационалды байланыста болуы қажет. Тағамдық өнеркәсіптік кәсіпорындарды коммуналдық-қоймалық зонада орналастыру керек. Мұнда темір жол вокзалдарын да орналастырған жөн. Тұрғын құрылыс аудандар темір жолдардан ені 100 м болатын санитарлық-қорғау зонасымен бөлінуі қажет, ал егер темір жол сайлы жерде орналасса - 50 м жеткілікті болып табылады. Бұл зонада автомобиль жолдарын, гараждарды, қоймаларды орналастыруға рұқсат етіледі. Санитарлық-қорғаныс зонасының 50 пайыз алаңы көгалдандырылған болуы қажет.
Ландшафты-рекреациялық территория, мұның құрамына қалалық ормандар, орман парктер, орман-қорғау зоналары, суаттар, ауыл шаруашылық және басқа да дақылдарды өсіру үшін пайдаланатын жерлер және т.б. кіреді. Қаланың территориясын көгалдандырудың меншікті салмағы 40%-дан, ал тұрғын аудандардың шекаларында 25%-дан кем болмаулары керек.
Бұл тарауларды қарастырған кезде санитарлық дәрігер қаладағы тұрғын, өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық зоналардың өз-ара дұрыс орналасуына, сонымен қатар сол территориялардың өсу мүмкіндігіне, санитарлық-қорғаныс зоналарының болуына, тағамдық өнеркәсіптік кәсіпорындардың және шаруашылықтық қоймалардың орналасуына (улы және жағымсыз иісті заттардың шығу көздерінен алыс орналасуы) баға беруі қажет. Қажетті санитарлық-қорғаныс зонасын ұйымдастыруға мүмкіндік болмайтын кәсіпорындар үшін, олардың қаланың сыртына шығарылатын объектілердің тізімінде бар ма, жоқ па соны тексерулері керек.
7. "Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету" тарауында тексеру қажет:
бірқатар нысандардың сақтап қалу дұрыстығын;
олардың тұрғындардың демографиялық құрамына сәйкестігін және сыйымдылығын;
- қызмет көрсету радиусын;
- жер алаңының жеткіліктілігін және т.б.
Қызмет көрсету жүйесінің құрамына халық ағарту, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, мәдениет, көркем-өнер, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, коммуналдық-шаруашылық және т.б. мекемелер кіреді. Бұл кезде келесі нормативтерге бағытталу керек:
а) балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі 85 пайыздан кем болмаулары қажет; ал демографиялық мәліметтер болмаған кезде-1000 адамға 180 орыннан келеді.
б) балалардың 100 пайызы толық емес орта біліммен (І-ІX сыныптар) қамтамасыз етілулері керек, орта біліммен (X-XІ сыныптар) - 75%, ал демографиялық мәліметтер болмаған кезде - 1000 адамға 180 орын.
в) спорт залдары 1000 адамға шаққанда 60-80 шаршы м, жабық және ашық бассейиндер 20-25 шаршы м; клубтарда 6 шаршы м, кинотеатрларда -25-35 орын, театрларда - 5-8 орын болулары қажет.
г) магазиндердің сауда аландары 1000 адамға шаққанда 280 шаршы м-дан кем болмаулары керек, оның ішінде шаруашылық магазиндерінде - 180 шаршы м, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында - 40 орын, моншаларда - 5 орын болу қажет.
8. Жобаға сараптама жүргізген кезде құрылыс салу жүйесіне де көңіл аудару керек. Құрылыс жүйелерінің бөлінуі:
а) периметрлік құрылыс – төрт бұрыштың төрт жағы бойынша (тұйықталып жабылған тік бұрыш) көшенің бойымен ғимараттардың орналасуы. Олар тұтас немесе үздікті болуы мүмкін. Бұл жүйенің кемшілігіне кварталдың нашар желдетілуі және бағытталуының (инсоляция) нашарлығы (дұрыс бағытталмауы) жатады.
б) тізбекті құрылыс - ғимараттар бір-біріне параллель орналасады. Ғимараттың осьтік бағытталуы өзіндік болып табылады, яғни инсоляция және желдетілу жағдайына байланысты.
в) топтық құрылыс – ықшам аудан немесе квартал территориясында бірнеше үйлер тобының бірігуі. Топ ішінде орналасқан үйлер қорғалады.
г) еркін құрылыс – ғимараттар архитектуралық айқындылық, сондай-ақ инсоляция, аэроция, шудан қорғау интервалында еркін орналасады.
д) комбинерленген құрылыс - әртүрлі жүйелердің элементтердің бірігуі.
Қалалардың тұрғын аудандарының құрылыс салынуының сипаттамасы, негізінен жергілікті климаттық - географиялық жағдайларға байланысты. Мысалы, Қиыр Солтүстік үшін жаппай (тұтас,біртұтас) немесе жартылай тұйықталған периметрлік құрылыс ұсынылады, күшті жел тәртібі бар аудандарда – топтық, жергілікті желсіз аудандарда тізбектелген құрылыс ұсынылады. Сонымен Алматы қаласы үшін периметрлік құрылыс салу жүйесі ұсынылмайды.
9. Бас жоспардың маңызды бөлімнің біріне қала ішілік және қала сыртындағы транспортты ұйымдастыру жатады. Тұрғын территорияны атмосфералық ауаның ластануынан және шудан қорғауды қамтамасыз ететін қарастырылған шаралардың қандай деңгейде екендігін анықтау қажет. Басқа жағынан алғанда транспорттық торап қала тұрғындарының қажеттілігіне сәйкес болуы тиіс.
Қала территориясының көгалдандырылуына едәір көңіл бөлу қажет, яғни ол ықшам климатты жақсартады, атмосфераның ластануын және шу деңгейін төмендетеді. Қалада көк-жасыл желектер төрт топқа бөлінеді:
а) жалпы мақсатта пайдаланатын тобына – мәдениет және демалыс парктері мен бақтары, қалалық парктер, орман парктері, скверлер, бульварлар жатады.
б) шектеп пайдаланатын – мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, жоғары оқу орындары, клубтар, ғылыми зерттеу институттары, емдеу профилактикалық мекемелері, тұрғын үйлер айналасындағы көк-жасыл желектер жатады.
в) арнайы мақсатта пайдаланатын – санитарлық қорғаныс және су қорғау зоналарында, автомобил және темір жол тораптары бойында отырғызылған көк-жасыл желектер жатады.
“Қаланы сумен қамтамасыз ету” бөлімін қарастырған кезде, міндетті түрде тексеру қажет: тұрғындардың жобалық санын есепке алғанда үшер су, өнеркәсіптік және шаруашылықтық қажеттілік үшін қажетті су мөлшерін есептеу; бұрыннан бар су көздеріне гидгеологиялық және санитарлық сипаттама және жаңадан су көздерін таңдауды негіздеу; сумен қамтамасыз ету көздеріне және су құбыры қондырғыларына санитарлық қорғау зонасын ұйымдастыру жағдайы.
“Қаланың канализациясы” бөлімінде міндетті түрде тексеру қажет: селитебтік территорияның, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындардың барлық нысандарын бір жүйеге қосу; тораптардың және тазарту қондырғыларының даму сатылары бойынша; санитарлық бақылау орындарымен алдын-ала келісілген, тазартылған ағынды сулардың суаттарға құю орындарын; ағынды суларды суаттарға құюда санитарлық ережелерге сәкестігін; тазарту қондырғыларының санитарлық қорғаныс зоналарын; қаланың канализацияланбаған аудандарынан шығатын сұйық қалдықтарды алып кету жүйесі, арнайы автотранспорттардың болуын, құю станцияларының орналасуын.
“Қаланы санитарлық тазарту” бөлімінде міндетті түрде дұрыстығын тексеру: қалдықтардың мөлшерін есептеу; қалдықтарды жинау, сақтау және алып кету жүйелері; қалдықтарды зарарсыздандыру және пайдаланудағы таңдалған әдістер. Санитарлық дәрігер түсініктеме қағазбен сызба материалдарын қарастырғаннан кейін, “Қаланың бас жоспарының негізгі жағдайлары” бөлімімен танысады. Онда қала тұрғындарының тұрмыстық және демалуда қолайлы жағдайларды қалыптастыру бойынша барлық алғашқы кезектегі шаралар көрсетіледі.
Жобаға мына жағдайда келісім берілуі мүмкін, егерде қарастырылған шынайы шешімдер “Санитарлық сипаттама” бөліміндегі ұсыныстарға сәйкес келетін болса. Жобаға шартты түрде келісім беруге рұқсат етілмейді. Сұрақтар санитарлық техникалық кеңес мәжілісінде талқыланады.
Жобаға терең түрде гигиеналық баға берілгеннен кейін санитарлық дәрігер “Құрылыс жобасы бойынша қорытынды” (ф № 303) құрастырады, оған қаланың, облыстың, ауданның бас санитарлық дәрігері қол қояды. Бұл кезде коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер басқа мамандықтағы гигиенистерді жұмысына қосуы мүмкін. Жобаны қарастыру және қорытынды жазу уақыты 14 күннен аспау керек.
Қорытындыда жобаның қысқаша мазмұны, сондай-ақ оның оң және теріс жақтары көрсетіледі, ұсынылған барлық материалдар толық беріледі, жобаны қабылдау мерзімі және қорытынды беру уақыты көрсетіледі. СЭС-тің оң қорытындысы бас жобалық ұйыммен беріледі. Мемлекеттік санитарлық бақылау органдарымен келісілгеннен кейін жоба қалалық және облыстық әкімшілікпен бекітіледі. Бекітілген тәртіпті бұзу жағдайында және жобаға келісім беруден ауытқу кезінде (едәуір кемшіліктер) жобаны қарастырған СЭС санитарлық бақылаудың жоғарғы өкілдеріне мәлімдеу қажет.
Жобаларды жүзеге асыру кезінде жүргізілетін бақылау.
Бас жоспардың бекітілген жобасы негізгі қала құрылыс құжаты болып табылады, онда барлық ұйымдар және ведомствалар басшылыққа алынуы қажет. Оның негізінде детальді жоспарлау жобасы, әрі қарай құрылыс салу жобасы жасалады. Сақтық санитарлық бақылау жүргізіледі, санитарлық санэпид қызметі бас жоспардың жүзеге асырылудың барлық сатыларында қатаң түрде орындалуын талап ету қажет: бірінші кезектегі құрылыстарды орналастыру; тұрғын және өнеркәсіптік зоналардың детальды жоспарлау жобалары; ықшам аудандар және тұрғын аудандарды салу жобалары; көгалдандыру және сыртқы жайластыру схемалары және т.б.
Кез- келген аталған құжаттың түсініктеме қағазында бас жоспармен сәйкестігі көрсетілуі қажет, яғни санитарлық дәрігер бұған бірінші кезекте көңіл бөлуі қажет.Бас жоспарды іске асыруға бақылау кезінде ғимараттың құрылысын бастамастан бұрын келесілерге ерекше көңіл бөлу қажет: территориның өз уақытындағы инженерлік дайындығы; су құбыры және канализациялық тораптардың құрылысы; елді – мекен орындарың көшелік тораптарын трассиропка, тазарту қондырғыларының сәйкестігі.
Мәдени тұрмыстық қызмет көрсету нысандарының құрылысы тұрғын ғимараттарнын эксплуатацияға беруден бұрын аяқталуы қажет.
Бас жоспардың жүзеге асырылуын тексеруді санитарлық санэпид қызметі кемінде жылына 1 рет жүргізеді. Бас жоспардан едәуір ауытқу болғандығын анықтаған кезде, сұрақ атқару комитетінде талқылануға жіберіледі. Атқару комитетінде талқыланған сұрақтың көшірмесі санитарлық бақылаудың жоғарғы тұрған органдарына жіберіледі.
Бас жоспардан ауытқу негізделген болу қажет (көлемі, мезімі, территория шекаралары) және СЭС-қа қарастыру үшін ұсынылуы қажет. Егер де олар санитарлық жағдайды нашарлататын болса, алдын-алу шаралары өңделіп қарастырылуы керек.
“Мемлекетттік санитарлық бақылау туралы қаулысына” сәйкес, бас жоспардың және гигиеналық талаптардың бұзылыстары бар нысандардың құрылысы санитарлық бақылау органдарының келісуімен тоқтатылып, кінәлылар сотта жауап беруге жіберілуі мүмкін.
Бас жоспарда қарастырылған кез-келген мақсатта пайдалануға жер участкесін таңдау жағдайында, СЭС жобалық ұйымнан мұндай шешімді негіздеуді және санитарлық қауіпсіздігіне жауап беруін талап ету қажет.
Инсоляция дегеніміз - күн сәулесінің тікелей түсу әсері. Биологиялық тұрғыдан алғанда, едәуір белсенді күн сәулесі спектрінің бір бөлігіне ультракүлгін сәулелері жатады. Ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі адамның денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Балаларда "Д" витаминінің жетіспеушілігі байқалады және рахит ауруы пайда болады, себебі кальций-фосфор алмасуы бұзылады. Организмнің инфекцияға қарсы қорғаныс жүйесінің белсенділігі төмендейді.
Ультракүлгін сәулелерінің 3 спектрлі облысы бар:
1. А облысы (толқындарының ұзындығы 320-400 нм) көбінесе күнге күйіп қараю әсерін көрсетеді (қорғаныс ролі бар тері пигменті мен меланиннің бөлінуі).
2. В облысы (толқындарының ұзындығы 280-320 нм) күнге күйіп қараю әсерін тигізеді және "Д" витаминін синтездейді.
3. С облысы (толқындарының ұзындығы 200-280 нм) өте күшті сәулелер, көру мүшесі мен тері қабатына қолайсыз әсерін тигізеді. Бірақ ультракүлгін спектрінің бұл бөлігі стратосфера қабатында озонмен ұсталып қалады, да жер бетіне жетпейді. Практика жүзінде С облысы тек жасанды ультракүлгін сәулелері арқылы ғана адамға әсерін тигізуі мүмкін.
Инсоляция денсаулықты жақсартатын маңызды фактор болып саналады және барлық тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, сонымен қатар тұрғын аудан территорияларында да қарастырылуы қажет.
Инсоляция нормативтері сәйкес СанПиН "Санитарные нормы и правила обеспечения инсоляций жилых и общественных зданий и территориях жилой застройки" деген құжатта берілген.
Нормалау жылдың көктемгі-күзгі мезгілінде жүргізіледі және әртүрлі аудандардың жарықтық климаттық ерекшеліктері мен құрылыс салу сипаттамасының ерекшеліктері ескеріледі. Ғимараттарды сәйкестендіріп жоспарлау мен бағыттау арқылы нормаларды сақтау жүзеге асырылады.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда инсоляцияның ұзақтығына ғимараттың орналасуы мен бағытталуы әсерін тигізеді. Ғимаратты меридионалды орналастыру тиімді, күн сәулесі шығыстан және батыстан түседі. Ал экваторлық (ендікті) бағыттағы ғимараттар, терезелері солтүстікке бағытталғанда тиімсіз болып табылады. Бұндай бөлмелерде инсоляция мүлдем болмайды, сондықтан 1 бөлмелі пәтерлерде ендікті орналастыруды ғимараттың оңтүстік жағына орналастыру қажет.
Инсоляция бойынша СанПин-нің негізгі жағдайлары:
1. балалар мекемелерінде және сыныптарда, демалыс орындарында, аурухана палатыларында, сауықтыру мекемелерінде, ойын және спорт алаңдарында үздіксіз инсоляция 3 сағаттан кем болмауы керек.
2. Инсоляцияның нормасы 1,2,3 бөлмелі патерлердің ең кем дегенде бір тұрғын бөлмесінде қамтамасыз етілуі қажет, ал 4,5 бөлмелі пәтерлерде ең кем дегенде екі тұрғын бөлмелерде және жатақханалардың ұйықтайтын бөлмелерінің ең кем дегенде 60 пайызын қамтамасыз етулері керек.