
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
4. Көрнекілік материал:
1. СЛАЙД Аумақты функционалдық зоналау.
2. СЛАЙД Жобалық құжаттардың түрлері.
3. СЛАЙД Аудандық жоспарлаудың сатылары.
5. Әдебиет
Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., Киев, 2006
Зарубин Г.П., Гимадеев М.М., «Организация предупредительного санитарного надзора за планировкой населенных местң, М.- 1991.
Зарубин Г.П., Новиков Ю.В., «Гигиена городаң.- М.- 1986.
Лобанов Е.М. «Транспортная планировка городовң.- М. - 1990.
Майков Г.П. «Благоустройство и озеленение селң.- Л-д, 1993.
Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң.- Алматы.- 2004.
Новиков Г.В., Дударов А.Я., Санитарная охрана окружающей среды современного города, Л-д, 1998.
Основы предупредительного санитарного надзора. Киев, 1995.
Ревич Б.А., Коренберг Э.И, Оценка влияния потепления климата на здоровье населения - новая задача профилактической медицины// Вестник Российской академии медицинских наук, 2005. № 11.
СНиП РК № 3.01-01-2002. «Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских поселенийң,
6. Бақылау сұрақтары:
1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжаттарды білесіз?
2. «Аудандық жоспарлауң туралы түсінік.
3. Экономикалық аудан аумағында тұрғындардың өмір жағдайын сауықтыру мақсатындағы шаралар кешені.
4. Аумақты функционалды зоналау.
5. Жобалық құжаттардың түрлері.
6. Аудандық жоспарлаудың сатылары.
№8 кредит
3– дәріс.
1. Тақырыбы: Елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздері.
2. Мақсаты: Студенттерге елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәрістің жоспары:
Елді мекенді жоспарлау, жобалық құжаттар.
Бас жоспарды өңдеу кезіндегі санитарлық бақылау.
Қаланың бас жоспарына сараптама жасау кезіндегі санитарлық бақылау.
Жоспарлау жобасын пайдалану барысында бақылау.
Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
Ерте заманда адамдардың көшпенді өмір салтынан тұрақты өмір салтына көшуіне байланысты алғашқы елді мекендер пайда болды. Египеттің ең көне қалалары жаңа заманға дейінгі 5 мың жыл бұрын салынған, кейіннен (жаңа заманға дейінгі 1мың жыл) Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауларында көптеген елді мекендер пайда болды. Бұрынғы және қазіргі кездегі қалалардың салынуында экономикалық жағдайлар негізгі фактор болды (ертеректе – аңшылық, балық аулау, жер жырту; кейіннен – сауда және өндіріс).
Бірінші қалалар ежелгі Месопатамияда, Египетте, Индияда, Орта Азияда пайда болды, сол кездің өзінде-ақ қалаларды жоспарлаудың талпыныстары болған. Елді мекендерді салу үшін жаңбыр сулары ағып кететіндей еңіс территориялар таңдалған, өздігінен канализация, су құбырлары, жергілікті жердің микроклиматы мен оның санитарлық жағдайына көп көңіл бөлінген.
Орта ғасырларда салынған қалалардың көшелері тар, қисық және жаудан қорғану мақсатында олар қамалдармен қоршалатын болған, канализация және су құбырлары болмаған, территорияны тазалау жұмыстары жүргізілмеген, қолайсыз санитарлық гигиеналық жағдайлар болған. Бұл кезең эпидемиялық бұрқ етпелердің және халық арасында өлім көрсеткіштерінің жоғарылауымен сипатталды. Тек феодализмнің соңғы кезеңдерінде жобалау сұрақтарына қайта көңіл бөліне бастады.
Ерте капитализм кезеңі бос жатқан территорияларда көптеген өндірістік кәсіпорындардың дамуымен сипатталады, бірақ бұл кезде территорияны зоналау және болашақта қала салыну перспективалары қарастырылмаған. Елді мекендерді жайластыру біркелкі болмады жеке аудандарда халықтың жоғары тығыздығы және антисанитария байқалды.
Капитализмнің дамуына байланысты елді мекенді жобалау мәселесі маңызды бола бастады, бірақ ірі қалаларда ерекше антисанитариялық жағдайдағы тұрғын аудандар, яғни «трущебаларң сақталды. Осы кезең туралы әдеби оқулықтарда Лондон, Чикаго, Петербург қалаларындағы трущебалар суреттелген.
Урбанизациялануына байланысты, қалада халық тығыздығының жоғарылауы және қоршаған ортаның ластануы бірқатар елдерде ауқымды мөлшерді алып отыр.
2000 ж. бастап үлкен қалалар (мегаполистер) қатарына Мехико (28 млн адам), Шанхай (26 млн адам), Токио-Иокагамма (24 млн), Сан-Паулу (22млн) т.б. қалалар кіреді. Мұндай қалаларда тұрғындарды сумен және тағаммен қамтамассыз ету, қалдықтарды жою және қоршаған ортаны қорғау үлкен мәселеге айналған.
Кеңес өкіметі кезінде қала салу принциптері мемлекеттің дамуындағы маңызды проблемалардың бірі болды. Бірінші бесжылдықтың өзінде-ақ, өндірістік кәсіпорындардың салынуымен қатар, 60 жаңа қала салына бастады, көптеген ескі қалалар – түбірлі қайта салына бастады (реконструкция). Елді-мекенді жайластыру, олардың көгалдандырылуы, мәдени тұрмыстық мекемелердің кеңейтілуі кең етек алды. Территориялардың санитарлық гигиеналық жағдайына ерекше көңіл бөліне бастады. Санитарлық заңдылықтардың негізі қаланып дамыды және қазіргі кезде ол әлемдік приоритетке ие болды. Қазақстанның санитарлық заңдылықтары бұрынғы СССР-дің сәйкес құжаттары негізінде жасалған, кейбір нормативтік құжаттар осы бөлімде келтіріледі.
Елді мекенді рационалды салу кезінде, оларды қоршаған аудан территорияларын ескермеу мүмкін емес екені іс жүзінде дәлелденді. Осы мақсатта аудандық жоспарлау қолданылады. Аудандық жоспарлау – элементтері бір-бірімен тығыз байланыста болатын, белгілі-бір экономикалық кешен болып табылатын, үлкен аймақтарды олардың әкімшілік шекараларына байланыссыз жоспарлау.
Экономикалық көзқарас бойынша аудандық жоспарлау, өндірістік орындар мен елді мекендер араларында жер учаскесін мақсатты түрде бөлуге, оларды дұрыс орындауға, сонымен қатар ауданның барлық бөлімдерінде кешенді техникалық ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Гигиеналық көзқарас бойынша аудандық жоспарлау, тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін табиғи факторларды (суаттар, көгалдар т.б. ) қолдануға, сонымен қатар қала халқын азық–түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл-шаруашылық зонасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар аудандық жоспарлау, территорияны санитарлық мелиорациялауға, елді мекенді өндірістік объектілерге қатысты, рационалды орындауға, сумен қамтамасыз ету көздерін таңдауға және ағын суларды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа аймақта мамандандырылған ауруханаларды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, лагерьлерді, турбазаларды салуға арналған территорияларды дұрыс таңдауға болады.
Жобалық құжаттардың ішінен бұл бөлімде аудандық жоспарлардың схемасы мен жобасы қарастырылады. Бұл жерде схема – облыс және аймақ территориясы үшін өңделеді, жоба – республиканың, облыстың, аймақтардың жеке бөліктері үшін, сонымен қатар жеке аудандар үшін өңделеді. Бір-бірімен ортақ шаруашылық специализациямен байланысты бір топ облыстарға аудандық жоспарлаудың ортақ схемасын өңдеуге болады. Аудандық жоспарлаудың схемасы міндетті түрде жобаны орындау жұмыстарының алдында жүргізуі керек. Аудандық жоспарлаудың схемасы мен жобасында бірдей сұрақтар қарастырылады, айырмашылығы – олардың детализациялану және конкретизациялану деңгейінде. Аудандық жоспарлау схемалары аудандық жоспарлаудың жобасын, елді мекендердің, қорықтардың, туристік кешендердің бас жоспарын өңдеуге негіз болады.
Елді мекенді жоспарлау ауқымды гигиеналық мәселелерді қамтитындықтан, коммуналды гигиенаның күрделі бөлімдерінің бірі болып есептеледі. Қаланың бас жоспарында коммуналді гигиенаның барлық сұрақтарына байланысты мәліметтер болған кезде ғана, санитарлық қызмет жобаның сараптамасын сапалы жүргізе алады. (сумен қамту гигиенасы, су көздерін қорғау, атмосфераны, топырақты қорғау, елді мекенді тазалау, инсоляция т.б.) Сондықтан коммунальдық гигиенаның оқулықтарында елді-мекенді жоспарлау, салу және жайластыру жеке бөлім ретінде беріледі. Жобалау сұрақтарын шешуде қолданылған негізгі нормативтік құжат СНиП РК № 3.01.01-2002. «Градостройтельство. Планировка и застройка горадских и сельских населенийң болып табылады.
Бұл құжат республиканың барлық елді-мекендеріне қатысты. Бұл құжатқа сәйкес барлық елді мекендер халық санына байланысты және елді-мекеннің дамуы мен демографиялық болжауын ескере отырып жеке топтарға бөлінеді.
Қалалар үлкен 6 топқа бөлінеді : 1) аса ірі (1млн. адам ). 2) ірі (250 мыңнан 1млн. дейін). 3) үлкен (100-125 мың адам ). 4) орта (50-100 мың). 5) кіші (50 мыңға дейін). Ауылдық жерлер келесі 4 топқа бөлінеді : 1) ірі (3000 нан жоғары). 2) үлкен (1000 нан 3000 ға дейін). 3) орта (200ден 1000ға дейін ). 4) кіші ( 200ден аз).
Кез келген елді мекен бір-бірімен функциональді байланысқан және территориада рациональді орналасқан құрылымдық элементтердің (өндірістік, тұрмыстық, транспорттық, мәдени-тұрмыстық) күрделі кешені болып табылады. Сонымен қатар қалалық және ауылдық жерлер максимальді жайластырылған, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында, әртүрлі коммуникациялар мен территориялардың гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл арнайы өңделген жобалар және санитарлық эпидемиялық қызмет тарапынан сәйкес бақылау болған кезде ғана мүмкін болады.
Қазіргі кезде ірі қалаларда халықтың тұрмыс жағдайының жаңаруынан, табиғи жүйелер жасандыға ауысып, қоршаған орта ластанып, атмосфера, топырақ және су объектілері өзгеріп, адамға түсетін химиялық, физикалық, психикалық жүктемелер жоғалып отыр. Климат өзгеріп, территория мен ғимараттарда инсоляция 15-30% -ға төмендейді, УК сәулелену 50% ға, бұлтты күндер 10 % ға жоғарылайды, қыс кезінде 100 % ға дейін жиілейді. Үлкен қалаларда көптеген аурулар, соның ішінде инфекциялық аурулар жоғарғы деңгейде.
Қалаларда өкпе рагымен сырқаттанушылық, ауылдық жерлерге қарағанда 2 есе жоғары, дамудың туа біткен ақаулары, сонымен байланысты балалар арасындағы сырқаттанушылық, психикалық аурулардың жоғарғы көрсеткіштері байқалады. Сондықтан қалаларды салу кезінде табиғи ресурстарды және адам денсаулығын қорғау жөніндегі сұрақтар бірінші кезекте тұруы тиіс. Бірақ бұл проблема көптеген факторларды ескере отырып, кешенді түрде шешілуі тиіс. Осындай шешімдердің бірі - елді мекенді гигиеналық тұрғыдан рациональді жоспарлау болып табылады.
Жоспарлау сатылары. Елді мекенді жобалау және салудың барлық кезеңдерінде сақтық санитарлық бақылау жүргізіледі. Қалаларды жобалау 3 негізгі сатыдан тұрады; бірінші саты аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасы негізінде қаланың бас жоспары құрылады; екінші саты – қаланың бас жоспары негізінде детальді жоспарлау жобасы өңделеді; үшінші саты – детальді жоспарлау жобасы негізінде құрылыс жобасы құрылады.
Қаланың жоспарлануы мен салынуын анықтайтын негізгі құжат бас жоспар болып табылады, оны өңдеу үшін техно – экономикалық негіздеу жүргізіледі. Бас жоспардың техно-экономикалық негізделуі экономикалық, демографиялық, табиғи, жоспарлық және инженерлік жағдайлардың анализі негізінде оптимальді варианттарды таңдау мақсатымен өңделеді. Аудандық жоспарлаудың схемасын өңдегенде, санымен қатар қаланың бас жоспарын өңдегенде жергілікті жердің топографиялық жоспарымен (69 сурет) және ситуациялық жоспарымен (70 сурет) міндетті түрде танысу керек.
Топографиялық картада елді мекендер және жеке объектілер, сонымен қатар жергілікті жердің рельефі бейнеленеді. Жергілікті жердің рельефінің ерекшелігі архитектуралық және санитарлық сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарды. Мысалы: ғимараттардың вертикальді байланыстырылуы, су құбырлары, канализация, тазалау қондырғыларын салу.
Топографиялық жоспарда жергілікті жердің рельефі, аймақтың биіктігі бойынша бірдей нүктелерін қосатын, қисық линиялар, горизонтальдар көмегімен бейнелейді. Бұл рельефтің түрін, теңіз деңгейінен абсолютті жоғарғы нүктелерді анықтауға, еңістіктердің бағытын бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін жоспарлауда бергштрихтар – горизонтальдарға перпендикуляр орналасқан, екі шеті жердің төмендеген жағына қарай орналасқан сызықшалар қолданылады.
Ситуациялық жоспар болашақта салынатын объектіге бөлінген жер учаскесі, оның маңайындағы территория бейнеленген карта. Ол, обьектіні территорияда дұрыс орналасқанға және басқа объектілермен ара қатынасына баға беруге көмектеседі. Ситуациялық жоспарда өндірістік кәсіпорынның, көлік магистральдарының орналасуын көрсетеді. Бұдан басқа «жел розасың су алу көздері, ағын суларды ағызу, су және канализация құбырларының өту жолдарын белгілейді.
Топографиялық және ситуациялық жоспарларды есепке ала отырып бас жоспар өңделеді, мерзімі 20 жыл. Бас жоспардың жалпы сипаттамасы қала түзуші базалар туралы, халық саны, жерді функциональді зоналарға бөлу туралы мәліметтері бар түсініктеме қағазда беріледі. Сонымен қатар түсініктеме қағазда бірқатар графикалық құжаттар беріледі, мысалы: сақталған және жобаланған территориялар, магистральдар торабы, көгалдандырылған зоналар, инженерлік қондырғылар көрсетілген бас жоспардың эскизі.
Детальді жоспарлау жобасы (ДЖЖ) қаланың жеке бөліктеріне жасалады. Құрылыс жобасы – шағын аудандар, кварталдар, тұрғын және қоғамдық ғимараттар тобы, қала салушы кешендерге орналасқан детальді жоспарлау жобасы негізінде өңделеді.
Бас жоспар елді мекенді жоспарлау немесе салудағы анықтаушы негізгі жобалық құжат болып табылады. Оның өңделуі СЭС-тің қатысуымен жүретін, бірнеше сатыдан тұрады. Санитарлық қадағалау органдары санитарлық тапсырма қарастырып, оны жобалаудың жалпы тапсырмасына қосады. Онда санитарлық қызметтің келесі сұрақтар бойынша көзқарасы жазылады; табиғи климаттық жағдайларды және қоршаған ортаның санитарлық жағдайын ескере отырып, қала территорияларының өсу бағыты мен шекаралары; қоршаған ортаны қорғау шаралары (зиянды объектілерді қала сыртына шығару, олардың профилі мен технологиясын өзгерту, санитарлық қорғау зонасын ұйымдастыру; тазалау қондырғылары т.б.); тұрғын, азаматтық және өндірістік ғимараттар үшін жер таңдау; сумен қамтамассыз ету, канализация және территорияны қатты қалдықтардан тазалауды жақсартудың перспективалары; емдеу профилактикалық, мәдени тұрмыстық және спорт мекемелері жүйелерінің даму перспективалары.
Елді мекенді жоспарлау кезінде міндетті түрде қаланың санитарлық сипаттамасы құрылады. Ол үшін атмосфераның, судың, топырақтың жағдайын, халық арасындағы сырқаттанушылықты, тұрғын және демалу орындарының жағдайын бақылаудың көп жылдық мәліметтері алынады. Санитарлық мінездеме - табиғи – климаттық жағдайды бағалаудан және олардың қаланың санитарлық жағдайына әсерін бағалаудан тұрады.
Бас жоспарды қарастырған кездегі санитарлық бақылау.
Барлық жобалық құжаттардың ішінде, тұрғын мекеннің жоспарлануын және салынуын анықтайтын, негізгі жобалық құжатқа бас жоспар жатады. Оны өңдеу СЭС қатысуымен жүретін, келесі сатылардан тұрады:
І. Жобалау үшін тапсырманы құрастыру. Жобалау мекемесімен бірге тапсырыс беруші жүргізеді. Бұл құжатта келесі мәліметтер келтіріледі: жобаны қарастыруға арналған негізгі дәлелдер; халық саны; территорияның көлемі; бастапқы мәліметтердің берілу тәртібі мен мерзімі; жобалау құжаттарына келісім беру және бекіту тәртібі.
Санитарлық бақылау органдары жобалау тапсырмасын құрастыру кезінде, дайындық сатысы кезінде де қатысады. Жалпы тапсырманың құрамына енгізу үшін СЭС санитарлық тапсырма құрастырады. Санитарлық тапсырмада келесі сұрақтар бойынша санитарлық қызметтің пікірі көрсетіледі:
- табиғи-климаттық жағдайлар мен қоршаған ортаның санитарлық жағдайын есепке ала отырып, қаланың бағыты мен территориялық өсу шекараларын ескеру;
- қоршаған ортаны қорғау және сауықтыруға арналған шаралар (өте зиянды объектілерді қаланың сыртына шығару, олардың кәсібін, технологиясын өзгерту, тазарту қондырғыларына және т.б. санитарлық қорғау зонасын ұйымдастыру,);
- тұрғын, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстар үшін жер участкесін таңдап алу;
- сумен қамтамасыз етуді жақсартудың келешегі;
- территорияны канализациялау және қатты қалдықтардан тазарту келешегі;
- емдеу-профилактикалық, мәдени-тұрмыстық және жалпы-спорттық мекемелер тораптарының даму келешегі;
ІІ. Жобалаудың екінші сатысына бас жобалау ұйымы және жұмысқа қатысушылармен бірге жасалынатын, жұмыс бағдарламасын құрастыру жатады. СЭС бұл сатыда қаланың санитарлық жағдайын сипаттау бөлімінде қатысады. Санитарлық бақылау органдарының жұмыс бағдарламасының құрамына кіреді:
қала территориясын санитарлық тексеру;
- санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдарында болатын, алдыңғы жылдардағы материалдарды жинау, біріктіру және талдау;
- қоршаған орта жағдайына арнайы зерттеулер жүргізу;
- санитарлық көрсеткіштерді сипаттау және сауықтыру шараларын негіздеу;
- жұмыс көлемі өте үлкен болғандықтан жобалаушы мекеме СЭС-пен және ғылыми зерттеу институттарымен келісім шарт жүргізеді, бұл кезде барлық мүмкіндік шығындар ескеріледі;
- "Қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру" бөлімі бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыруға қатысу.
ІІІ. Жобалаудың үшінші сатысы - қаланың бас жоспарының өзін өңдеп шығару немесе қарастыру болып табылады. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, санитарлық қызмет бұл сатыда - қаланың санитарлық сипаттамасын құрастырады. Қаланы терең кешенді тексеруге санитарлық дәрігер және әртүрлі кәсіптегі мамандар да қатысады. Нысандарды төл құжаттаудың біріншілік материалдары, сонымен қатар атмосфераның, судың, жер қыртысының жағдайларына жүргізілген көп жылдық байқаулардың нәтижелері, тұрғындардың аурушылдығы бойынша мәліметтері тұрғын ғимараттардың, қызмет көрсету мекемелердің, жалпы демалыс орындарының жағдайы туралы мәліметтері қолданылады.
Санитарлық сипаттама келесі бөлімдерден тұрады: табиғи-климаттық жағдайларды және олардың қала ортасының санитарлық жағдайына әсерін бағалау; территорияны функционалды зоналауды бағалау; қала бойынша және жекеленген аудандар бойынша атмосфералық ауаның, судың және жер қыртысының санитарлық жағдайларының сипаттамасы; сумен қамтамасыз етудің санитарлық жағдайы; қаланы санитарлық тазартудың және ағынды суларды тазартудың сипаттамасы; тұрғын аудандардың шу тәртібін бағалау; тұрғындарға қызмет көрсетуді бағалау (медициналық, мәдени-тұрмыстық және жалпы-спорттық).
"Атмосфералық ауаның, суаттардың және жер қыртысының санитарлық жағдайы" деген бөлім, негізгі бөлімдердің бірі болып табылады, сондықтан ерекше ұқыптылықпен дайындалуы қажет. Бұл бөлімнің қорытындылары сауықтыру шараларын дәлелді негіздеулері қажет. Орта нысандары жағдайының санитарлық сипаттамасы "Қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру" деген тарауға кіруі қажет, ал оны бас жобалау ұйымы мекемесі дайындайды.
Қала территориясындағы электромагниттік алаңдар мен шу тәртібін бағалау бойынша бөлім де санитарлық сипаттамаға кіреді. Ол келесі материалдпрға негізделіп жүргізіледі: магистралдар, темір жол, аэропорт, өнеркәсіптік нысандар маңындағы шу деңгейі туралы СЭС мәліметтері, жергілікті тұрғындардың шуға шағымы, шу тәртібін есептеу және шу деңгейін болжау. Жобалау мекемесі қаланы немесе бұл тұрғыда оның едәуір қауіпты, жеке участкелерін шу картасымен қамтамасыз етуі қажет.
Қаланы санитарлық бағалау үшін сумен қамтамасыз ету, канализация және ағынды суларды тазарту жағдайларының да маңызы өте зор. Бұл бөлімде суды тұтыну, судың сапасы мен шығу көздері, тораптары туралы, оларды тазарту тиімділігі туралы мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ сумен қамтамасыз етудің дамуын болжау туралы мәліметтер де беріледі.
Қаланы қатты тұрмыстық қалдықтардан санитарлық тазарту (жинау, шығарып тастау және залалсыздандыру жүйелері, қалдықтарды тастайтын жерлердің, полигондардың, көметін далалық жерлердің және т.б. сипаттамасы) туралы сұрақтар өзі жеке бөлімде қарастырылады. Сонымен қатар, территорияны санитарлық тазартудың даму келешегі де бағаланады.
Қызмет көрсету тораптарының жағдайы мекемелердің саны мен олардың сыйымдылығы туралы, қалада немесе жеке аудандарда олардың біркелкі орналасуы мен жағдайлары туралы мәліметтерге негізделіп бағаланады.
Санитарлық сипаттамаға қала тұрғындарының аурушылдығының толық және жеке жас топтары бойынша анализдеу туралы бөлімі да кіруі қажет. Бұл сұрақтар туралы мәліметтер денсаулық сақтау мекемелерінің стат. бөлімерінен, Ғылыми зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының кәсіптік кафедраларынан алынады. Мүмкіндігінше, тұрғындардың аурушылдығының қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланыстылығы туралы мәліметтерде болуы керек.
Қаланың санитарлық сипаттамасының соңында осы құжатта берілген барлық мәліметтерге негізделіп, СЭС ұсынған сауықтыру шараларының тізімі беріледі.