Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау

Қоршаған ортада таралуына байланысты энергиясын жоғалта отырып, дыбыс толқындары таралады және жұтылады. Бұл үрдістің деңгейі шығу көзі арасындағы қашықтыққа, атмосфераның жағдайына, метеожағдайларға, дыбыс толқыны жолындағы кедергілердің болуына байланысты. Бұл кедергілердің жұтатын және шағылыстыратын әсері бар. Ылғалды ауада дыбыстар су молекулаларында жұтылады, ал құрғақ ауада шу ұсталмайды. Жел дыбыс толқындарының бір тіке сызықпен таралуына кедергі келтіреді.

Дыбыс толқыны жолдарындағы әр түрлі кедергілер шуды бәсеңдетуге едәуір тиімді әсер етеді: ғимараттар, қоршаулар, қабырғалар, төбешіктер, үйінділер. Дыбыс осындай экрандарда шағылысып, акустикалық көлеңке пайда болады. Бірақ дыбыс толқындарының толық шағылысуы болмайды, оның жартысы кедергіні айналып кетеді (дифракция). СЛАЙД 7.3

Негізінен экрандау шуға қарсы шаралардың ең тиімдісі болып табылады. Егер жасыл-желектермен шу 10 дБА-ға дейін ұсталса, ал экрандар арқылы дыбыс 20 дБА және одан жоғары мөлшерде де ұсталады. Экраннан 50 м қашықтықта болса, жақсы әсер береді. Бірақ тік қабырғаларға қарағанда, еңкіш немесе ылдый қабарғалармен тиімдірек болады. Бірінші жағдайда дыбыстың қайта шағылысуы болады, ал екінші жағдайда дыбыс толқыны шағылысып, қайта оралмайды және тіпті биік ғимараттарды айналып өтеді.

Тұрақты шудың нормаланатын параметріне октавалық жиілік жолағындағы дыбыс қысымының деңгейі (дБ) жатады. Болжамды бағалау үшін дБА дыбыс қысымының деңгейін қолдауға болады. Тұрақсыз шудың нормаланатын праметріне ДбА-дағы эквивалентті (энергиясы бойынша) дыбыс деңгейі және дБА-дағы максималды дыбыс деңгейі жатады. Максималды деңгей дегеніміз – уақыт өлшеміне қарай 1 пайыз аралықтағы шумамердің максималды көрсеткішіне сәйкес келетін дыбыс деңгейі. Салыстырмалы рұқсат етілген деңгейі бойынша тұрақсыз шуды бағалау бір уақытта екі параметр бойынша жүргізілуі керек: эквиваленнік және максималдық. Бұл кезде дыбыстың максималды деңгей норомативі эквивалентті нормативтен 15 дБА асып кетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін бөлмелерде дыбыс деңгейі күндізгі және түнгі уақыт бойынша бөлек есептеледі. Бұл норманың айырмашылығы 10 дБА-дан жоғары болмайды.

Шудан қорғау

Бұрынғы жылдарда шу гигиеналық мәселе ретінде қарастырылмаған. Сондықтан тұрғын бөлмелердегі шудың рұқсат етілген деңгейіне санитарлық нормалар тек 1960 жылы Эрисман атындағы Мәскеудің гигиена институтында жасалған. 1977 жылдан бастап “Защита от шума” ҚНменЕ, ал 1997 жылы Қазақстанда ҚР N3.01.035-97 “Предельно допустимые уровни шума в помещениях жилых и общественных здании и на территории жилой застройки” СанПиНі қабылданған. Оған қоса “Методические указания для органов и учреждений санитарно-эпидемиологической службы по контролю за выполнением указанных санитарных правил” құжаты жасалған.

Шуға қарсы шаралар 3 бағытта жүргізіледі:

  1. шудың көзіне бағытталған шаралар – инженерлік-техникалық және ұйымдастырушы-әкімшіліктік шараларға негізделеді;

  2. шудың таралу жолына бағытталған шаралар – шығу көзінен қорғау обьектісіне дейін (көбінесе қала құрылысы және құрылыс-акустикалық әдістер);

  3. шудан қорғау обьектісінің өзіндегі шаралар (қоршаушы конструкцияларды дыбыс изоляциялау және жоспарлау шаралары).

Қалаларда шудың негізгі шығу көзі транспорт, соның ішінде автомобильдер болып табылады. Елді мекендерді транспорттық шудан қорғау үшін келесі құрылыстық-акустикалық шараларды жүргізу керек: жылдам жолдар және жүк транспорты жүретін жолдар селитебті территорияны кесіп өтпеуі керек; тұрғын құрылыс зонасындағы жылдам жолдар темір жолдармен қатар салынуы керек, өндірістік және тұрғын аудандардың арасына, сондай-ақ тоннелдер мен жердің рельефі төмен жерлерге салынуы қажет; эстакадалы және асфальттанбаған жерлердегі магистралды көшелер тұрғын емес мақсаттағы үйлермен экрандалуы қажет; трассалар мен тұрғын үйлер арасына шу деңгейі қауіпті емес ғимараттарды орналастыру керек; транспорт қозғалысы дұрыс ұйымдастырылуы (бір жақты қозғалыс, “жасыл толқын”, қозғалыс қарқындылығын төмендету, жүк транспортының қозғалысын төмендету) қажет.

Емдік-профилактикалық мекемелер орналасқан жерлерде түнгі уақытта транспорттардың жүруін тоқтату немесе оның кейбір түрлеріне (мотоцикль, жүк таситын машиналар т.б.) шектеу қою керек. Сонымен қатар мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемелері және басқада жерлерде шектеу шаралары жүргізілуі керек.

Шудан қорғайтын экрандар жақсы нәтиже береді: жасанды және табиғи (жартастар, төмпешіктер, рельефтер, қабырғалар). Жасанды экрандарды шудың көзіне барынша жақын орналастыру қажет, себебі жақын орналасқан сайын биіктігі төмен болғанымен (биіктігі жоғарымен салыстырғанда) тиімділігі бірдей болады.

Дыбыс толқындарының өшуіне жасыл-желектер едәуір әсер етеді. Бірақ бұл фактор шу деңгейін шудан қорғайтын арнайы жасыл-желектер жолағын көлденеңінен және тігінен де жерге дейін арасында саңлаулар қалдырмай еккен кезде ғана нәтиже береді. Кәдімгі жасыл-желектер жолағы шудың деңгейін аз ғана төмендетеді және тек жаз уақытында тиімді.

Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты, тұрғын үйлер көбінесе транспорттық магистральдарды бойлай салынады, осыған орай сыртқы қабырғалары дыбыстан оқшауланып, ұйықтайтын бөлмелері қарама-қарсы жаққа бағытталуын қадағалау керек. Дыбыстан оқшаулау көбінесе терезелердің қабаттарының оқшаулануына байланысты. Кейде ғимараттардың өзі шудан қорғайтын экран бола алады.

Ғимаратты шу көзінен қорғау үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Шу көзінің өзінде шуды төмендетуде тиімді әдіс болып табылады. Таралу жолы бойынша дыбыс толқынның төмендеуі ғимараттың жоспарлануына, жеке бөлмелердің дыбыс изоляциялануына, дыбыс жұтылуына, дыбыс шағылысуына байланысты.

Ғимарат құрылысы кезінде дыбыс изоляциясы және дыбыс жұтуға байланысты әдістер қолданылады. Дыбыс изоляциясы дегеніміз – дыбыс энергиясын төмендету үшін қолданылатын қоршаулар. Бір қабатты қоршаушы дыбыс изоляциясы (қабырға, есік, теерзе) оның салмағына тура пропорционал. Осы салмақтақтағы көп қабатты қоршаулар едәуір тиімді (қос есіктер, қос терезелер). Терезе де, есік те оның коробкасына тығыз киілуі керек. Соңғы жылдары тұрғын үйлерде арайы шудан қорғайтын әдістер, жоғары дыбыс изоляциялайтын құрылымдар, ішкі бөлмелердің арнайы жоспарлануы қолданылады.

Дыбыстың жұтылуы шу дыбыс жұтылатын беткейге берілгенде (қаптау, экран) дыбыс толқындарының шағылысу энергиясын әлсірету үшін онда төмен энергияда шағылысады. Сондықтан қаптау материалы үшін минералды мақта, гипс, металданған шыны талшықтары, қуысты бетон плиталары қолданылады. Оларды оқу, спорт, ойын сауық көрсететін ғимараттарда, ауруханаларда, қонақ үйлерде, ресторандарда, вокзалдың күту залдарында, аэропорттарда қолданылады.

Санитарлы-техникалық қондырғылардан туындайтын шуды төмендету үшін желдету қондырғыларын изоляциялау, олар мен ауа соратын қондырғының арасын брезентті материалдармен бөлу, су құбыры жүйесінде су ағынының жылдамдығын төмендету, құю бөшкелері төмен орналасқан унитаздарды қолдану, сондай-ақ қабырға арқылы құбырларды жүргізгенде оларды тығыз материалдармен қаптау дыбыс изоляциясын жүргізуге болады.

Бұл шаралардың барлығы жобалаушы ұйыммен жобаны сараптау кезінде ескерілуі қажет: технологиялық және санитарлық-техникалық бөлімде желдету, кондиционерлеу жүйесін таңдау кезінде қарастырылуы қажет, сондай-ақ едәуір шу шығаратын санитарлық-техникалық қондырғыларды орналастыру, изоляциялау; құрылыс кезінде – қоршаушы және дыбыс жұтатын қаптаушы заттармен өңдеу қажет.