Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материал:

1. СЛАЙД Бокс.

2. СЛАЙД Жартылай бокс.

3. СЛАЙД Бокстелген палата.

5. Әдебиет

  1. Абрамов В.Н. Удаление отходов лечебно-профилактических учреждений . - М., 1998.

  2. Войффен В., Обердестер Ф., Крамер А. Больничная гигиена. Минск, «Беларусьң, 1984.

  3. Вопросы больничной гигиены. Киев, Здоровья, 1966.

  4. Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., Киев, 2006.

  5. Гончарук Е.И., Прокопов В.А. Очистка и обеззараживание сточных вод лечебных учреждений. - Киев, 1973.

  6. Венцел Р.П. Внутрибольничные инфекции. – М., 1990.

  7. Журбина Е.С., Фролов В.П. Санитарно-гигиеническая оценка микроклимата в палатах больницы. Акт. вопр. гиг. и эпид., М., 1990г.

  8. Опарин П.С. Гигиена больничных отходов. – Иркутск, 2001.

  9. Санитарные правила устройства и содержания лечебно-профилактических учреждений. № 3.01.042.97.-Алматы. - 1997.

  10. «Санитарные правила и нормы. Предельно-допустимые уровни шума в помещениях лечебно-профилактических учрежденийң, СанПиН РК № 3.01.033- 97.

  11. Уилер Е.Т. Проектирование больниц. М., 1972.

  12. Щербо А.П. Больничная гигиена. Руководство для врачей. – СПб, 2000.

  13. Русаков Н.В., Щербо А.П., Мироненко О.В. Обоснование мероприятий по обращению с больничными отходами. – Гиг. и сан. – 2003. - № 4. – с. 11-14.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжаттарды білесіз?

2. Бөлменің әрлеу жұмыстарына қойылатын талаптар.

  1. ЕПМ-нің жылыту және желдету жүйелері.

  2. ЕПМ-нің жарықтануы.

  3. Бөлмелерді жинау және науқастар гигиенасы.

  4. ЕПМ-н ағымды санитарлық бақылау.

8 кредит

1– дәріс.

1. Тақырыбы: Қаланың шу проблемасы. Тұрғыңдардың денсаулығына шудың әсері. Заңнама.

2. Мақсаты: Студенттерге қаланың шу проблемасымен, тұрғыңдардың денсаулығына шудың әсерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

  1. Шу және оның көздері.

  2. Шудың адам организміне әсері.

  3. Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау.

  4. Шудан қорғау.

  5. Шу көздеріне санитарлық бақылау.

Шу және оның көздері

Адам денсаулығын сақтауға қажетті жағдайға қоршаған ортаның химиялық, физикалық және биологиялық факторларының оптималды жағдайы жатады. Адам организміне физикалық факторлардың әсер етуі химиялық фактордың әсерінен ерекшеленеді. Яғни бұл жағдайда организмге белгілі-бір химиялық зат түспейді, белгілі-бір энергия түрінің әсері орын алады. Әрине бұл кезде материалды кумуляция болмайды, тек функционалды кумуляция болады.

Физикалық факторлар әр түрлі энергияның тасымалдаушысы болып табылады. Бұл әсерлерге дыбыс және вибрация жатады. Дыбыс дегеніміз – бұл қандай-да бір күштің әсерінен тығыз ортада (ауалы, сұйық, қатты) бөлшектердің толқын тәрізді тербелісі. Шу дегеніміз - адамда жағымсыз сезімдерді шақыратын, оның дем алуына және еңбек етуіне кедергі жасайтын әртүрлі дыбыстардың жиынтығы.

Шудың негізгі физикалық параметріне жиілігі, қысымы, жылдамдығы, күші жатады. Толқындардың белгілі дыбыстық тербеліс жиілігі бар және герцпен сипатталады. Бір герц 1 секунд ішіндегі тербеліске тең. Демек, неғұрлым тербеліс жиілігі көп болса соғұрлым дыбыс жоғары болады және керісінше. Адамдардың құлағы 16-20 000 Гц-ке дейінгі дыбыстарды қабылдайды. Егер тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен болса, онда ол инфра дыбыс, ал 20 000 Гц-тен жоғары болса - ультрадыбыс деп аталады, оларды адам құлағы естімейді.

Жиілігі бойынша шу төменгі жиілікті (16-400 Гц), орташа жиілікті (400-1000 Гц) және жоғары жиілікті (1000 Гц-тан жоғары) болып бөлінеді. Төменгі жиілікті жоғары жиілікке қарағанда (400-ден төмен) адам құлағы нашар қабылдайды, ал адам жасы ұлғайған сайын жоғары жиіліктегі дыбысты да нашар қабылдайды (20 000-нан 12 000-ға дейін). Адамның дыбыс анализаторы 800-6000 Гц аралығындағы дыбыстарды жақсы қабылдайды.

Атмосфералық ауада таралған дыбыс толқындары атмосфералық қысымды өзгертіп, тербеліс процесіне түседі. Атмосфералық қысымға қосымша дыбыспен шақырылатын қысым, дыбыс қысымы деп аталады. Ол 1 м шаршыда нъютонмен өлшенеді (Н/м2).

Дыбыс жылдамдығы оның таралу тығыздығына байланысты. Орта неғұрлым тығыз болған сайын, дыбыс жылдамдығы да соғұрлым жоғары болады. Ауада ол 334 м/сек, ағашта - 400 м/сек, суда – 1430 м/сек. және т.б. Дыбыс толқыны дыбыс күшін анықтайтын энергияға ие. Дыбыс күші дегеніміз – 1 сек. ішінде 1 шаршы метрден өтетін дыбыс энергиясының мөлшері. Дыбыс қуаттылық күші (интенсивтілігі) ватпен өлшенеді (Вт/м2) Дыбыс параметрлернің мөлшері өте кең ауқымда өзгереді және оны абсолютті бірлікте өлшейтін болсақ (Н/м2 және Вт/м2), өте үлкен сан пайда болар еді. Сондықтан шуды практикалық бағалау үшін, белмен көрсетілген логарифмдік бірліктегі салыстырмалы деңгейі қолданылады, мөлшері 10 есе кіші.

Децибел шкаласы естілу табалдырығынан басталады және пайда болған шудың табалдырықтан неше есе жоғары екендігін көрсетеді. Сондықтан дыбыстың интенсивтілік диапазоны естілу табалдырығынан аурулық табалдырығына дейін барлығы 140 дБ-ді құрайды. СЛАЙД 7.1

Кез-келген шу көзінің дыбыс энергиясы жиілік спекрін құрайтын жиілік бойынша таралады. Шуды практикалық өлшеу үшін және акустикалық есептеу үшін барлық спектр белгілі ұзындықтағы орташа геометриялық жиілікке бөлінеді. Шектік жиілік қатынасы 1:2 қатынасындай болса, октава деп аталады. Барлық шу диапазоны октавалық жиілік 9 октавадан тұратын октавалық жиілік жолағынан тұрады: 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000 және 8000.

Шу спектрінің октавалық жиілік жолағына бөлінуі әр түрлі көздердегі щуды салыстырмалы бағалау үшін қажет, әсіресе машиналардың, сондай-ақ дыбыс қысымының деңгейін нормалау үшін де қажет. Кез-келген шу барлық жиіліктегі дыбыстан тұрады, бірақ жеке жиілік октавалары өзінің уақыт әрекетіне қарай өзгеретін дыбыс қысымының әр түрлі деңгейіне сәйкес келеді. Сондықтан барлық шу тек спектрі бойынша ғана емес, сондай-ақ уақыт белгілері бойынша да бөлінеді. Уақыт параметріне байланысты шу екіге бөлінеді:

  1. Тұрақты шу - белгілі-бір уақыт аралығында деңгейі 5 дБ-дан аспайтын шу.

  2. Тұрақсыз шу - 5 дБ-дан жоғарыға өзгерсе тұрақсыз шу деп аталады.

Шуды бағалайтын 2 негізгі параметрінің практикалық маңызы бар:

  1. Октавалық жиілік жолағында дыбыс қысымының деңгейі дБ-мен өлшенеді, октавасы бойынша шуға толық спекртлік сипаттама береді.

  2. Дыбыс деңгейі, дБА-мен өлшенеді. Октаваға бөлінбейтін дыбыс қысым деңгейінің қосындысы, бір санмен көрсетілетін шуды жиілігі бойынша жорамалдап сипаттама береді.

ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін гигиенистер шуға аса көңіл бөлген жоқ, оны жанама орта парметрі деп есептеді. 1962 ж. шыққан 3 томдық «Руководство по коммунальной гигиенең кітабы бойынша шуға арналған бөлім жоқ. Бірақ кейінгі жылдардағы ғылыми зертеулерде шудың адам денсаулығына әсері бар екендігін көрсетті, қазіргі уақытта елді мекеннің кез-келген жобасында, оның бас жоспарында шу көзі туралы мәліметтер беріледі.

Шу көздерін ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі түріне адамның әр түрлі іс әрекеті (қатты сөйлеу, телефон қоңырауы, музыкалық аспап, тұрмыс техникасы) және әр түрлі инженерлік техникалық құралдар кіреді. СЛАЙД-7.2

Инженерлік және санитарлық техникалық қондырғылар. Шығу көздері әр түрлі: лифттер, кондиционерлер, вентиляторлар, санитарлық-техникалық құрылымдар, қалдық өткізгіштер. Бұл топқа тұрмыстық аспаптар мен факторларды да кіргізуге болады: шаңсорғыш, тоңазтқыш, теледидар, радио, музыкалық аспаптар және қондырғылар, жиһаздарды қозғалту, телефонмен сөйлесу, балалар ойындары мен жылауы, жан ұялық ұрыстар, отырыстар. Шу бөлмеден бөлмеге желдету каналдары арқылы және қоршаушы конструкциялар (стуктуралық шу) арқылы ғимартақа кіреді. Олардың деңгейі әр түрлі болады: лифт есігінің жабылуы 52 дБА, шаң сорғыштың жұмысы – 75 дБА, баланың жылауы 78 дБА, пианинода ойнау – 80дБА.

Қазіргі қалалардағы сыртқы шу көздеріне келесілер жатады:

Өнеркәсіптер. Шудың ең жоғарғы деңгейі өндірістің жеке салаларында байқалады, оларда жұмыс істейтіндерге едәуір қауіп туады. Негізінен едәуір жоғары шу туғызатын өндірістерге соққылы операциялары бар немесе әр түрлі механизмді айналдыру (электрлік маторлар, желдету, станоктармен жұмыс істеу) жұмыстары бар өнеркәсіптер жатады.

Бұл кезде шудың деңгейі өндіріс территориясынан басқа айналасындағы тұрғын зонада да байқалады. Бұл көбіне тұрақты шу, механизмі толық зерттелген. Бұл кезде техникалық талаптар жобаланған машиналардың шу қуаттылығын төмендетуге бағытталған.

Автомобильдік транспорт. Қазіргі қалаларда автокөліктер өте көп. Мысалы Алматыда машиналардың саны және шудың мөлшері оптималды парметрден әлдеқайда жоғары. Алматыда ірі автожолдарға жақын жердегі дыбыс деңгейі 85 дБА-ны құрайды. Шу двигательдердің жұмысы нәтижесінде транспорттың қозғалысы кезінде, жолмен дөңгелектер жанасқан кезде пайда болады. Сағатына 60 км-ден асқанда дөңгелектің шуы двигательдің дыбысынан асып кетеді. Траспорттық шудың деңгейі машиналардың қозғалыс интенсивтілігіне, олардың жылдамдығына, траспорт ағынының құрамына және жол қабатының сапасына байланысты. Траспорттық шу спекрлік құрамына қарай төмен және орташа жиілікті болып бөлінеді және жолдан ұзақ қашықтыққа дейін таралады. Іс жүзінде қазіргі қалаларда бұл шудың негізгі көзі болып табылады.

Ауыр транспорт және де мотоцикл жеңіл автомобилге қарағанда екі есе жоғары шу шығарады. Машина двигательдер айналымын, қуаттылығын өзгерткенде шу деңгейі жоғарылайды, жолдан бұрылғанда, жоғары көтерілгенде, түскенде байқалады. Шу деңгейіне автотранспорттың техникалық жағдайы үлкен әсер етеді, бұған бақылауды аватоинспекция жүргізеді. Қалаға шет елден келген автомобильдер аз шу шығарады, бірақ көбіне олардың техникалық жағдайлары төмен болады.

Трамвай. Қалалық транспорттың барлық түрлерінің ішінде ең шулысы болып саналады, ол автомобил шуынан 10 дБА-дан жоғары. Бірақ транспортың осы түрінен бас тартпайды, себебі олардың барқатар жақсы жақтары да бар (атмосфераны ластамайды, пайдаланған кезде шығына өте аз) Сондықтан қазіргі уақытта көптеген елдерде бұрынғы трамвай жолдары кеңейтіліп, жаңадан жолдар салынуда. Негізгі техникалық мәселесіне шусыз трамвай вагондары мен трамвай жолдарын салу. Бұл жағдайда троллейбустар едәуір тиімді.

Темір жол транспорты. Салыстырмалы түрде төмен жиілікті шуға жатады, ол негізінен двигатель түріне, вагондардың конструкциясына, темір жолдардың жағдайына байланысты. Жүріп бара жатқан жолаушылар таситын поездың дыбыс деңгейі 91 дБА, жүк таситын поездар – 92 дБА, электропоездар – 93 дБА. Тіпті 300 м қашықтықта дыбыс интенсивтілігі фондық параметрден едәуір жоғары. Бұдан басқа вагондарды тіркегенде әсіресе сорттау станциясында күшті соққылы шу байқалады. Соңғы жылдардағы шығып жатқан жүрдек поездар (200 км/сағ) жоғары жиілікті шу шығарады, әсіресе көпірлерден өткенде байқалады. Жапония мен АҚШ-та жүрдек поездар шу мәселесін туғызуда.

Ірі қалаларда ашық метрополитен линиялары негізгі шу көзіне жатады, бұл да жақын арада Алматы қаласында да байқалады. Шу спекрі негізінен орташа жиілікті, ең жоғары 500 Гц, дыбыс деңгейі 80 дБА-ға дейін жетеді. Метро линияларында шудан басқа вибрация да әсер етеді.

Әуе транспорты. Авиация шуы елді мекен үшін негізі мәселенің бірі. Турбовинттік ұшақтар ұшқанда шу деңгейі 110 дБА-ға дейін радиусы 1 км. Аэропортқа жақын орналасқан тұрғындар көп шу деңгейін байқайды. Тіпті аэропорт қала сыртында орналасқанымен ұшақ ұшқанда әсіресе түнгі уақытта жақсы байқалады.

Реактивті двигательді ұшақтар ұшқанда оның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан жоғары болатындықтан қиындық туғызады. Бұл кезде пайда болатын дыбыс соққысы өте жоғары дыбыс жылдамдығымен шығады. Олар ұшақтың мөлшері мен биіктігіне байланысты ұшу аумағынан 50 км аймаққа тарайды.

Құрылыс. Кран, бетон араластырғыш, сварка, жерді бұрғылау жұмыстарында шудың деңгейі жоғары болады. Құрылыс машиналары мен қондырғыларының да шуды баяулатуы нашар, оның эксплуатациясы кезінде шудың адамға әсерін ескермейді. Құрылыс жұмыстарын жұмыстан тыс уақытта, пәтерлерді жөндеу сияқты жұмыстар адамдардың дем алуына кедергі келтіреді.