
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
4. Көрнекілік материал:
1.СЛАЙД Құрылыс материалдарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
2. СЛАЙД Жер асты суларының су құбыры сызбасы.
3.СЛАЙД Ғимараттың сызбасы.
5. Әдебиет
Неменко Б.А. Коммунальная гигиена (учебник для учащихся медицинских колледжей).- Алматы, 2004. – 286 с.
Неменко Б.А. Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена (учебник).- Алматы, 2003. – 464 с.
Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. Серия «Учебники и учебные пособияң. Ростов н/Д: «Фениксң, 2002. – 512 с.
Ромашкова О. П. Иванов А. Е., Сераджи В. Е. Экология жилой квартиры - абиотические и биотические факторы, влияющие на здоровье человека. Экол. системы и приборы. 2001 . N 6. - С. 77-85.
Быков Г. А., Мхитарян Н. М. “Экология микроклимата газифицированных помещений”, “Экотехнологии и ресурсосбережение”.- 2001г. -№2, с.42-48.
Ластков Д. О. и др. “Жилье тревоги нашей”, “Жилье мое” -2000г. -№11 с. 10-12.
Лукинский О. А. “Как избавиться от проблем в жилище, которые сами себе создаем”, “ Жилищное и коммунальное хозяйство” -2001г. -№3 с. 30-32.
6. Бақылау сұрақтары:
1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжатты білесіз?
2. Құрылыс материалдарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
3. Ғимараттың бөліктері, олардың гигиеналық мағызы.
№7 кредит
2– дәріс.
1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
2. Мақсаты: Студенттерге емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасына қойылатын талаптармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәрістің жоспары:
Дәрістің жоспары:
ЕПМ-інің жер учаскесіне қойылатын талартар.
Архитектуралық-жоспарлаушы шешімдер.
Бөлмелердің ішкі әрлеу жұмыстарына қойылатын талаптар.
Жылыту және желдету.
Жарықтандыру.
Бөлмелерді тазарту және науқастар гигиенасы.
ЕПМ-іне күнделікті санитарлық бақылау.
ЕПМ-інің жер учаскесіне қойылатын талартар
Бұл мәселе бойынша ҚР-сы санитарлық заңдылықтардың негізгі құжаттарына «Санитарные правила устройства и содержания лечебно-профилактических учрежденийң, СанПиН РК № 3.01.042-97. Жеке талаптар СНиП «Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских поселенийң, «Общественные здания и сооруженияң және «Пособия по проектированию учреждений здравоохраненияң құжаттарында берілген. Бұл санитарлық құжаттар барлық салынатын, жөнделетін және жұмыс істеп жатқан ауруханаларға, босанатын үйлерге және басқа да емдеу стационарларына арналған.
Ауруханалық гигиена - емдік мекемелердің бұрыннан дамуына қарамастан профилактикалық медицинаның жаңа бөлімі. Емдік бөлмелер бұрын Ежелгі Мысыр, Ежелгі Греция т.б. мемлекеттерде құрылғандығы белгілі. Ауруханалардың із ашарлары Франциядағы мүгедектер мен жазылмайтын науқастарға және алапеспен ауыратындарды ұстайтын уақытша қайыршылар үйі болған, ал Помпей қаласындағы қазба жұмыстары кезінде ”дәрігер үйі„ табылған. Русьте науқастарды үлкен шіркеулердің монахтары емдеген және бұл дәстүр XVІІ ғасырға дейін сақталған. Казармалық типтегі ауруханалар XVІІІ ғасырда Петр І кезінде Мәскеу, Петербург және т.б. қалаларда салына бастады.
Бұл кезеңде инфекция қоздырғыштары әлі белгілі емес еді, бірақ XVІІІ ғасырда ”жұқпалы„ және ”жабысқақ аурулар„ туралы түсінік болған. Кешірек жерден, шіріген қоқыстан, науқастардың тыныс алу кезінде бөлінетін ұшқыш субстанция - миазмалар туралы ғылым пайда болады. Аурухана бөлмелеріне миазмалар сіңіп қалған және желдетуге тиісті деп есептелінген. Сондықтан желдетілетін палаталары бар павильондық типтегі ауруханалар салына бастады. Бірақ аурухана ішілік инфекция аздап қана төмендеген, ал ауруханадағы науқастардың өлім көрсеткіштерінің жоғарылауын жеткіліксіз желдетумен түсіндірген. Бұл жағдайда науқастар оқшауланбай бір павильонның ішінде 30-ға жуық төсек орналастырылған болатын.
Миазмалармен күресуге бағытталған шаралардың бірі желдетуді іске асыру үшін барак тәрізді ауруханалар салынды. Р.Кох пен Л.Пастердің инфекция себебі туралы жаңалықтары ғана миазмалар туралы ілімді жойды. Павильон және барактардың орнын палаталық бөлімдері бар ауруханалар басты, сөйтіп аурухана ішілік өлім азайды. Содан соң ауруларды соматикалық, инфекционды және жастық ерекшеліктеріне байланысты бөлді.
Әртүрлі инфекциямен шақырылатын ауруларды бөлек ғимараттарға бөлу маңызды саты болып табылды, бірақ топтық оқшаулау қызылша және жел шешекпен ауырған балаларды госпитальдеу кезінде жеткіліксіз болды. Балаларды жеке оқшаулау үшін кіші палаталар-бокстар керек болды. Ең алғаш бокстық палаталар Париждегі Пастердің ауруханасында салынды. Одан кейін ауруханаларды жетілдірулер диагностика және терапия әдістеріне байланысты дифференциациялау және специализациялау болды.
Аурухана құрылысы кезінде орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас жүйе қолданылады. Орталықтандырылған жүйе соматикалық профильдегі ауруханалар үшін қолданылады. Бұл құрылыс жүйесінде барлық емдік-диагностикалық бөлімдер бір ғимаратта, инженерлік коммуникация және маршруттар қысқартылған, құрылыс онша қымбат емес, бірақ санитарлық режимді сақтау қиынға түседі. Ауруларды топтық оқшаулау үшін орталықтандырылмаған жүйе қолданылады, ол инфекционды және туберкулездік ауруханалар үшін өте ыңғайлы. Бөлімдер әр ғимаратта орналасады, гигиеналық тұрғыдан қарағанда осындай құрылыс жүйесі ең дұрыс (тыныш, участок максимальды көгалдандырылуы, дем алуға ыңғайлы жағдай). Бірақ бұндай ауруханаларды салу қымбат және үлкен жер учаскесін қамтиды. Көбінесе қала жағдайында аурахана құрылысының аралас жүйесі қолданылады.
Аурухана қуаттылығы мен құрылысы қызмет көрсетілетін мекеннің негізгі стационарлық көмек түріне мұқтаждығына байланысты. Көп профильді ауруханалар учаскелік, аудандық, орталық аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, ведомствалық болып бөлінеді. Бөлек типтегі ауруханалар да бар: жедел медициналық көмек, балалар, қалпына келтіру емі. Арнайы стационарларға: туберкулездік, инфекциялық, онкологиялық, психиатриялық ауруханалар, перзентханалар жатады.
Емханалар стационарлар құрамында немесе бөлек мекеме болуы мүмкін. Арнайы және көп профильді емханалар өздігімен келуші ауруларға немесе үйлерінде медициналық көмек көрсетеді. Оның құрамына тіркеу бөлімі, хирургиялық және терапиялық бөлімдер, сондай-ақ арнайы кабинеттер: көз, неврологиялық, урологиялық, стоматологиялық және қосымша емдік-диагностикалық кабинеттер: рентгенологиялық, процедуралық, физиотерапиялық және т.б. кіреді.
Стационарлар мен емханаларға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар ауа-тамшылы инфекцияның таралуының алдын алу. Ол үшін ғимараттың рациональды жоспарлануы, тиімді желдету (табиғи және механикалық) және алдын алу шараларын жүргізу керек. Соңғысына күнделікті ылғалды жинаудан басқа, химиялық және физикалық әдістерді қолдана отырып дезинфекциялау, қатаң санитарлық режимді сақтау жатады. Бұрынғы жылдары орталықтандырылған аурухананың негізгі корпусында стационардың барлық бөлімдері (инфекциялықөтан басқа), емхана және барлық диагностикалық бөлімдер кіретін. Бұндай вариант оңтайлы емес және санитарлық дәрігерлер тарабынан қолдау таппаған.
Мысалы, емхана және стационар әр контингенттегі ауруларға қызмет көрсетеді. Амбулаторлық аурулар шу, мазасыздық әкеледі, емдік және гигиеналық режимді бұзады. Стационары мен емханасы біріккен ауруханалар гигиеналық ережелерді қанағаттандырмайды. Мұнда аурухана учаскесі мен ғимараттың өзінде де қалыпты режим бұзылады. Стационарлық және амбулаторлық аурулар диагностикалық кабинеттер мен аурухана бақтарында кездеседі.
Босанатын әйелдер, әйелдер кеңесіне келетін жүкті әйелдер, персонал және келушілердің оқшау графигін ұйымдастыру қажеттігіне байланысты, жалпы корпуста ірі перзентхана бөлімін орналастыру көптеген қиындықтар алып келеді. Бұндай ұйғарымдардың тері-венерологиялық, балалар және радиологиялық бөлімдердің құрылысына да қатысы бар.
Сондықтан, инфекциялық бөлімнен басқа барлық бөлімдерді бір ғимаратта орналастыру, тек кіші ауруханалар үшін ғана тиімді. Сонымен қатар аурухана территориясында функциональды жағынан бір-бірімен байланыссыз ғимараттарды салуға болмайды.
Ритуальды зона, патологиялық-анатомиялық корпус, палаталық корпус, қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеу керек. Онымен және емдік корпустың арасы 30 м кем болмау керек. Радиологиялық және инфекциондық корпустың айналасына ені 5 м кем емес қиып өтетін бұталар егілуі қажет.
Инфекциялық аурухана территориясында бір-бірінен жасыл желекпен бөлінген «тазаң және «лас» зоналар бөліп қарастырылады. «Лас» зонадан шығарда транспортты дезинфекциялайтын алаң қарастыру керек.
Аурухана учаскесінің құрылыс дәрежесінің гигиеналық маңызы бар, соның ішінде егер аурухана жалпы құрылыс алаңының 15%-ын алатын болса тиімді болып саналады. Бұндай қадам табиғи факторларды сауықтыру үшін пайдалануға, керек кезінде аурухана құрылысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бірақ қала жағдайында, жер территориясы шектелгенде, ғимараттың қабаттылығын жоғарылатуға және ауруханалық кешендерін жоғарғы деңгейде тығыз орналастыру қажеттігі туындайды. 1950 жылдан бастап КСРО-да типтік ауруханалық кешендер өріс алуда.
Типтік жоба бойынша аурухана ғимараттын салғанда қоршаған территорияны ғана емес, сонымен қатар жекелеген обьектілердің арақашықтығын ескере отырып құрылыс учаскесін функциональдық зоналау арқылы жергілікті жерге ұштастырады. Корпус қабырғасы мен палата терезесінің арақашықтығы 24 м, ал палаталық корпус пен қызыл сызық және тұрғын үйлер ара қашықтығы 30 м кем болмау керек.
ЕПМ территориясын жинау күнделікті жүргізілу керек. Арнайы асфальтталған немесе бетондалған контейнерлік алаңдардағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинауға тығыз қақпағы бар қоқыс жинағыш орнатылады. Бұл алаңдардың көлемі 40м2 кем емес, палаталық және емдік-диагностикалық корпустан арақашықтығы 25м, ал контейнерлер жүйелі түрде залалсыздандыру керек. Соған қаса әр 700 м2 территорияға бір қалдық салғыш қойылады, оның тазалануы және қоқыс шығарылуы күнделікті жүргізілуі қажет. Денсаулық сақтау мекемесінің қалдықтар көлемі белгілі диапазонда және белгілі факторларға байланысты:
медициналық мекеме профиліне (инфекциялық және туберкулездік ЕПМ қалдықтарының көлемі жалпы профильдегі стационарларға қарағанда жоғары);
медициналық мекеме құрылымына және көрсетілетін медициналық көмектің түріне (арнайы бөлімшелердегі қалдықтар жоғары);
мекеменің қаржыландыру мүмкіншілігіне (мысалы, бір реттік қолданыстағы инвентарь).
Шет елдерде қалдық мөлшері тәулігіне 1төсекке есептегенде 1,3-ден 10 кг дейін, жоғарғы көрсеткіштер дамыған елдерде байқалады. Ресейдегі тәуліктік қалдық мөлшері 1төсекке шаққанда 1979 жылы 0,55 кг болған, содан бері норма қайта қарастырылмаған.
Санитарлық заңдылыққа сәйкес тері-венерологиялық, инфекциялық, онкологиялық, хирургиялық бөлімдердің қалдықтарын қоқыстар тастайтын жерге шығаруға болмайды. Оларды жою үшін әртүрлі ортақ жағу (өртеу) түрлері, химиялық дезинфекция немесе көму қолданылады. Көбінесе оларды өртеу қолданылады. Санитарлық қызметпен келісілгендей қалдықтар пештерде ЕПМ территориясында немесе басқа арнайы обьектілерде жағылады. Тәулігіне 100 кг қалдық жаққанда пеш пен басқа да ғимараттар арасы 30м, ал пешке тәулігіне 100кг жоғары жүктеме түссе 100м кем болмауы керек. Территорияда пешті орналастырғанда желдің бағытын есекере отырып, көрсетілген ара қашықтықтар санитарлық эпидемиялық қызметтің талап етуімен ұзартылуы мүмкін.
«Тұрғын және қоғамдық ғимаратарды инсоляциямен қамтамасыз ету» санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес емдік-профилактикалық мекемелердің бағытталуы бөлмелер мен территорияда үздіксіз 3 сағаттық инсоляцияны қамтамасыз етуі керек. Операция және перзентхана бөлмелері С, СШ, СБ бағытталуы қажет. Палаталар О, ОШ және Ш бағытталуы қажет. Бөлмелер солтүстік ендіктен 55 0С оңтүстік қараған ауданда Б, ОБ бағытқа бағытталған болса, күн сәулесінен қызып кетпес үшін қорғанысты қажет етеді (жалюзи немесе т.б. қондырғылар).
Қабат саны жоғары және ыңғайлы қос коридорлы кешендер, блоктық жүйедегі көп орындық ауруханалар құрылысы көбейгендіктен бұндағы палаталар әлемнің 4 жағына да бағытталады. Бұндай құрылыстың әртүрлі варианты бар: Т-тәрізді, квадратты, көпбұрышты, шеңберлі. Барлық корпустар эстетикалық және экономикалық жағынан бірдей болғанмен кейбір палаталарда инсоляция жағдайы қанағаттанарлықсыз.
Гигиенистер балалар ауруханасының учаскесіне аса назар аударады, балалардың таза ауада болуын және белсенді қозғалысын қамтамасыз ететін жобаны қарастырады. Сондықтан бұндай мекемелердің жобалық шешімі бөлмелер мен территориядағы инсоляция нормасы мен серуендеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу үшін бөлімдер мен учаскеде топтық оқшаулау принципі қарастырылады.
Ауруханалардың құрылымдық бөлімшелері. Қабылдау бөлімі балалар, акушерлік, инфекциондық, тері-венерологиялық, туберкулездік, психиатриялық бөлімнің әрқайсысының өзінде болу керек. Басқа бөлімдерде қабылдау бөлімі жалпы және басты емдік корпусында немесе төсек көп корпуста орналастырылады. Барлық ауруханаларда аурулардың әр ағымына 1 қарау бөлмесі және 1 санитарлық өткізгіш болу керек. Балалар және инфекциондық ауруханаларға ауруларды қабылдау үшін қабылдау-қарау бокстері қарастырылады.
Акушерлік стационардағы қабылдау бөлімінде түсушілерді өңдеу 2 ағымда: физиологиялық бөлім және жүктілік патологиясы үшін - «таза», ал обсервациялық бөлім үшін - «лас» ағымда жүргізіледі. Аурухана ішілік инфекцияны алдын алу үшін барлық бөлімдерде «тазаң және «ласң ағымдарға бөлмелер қарастырылады.
Қабылдау-қарау боксі - балалар және инфекциондық ауруханаларындағы қабылдау бөлімінің негізгі бөлмесі. Көп профильді ауруханалардағы қарау кабинетінің қызметін атқарады. Онда тамбур және шлюз (сыртқы тамбур-аурулар үшін, ішкі шлюз-қызметкерлерге), қарау бөлмесі, санитарлық түйін бар.
Санитарлық өткізгіште – ауруханаға жатқызылған ауруларды гигиеналық өңдеу, жеке заттарын өткізу және ауруханалық киім беру қарастырылады. Аурудың палаталық бөлімге барар жолында жеке немесе қарау кабинеттерімен бірге орналастырылады.
Палаталық бөлім. Стационарлардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады және екі палаталық секция және жалпы бөлмеден (емдік, диагностикалық, қызметкерлер бөлмесі, асхана) тұрады. Палаталық секция - оқшауланған палаталар кешені және бір профильдік аурулар үшін қосымша бөлмелерден тұрады. Бір секциядағы төсек саны 20-дан кем емес, 30-дан көп болмау қажет.
Инфекционды емес бөлімдердегі палаталар сыйымдығы 1жастан үлкен балалар үшін және ересектер үшін 4 төсектен көп емес, ал 1жасқа дейінгі балалар үшін-2 төсектен аспауы керек. 3 жастан үлкен балалар үшін тәулік бойғы және күндізгі уақытта аналардың болуын қарастырғанда 50% төсек болады. 7жасқа дейінгі балалар үшін палата қабырғасы мен аралық қабырғаларда әйнектелген ойындылар қарастырылады.
Бөлімдерге киімдер мен медикаменттерді жеткізу «тазаң график бойынша арнайы лифтпен, қалдықтарды шығару «ласң лифтпен жүргізіледі. Тамақ буфетке арнайы жеке лифтпен жеткізіледі. Бөлімге бір асхана қарастырылады. Туберкулездік, тері-венерологиялық, психиатриялық, босанғаннан кейінгі бөлімдердегі асханадағы орын саны, төсек санының 70% сәйкес, басқа бөлімдерде-60% сәйкес болуы керек..
Санитарлық түйін - жуынатын орын, ванна, дәретхана және санитарлық бөлмеден тұрады. Санитарлық бөлмеде ыдыстарды жуу және стерилизациялау, анализге арналған ыдыстарды сақтау, клеенкаларды жуу, лас киімді уақытша сақтау жүргізіледі. Инфекциялық емес бөлімдер терапиялық, хирургиялық және арнайы (офтальмологиялық, психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және т.б.) болып бөлінеді. Арнайы бөлімдердің жобасына ерекше талаптар қойылады (ортопедиялық пен офтальмологиялық бөлімдердің палаталары мен коридорында тұтқалар орналастыру). Терапиялық бөлімдердің палаталық секциясында ерекшелік жоқ, хирургиялық бөлімнің құрамына қосымша таңу бөлмесі кіреді.
Хирургиялық бөлімнің негізгі құрылымдық бірлігі - операциялық блок. Оперблокқа кіру қызметкерлер үшін санитарлық өткізгіш, ал аурулар үшін шлюз қолданылады. Оперблок 2 қиылыспайтын оқшауланған асептикалық және септикалық бөлімдерден тұрады және ал ішкі бөлмелер қатаң зоналануы (стерильді зона, қатаң режим аймағы) қажет. Оперблокта тек бір асептикалық бөлім болады (кардиохирургия, нейрохирургия). Екі бөлім де болғанда, септикалық бөлім асептикалықтан жоғары орналасады. Оперблок жанында операциядан кейінгі аурулар үшін 1 операциялық бөлмеге - 2 төсектен есептелген палата орналасады. Ауруханадағы операциялық бөлменің саны - хирургиялық профильдегі 70 төсекке 1 операциялық бөлме есебінен алынады.
Бөлмелерді жинау және науқастардың гигиенасы. Бөлмелерді жуатын және дезинфекциялайтын заттар пайдаланып ылғалды жинау тәулігіне 2 реттен кем емес, керек жағдайда одан көп рет жүргізіледі. Терезе әйнектерін сүрту ішінен айына 1 реттен кем емес, ал сыртынан 4-6 айда 1 рет жүргізіледі. Ылғалды жинау жүргізу үшін сабынды, соданы және санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдары рұқсат еткен басқада ерітінділер пайдаланылады. Түйіршік тәрізді синтетикалық жуушы заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Бөлім палаталары мен кабинеттерде түбегейлі тазалау график бойынша жүргізіледі, бірақ айына 1 реттен кем емес, ал операциялық блок, таңу және босанатын бөлмелер инвентарь мен жиһаздан босатылып аптасына 1 рет жүргізіледі. Коридор, дәретхана және қосымша бөлмелерде қоқыс салатын ыдыстар, ал процедуралық және басқа кабинеттерде аяқпен басып ашатын шелектер қойылу керек.
Қатаң стерильдік режимді, асептика мен антисептиканы қажет ететін бөлмелерде (операциялық,таңу, реанимация палаталары, процедуралық, босану палаталары және т.б.) жинаудан кейін ультракүлгінді бактериоцидтік лампалармен сәулелендіру жүргізу қажет. Олар стационарлық және жылжымалы болуы мүмкін. Сәулелендіру кезінде қызметкерлерге бұл бөлмелерде аз уақыт ғана болуына рұқсат етіледі.
Науқастардың төсегін ауыстыру ластануына байланысты жүргізіледі, бірақ аптасына бір реттен жиі болмауы керек. Босанған әйелдер төсегі 3 күнде 1рет, ал орамалы қажетіне қарай ауыстырылады. Лас төсек жабдықтарын арнайы ыдысқа (клеенкалы немесе полиэтилендік қапшықтар) жинап, орталық лас төсек жабдықтарын жинайтын бөлмеге жіберіледі. Лас төсек жабдықтары уақытша тек санитарлық бөлмеде сақтайды (12 сағат ұзақ емес). Қызметкерлердің лас төсекпен жұмыс істейтін киімі болуы керек. Бөлмелерде лас төсек жабдықтарын бөлуге болмайды.
Ауруханалық төсек жбдықтары жуу - орталықтандырылған, аурухана құрамындағы арнайы кір жуу бөлмелерінде жүргізіледі. «Медициналық мекемелердің кір жуу бөлмелерінде төсекті өңдеу технологиясы жайындағы инструкцияң бар. Лас және таза төсекті «ласң немесе «тазаң деген белгісі бар, тығыз матадан жасалынған арнайы ыдыста тасымалданады.
Таза төсек төсекті жинайтын арнайы бөлмелерде немесе таза режимдегі басқа бөлмелерде сақталады. Бөлімдерде таза төсектің тәуліктік қоры болу керек. Төсек жабдықтары белгілену керек, белгіленбеген төсек жабдықтарын бөлімде сақтауға болмайды. Төсек жабдықтарын тасымалдауға байланысты барлық үрдістер шама келгенше механизацияланған болуы керек.
Науқастарды медициналық қарсы көрсеткіштері болмаса жеті күнде 1рет шомылдырады. Науқастардың жүйелі түрде шашын қысқарту және сақал-мұртын қыру ұйымдастырылу керек. Әр науқас жеке орамалмен, сабынмен және пиаламен, ал керек болса түкіргіш және дәрет сындыратын ыдыспен қамтамасыз етілуі керек. Науқастардың жеке киімдері сақтауға өткізіледі, бірақ санитарлық ережелер бойынша науқастардың стационарда үй киімінде жүруіне рұқсат етіледі.
ЕПМ күнделікті санитарлық бақылау. Ауруханалар санитарлық бақылаудың маңызды обьектілерінің бірі болып табылады. Оған жеке және жалпы сұрақтар кіреді. Жалпыларға территорияның санитарлық жағдайы, көгалдандыру, зоналау, қалдықтарды шығарып тастау, сумен қамтамасыз ету, канализация және басқалар, ал жеке сұрақтарына – құрылымына, қондырғыларға және аурахана бөлімдерінің мазмұнына қойылатын гигиеналық талаптар жатады.
Санитарлық ережелерге «Инструкция о порядке осуществления текущего санитарного надзора за ЛПУң кіреді. Оның негізгі талаптарына төмендегілер жатады.
ЕПМ-нің санитарлық-гигиеналық жағдайын кешенді бақылау коммунальдық гигиена дәрігері, эпидемиологтар, бактериологтар, дезинфекционистер, керек жағдайда басқа да мамандардың қатысуымен жүреді. Кешенді тексеру жылына 1реттен жиі емес және бұл кезде елді мекендегі барлық ЕПМ тексеріледі. Осындай рейдтер кезінде санэпидстанцияларда ауруханалық мекемелерді бақылайтын бұйрықпен бекітілген функционалдық топтар құрылады. Тексеру актілерінде мекеменің санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай екендігі, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемияға қарсы режимі туралы бұйрықтарын орындау туралы мәліметтер көрсетіледі. ЕМП санитарлық жағдайы жоспарлы тексеру кварталына 1рет, ал денсаулық сақтаудың кіші обьектілері жылына 1рет тексеріледі.
Стационарларды тексеру орташа медициналық персоналмен бірге ауруханалық гигиена сұрақтары бойынша тәжірибесі бар мамандандырылған санитарлық дәрігерлермен жүргізіледі (санитарлық дәрігерлер көмекшілері, лаборанттар). Ірі ЕПМ-ді орташа медициналық қызметкерлер өз бетімен тек алдындағы ескертулердің нәтижесін тексеру мақсатында және аспапты және лабораторлық өлшеулер жасау мақсатында жүргізе алады.
Бұл кезде мына сұрақтардың жағдайы тексеріледі: ғимараттар мен бөлмелердегі архетиктуралық-жоспарлық шешімнің нормативтерінің сақталуы; бөлменің санитарлық-техникалық жағдайы және инженерлік қондырғылардың санитарлық техникалық жағдайы: жылыту, вентиляция, сумен қамтамассыз ету және канализация жүйелерінің жағдайы; шағын климаты және бөлменің жарықтандырылуы (тазалау, желдету және т.б), шумен күресудегі шаралардың орындалуы; төсек, инвентарь, жиһаз, жуушы заттармен қамтамасыз етілуі; қоқыс пен қалдықтарды жинау, сақтау, шығару, утилизациялауды ұйымдастыру және оның жағдайы; атмосфералық ауаның ластануын алдын алу шаралараның орындалуы және т.б.
Санитарлық-эпидемиологиялық станса (СЭС) отандық санитарлық қызметтің негізгі арнайы мекемесі болып табылады. КСРО-дағы алғашқы СЭС 1922 жылы Гомел қаласында (Беларуссия) ашылған. СЭС құрамына 3 бөлім: санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық және дезинфекциялық, ал санитарлық-гигиеналық бөлімге келесі бөлімшелер: коммунальдық, еңбек, тамақтану, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кіреді. Эпидемиологиялық бөлім эпидемияға қарсы және паразитологиялық бөлімшелер мен бактериологиялық лабораториядан, дезинфекциялық - эвакуация, дезинфекция, дезинсекция, санитарлық өңдеу, дератизация бөлімшелерінен тұрады. Республикалық және облыстық СЭС құрамына аса қауіпті инфекциялар және радиологиялық топтардың бөлімдері кіреді.
Қызмет көрсетілетін халық санына байланысты СЭС 4 категорияға бөлінеді. СЭС штаттары мен бөлім құрамы елді мекеннің даму спецификасы мен категориясына байланысты. Станса бөлмелерінің жобасы бөлімдер, бөлімшелер және лабораториялардың функциональдық ерекшеліктеріне байланысты бөлінуін қарастырады. Бұрынғы жылдары көптеген елді мекендердегі СЭС ыңғайы келген бөлмелерде орналастырған, соңғы жылдары типтік жобада салынуда.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың гигиенасында санитарлық дәрігер көмекшісінің рөлі келесі істердің орындалуында негізделген: құрылысқа деген территорияны тексеруге қатысу; учаскені дайындау шараларының орындалуын қадағалау; жоғарғы ылғалдылықты бөмелер мен ғимараттардың фундаментіне гидроизоляция жұмыстарының жүргізілуін тексеру; эсплуатацияға берілетін ғимараттың учаскесін тексеру; оны құрылыс қоқысынан тазарту; тұрғындардың пәтер ауасының газбен ластануына; жоғарғы тұрмыстық шуға шағымын тексеру (бұл жағдайда санитарлық тексеру жүргізіледі); тұрғындарды гигиеналық уағыздау.
ЕПМ-ге сақтық санитарлық бақылауды көбінесе санитарлық дәрігерлер жүргізеді. Санитарлық дәрігерлердің көмекшілері жер учаскесін бөлу және құрылыс барысын бақылау кезінде қатысады. Күнделікті санитарлық бақылау кезінде көмекшілердің қызметі кеңейеді. Олар аспапты тексерулер жүргізіп емдік профилактикалық обьектілердің санитарлық тексеру картасын толтыруға белсенді түрде қатысады. ЕПМ-ді санитарлық тексеру картасына келесі пунктер енгізлу керек:
1. Аурухана аталуы, ведомствалық бағыныштылығы, салынған жылы, қызмет көрсетілетін халық саны, төсек саны (жобаланған және фактылы).
2. Территория жағдайы: қоршау, көгалдандыру пайызы, қондырғылар, санитарлық жағдай, қоқыс пен қалдықты жинау, сақтау және шығару.
3. Қабылдау бөлімі. СанЕменН талаптарына сәйкес оқшауланған немесе жалпы.
4. Палаталық бөлім. Жалпы санитарлық бөлім, 1 төсекке шаққандағы ауданы. Палаталардағы төсек саны, коридорларда төсектің болуы. Асхана: орын саны (төсек санының %-дық көрсеткіші), санитарлық жағдай, ыдыс жуу сапасы. Төсекті жинау және сақтау (таза және лас), төсекті ауыстыру режимі. Санитарлық бөлмелердің болуы, оның қондырғылары, ыдыстар, киімдер, ойыншықтар және т.б. Тазалау инвентарының сақталуы, оның белгіленуі.
5. Емдік-диагностикалық бөлім: орналастыру, палаталық бөлімдермен байланысы. Санитарлық жағдайы.
6. Қосымша қызметтер (дәріхана, кір жуатын бөлім):
- орналастыру,бөлімдермен байланысы;
- санитарлық жағдай;
- мақсатына байланысты пайдалану;
7. Санитарлық жайластырылу дәрежесі:
- сумен қамтамасыз ету, ыстық сумен қоса, суды тұтыну;
- канализация немесе жергілікті тазарту ғимараттарының болуы;
- желдету (табиғи және механикалық);
- жылыту жүйесі;
- табиғи және жасанды жарықтандыру.
8. Балалар бөлімі және тағам блогының қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден өтуі туралы документациялық жағдайы:
- өз уақытында өтуі;
- толық қамтылуы;
9. Ауаның химиялық және бактериальды ластануын, шағын климатты тексеру нәтижелері.
10. Алдын-ала тексеру бойынша ұсыныстардың орындалуы.
ЕПМ тексеру кезінде көмекші әдістерді пайдалана отырып, ауруханалық бөлмелердің табиғи және жасанды жарықтандырылуына, шағын климат параметрлеріне және шу деңгейіне тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, емдік-профилактикалық мекемелердің әр бөлмесіндегі ауа ортасының химиялық және микробтық ластануын бақылау үшін санитарлық дәрігердің көмекшісі сынама алады (дәріхана, аурухана және т.б.).
Бактериологиялық бақылаудың ең оңай әдісі - седиментациялық әдіс, бұл кезде қоректік ортасы бар ашық Петри табақшаларына өсіру жүргізіледі. Табақшалар бөлмелердің бірнеше жеріне 6-10 минутқа қойылып, сосын 48 сағат термостатта өсіреді, одан кейін өскен колонияларды санау жүргізіледі. Әдіс толық мәлімет бермейтіндіктен, ауаның микрофлорамен ластануына тек шамалап сапалық баға беру үшін пайдаланады.
Саңлаулы Кротов аспабын пайдаланатын аспирациялық әдіс - толық әдіс болып табылады, ол аз уақыт ішінде бактериальды ластануды көрсетеді. Аппарат жұмысы қоректік ортаға бактериалармен қоса аэрозольдерді иннерциялық күштің әсерінен тұндыруға негізделген. Ауа ағымы аспаптың сайы арқылы өткенде, ортаның ылғалды беткейіне соғылады да микроорганизмдер ұсталынады. Қоректік ортасы бар Петри табақшалары аспаптың айналынатын дискісінде орналасқан, сондықтан бактериялар біркелкі орналасады. Өткізілген ауа көлемі мен өскен колониялар санын біле тұра, бөлме ауасы ортасының микробтық ластануын есептеу қиын емес.