
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
4. Көрнекілік материал:
1. СЛАЙД Комбинирленген табиғи жарықтану.
СЛАЙД Түсу бұрышы.
СЛАЙД Табиғи жарықтанудың геометриялық әдістер.
СЛАЙД Табиғи жарықтану коэффициенті.
СЛАЙД Люминесценция.
6. СЛАЙД Кейбір бөлмелердің жарықтану нормалары.
СЛАЙД Көру қабілеттігі бойынша жарықтану жағдайын бағалау.
5. Әдебиет
Ариевич Э.М., Коломеец А.В. и др. Эксплуатация жилых зданий. М., 1991.
Богуславский М.С. Эксплуатация инженерного оборудования общественных зданий. М., 1990.
Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., Киев, 2006.
Кедров В.С., Ловцов Е. Н. Санитарно-техническое оборудование зданий. М., 1999.
Неменко Б.А «Коммунальная гигиенаң, Алматы. – 2004.
Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң, Алматы. – 2004.
«Санитарные нормы и правила обеспечения инсоляцией жилых и общественных зданий и территорий жилой застройкиң, СанПиН № 3.01.077 – 00.
«Естественное и искусственное освещениең. СНиП РК № 2.04-05-2002
Строительная климатология и геофизика. СНиП РК
«Инструкция о порядке разработки, согласования, утверждения и составе проектно-сметной документации на строительство предприятий, зданий и сооруженийң. - СНиП РК № 1.02-01-2001
«Жилые зданияң. - СНиП РК № 3.02-01-2001
«Общественные здания и сооруженияң. СНиП РК № 3.02-02-2001
6. Бақылау сұрақтары:
1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжатты білесіз?
2. Табиғи жарықтану, оны анықтаушы факторлар.
3. Табиғи жарықтануды бағалау.
4. Жасанды жарықтануға қойылатын талаптар.
5. Жасанды жарықтану деңгейін анықтаудың әдістері.
№7 кредит
1– дәріс.
1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
2. Мақсаты: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық бағалау және олардың адам организміне әсерін анықтай білуді үйрету.
3. Дәріс тезистері:
Дәрістің жоспары:
1) Құрылыс материалдарының жалпы қасиеттері.
2) Құрылыс материалдарының түрлері.
3) Ғимарат бөлімдері, олардың гигиеналық мағызы.
Жабық бөлмелердің микроклиматы 3 негізгі компоненттен құралады: температура, ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдығы. Бұл параметрлер микроклиматты құрай отырып бір-бірімен байланысты және олардың тек біріккен оптималды көрсеткіштері ғана комфорттық жағдайды құрайды. Сонда да болса гигиеналық жағынан микроклиматтың негізгі көрсеткішіне ауаның температурасы жатады.
Температура теріде орналасқан жылу рецепторларымен қабылданып, жылу реттеу орталығына беріледі. Жылу рецепторларының көпшілігі бет терісінде, ал ең аз мөлшері қолда орналасқан. Дене температурасының реттелуінде перифериялық қан айналымның маңызы зор. Қан айналымының жылдамдығына және қан тамырлары арқылы ағып өтетін қан көлеміне байланысты дене беткейінен жылу берілу реттеліп отырады.
Жалпы алғанда адам организмі жылуды беру және жылуды өндіру арқылы дененің ішкі ортасының температурасын өздігімен реттеп отыратын жүйе болып табылады. Жылудың өндірілуі химиялық жылу реттелу, яғни зат алмасуы нәтижесінде, ал жылудың берілуі физикалық жылу реттелу, яғни перифериялық қан тамырларының кеңістігінің реттелуі арқылы қамтамасыз етіледі. Тері рецепторларына температура әсер еткенде беткейлік қан тамырлары кеңістігі кеңейіп немесе тарылып жылу беруді 20-30 пайызға өзгертеді. Суық әсер еткенде адам организмінің реакциясы жылуды сақтауға бағытталған және ол кезде тері тамырлары тарылады, ал ыстық әсер еткенде - керісінше кеңейіп барынша жылу сыртқа беріледі.
Бірақ адам организмінің жылу реттеу реакциялары шектеулі. Шамадан тыс температура әсер еткенде, организмнің механизмдеріне күш түсіп, адамның жылуды қабылдау жағдайын өзгертеді. Жылу реттеу жүйесіне әлсіз күш түсу адамның еңбекке қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және ол жылулық комфорт деп аталады. Жылу реттеу жүйесіне бірден көп күш түсуі, әсіресе балалар организмінде өзгерістерге алып келуі мүмкін, сондықтан микроклиматты гигиеналық нормалау организмнің жылулық комфортын қамтамасыз етуі қажет. Сонымен, жылулық комфорт дегеніміз – адамның оптималды жылу реттеуін және физиологиялық функцияларын қамтамасыз ететін метеорологиялық жағдай.
Адамның жылулық жағдайының бірнеше сатылары болады: жылу реттеу жүйесіне әлсіз күш түсуі, яғни жылулық комфорт болып табылады. Жылу реттеу жүйесіне орташа күш түсуі – жылу реттелудің тұрақтылығымен, аяқ-қол терісінің температурасының төмендеуімен немесе жоғарылауымен сипатталады; жылу реттеу жүйесіне бірден көп күш түсуі – дискомфорттық жағдай болып табылады.
Жылу реттеу жүйесінің қызметі көбінесе адам жасына байланысты. Мысалы, ерте және орташа балалық шақта организмнің ішкі ортасының температурасының тұрақтылығы химиялық жылу реттелумен жүзеге асырылады, ал физикалық жылу реттелудің нашарлығы бала организмінің физикалық тұрғыда әлі толық жетілмегендігімен түсіндіріледі. Баланың жасы ұлғайған сайын химиялық жылу реттелудің маңызы төмендейді де, қан тамырлар реакциясының рөлі артады. Жылу алмасу үрдістері толық реттеліп, бағытталған түрінде көрінеді.
Жылулық комфорт жағдайы тар болуы керек, ал оның кеңейуі метеорологиялық жағдайдың белгілі-бір шектеулі шекарасында болуы қажет. Ал ол шамадан асатын болса организмге суық тиюі немесе шамадан тыс ысуы мүмкін. Инженерлер жылыту жүйесі мен желдету жүйесін жүргізгенде осы шекара көрсеткіштеріне сүйене отырып ұйымдастырады.
Адамның жылу алмасуы үшін бөлменің ауа ылғалдылығының үлкен маңызы бар. Жылдың суық мезгілінде ылғалды ауа денеден жылу жоғалтуды жоғарылатады, ал жылы уақытта, керісінше жылу беруге кедергі келтіреді. Ылғалдылық төмен кезде тыныс алу жолдарының шырышты қабығы кеуіп қалады, статикалық электрлік зарядтар пайда болады. Ылғалдылық 20 пайыз деңгейіне жеткенде ринит және фарингит аурулары жоғарылайды. ФРГ мемлекетінің ресми стандарты бойынша 20,8 гр.С температурада тұрғын бөлмеде 50 пайыз ылғалдылық болуы қажет, СНИП РК № 3.02-01-2001 «Жилые зданияң құжаты бойынша - 55%. Гигиенистер негізінен ауа ылғалдылығы нормада 30-65 % болуы керек деп есептейді.
СНиП РК № 4.02.05-2001 «Отопление, вентиляция, кондиционированиең құжатындағы гигиеналық регламентке сәйкес жылдың суық мезгілінде тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелеріндегі ауа температурасы 18-22о С, салыстырмалы ылғалдылық 65 пайыздан жоғары емес, ауаның қозғалыс жылдамдылығы 0,2 м/сек жоғары емес болуы керек; жылдың жылы мезгілінде температура белгіленген нормадан 3о С жоғары, салыстырмалы ылғалдылық 65 пайыздан жоғары емес, ауаның қозғалыс жылдамдылығы 0,5 м/сек болуы керек.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың микроклиматы қоршаушы конструкциялар мен инженерлік құрылымдар көмегімен реттеледі. Бұл кезде қоршаушы конструкциялардың суыққа қарсы тұру қабілеті материалдың жылу изоляциялық функциясына және оның қалыңдығына байланысты. Осы көрсеткіш жылу берудің кедергісі деп аталады және оны нормалау климаттық жағдайға байланысты.
Сыртқы қабарғалардың жылу изоляциялық қасиетке ие болуы керек, ол материалдардың жылу өткізгіштігіне байланысты, яғни жылу өткізгіштік қабілеттілігі және жылу ұстағыштығы – жылу сіңіру қабілеттілігі және оның ұстап қалуы. Жылу ұстағыштығы жоғары болғанда ақырындап жылиды, қабырға материалдарында саңылаулар болатын болса, онда жылуды аз өткізеді. Ылғалды қабырғаларда саңылаулар ылғалға толы болады, керісінше жылу беруі жоғарылайды.
Жылу изоляциялық қасиеті қоршаушы конструкциялардың қалыңдығы қалыңырақ болса жоғары болады. Мысалы, кірпіш қабырғалардың жылу өткізгіштігі жоғары, сондықтан оның қалыңдығын ұлғайту қажет. Жылу өткізгіштігін төмендету үшін селикатты кірпіштер қолданылады.
Жылу берудегі кедергі және оны нормалау климаттық жағдайларға байланысты. Әртүрлі климаттық аудан үшін қоршаушы конструкциялардың сол аудандарға сәйкес жылу беруге кедергісі болады, ол СНиП №2.04-03-2002 «Строительная теплотехникаң нормативті құжаты бойынша анықталады.
XX ғасырдың екінші жартысында тұрғын және қоғамдық ғимараттар құрылысы үшін жеңіл және арзан материалдар, соның ішінде ұялы бетондар кеңінен қолданыла бастады. Олардың кеуектілігі жоғары, көлемдік салмағы аз, термиялық кедергісі жоғары, жылуды сіңіруі төмен және дыбысты изоляциялау қасиеті жоғары. Бірақ ұялы бетоннан салынған үйді пайдаланғанда алғашқы екі жылда қабырғалар мен жабындардың ылғалды өткізгіштігі жоғары болуына байланысты термиялық кедергісі де төмен болады. Сондықтан мұндай үйлердің микроклимат көрсеткіштері де нашар болады.
Құрылыс кезінде байланысқан жерлердің тығыздығының нашарлығы, әсіресе жарық ойындыларының – шыныланған терезелер мен балкондардың ауданы бөлме температурасына үлкен әсерін тигізеді. Қабырғаларға қарағанда терезелердің жылуды ұстау мүмкіндігі төмен болғандықтан, бөлмелердің жылу жоғалтуын жоғарылатады. Қысқы мезгілдерде терезелер арқылы жылу жоғалту жалпы жылу жоғалтудың 80 пайызын құрайды, ал қабырғалар мен олардың байланысқан жерлері – 16 пайызға дейін жетеді. №2.04-03-2002 «Строительная теплотехникаң құрылыс нормалары мен ережелерінде (6 қосымша) шынының, терезе жапсарларының және жарық ойындыларының саңлауларының нығыздалу дәрежесіне байланысты жылу берудің кедергісінің параметрлері берілген.
Қысы қатты елдерде ғимараттарды шыныдан және бетоннан салудың экономикалық тұрғыда тиімсіз екендігі дәлелденген. №3.02-01-2001 «Жилые зданияң құрылыс нормалары мен ережелерінде регламенттелгендей экономикалық тұрғыда жарық ойындыларының ауданының еден ауданына қатынасы 1,0:5,5 кем емес және 1,0:8,0 артық болмауы керек. Мансардта бұл көрсеткіш 1,0:10,0 рұқсат етіледі. Көрсетілген парметрлер бөлменің қалыпты жарықтандырылуын және олардың минималды жылу жоғалтуын (пәтер немесе жатақханалар бөлмелерінің температурасы қысқы мезгілде 18 0С деңгейінде болуы қажет) қамтамасыз етеді. Сонда да болса, бөлме температурасына инженерлік құрылымдар басқа факторларға қарағанда басымырақ әсер көрсетеді.