Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материал:

  1. СЛАЙД Радиаторлар.

  2. СЛАЙД Панельдік-сәулелік жылыту жүйесі.

  3. СЛАЙД Дефлектор.

  4. СЛАЙД Ауа алмасудың жиілігі.

5. Әдебиет

  1. Ариевич Э.М., Коломеец А.В. и др. Эксплуатация жилых зданий. М., 1991.

  2. Богуславский М.С. Эксплуатация инженерного оборудования общественных зданий. М., 1990.

  3. Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., Киев, 2006.

  4. ГОСТ 30494-96 «Здания жилые и общественные. Параметры микроклимата в помещенияхң.

  5. Губернский Ю.Д., Кореневская Е.И. Гигиенические основы кондиционирования микроклимата жилых и общественных зданий. М., 1978.

  6. Кедров В.С., Ловцов Е. Н. Санитарно-техническое оборудование зданий. М., 1999.

  7. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң, Алматы. – 2004.

  8. Пальгунов П.П., Исаев В.Н. Санитарно-технические устройства и газоснабжения зданий. М., 1997.

  9. СНиП РК № 3.02-01-2001 «Жилые зданияң.

  10. СНиП РК № 3.02-02-2001 «Общественные здания и сооруженияң.

  11. СНиП РК 2.04-01-2001 «Строительная климатологияң.

  12. СНиП РК № 2.04-03-2002 «Строительная теплотехникаң.

  13. СНиП РК № 4.02-05-2001 «Отопление. Вентиляция и кондиционирование ң.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжаттарды білесің?

2. Жылыту жүйесінің жіктелуі.

3. Бөлме ауасының желдетілуінің гигиеналық маңыздылығы.

4. «Қажетті ауа кубың деген түсінік.

5.Табиғи желдетуге әсер ететін факторлар.

6. Кондициони­рлеу жүйесі.

6 кредит

3– дәріс.

1. Тақырыбы: Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың табиғи және жасанды жарықтануын нормалаудың гигиеналық негіздері.

2. Мақсаты: Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың табиғи және жасанды жарықтануына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

1. Жарықтану.

2. Табиғи жарықтану.

3. Табиғи жарықтану коэффициенті.

4. Жасанды жарықтану.

5. Салыстырмалы гигиеналық бағалау.

Жарықтану

Табиғи және жасанды жарықтандыруға гигиенада көп көңіл бөледі. Табиғи жарықтандыру күн сәулесі (тікелей немесе шашыраңқы) арқылы, жасанды- электро әсерінен жүреді.

Жарықтандырудың негізгі гигиеналық мәніне көру қызметін сақтау жатады. Ф.Ф Эрисман осы мәселені зерттеп, әлсіз жарықтанған оқу бөлмесінің оқушыларында оқу кезінде жақын оқудың әсерінен жақыннан көргіштік дамиды. Екі ауысымда оқитын қала оқушыларында миопияның жиілігі ауыл мектептеріне қарағанда екі есе жоғары. Көргіштік қабілеттілігі де төмендейді – максималды жақындатқанда бөлек ұсақ заттарды көздің көрмеуі.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда табиғи жарықтандыруды нормалау келесі құжаттар бойынша жүргізіледі:

  1. СНиП РК № 2.04-05-2002 «Естественное и искусственное освещениең.

  2. СНиП РК № 3.02-01-2001«Жилые зданияң.

  3. СНиП РК 3 №3..02-02-2001 «Общественные здания и сооруженияң.

Адамдар үнемі болатын бөлмелерде табиғи жарықтандыру болуы қажет, оның 3 түрі бар: бүйір, төбеден және комбинерленген (төбе мен бүйірлік). Бүйірлік терезелер арқылы, төбелік фонарлар арқылы. Табиғи жарықтандыру 3 негізгі жағдайға байланысты: жарықтық климат, ғимаратты және терезелерді бағыттау. Жарықтық клмиат дегеніміз күннің шашырағын және тікелей сәулесінен түзілетін жергілікті жерде табиғи жарықтандыру жағдайынының жиынтығы.

Сонымен қатар терезені бір қабатты шынылау күн сәулесінің 15 пайызын, ал екі қабатты шынылау 25 пайызын ұстайды.

Сақтық санитарлық бақылау кезінде тұрғын және қоғамдық ғимараттар жобасына сараптама жүргізу кезінде бөлменің гигиеналық бағлау үшін табиғи жарықтандыру коэффициенті қолданылады. Табиғи жарықтандыру коэффициенті, яғни бөлме ішіндегі бір нүктедегі жарықтандырудың бөлмеден тыс жердегі бір нүктенің жарықтандыруына пайызбен алғандағы қатынасы анықталады. Оқу бөлмелерінде кітапхананың оқу залынды ТЖК 1,0-1,5 пайыз болуы керек.

Жасанды жарықтандыру келесі гигиеналық талаптарға жауап беруі қажет:

  1. көру органының қалыпты қызметі үшін жеткілікте болуы қажет. Көру өткірлігі, анық көрудің тұрақтылығы;

  2. көру органының тұрақты адаптациясын болдырмас үшін кеңестікте біртегіс болуы керек;

  3. дұрыс көрмеу әсерін көрсетпеуі қажет. Бұл қыздыру лампаларына тән.

Жасанды жарықтандырудың жалпы, жергілікті, комбинерленген түрі бар. Жалпы жарықтандыру кезінде шамдар төбеде орналасады, жергіліктіде жұмыс столдарында. Комбинерленген жалпы жарықтануға жергілікті жарықтану қосылады.

Жасанды жарықтану көздері 2 негізгі топтан тұрады: қыздыру шамдары және газ разрядты шамдар.

Қыздырылатын шамдардың жарықтық пайдалы әсер коэфициенті (ПӘК) төмен болады. Спи­ральдардың қыздырылуы бойынша жылулық энергия қысқа толқынды сәуле­лерге айналады, содан соң спектрдің көрінетін бөлігіндегі сәулелер­ге дейін айналады.

ПӘК ст 7%-дан 14%-ға дейін (ваккумды шамдар). Шамдардың жарықтығын төмендету үшін, оларды күңгірттендіреді, сондықтан жа­рықтық ағынның 3%-ы жоғалады.

Сүт түстес әйнектен жасалған лампалар жарықтың 15-20%-ын ұстап қалады. Қыздырылатын лампалардың жағу жарамдылық мерзімі - 1000 сағат. Люми­несцентті шамдардағы атомдардың қоздырылуы метал буларындағы электрлік разряд арқылы пайда болады. Ультракүлгін сәулелері пайда болады. ПӘК - 66%, жұмыс істеу мерзімі 5000 сағат.