
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
2. Мақсаты: Студенттерге ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық негіздерін таныстыру.
Жоспары:
Қазақстанның тұщы су ресурстары.
Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
Су құбыры қондырғылары және сумен қамтамасыз ету жүйелері.
Су құбырының тарату жүйелері.
3. Дәріс тезистері:
Қазақстанның тұщы су ресурстары
Су – ең қарапайым қосылыстардың бірі, 2 атом сутегінен, 1 атом оттегінен тұрады және біздің планетамызда ең көп таралған заттың бірі болып табылады. Ешқандай тағамдық құндылығы болмаса да, ол адам организмінің барлық тіршілік процестерін қамтамасыз етеді. Ішкі клеткалық су шамамен 70 пайызды құрайды, 25 пайызы клетка ралық кеңістікте болады, ал қалған бөлігі тамырлы арнада болады. Адамның тұщы суға деген қажеттілігі тәулігіне 2,5 л.
Жер шарындағы судың орасан көп қорынан тұщы су 0,3 пайызды ғана құрайды, ал 2,1 пайызы қол жетпейтін мұздардың есебінде. Дүние жүзілік мұхиттар суының орташа алғанда 1 литрында 35 г. тұз бар, Каспий теңізінде – 13,5 г., Балтық теңізінде – 5 г., әрине оның бәрі ішуге жарамсыз. Жердің терең қойнауында жатқан тұщы суды алу да мүмкін емес. Сонымен Жерде тұщы судың қоры шектеулі. Көптеген елдер қазіргі таңда тұщы судың жетіспеушілігін көруде. Айқын мысал ретінде біздің Республиканы алуға болады.
Қазақстанның материк ішілік орналасуы бойынша температурасы әр түрлі тербелісте және жауын-шашын аз мөлшерде болатын континентальді климатқа жатады. Республиканың бір бөлігі ылғалды жеткіліксіз зонада орналасқан, вегетациялық кезеңде ауыл-шаруашылық дақылдарын суаруға тура келеді. Оған қоса Қазақстанның су ресурсы шектелген.
Сонымен, Маңғыстау облысында іс жүзінде тұщы су көзі жоқ. Сондықтан облыста бірқатар өндіріс орындарының дамуына байланысты 1963 ж. Шевченко (Қазіргі Ақтау) қаласында теңіз суын тұщыландыру бойынша дистилляциялық қондырғы орналастырылды. 1973 жылы осы қалада дүниежүзінде бірінші рет атомдық тұшыландырғыш іске қосылды.
Қазіргі таңда Қазақстанның су кадастры 2174 өзенді құрайды, оның көбі ұзындығы 200 км-ден аспайтын кіші өзендерден тұрады, оның көп бөлігінің су тартылған, ал кейбіреуінің тіпті тұрақты ағыны жоқ. Негізінен республикада өзен торабы нашар тараған, көпшілік өзендер қардың еруі есебінен қоректенеді, олар жаз уақытында тіпті құрғап, құрғақ арналар түзіледі. Өзен ағындарының едәір көп бөлігі Шығыс Қазақстанның есебіне келеді. Оңтүстік Қазақстан мен Алматы обласында республикалық ресурстың 75 пайызын құрайды.
Жер беті өзен суларының біркелкісіз таралуы қиындық тудырады және оның едәір бөлігі республикаға «транзиттік жолмен, ал жартысы яғни ірі өзендер басқа елдерден басталады. Ертіс және Ілі өзені Қытайдан басталады, Сырдария Өзбекстаннан, Орал мен Тобол Ресейден, Шу мен Талас Қырғыстаннан басталады. Осындай жағдай бұл ресурстарды пайдалануда Республика үшін қиындық тудырады.
Қазақстанда 35 мыңнан аса өзендер бар. Оның 90 пайызы өте кіші, уақытша, тек көктемгі уақытта ғана сумен толатын, ал күзгі уақыттада құрғап шөлейттерге айналатын өзендер. Республикадағы едәуір ірі өзендер тұзды, тұщы өзендер тауда және ірі өзендер бойында. Тұщы судың едәір бөлігі мұздақтар оның саны 1500-ге жетеді. Қазақстанда мұздақтардағы судың қоры 95 млрд м3, бұл яғни Республикадағы жылдық өзен ағынынан 2 есе жоғары. Сондықтан мұздақтардың еріген сулары су ресурсының едәір бөлігін құрайды. Республиканың жер қойнауында тұщы және тұздылау судың артизиандық бассейндері 70 пайыздан асады.
Оңтүстік Қазақстан облысы тұщы сумен жақсы едәуір қамтамасыз етілген, онда сумен қамтамасыз ету жер асты суының қоры, болашақта сол аймақтың барлық қалалары тұщы сумен қаматмасыз етіледі, - деп болжауда. Осындай ұқсас жағдай Шығыс Қазақстанда да байқалып отыр, негізінен қалаларда жер асты суын пайдаланады. Орталық Қазақстанда сумен қамтамасыз етуде едәуір қиындықтар тууда, бірақ ол жерлерде жер асты суының қор орындары табылған. Батыс Қазақстанның жер асты суының едәуір бөлігі минералдылығы жоғары, оларды шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету тек тұщыландырғаннан кейін ғана пайдалануға болады. Сол аймақтың Ақтөбе, Алға, Орал қалалалары Ілек, Орал, Алға өзендерінің аңғарларының жера асты суымен қамтамасыз етілген. Солтүстік Қазақстан облысында жер асты суымен қамтамасыз ету нашар жағдайда. Кейбір елді мекендер жер асты суымен толық қаматмсыз етілсе, басқалары жартылай ғана. Республиканың оңтүстік
Су планетамыздың 3/4 бөлігін алып жатыр және жер бетіндегі барлық тірі жан-жануарлардың маңызды құрам бөлігі болып табылады. Су белоктық заттардың жасалуы үшін алмастырылмайтын орта болды, олардан кейінірек тірі қарапайым организмдер пайда болола бастады. Су қазірдің өзінде тірі материяның басым құрам бөлігі (компоненті).
Өсімдік пен жануарлар организмінің орта есеппен 50%-ы судан тұрады. Нәрестенің денесінде ол 75%-ға дейін, үлкен адамдарда шамамен 60%. Қанның құрамында - 83%, май ткандарында - 29%. Қаңқада - 22%, тіпті тіс эмалінде - 0,2%. Организм 20%-дан артық су жоғалтса, онда өлімге алып келуі мүмкін.
Жердегі судың қоры 1,34 млрд.км3 , бірақ соның тек 0,3%-ы (5 млн.км3) тұщы су, ал 2,1%-ы мұздардың есебінде. Көптеген елдерде қазірдің өзінде тұщы судың тапшылығы байқалып отыр, бұл негізінен ауыл шаруашылығы мен өндіріс орындарының қажеттілігіне байланысты. Мысалы: 1 тонна вискоз жібегін алу үшін шамамен 1100м3 су қажет, селикат эмалін өндіру үшін - 1280м3, синтетикалық ткандарды өндіру үшін - 3500м3, антибиотиктерді алу үшін - 5000м3 су қажет. 1 га күріш егістігіне 20 мың м3 су қажет.
Тұщы сулардың едәуір бөлігі терең жер асты суларында, терең болғандықтан қазіргі кезде оларды пайдалануға мүмкіндік жоқ. Тұщы судың жетіспеуі кезінде Антарктида айсбергтерін ішер сумен қамтамасыз ету үшін пайдалану жобасын жасауға дейін әкеліп соққан. Бірқатар аймақтардың тұрғындары тасып әкелетін ішер суды пайдаланады, ал кейбір жерлерде суды тұщыландыру қондырғылары жұмыс істейді. Бірақ суды тұщыландыру үлкен экономикалық шығынға алып келеді. XVІ ғасырдың өзінде Англия ханшасы Елизавета теңіз суын арзан тұщыландыру жолын тапқандарға 10 мың фунт стерлинг сыйлық белгілегенін жариялаған. Ханшаның үкімі осы күнге дейін күшін жоғалтқан жоқ, ал бірақ сыйлық алған ешкім жоқ.
Экологиялық жағдайдың нашарлауынан көптеген тұщы су обьектілері интенсивті түрде ластанып, пайдалануға жарамсыз болуы, тұщы сумен қамтамасыз етуді одан әрі қыйындатуда. Бұл мәселенің маңыздылығын, 1981 жылдан 1991 жылға дейінгі кезеңді Біріккен Ұлттар Ұйымы ішер сумен қамтамасыз ету мен санитарияның халықаралық он жылдағы деп жариялауынан байқауға болады.
Қазақстан аймағында 2 мыңнан аса өзендер бар, оның тек төртеуі ғана 1 мың км-дан аса ұзындыққа ие: Ертіс, Сыр-Дария, Ишим, Орал.
Оңтүстік облыстар негізінен едәуір су асты қорымен қамтамасыз етілген (Тараз, Шымкент, Талды-Қорған). Бұл зонаның тек жеке қашық қалалары ғана жер беті суын пайдалануға мәжбүр болып отыр. Бірақ, болашақтағы бағдарлама бойынша барлық Оңтүстік Қазақстан қалалары қажеттілікті жер асты су алу орындары есебінен қамтамасыз етуі мүмкін.
Мұндай бағдарлама Шығыс Қазақстан облысы үшін де жасалған, қазірдің өзінде бірқатар қалалар жер асты суын пайдалануда (Өскемен, Каменогорск, Лениногорск, Зыряновск). Орталық Қазақсанда ірі жер асты су қоры табылғанымен, онда едәуір қиын жағдай қалыптасып отыр.
Батыс Қазақстан облысының жер асты суының едәуір бөлігінің минералдығы жоғары, шаруашылық-ішер су үшін тұщыландырудан кейін немесе дистиллятормен араластырудан кейін ғана пайдалануға болады, қазір бұл әдісті Ақтау қаласында қолдануда. Аймақтың кейбір қалалары (Ақтөбе, Алға, Орал) Іле, Орал, Алға өзен аңғарларының жер асты суымен қамтамасыз етіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы жер асты суымен қамтамасыз ету үшін қолайсыз жағдайда (Петропавл, Ақмола, Павлодар, Екібастұз). Бірақ кейбір тұрғын мекендер жер асты суымен толығымен қамтамасыз етілген (Көкшетау, Степняк), ал басқалары (Қостанай, Атбасар) жартылай қамтамасыз етілген.
Республикамыздың оңтүстік астанасы – Алматы қаласының 2/3 жер асты суымен, ал 1/3 Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің суымен қамтамасыз етілген. Егер де Талғар горизонтынан су тұтынуды кеңейтетін болса, қаланы жер асты суымен қамтамасыз ету көлемін едәуір ұлғайтуға болар еді.
Қорыта айтқанда, республиканың бірқатар аудандарында сумен қамтамасыз ету едәуір маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан 80-жылдары солтүстік өзендер ағынының бір бөлігін Орта Азия мен Қазақстанға бұру туралы жоба ұсынылған. Минералдығы жоғары жер асты суларын тұщыту мәселелерін шешудің де маңызы зор. Кей жағдайда оларды жанама түрде пайдалану, басқа жағдайда жасанды тұщыландырудан кейін ғана пайдалану ұсынылады. Бұл суларды шаруашылық-ішер су және өндірістік сумен қамтамасыз етудің маңызды қоры деп қарастыру қажет.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы (ТМД) аймағында 3 млн. өзендер мен жылғалар бар. Өзендердің жылдық ағын жинағы 5000 км3 –ке жетеді, бұл АҚШ-тағы өзен суларынан едуір көп (2250 км3), бірақ Бразилиядағыға қарағанда аз (9230 км3). Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдерінде өзен суларының аймақтық орналасуы біркелкі емес.
Ірі өзендердің көпшілігі халық аз мекендейтін солтүстік және солтүстік шығыс аудандарында ағады. Мысалы: ТМД-дағы барлық өзен суларының көлемінің 44%-ы Енесей, Лена, Обь, Амур өзендерінің үлесіне келеді. Ал өндіріс өнімдерінің 80%-ы және ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің 90%-ы орналасқан, экономикалық дамыған аудандарға барлық өзен суының тек 24%-ы ғана келеді. Елдегі 27% жер көлемі сәйкес келетін оңтүстік аудандарға су қорының тек 2%-ы ғана келеді.
Тұщы және әлсіз тұз дәмді (құрғақ қалдығы 3 г/л-ге дейінгі) жер асты суларының ең көп қорлары Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері аймағында Россия мен Қазақстан жерінде, содан кейін Өзбекстан, Украина, Белоруссия және Қырғыстан жерлерінде кездеседі.
Елде 2,8 млн-нан астам көлдер бар, бұлардағы тұщы судың көлемі 26 мың км3-қа тең. Бұл қордың 88%-ға жуығы Байкал көлінде. Бұрынғы ССРО аймағында орналасқан мұз айдынындағы судың жалпы көлемі, 11 мың км3-ке тең,- деп бағалайды.
Бұрынғы ССРО халықтарының орта есеппен алғанда сумен қамтамасыз етілуі, жер шарындағы басқа халықтармен салыстырғанда 50%-дан артық. Дегенмен де біздің елімізде халықты шаруашылық-ішер су ретінде және мәдени-тұрмыстық қажеттілікке жарамды сумен қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндет болып табылады.