Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Канцерогендерді нормалау.

Әр түрлі заттардың қауіптілік деңгейін бағалағанда, болашақта пайда болатын әсердің мүмкіндігін ескеру қажет. Сонымен қатар, жүздеген заттардың бластомогендік белсенділігі зерт­телмеген, ал дүние жүзіндегі өндіріс орндары жыл сайын жүзде­ген жаңа химиялық қоспалар шығарады. Болашақтағы әсерін есепке алмай-ақ, ШРЕК және әсер етудің болжамды қауіпсіз деңгейі бекітіледі. Осыған сәйкес, тәжірибе жасаушылардың негізгі күші концерогендік қасиетін анықтаудың жедел әдісін өңдеуге, кейінірек бластомогендік агенттің адам үшін ең аз қауіпті мөлшерін бекітуге бағытталуы қажет. Осы кезде басты мәселені шешу кезінде негізгі күрделі сұрақ пайда болады - канцеро­гендік әсердің алдын алу.

Ең бірінші қиыншылық - адамға жүргізілген тәжірибенің мәліметте­рін экстраполяциялаудың күрделілігі, ол канцерогендердің метаболизмде айырмашылығына және химиялық әсерге организмнің реакцияларының әртүрлілігіне байланысты, сонымен қатар заттарды енгізудің бірдейлігінің және олар­дың физикалық жағдайының маңызы өте зор. Бенз(а)пиренді енгізу кезінде, өкпе рагының тәжірибелік үлгісін алудың қандай қиын болғандығын еске түсірудің өзі де жеткілікті.

Адам организміне әсер етуде алдын алудың негізі болып табылатын, қоршаған ортаның нысандарындағы канцерогенді заттарды гигиена­лық нормалаудың маңызы өте жоғары.

Шынында, заттарды улы және канцерогенді деп бөлу шартты түрде ғана, себебі улы заттардың ішінде канцерогендік әсер көрсететін заттар да бар, мысалы, мышьяк, никель, хром, кадмий. Канцерогендер химиялық қоспалдардың бір түрі болып саналады, ал қоршаған ортаны канцерогенді заттармен ластау гигиеналық мәселе болып саналады.

Канцерогендерді нормалау кезінде әртүрлі қиындықтарды туғызады:

  • бластомогендік белсенділігі бар заттардың күрт жоғарылауы. 20 ғасырдың 70 жылдары осындай қасиет көрсететін заттар 25 болса, қазір оның саны ондан жоғары;

  • канцерогендердің абсолюттік саны химиялық заттардың синтезделгеніне байланысты жоғғарылаған, мысалы онкогенді белсенділік көрсететін жаңа тыңайтқыштар. Бұрын улылық ғана қасиет көрсететін заттар терең зерттеу нәтижесінде оның бластомогендік қасиеттері жоғарылады (мышьяк, хорм, берелий);

  • канцерогендердің биологиялқ әсер табалдырығы жоқ, ол кез-келген мөлшерде ісіктің дамуына алып келеді;

  • тәжірибенің қиындығы және ұзақтығы 3 жылға дейін, бұндай тәжірибелердің ьағасының жоғарылығы.

Сондықтан, қазіргі кезде канцерогендік заттарға арнап шекті рұқсат етілген кон­центрацияны белгілеу шешілген сұрақ болып табылады. Бластомогендік заттардың әсерінің механизмі әртүрлі болғандықтан, әрқайсысына мүмкіндік нормасы жеке-жеке тағайындалады. Кейбір заттардың (мышьяк, асбест, хром, никель) канцерогендік қасиеті ескерілмей, улылық әсеріне негізделіп олардың ШРЕК-і белгіленген. Бұл концентрация кәсіптік онкопатологияның мәліметтері бойынша қайта қарастырылған жөн. Қор­шаған ортада канцерогенді заттардың мөлшерін азайту, қатерлі ісіктердің дамуын адам өмірінің орташа ұзақтығының шектігін шығаруға мүмкіндік туғызады.