Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материал:

  1. СЛАЙД Атмосфераның апаттық ластануы.

  2. СЛАЙД Атмосфераның ластануы және тұрғындардың денсаулығы.

  3. СЛАЙД Дәстүрлі ластаушы заттар.

  4. СЛАЙД Арнайы ластаушы заттар.

  5. СЛАЙД Атмосфераның ластануы және биологиялық жауап.

  6. СЛАЙД Адам денсаулығының индикаторы.

  7. СЛАЙД Таңдау әдістері.

  8. СЛАЙД Копи-пара әдісі.

5. Литература

  1. Тегако Л.И., Саливон И.И. Экологические изменения и биокультурная адаптация человека, Минск. – 1996.

  2. Буштуева К.А., Случанко И.С. Методы и критерии оценки состояния здоровья населения, в связи с загрязнением окружающей среды, М., 1979.

  3. Воронов Н.В., Экология общая., М. – 1999.

  4. Гигиена окружающей среды, М. - 1995.

  5. Авалиани С.Л., Ревич Б.А., Захаров В.М. Мониторинг здоровья человека и здоровья среды., М., - 2001.

  6. Шилов И.А. Экология., М. – 2000.

  7. Авалиани С.Л., Андрианова М.М. Окружающая среда.Оценка риска для здоровья., М., - 1996.

  8. Новиков Г.В., Дударев А.Я. Санитарная охрана окружающей среды современного города, Л., 1978.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Бұл сұрақтар неге аз зерттелген?

  2. Атмосфераның ластануының антропогендік апаттық жағдайларын атаңыз.

  3. Атмосфераның ластануы және организмнің биологиялық жауабы.

  4. Ауаның ластануы кезіндегі адам денсаулығының индикаторын атаңыз.

  5. Биосубстраттарда заттардың жиналуының ерекшеліктері.

  6. Таңдау әдісі неге негізделген?

  7. «Кездейсоқ таңдауң дегеніміз не?

  8. «Механикалық таңдаудыңң мақсаты неде?

  9. Бақылау тобы қалай таңдалады?

  10. «Копи-параң әдісінің мәні.

5 кредит

3 – дәріс.

1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.

2. Мақсаты: Студенттерге атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау әдістерін таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

  1. Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.

  2. Атмосфералық ауаны ластаушыларды нормалаудың ерекшеліктері.

  3. Рефлекторлы және резорбтивті әсері бойынша регламенттеу.

  4. Канцерогенді заттарды нормалау.

  5. Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылықтары.

Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.

Атмосфералық ауаның химиялық заттармен ластануы келесі факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін: тастама көзінің түріне, өндіріс нысандарының техналогиялық үрдісінің ерекшеліктеріне, пайдаланатын шикізаттың құрамы, пайдаланатын отынның құрамы, алынатын және аралық өнімнің түрі.

Сонымен қатар, технологиялық үрдістерте жаңа химиялық элементтердің үнемі толып отыруына байланысты, нәтижесінде синтетикалық қосылыстар түзіліп, яғни табиғатта мүлдем кездеспейтін заттар пайда болады. 2001 жылы Швецияда тұрақты органикалық ластаушылар бойынша Стокгольм конвенциясы қабылданды, ол 2003 жылы күшіне енді. Бүгінгі таңда ТОЗ құрамына 12 заттар кіреді, оларға негізінен пестициттер жатады.

Соңғы жылдары атмосфералық ластаушылардың тасмалдану мүмкіндігі бірінші тастамалардың құрамында болмайтын, жаңа химиялық элементтердің қосылыстар нәтижесі, яғни басқа өндірілген өнімдермен салыстырғанда үлкен улылық қасиеттерге ие екені дәлелденген. Бұндай тасмалдаушыларға мысал ретінде фотохимиялық смогтар болып табылады, яғни алғаш рет ХХ ғасырдың ортасында Лос-Анджелест қаласында тіркелген, ал кейінірек көптеген елдерде байқалған.

Атмосфераны ластанудан санитарлық қорғау үшін ауадағы химиялық заттардың адам организміне және оның өмір сүру жағдайына тікелей және жанама әсерін тигізбейтін шектік рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) гигиеналық регламент болып табылады. Сонымен қатар, гигиеналық регламентті сақталуын қамтамасыз ету үшін ШРЕК негізінен шекті рұқсат етілген тастама (ШРТ) мөлшері тағайындалады.

Әлем бойынша алғаш рет ССРО-да гигиеналық нормалау жүйесі өңделді және кең көлемде танылды. Өңдеу приоритетін академик В.А. Рязанов жасады, 1949 ж. «Гигиена және санитарияң журналында бұрынғы ССРО-да атмосфералық ластаушы заттардың ШРЕК-ін негіздеу бойынша басылым беттеріне жариялады. Алғаш рет 10 химиялық заттар үшін ШРЕК біздің елімізде 1951 жылы өңдеу жасалды, ал қазіргі таңда олардың саны жүзден астамын құрайды.

ШРЕК-ті өңдеу негізіне химиялық заттардың биологиялық әсерін анықтау тәжірибеде рефлекторлық және резорбтивтік екі зияндылық көрсеткіші бойынша анықталады. Тәжірибенің мақсаты табалдырықты және әсер етпейтін концентрацияны тағайындаумен аяқталады. Нормалау кезінде лимиттеуші көрсеткіштер принципі қолданылады, яғни өте сезімтал параметрлері бойынша регламентация жүргізіледі. Егер адам денсаулығы және оның қоршаған орта үшін улылығы жоқ концентрацияда иісі сезілетін болса, ақырғы нормалау рефлекторлық көрсеткіш – сезім табалдырығы арқылы жүреді.