
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
Ересек адам тәулігіне орташа алғанда 20 м3 ауа жұтады және онымен бірге барлық химиялық заттар өкпеге түседі. Олардың жартысы дем шығару кезінде сыртқа шығады да ал қалғаны өкпе тіндеріне тұанды. Атмосфералық ластаушы заттардың биологиялық әсер ету түріне байласныты орнанизмнің арнайы және арнайы емес жауаптық рекциясы болады. Көбіне арнайы емес патология көптеген факторлармен бірігіп әсер етеді. Бұндай әсерлерге қауіптілік тобына жататын балалар, қарт адамдар және ауру адамдар жатады.
Атмосфера ластаушыларының арнайы емес әсеріне әр түрлі кластағы заттардың әр түрлі әсері болуы мүмкін. Мысалы көздің, мұрынның, жұтқыншақтың шырышты қабаттарының тітіркену әсері, тұншығу әсерлері көптеген химиялық заттардың әсерінен болады. Бұл мәселе бойынша көптеген зерттеулерде атмосфераның химиялық ластануы, бірінші кезекте қала тұрғындарының денсаулығына негативті түрде әсер етеді. Көптеген зерттеулер көрсеткендей ауа бассейініңі әртүрлі ластануына байланысты ауылдық елді мекен тұрғындарына қарағанда қала тұрғындарының аурушаңдық деңгейі жоғары болады.
Бірақ бұл мәселені толығымен түсіндіру қажет. 1962 жылы баспадан шыққан 3 томдық «Руководство по коммунальной гигиенең кітабында атмосфералық ауа бөлімі 17 тарауда берілген, адам денсаулығына әсерінен басқа барлық арнайы сұрақтарға түсініктеме берілген. Бөлімде бұл мәселе бойынша мәліметтер тәжірибе немесе кәсіби патология бойынша ғана берілген.
Бұндай жағдай негізгі себеппен түсіндіріледі. Көпшілік жағдайда атмосфералық ауаның ластануы - интенсивтілі аз фактор ретінде көрінеді және оның адам денсаулығына әсерін анықтау қиын. Сондықтан көптеген әдеби мәліметтерде бұл мәселе бойынша себеп салдарлық байланысы анықталмаған. Бірақ атмосфераның ластануының адам денсаулығына негативті әсері әсіресе жоғары интенсивтілік жағдайда көрінеді.
Адам атмосфералық ауаны жұту кезінде жедел биологиялық жауап шақырмайтын химиялық заттардың аздаған концентрациясы созылмалы түрде әсер етеді. Сондықтан атмосфераның ластануы қарапайым жағдайда аурудың себебі болмайды, ол негізінен патологияның алды және созылмалы ауруларды асқындырады. Ол организмнің қорғаныс күшін төмендетіп, созылмалы ауруларды асқындырып қана қоймай, басқа да биологиялық жауаптың пайда болуына алып келеді.
БҰҰ сараптамасы бойынша адам организмінің бес биологиялық жауабын бөлді: өлім, аурушаңдық, ауру алды жағдайы, табиғаты түсініксіз функционалдық өзгерістер, тіндердегі химиялық заттардың жиналу қабілеттілігі. Сонымен интенсивтілігі аз фактор әсер еткенімен, соңында әртүрлі өлім жағдайына алып келуі мүмкін. Бұл туралы көптеген әдеби мақалаларда жазылған.
2000ж. «Lancetң журналында Канзли және Кайзера зерттеулері 3 европалық ел - Австрия, Франция және Швейцарияда жүргізілді. Жұмыс нәтижесі бойынша анықтаған кезде тұрғындар арасындағы өлім көрсеткішінің 6 пайызы атмосфераның ластануына байланыстылығы анықталды. Осыған байланысты ластанудың негізгі көзіне автокөліктен шығатын улы газдар жататындығы (Францияда 56 пайыз). Химиялық ластанудың индикаторы ретінде дәстүрлі заттар қолданылды: күкірттің қос тотығы, азот, көміртегі тотығы және 10 мкг/м3 концентациясы бойынша нормаланатын РМ10 көрсеткіші.
Осыған ұқсас зерттеулер АҚШ-тың алты қаласында жүргізілді, бұл жерде де өлім көрсеткіші химиялық қосылыстардың концентрациясына байланысты. Өлім көрсеткішінің негізгі себебіне әртүрлі жүрек-қан жүйесі мен тыныс алу органдарының аурулар болып табылды. Бірақта едәуір күшті байланыс барлық ауадағы тамшылы бөлшектермен емес, негізінен ұсақ дисперсті бөлшектермен және төменгі дәрежеде олардың қышқылдығына байланыстылығы байқалды. Сонымен ұсақ дисперсті бөлшектер, ірі дисперсті бөлшектерге қарағанда өте төменгі концентрацияда да тұрғындар арасындағы өлім көрсеткішіне әсерін тигізеді.
10 жыл бойы (1990-1999) Беларусияның 15 қаласында шамамен 4,5 млн. халық тұратын жерлерде кең көлемде зерттеулер мониторингі жүргізілді. Бұл өңдеуде тек қана ересек тұрғындар, яғни 30 жастан жоғары адамдар алынды. Бұл бақылауда сонымен қатар, барлық тұрғындар арасында өлімнің 6 пайызы атмосфералық ауаның ластануына байланысты екені анықталды. Бұл алынған шама бұдан бұрын алынған үш еуропа елдерінің мәліметіне сәйкес келеді, сондықтан оны толық дәлелденген деп есептеуге болады. Сонымен қатар, өлім көрсеткіштеріне барлық жағдайда жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелері аурулары негізгі себеп болып табылды.
Мысал ретінде біздер арнайы емес түріне жататын атмосфералық ластаушылардың әсер етуі кезінде организмнің едәуір күшті биологиялық жауап көрсететінін байқадық. Бірақ көп жағдайда организмнің жауап рекциясы әр түрлі арнайы емес аурулардың дамуын көрсетеді, яғни көбіне тыныс алу органдарын зақымдайды. Әр түрлі елдерде жүргізілген зерттеулер бойынша .тұрғындар арасындағ арнайы емес респиратаолық аурушаңдықдық пен атмосфералық ауаның ластану деңгейі арасында тікелей сенімділік байланысы бар екендігін көрсетті.
Кей жағдайда қандай-да бір нақты заттың әсер ету түріне тән сипат көрсететін арнайы аурушаңдық тууы мүмкін. Организмнің арнайы реакциясы салыстырмалы түрде алғанда қосылыстардың аздаған мөлшерінде нақты белгілер мен симптомдарды көрсетеді. Сонымен асбест өнеркәсібіне жақын тұратынтұрғындарда асбест шаңымен атмосфераның ластануы кезінде өкпеде түйінді үрдістер дамиды. Осыған ұқсас сипат атмосферада берилийдің жоғары концентарциясы кездесетін елді мекендердегі тұрғындарында да байқалады. Асбестоз және бериллиоз жақсы зерттелген және үнемі кәсіптік ауру ретінде қарастырылды, бірақ қазаргі уақытта өндіріске қатысы жоқ тұрғындар арасында да осы ауру анықталуда. Қоршаған ортаның ластануына байланысты организмнің арнайы жауап реакциясы алғаш Жапонияда анықталды, яғни «Минамата ауруың, «итай-итайң, «майлы ауруң мысалдарын айтуға болады.
Канцерогендік заттар арнайы әсер көрсетеді. XІX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында уран (Шеенберг), мышьяк, хром, никель және басқа да химиялық қосылыстарды пайдаланатын бірқатар өндірістің жұмысшылары қатерлі ісік ауруның әр түрімен ауырған. Жануарларға жасалған тәжірибелерде жоғарыда айтылған заттардың бластомогендік әсер көрсететіндігі дәлелденді. Осындай өнеркәсіпорындар саны көп емес, ал кәсіптік қатерлі ісік жалпы онкологиялық аурушаңдық құрылымы арасында аса орын алады. Әрине бұл арқылы қатерлі ісіктің кең көлемде дамуын түсіндіру мүмкін емес.
Кейінгі зерттеулер қоршаған ортада, яғни елді мекеннің атмосфералық ауасында көптеген өндірістік канцерогендер болатындығын көрсетті. 1959 ж. академик Л.М. Шабад кәсіптік зияндылықтың тұрмыстық зияндылыққа «ауысқандығың туралы пікір білдірді және «спонтандықң ісік туралы пікірдің дұрыстығына күмән туғызды. Қазіргі уақытта әр түрлі жануарларда белгілі-бір жағдайда ісік шақыратын мыңдаған химиялық қосылыстар белгілі, бірақ бластомогендік қасиет көрсететін заттар саны аз.
Бұлардың барлығы негізінен эпидемиологиялық зерттеулер жолымен анықталады, бірақ қоршаған ортада болатын қауіпті зат немесе концерогендік қауіптілігі туралы мәліметтер кеш анықталады. Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде де бластомогендік қасиеттері бар жаңа химиялық заттарды толық зерттеп үлгермейді.
30 жылдардың басында полициклдік ароматтық көмірсутектер (3,4-бензпирен) синтезделді және қазіргі уақытта бұл топқа жатқан концерогендер толық зерттелген. Атмосфераның ластануы кезінде ісіктердің индукциясы қолданылған жерде жүретіндігі маңызды болып табылады. Осындай онкогенездік кәсіптік қатерлі ісіктер шақыратын металдар жатады: хром, никель, кобальт. Өкпедегі және плеврадағы қатерлі ісіктер асбестпен жұмыс істеген адамдарда дамиды.
Белгілі бір органдарға әсер ететін концерогендер бар:азоттық қосылыстар, араматтық аминдер, флуорендер, бензидиндер. Соңғы 10 жылдықта (Мэги, Бэрнес, 1966) концерогендік заттардың нитрозаминдер тобы анықталды. Бұлар қарапайым химиялық қосылыстар, қоршаған ортада және тірі организмде нитриттерден және аминдерден түзіледі. Тәжірибе жағдайында олар көп жағдайда жануарларда ісік шақырады. Адам үшін нитрозаминдердің концерогендік қасиеті дәлелденген жоқ, бірақ оның организмде синтезделуі әбден мүмкін, өйткені атмосферада азоттың тотығы үнемі кездеседі, ал тағамда 100 жуық әртүрлі аминдер бар.
Концерогендер сияқты адам организміне улылық қасиет көрсететіндерге ауыр металдарда жатады, оның кең тараған түріне қорғасын және оның қосылыстары жатады. Қорғасынның қосылыстары политропты уларға жатады және жалпы улылық қасет көрсетіп қана қоймай, эмбриотоксикалық, гонадотоксикалық және мутагендік әсер көрсетеді. Бұл мәселе көптеген ғылыми әдебиеттерде берілген. Қорғасынның қауіпті қасиетіне организмде жиналып қалуы жатады (кумуляция әсері). Ингаляциялық жолмен түскен қорғасынның 50 пайызы организмге сіңеді.
Қорғасынның зиянды әсері мектеп жасына дейінгі балаларда тез байқалады, оларды «жоғары қауіптілікң тобына жатады. Сонымен қатар, соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша қорғасын организмге тіпті бала құрсақ ішінде даму кезінде де ана қанымен түседі. Американдық ғалымдардың зерттеуі бойынша қорғасын құрсақ ішінде ұрыққа әсер ету кезінде 6-12 айлық баланың ақыл ой дамуына әсер ететіндігі анықталған.
Атмосфера қорғасынмен жоғары дәрежелі ластанған жерде тұратын тұрғындарда организмде физиологиялық және биохимиялық өзгерістер дамиды. Бірақ олар арнайы емес және басқа улылық әсерімен көрінуі мүмкін. Қазіргі кезде қорғасынның биосубстратта жинауын, көбіне қанда анықтау негізгі тест болып табылады. Халықаралық стандарт бойынша дені сау баланың қанында қорғасынның мөлшері 100 мл –де 25 мкг, ересек адамдарда 100 мл –де 30 мкг болуы қажет. Бұрынғы ССРО-да қорғасынның биологиялық субстраттардағы мөлшері белгіленбеген.
Қоршаған ортада ластаушы көзі бар (металлургия, улы газдар) атмосфералық ауада қорғасынмен бірге кадмий үнемі кездеседі. Бірақ кадмийді зерттеуге арналған жұмыстар аз. Тіпті мемлекеттік гидромет қызметінің өзі кадмий элементінің атмосфера мен суда кездесуін кей жағдайларда ғана зерттейді. Кадмийдің организмге түсуінің негізгі жолы өкпе, ол созылмалы түрде әсер еткенде бронхопневмония және өкпе ісігін тудырады. Бірақ бұл өндірістік жағдайға тән сипаттама. Соңғы уақытта кадмийдің бластомогендік белсенділігі анықталды.
Адам организміне атмосфералық ауаға шектеулі көздерден бөлінетін кейбір заттардың аздаған мөлшері арайы әсер етеді. Ал қалған зиянды заттар арайы емес түріне, ал дәстүрлі түріне ауа бассейінде барлық елді мекенде кездесетін заттар жатады. Оған күкірттің және азоттың қос тотығы, көміртегі тотығы және шаң жатады.
Күкірттің қос тотығы немесе күкірт ангидреді деп аталады. Үшінші қауіптілік класына жатады, құрамында күкірті бар, кез-келген зат жанған кезде пайда болады. Атмосфераға түсетін күкірттің қос тотығының тастамаларының негізгі көзіне отын ретінде көмірді пайдаланатын тұрмыстық, өндірістік және көліктік автокөліктер жатады. Тұрмыстық отын жағу және автокөліктерден шығатын газдар өте қауіпті, өйткені күкірттің қос тотығы адамның дем алу зонасында пайда болады.
Күкірттің қос тотығының жоғары концентрациясы жоғары тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабатына жедел тітіркендіргіш әсер етеді. Оның созылмалы әсері тыныс алу органдарында бронхит және тағы да басқа респираторлық аурулар тудырады. Сонымен қатар, атмосфералық ауаның күкірттің қос тотығы әсер еткенде респираторлық аурулары бар науқастардың жағдайларының нашарлағаны және қарттар мен жиі ауыратын адамдар арасындағы өлім санының жоғарыланғаны эпидемиологиялық бақылаулардан анықталды. Күкірттің қос тотығы азоттың қос тотығы мен көміртегінің тотығымен қосылып қосарланған әсер көрсетеді. Орташа тәуліктік ШРЕК-0,05 мг/м3, бір реттік максималді – 0,5 мг/м3.
Азоттың қос тотығы 2 қауіптілік класына жатады, табиғи жолмен түзіледі және атмосфераға энергетика, өндірістен және автокөліктерден бөлінеді. Атмосфераның азоттың қос тотығымен табиғи ластану бактериялардың тіршілігі есебіне, вулкандардың атқылауынан, найзағай жарқылдағанда пайда болады. Көлемі бойынша антропогенді жоғары, бірақ екініші локальді азғантай аймақты қамтиды, жер беті қабатында оның концентрациясы жоғары болады. Қоршаған ортада азоттың қос тотығының негізгі көзіне отынды жағу жатады (энергетика, жылыту және автокөлік).
Азоттың қос тотығының жағымсыз иісі бар және кілегей қабатын тітіркендіреді, екіншілік қайталап әсер еткенде газға тәуелділік пайда болады. Ластану зонасында тұратын тұрғындар, әсіресе балалардың респираторлық аурушаңдығы жоғарылайды, мидың белсенділігін төмендетеді. Жоғары концентрация кезінде 5-10 ШРЕК, жедел респираторлық ауруды шақырады, 2-4 ШРЕК кезінде созылмалы аурулардың жиілігі жоғарыдайды. Орташа тәуліктік ШРЕК 0,04 мг/м3, максималді бір реттік – 0,085 мг/м3.
Көміртегі окиді түссіз газ, иісі жоқ, 4 қауіптілік класына жатады және органикалық заттар толық жанбаған кезде түзеді. Гемоблогинмен тез байланысқа түсіп карбоксигемоглобин (HbCO) түзіледі, ол организмге тіндерге оттегін тасмалдануын төмендетеді. Осы арқылы көміртегі тотығының негізгі биологиялық қауіптілігін түсіндіруге болады. Карбоксигемоглобиннің концентрациясы қанда 65 % жеткенде өлім шақырады, бірақ бұл жасанды жағдайда ғана болады. Аз концентрацияда көз анализаторының жарыққа сезімталдығына және гемодинамиканың көрсеткіштеріне әсер етеді. Созылмалы әсер ету кезінде адамның басы ауырады, тез шаршайды, тітіркегіш келеді. Орташа тәуліктік ШРЕК- 3,0 мг/м3, максималді бір реттік ШРЕК – 5,0 мг/м3.
Тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау.
Атмосфералық ауаның ластануына байланысты тұрғындарың денсаулығын бағалау қиын мәселе. Бұның себебі атмосфераның ластануы аз интенсивті фактор болатындықтан. Бұдан басқа ауаның ластануымен қатар адам денсаулығына көптеген негативті әсер етеді, олардың денсаулығын қалыптастыруда маңызы зор. Мысалы, әлеуметтік факторға адам денсаулығының 50-60 пайызы байланысты, ал қоршаға ортаға 20 пайызы тәуелді болып табылады.
Адам денсаулығына көптеген факторлардың ішінен жұтылған ауаның әсерін бөліп айту өте қиын. Осы мәселе бойынша 1981 жылы ССРО-да «О порядке сбора, обработки и предоставления данных об изменениях в состоянии здоровья населения, связанных с загрязнением окружающей средың бұйрығы жарық көрді.
Бұл бұйрық бойынша гидромет қызметінің мәліметтері мен қалалық санэпид қызметінің қоршаған ортаны нысандардың ластауы бойынша, сонымен қатар емханалардағы тұрғындардың шағымы қарастырылды. Содан соң бұл мәліметтер бұрынғы ССРО-ның бас саниатар эпидемиологиялық басқармасында қарастырылды, одан кейін сәйкес республикаларға жіберілді.
Қазақстанда 19 қалалар тексерілді: Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Жамбыл, Жезқазған, Зыряновск, Қапшағай, Лениногорск, Қарағанда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Теміртау, Өскемен, Ақмола, Шымкент. Бірақта соңғы уақытқа дейін (ССРО тарағанға дейін) барлық республикаларда, соның ішінде Қазақстанда, қайтарымды байланыс болмады. Бұл сұрақтарды бірнеше рет сәйкес деңгейде көтерілді, бірақ ССРО тарағанға дейін сұрақ түпкілікті шешуін таппады және Қазақстан бүгінгі күнге дейін көп жылдық бақылау нәтижесі бойынша мәліметтер бере алмайды. Материалдарды жинау үшін құрылған қалалық эпидемиологиялық станциялардағы топтар біртіндеп таратылып, жойылды және бүгінгі күні Республикамызда бұл сұрақтармен тек қана жеке инициативті түрде зерттеулер ғана жүргізілуде.
Бұл сұрақ бойынша «Қоршаған орта гигиенасы ғылыми негіздерң атты Бүкілодақтық проблемді комиссия рамкасында ҒЗИ жалпа және коммуналды гигиена (бұрынғы адам экологиясы және қоршаған орта гигиенасы) директоры - академик Г.И. Сидоренко басқарған ғылыми зерттеулер жұмысы жүргізілген. Осы ғылыми зерттеу орынында ғана көрсетілген областар бойынша едәуір жетістіктерге жетті, әртүрлі одақ республикаларынан ізденушілер диссертациялық жұмыстарын қорғады. Осы сұрақ бойынша киевтің гигиенистер мектебінен академик М.Г. Шандала және Е.И. Гончарук үлкен жетістіктерге жетті.
Бүгінгі таңда ғылыми мәліметтерге сәйкес, тұрғындар денсаулығына атмосфералық ауаның ластануының әсерін анықтаған кезде демографиялық көрсеткіштерге, аурушаңдыққа және дене бітімінің даму көрсеткіштеріне сүйену қажет. Денсаулық жағдайын бақылауға байланысты аумақты таңдау кешенді түрде жүргізіледі, тұрғындардың жағдайына бірнеше нысандардың әсер ету интенсивтілігінң деңгейі бойынша немесе қоршаған ортаның жеке нысандары бойынша (атмосфералық ауа, су, тағам) жергілікті жағдайға байланысты жүргізіледі. 150 000 халқы бар қалаларда 1, 150-500 000 болса 2 және 500 000 жоғары болса 3 бақылау зонасы таңдалады.
Әр зонадағы тұрғындар саны 20 000 кем болмау қажет. Шағын елді мекендерде жаппай таңдау жүргізіледі. Аудандарды таңдағаннан кейін тұрғындарды таңдау жиынтығы бойынша бөледі. Сапалық сипаттамасы бойынша бас жиынтыққа жақын, ал сандық сипаттама бойынша репрезентативтілігін қамтамасыз ету үшін 7-10 пайыз жиынтығы алынады.
Түр бойынша таңдау әдісі бар, бұл әдісте зерттелетін контингентті сапалы бір түрлік топты таңдайды, одан бақылау үшін бірнеше адам ғана алынады. Мысалы қала аумағын атмосфераның ластану деңгейі бойынша ауданға бөледі немесе барлық балаларды ұйымдастырған және ұйымдастырмаған топқа бөледі. Сондай-ақ кездейсоқ таңдау әдісі де қолданылады (фамиясының бас әрпі немесе туған күні бойынша таңдау жасалады). Таңдау үшін туған күні бойынша 5-15-25 немесе ата тегінің бас әрпі таңдалады.
Таңдаудың 3-ші тәсіліне механикалық түрі жатады. Барлық бас жиынтықтан әрбір 5-ші (20 пайыз) немесе 10 карта (10 пайыз) алынады.
4-ші тәсіліне «ұяшықң таңдау тәсілі жатады. Барлық ұяшықтан жаппай немесе таңдалмалы (механикалық немесе кездейсоқ таңдау) түрде зерттеледі. Мысалы, аудандардағы бірнеше мектептерден біреу немесе екеуі таңдалады, балалардың денсаулық жағдайы жаппай немесе басқа әдістермен зерттеледі. Ауыл тұрғындарының теңайтқыштарды қолдануға байланысты аурушаңдығын зерттеу кезінде соған тән бір елді мекен (ұяшық таңдау әдісі) таңдалады.
Бесінші таңдау тәсіліне бағытталған таңдау әдісі жатады, бұл кезде белгісіз фактордың әсері зерттеледі. Мысалы гипертониялық ауруды атмосфералық ауаның белгілі бір химиялық заттармен ластануына байланыстылығын зерттеу кезінде тек ер кісілер таңдалады және химиялық өндірістерде жұмыс істемейтін 30-50 жас аралығы таңдалады. Тәжірибелік және бақылау топтары атмосфералық ауаның ластануына байланысты тұратын аудандарына қарай бөлінеді.
Едәуір объективті контингентті бақылау үшін біркелкілік топ, «копия –параң тәсілі қолданылады. Біркелкілік топтар саны бойынша әр түрлі, бірақ басты әсер ететін белгі бойынша құрылымы жағынан біріңғай, негізгі белгісінен басқасы арнайы зерттеледі. Мысалы, жақсы ауданда тұратын, бақшаға баратын тәжірибелік ауданнан ұл бала таңдалады, ал бақылау ауданнан жақсы жағдайда тұратын, бақшаға баратын ұл бала таңдалады. Бұл топтарда тек ғана тұратын аудандарында ғана (атмосфералық ауаның ластануына байланысты) айырмашылық бар.
Бірақ қазіргі таңда атмосфералық ауасы интенсивті ластанған өндірістік қалаларда бақылау топтарын бөлу өте қиынға соғуда. Кейде бұндай жағдайда сол елді мекеннен тыс бақылау топтарын таңдап алады. Сонымен қатар, басқа елді мекенде таза атмосфералық ауа адам денсаулығына басқа зиянды факторлармен әсер етуі мүмкін. Сондықтан елді мекеннің тәжірибе ауданынан анықталатын фактордың аз мөлшердегі әсері, әсіресе атмосфералық ауаның ластануына байланысты бақылау тобын таңдау дұрыс шешім болып табылады.