
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
4. Көрнекілік материал:
СЛАЙД Атмосфераның құрылымы.
СЛАЙД Ластаушы заттардың шекаралық таралуы.
СЛАЙД Дәстүрлі ластаушы заттар.
СЛАЙД Арнайы ластаушы заттар.
СЛАЙДҚышқылдық жауын-шашындар.
СЛАЙД Парниктік әсер.
5. Әдебиет
Авалиани С.Л., Ревич Б.А., Захаров В.М. «Мониторинг здоровья человека и здоровья средың., М. – 2001.
Гончарук Е.И. «Коммунальная гигиенаң. – Киев., 2006.
«Коммунальная гигиенаң, // под ред. В.Т. Мазаева., Часть 2. – М., 2006.
Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң. – Алматы. 2003.
Предельно допустимые концентрации (ПДК) загрязняющих веществ в атмосферном воздухе населенных мест № 3.02.036-99.
Ревич Б.А., Авалиани С.Л., Тихонова Г.И. «Экологическая эпидемиологияң. – М., 2004.
Руководство по гигиене атмосферного воздуха (под ред. Буштуевой К.А.) М., 1976.
Шилов И.А. «Экологияң., М., 2000.
Фельдман Ю.Г. – Гигиеническая оценка автотранспорта как источника загрязнения атмосферного воздуха, М., Медицина., 1975.
Авалиани С.Л., Буштуева К.А. и др. «Оценка вкладов выбросов автотранспорта в интегральную характеристику риска загрязнения воздушной средың, Гиг. и сан. – 2002. - № 6. – С. 21-25.
Пинигин М.А. «Теория и практика оценки комбинированного действия химического загрязнения атмосферного воздухаң, Гиг. и сан. – 2001. - № 1. – С. 9-13.
6. Бақылау сұрақтары:
Атмосфераның ластануының мағыздылығы неде.
Атмосфераны ластайтын қауіпті заттар.
Өлшенді бөлшектер және оның градациясы.
Өлшенді бөлшектермен ауаның ластау қауіптілігі.
Қышқылды жауындар қалай пайда болады.
Стратосфераның озонды қабаты неге бұзылады?
Парниктік әсер дегеніміз не?
Парниктік ғаздар және оның әсері.
Планета климатының жылыну мүмкіндігінің себептері.
Киот хаттамасы және оның құрамы.
№5 кредит
2 – дәріс.
1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
2. Мақсаты: Студенттерге атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсерін, қауіпті факторларды таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәрістің жоспары:
Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары.
Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
Тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау.
Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
Жер шарында таза атмосфералық жағдай тіпті адам пайда болғанға дейін де болған емес. Бұл жағдайға әртүрлі табиғи үрдістер әсер етеді (вулкандардың атқылауы, орман және даладағы өрттер, шаңды борандар) тіпті қазіргі заманның өзінде атмосфераның табиғи ластану көлемі антропогендік химиялық ластану көлемінен әлде қайда жоғары, бірақ әрине бұған сену қиын.
Адам өкпесіне тәулігіне 20 м3 шамасында ауа түседі. Бірақ көптеген жылдар бойы адам денсаулығына атмосфераның ластануының әсеріне аса көңіл бөлінген жоқ.
Бұрынғы кезде әртүрлі эпидемиялардың әсерінен адам өмір сүру ұзақтығы қысқа болды. XІX ғасырдың басында өмір сүру ұзақтығы 30-40 жыл ғана болды, ал атмосфераның ластануы сияқты интенсивтілігі аз фактор өзінің негативті әсерін көрсетпеді. Сондай-ақ бұл уақыттыа ауаны ластайтын антропогендік әсерінің деңгейі төмен болды.
ХХ ғасырдың ортасына қарай атмосфераның антропогендік интенсивті ластануына аса көңіл бөліне бастады. Ауаның ластануы қоғам үшін үлкен экономикалық шығын келтіретіндігі дәлелденді. АҚШ-та 1963 жылы сол елдің қалалаларындағы ауа бассейінінің ластануы бойынша материалдық шығын 1,5 млрд. доллорды құрады. Кейінірек бұндай есептеулер Ұлыбритания мен Франция елдерінде де жүргізілді.
Айтылған шығындарға негізінен ғимараттардың, металл қондырғылардың, тұрмыстық заттардың тез мүжілуі, өнеркәсіптер мен ауыл шаруашылық орындарына да әсерін тигізді. Бұған негізінен шикізаттардың, химиялық реагенттердің, отынның, дайын өнімнің бұзылуы жатады. Ауыл шаруашылығында ауаның ластануы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарларға зиянын тигізді. Азық-түлік өнімдерінін өсу бойынша мол шығынға көптеген ірі дамыған елдер ұшырады. Калифорнияда алғаш рет фотохимиялық тұмандардың дақылдардың өнімділігіне зиян келтіретіндігі анықталды.
Адам денсаулығына бұл үрдістердің әсері атмосфераның апаттық антропогендік ластану жағдайы кезінде, халықтың бір мезеттегі жоғары өлім көрсеткіші байқалған кезде қоғам осы мәселеге көңіл бөлу керектігін ойлай бастады. Бұндай жағдай ХХ ғасырда тіркелді. Мысалы:
- Бельгия, Маас өзеніңің бойы (1 – 5 декабрь 1930) – өлім көрсеткіші - 60;
США, Донора қ. (октябрь 1948) – өлім көрсеткіші - 20;
Англия, Лондон қ.(декабрь 1952) – өлім көрсеткіші - 3000;
Англия, Лондон (январь 1955) - өлім көрсеткіші - 240;
Англия, Лондон (январь 1956) – өлім көрсеткіші - 1000;
США, Нью-Йорк (ноябрь 1953; ноябрь 1962; декабрь 1962; ноябрь 1966) – барлық жас топтарына қарай жаппай өлім көрсеткіші жоғары;
США, г.Детройт (сентябрь 1952) – балалардың арасындағы өлім көрсеткіші жоғары;
Япония, Осака (декабрь 1962) – өлім көрсеткіші - 60.
Алғашқы келтірілген үш мысал классикалық түріне жатады, өйткені қоршаған ортаның ластануына байланысты барлық әдеби көздерде кездеседі. Бельгиядағы Маас өзені бойында, АҚШ Донора қаласында және Ұлыбритания астанасы Лондонда улы тұман жағдайлары бірнеше рет қайталанған және ол әдебиеттерде толық жазылған. 1952 жылы болған жағдайда қала тұрғындарының өлім көрсеткішінің жоғары болуы осы мәселені терң зерттеп талдауға септігін тигізді.
Лондондықтар арасында өкпе рагі 1,5 есе; жүрек-қан тамыр аурулары 2,5 есе; пневмония 4,0 есе; тыныс алу органдарының түберкүлезі 5,0 есе; бронхит 10 есе және тұмау 12 есеге жоғарлаған. Бұл кезде балалар және қарттар арасындағы өлім көрсеткіші жоғары болды.
Жоғарыдағы үш классикалық жағдай бір-біріне ұқсас, болған жағдай өзен бойында, жергілікті жерде, жел соқпайтын жағдайда ағаштармен қоршалған және тұман болған. Басқа ерекшеліктеріне антициклон жағдайында өндіріс нысандарының түтін тастамалары және температуралық инверсияның дамуы жатады. Бұл кезде барлық зауыттар қарапайым технологиялық тәртіп бойынша жұмыс істеген. Бұл апаттардың негізгі себебі кейінірек анықталды, өлім көрсеткішінің бірден жоғарылауына ғылыми талдау жүргізілмеді және ауадағы химиялық заттардың концентрациясы зерттелмеді, олардың жоғары концентрациясы болғанына күдік туғызуға болмайды.
Поса-Рика (Мексика) қаласында 1950 жылы қарашада мұнай өндіретін зауытта апат болып 20 аса тұрғын қайтыс болған, нәтижесінде күкірт сутегі әсер еткен. 1952 жылы сәуірде Вальсум (ФРГ) қаласында химиялық зауыт апатқа ұшырап, нәтижесінде хлордың ауаға бөлінуінен 240 адам уланып, 5 адам қайтыс болған. Лос-Анджелесте және Нью-Орлеанда (США), в Иокогамда (Япония) фотохимиялық тұманның мезгіл-мезгіл пайда болуы байқалды.
Жоғарыда келтірілген мысалдар бойынша келесідей қорытынды жасауға болады:
Белгілі-бір жағдайда атмосфералық ауаның ластану деңгейі жұмыс зонасы ауасындағы өндірістік ластану деңгейіне дейін өте жоғары болуы мүмкін.
Ауаның ластануында, яғни химиялық тастамалармен ластанған кезде метеорологиялық жағдайдың ролі жоғары.
Атмосфераның жер беті қабатында, яғни адамның дем алу зонасында өте жоғары химиялық ластануға организм жедел биологиялық жауап көрсетеді.
Атмосфера ластануының маңыздылық деңгейі 3 негізгі көрсеткіш бойынша анықталады: биіктігі, тару қашықтығы мен таралу уақыты. Атмосфераның төменгі қабатында негізінен трапосферада динамикалық ластану жүреді, ал ұзақ уақыттық өзгерістер атмосфераның жоғарғы қабатында жүреді. Осыған байланысты ластаушы заттардың әр түрлі маңыздылық масштабы болады: аймақтық, мемлекеттік, континенттік және дүние жүзілік болады.
Ауа басейнінің дүние жүзілік ластануы адам пайда болғанға дейін пайда болған, аймақтық сипат ұзақ уақыттық сипат көрсетпейді. Химиялық заттармен табиғи ластану антропогендік ластанудан жоғары, соңғысы локальді әсер етеді және атмосфераның жер беті қабатында максималды концентрация көрсетеді.