
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
4. Көрнекілік материал:
1. СЛАЙД ҚТҚ-дың құүрамы.
2. СЛАЙД ҚТҚ-дың жиналу нормасы.
3. СЛАЙД Полигонның сызбасы.
4. СЛАЙД Компостирлеу алаңы.
5. СЛАЙД Қалдық өңдейтін зауыт.
5. Әдебиет
Вернадский В.И. «Очерки геохимииң, М.- 1934.
Гончарук Е.И., «Коммунальная гигиенаң, Киев. – 2006.
Гончарук Е.И. «Санитарная охрана почвы от загрязнения химическими веществамиң.- Киев, 1987.
Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И. «Гигиеническое нормирование химических веществ в почвең.- М.- 1986.
Неменко Б.А., «Коммунальная гигиенаң, Алматы. – 2004.
Щербо А.П. и др. «Вопросы санитарного надзора в связи с антропогенным загрязнением почвың, - Л-д. – 1990
6.Бақылау сұрақтары:
1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжатты білесіз?
2.Қатты және сұйық қалдықтарды зарарсыздандырудың негізгі әдістері.
3. ҚТҚ-ды зарарсыздандыру және өңдеу.
4. ҚТҚ-дың құрамы.
5. Сұйық қалдықтарды алып кетудің жүйелері.
№5 кредит
1 – дәріс.
1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
2. Мақсаты: Студеттерге атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемаларымен, атмосфера ауасын ластаушы көздермен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәрістің жоспары:
Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
Атмосфераның химиялық құрамы.
Ауаның физикалық құрамы және оның гигиеналық маңызы.
Атмосфералық ауаның ластануы және оны ластаушы көздер.
Атмосфералық ауаның ластануының салдары.
Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
2006 жылдың мамыр айында неміс-француз ғылыми орталығының ғалымдары атмосфералық ауада шаңды-тамшылы бөлшектердің жоғары мөлшерде кездесетіндігін, ал жер беткейлік қабатта озоннның жоғары концентрацияда кездесетіндігін анықтады.
Соңғы жылдары Арктика аумағында атмосфералық ауада тастамалармен жоғары деңгейде кездесетіндігі жиі тіркелуде.
Атмосфералық ауа су мен тағамға қарағанда адам организмі үшін аса қажетті болып табылады, адам тағамсыз 30 күннен аса, сусыз 9 тәуліктен аса өмір сүре алады, ал ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады. Суға деген тәуліктік қажеттілік 2,5 л, егер су ластанған уақытта оны қайнатуға немесе тасып алып келу арқылы және арнайы ыдыстарға құйылған суларды пайдалануға болады (қазіргі уақытта арнайы ыдыстарға құйылған сулар үшін санитарлық ережелер шығарылған). Ластанған тағамды рационнан алып тастауға немесе басқа тағаммен алмастыруға болады. Күнделікті адамның өкпесіне орташа шамамен алғанда тәулігіне 20 м3 ауа түседі.
Организмге зиянды заттардың ингаляциялық жолмен түсуі өте қауіпті болып табылады. Адамның асқазанына су және тағам арқылы түскен улы заттар асқазан сөлі және бауыры арқылы жойылады, ал белгілілі бір бөлігі организмнен ішек арқылы шығарылады. Негізінен ингаляциялық жолмен түскен улы қосылыстардың негізгі мөлшері қанға сіңеді (ауыр металдар 60 пайызға дейін). Сондықтан ингаляциялық улану аса қауіпті және тез әсер етеді.
Әртүрлі ортадағы (ауа, су және топырақ) химилық заттар негізінен әртүрлі қауіптілік класына жатады, атмосфералық ауада едәуір жоғары. Сондықтан атмосфералық ауа үшін олардың нормативі (ШРЕК) сумен топыраққа қарағанда біршама төмен болады. Мысалы, қорғасынның ауадағы ШРЕК 0,0003 мг/м3 (1 қауіптілік класы) суда 0,03 мг/л, яғни 100 есе жоғары (2 қауіптілік класы), ауадағы мыстың ШРЕК – 0, 001- 0,003 мг/м3 (2 қауіптілік класы), суда 1 мг/л, 1000 есе жоғары (3 қауіптілік класы). Топыраққа арналған регламентте бұл айырмашылық едәуір жоғары, топырақ адам организміне жанасу арқылы, яғни жанама жолмен түседі. Сонымен қорыта келгенде, атмосфералық ауаның химиялық және биологиялық ластануы адам денсаулығы үшін аса қауіпті болып табылады.
Атмосфералық ауаның химиялық құрамы.
Жер бетіндегі ауа қабатының қалыңдығы шамамен 50 000 км және оны атмосфера деп атайды. Ауаның негізгі бөлігі (90%-ке дейін) 15 км-ге дейінгі биіктікте орналасады, яғни басым көпшілігі тропосферада (жер бетінен 10 км биіктікте), ал қалған бөлігі 10-50 км-ге дейінгі биіктікте немесе стратосфера қабатында (9,99%) орналасқан. Осы екі қабатта атмосфераның негізгі массасын құрайды және барлық негізгі климаттық үрдістерді қалыптастырады. Трофессерада жауын-шашын бұлттар түзіледі, ал стратосферада табиғи озон қабаты бар. Атмосфераның ең жоғарғы қабаттарында небәрі 0,01% ауа болады. Жер бетінен 50 км-ден 80 км-ге дейінгі аралықта мезосфера қабаты, 1000 км-ге дейін ионосфера, 3000 км-ге дейін - экзосфера, 50 000 км-ге дейін магнитосфера қабаты орналасқан.
Ауаның химиялық құрамы: азоттан (көлемі пайызбен алғанда - 78,09%), оттегінен (20,94%), аргоннан (0,93%), көмір қышқыл газынан (0,03%) тұрады. Осы негізгі төрт компонент табиғи атмосфераның газдық құрамының 99,99%-ін құрайды. Қалған 0,01% бөлігі неон, гелий, метан, криптон, ксенон, озон және тағы басқа инертті газдардан тұрады, бірақ та олардың практикалық маңызы жоқ. Ал озон өте аз мөлшерде кездескенімен атмосфералық ауаның химиялық қасиеті жағынан маңызы зор.
Оттегі, азот және инертті газдар ауаның тұрақты құрам бөліктері болып табылады және олардың ауадағы қатынасы практика жүзінде барлық уақытта бірдей. Атмосфераның жер беткейлік қабатында кездесетін оттегі, көміртекті газдар және озон антропогенді тастамалардың әсерінен үнемі ауаны ластаушылар болып табылады.
Азот - ауаның негізгі көлемді бөлігі, инертті газ, оттегін сұйылтатын қызметті атқарады, себебі таза оттегінде өмір сүру мүмкін емес. Негізінен ауадағы азоттың биологиялық ролінің маңызы зор, яғни азатты фиксациялайтын бактериялармен жұтылады, азоттық органикалық қосылыстар түзіледі, яғни оларды өсімдіктер қорек ретінде сіңіреді. Сонымен атмосфераның инертті азоты органиканың тірі материясына айналады және қоршаған ортадағы азоттық заттардың айналымына қатысып, өсімдіктердің өркендеуі үшін қажетті болып табылады.
Сонымен қатар, атмосфераның инертті азоты табиғи және антопогенді сипатта оттегімен тотығуы кезінде биологиялық белсенді болып табылады. Азоттың табиғи түрдегі тотығуы адамның әр түрлі техногенді іс-әрекеті кезінде пайда болады. Азот тотығы (негізінен азот тотығы - NO, азоттың қос тотығы - NO2) жоғары улылық қасиеті бар және атмосфераны ластаушы компоненттерінде жиі кездеседі.
Адам және жануарлар өмірі үшін оттегі қажетті болып табылады, сонымен қатар тотығу және жану үрдісіне қатысады. Атмосфералық қысым төмендеген жағдайда, оттегінің парциальдық қысымы төмендейді, сондықтан жоғары тау аймағында адамдарды оттегінің жетіспеушілігі – гипоксия пайда болады. Атмосфералық ауада оттегі О- атомарлы, О2 - молекулярлы, О3- оттегінің үш тотығы түрінде озон деп аталады. Оттегінің барлық түрлері тотықтырғыш болып табылады, соның ішінде атомарлы оттегі және оттегінің үш тотығы тотықтырғыш қасиеттері жоғары болып табылады.
Сондықтан атмосфералық ауаның жер беті қабатындағы оттегінің едәуір бөлігі тірі организмнің дем алу үшін ғана емес, сондай-ақ жану үрдісіне, атмосфераның антропогенді ластаушы заттарының химиялық тотығу үрдісіне қатысады. Бұл үрдіс Жер шары атмосферасындағы оттегінің мөлшеріне әсер етпейді, ал бірақ та жер беті қабатындағы оның пайыздық мөлшері 19 және 18 пайызға дейін төмендейді.
Бірақта, бұл төмендеуді ауаның қозғалысы жағдайы кезінде ғана анықтауға болады, өйткені ауа ағынының турбуленттілігі тропосферада жақсы араласып жүреді және айтарлықтай айырмашылық анықталмайды. Бұдан басқа оттегіне деген қажеттілік табиғатта күннің ультракүлгін сәулесімен әсер етіп (фотосинтез) көк жасыл желектермен үнемі толықтырылып отырады.
Атомарлы оттегі О едәуір тотықтырғыш белсенділікке ие, сондықтан ол ауада бос күйінде өте қысқа уақыт аралығында кездеседі, содан соң басқа газдармен қосылып, жаңа едәуір тұрақты қосылыстар пайда болады. Мысалы:
СО + О = СО2;
NO + O = NO2;
SO + O = SO2 және тағы да басқа реакциялар.
Оттегінің үш тотығы – озон (О3) күшті тотықтырғыш болып табылады, ол атмосфералық ауада небәрі 0,000001% кездеседі. Озон негізінен жер шарында тіршілік үрдістері үшін оң және теріс қасиеттерге ие. Бірінші жағдайда, тірі организм үшін өлім шақыратын қысқа толқынды ультракүлгін күн сәулесі радиациясын ұстап қалады, яғни қорғаныстық қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, екінші жағдайда тірі организм үшін өлім шақыратын фотохимиялық тұманның негізгі компоненті болып табылады.
Озон тұрақсыз және ол әртүрлі факторлардың әсерінен тез бұзылады, яғни атомарлы және молекулярлы оттегіне ыдырайды:
О3 О +О2
Көмірқышқыл газы (СО2) Жер бетінің атмосферасында 2 млрд. тоннадай ғана кездеседі, дүние жүзі мұхитында еріген түрде 50 есе жоғары, ал байланысқан түрде тау жыныстарында (әк тас, доломит) 15 есе жоғары. Орташа алғанда көмірқышқыл газының концентрациясы 0,03 пайыз, бірақ ауаның жер беті қабатында оның мөлшері 0,04 пайызға дейін жоғарылайды, бұл табиғи (организмнің тіршілік үрдісі, шіру ашу) және анторпогендік (өнеркәсіптер, автотранспорт, жану үрдістер) жоғарылап отырады.
Көмірқышқыл газы өсімдіктер жапырақтары арқылы жұтылып, нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлінеді, ал көміртегі сол өсімдіктердің органикалық бөлігінің құрылысы үшін қатысады. Негізінен атмосфералық ауада көмірқышқыл газының жеткіліксіз мөлшерінің маңыздылығы жоқ, өйткені жер шарында оның қоры өте жоғары.