
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
ССРО Министрлер кеңесінің №361 қаулысымен 1973 ж. ССРО-дағы Мемлекеттік санитарлық бақылау жөніндегі ережелер бекітілді, ол қазіргі күнге дейін өз күшінде:
КГ бөлімінің міндетіне - сыртқы табиғи ортаның (суаттың, ауа, топырақтың) ластануын жоюға және алдын алуға, еңбек ету, оқу, тұрмыс және халықтың демалу жағдайларын сауықтыруға және де аурушылдықтың алдын алуға және төмендетуге бағытталған санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін бақылау жатады. .
Республикалық, облыстық, қалалық, аудандық Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігердің негізгі міндеті:
а) министрліктерге, ведомстволарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтарға орындалу мерзімін көрсетіп санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу туралы талап қоюға құқы беріледі;
б) іс жүзіндегі өндірістің өнеркәсіптік объектілердің, жағдайлары қанағаттанарлықсыз болса немесе денсаулыққа зиянды әсер қаупі болса, қажетті санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізгенге дейін оларды пайдалануға тыйым салуға не жұмыстарын тоқтатуға;
в) халық денсаулығына зиянды әсері бар жағдайларда химиялық заттарды, тағамдық азықтарды өндіру және өңдеу кезінде құралдар мен әдістерді қолдануға, полимерлік, пластикалық материалдарды қолдануға тыйым салуға;
г) тағам үшін пайдалануға жарамсыз деп табылған азықтарды халық тағамына пайдалануға тыйым салуға;
д) қажетті жағдайларда тәуелділігіне қарамастан ғылыми-зерттеу мекемелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық кәсіптегі лабораторияларға гигиеналық сараптама жүргізуді жүктеуге;
ж) өндіріс ерекшеліктеріне не орындайтын жұмысына байланысты бактерия тасымалдаушы және жұқпалы ауруларды тарататын көзі болатын адамдарды уақытша жұмысқа жібермеуге;
Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау жүргізетін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары міндетті:
- санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары мен халықтың аурушылдығын зерттеу негізінде тиісті органдардың қарауына сауықтыру шараларын жүргізу жөнінде ұсыныс беруге міндетті;
- өнеркәсіптердің, мекемелердің және ұйымдардың басшыларына қол астындағы жұмысшыларының санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы ережелер мен нормаларды сақтамауы жөнінде, эпидемияға қарсы шараларды орындамауы жөнінде хабарлап, осы басшылардың алдына кінәлілерге тәртіптік сөгіс жариялау мәселесін қоюға міндетті;
- санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптер мен нормаларды бұзу фактысы жөнінде қоғамдық әсер ету шараларын қолдану үшін партия, кәсіподақ және т.б. қоғамдық ұйымдарға хабарлауға міндетті.
Егер тәртіптік сөгістер және қоғамдық әсер ету түрлері жеткіліксіз деп саналатын болса, мемлекеттік санитарлық бақылау қызметінің лауазымды адамдары кінәлі адамдарға ақшалай айып салуы мүмкін.
Практикалық тұрғыда санитарлық бақылау үрдісіндегі әсер ету әдістері 2 топқа бөлінеді:
1. Түсіндіру әдістері.
2. Күштеу әдістері.
Бұл әдістер қатаң түрде кезегімен қолданылуы қажет, ал соның ішінде түсіндіру әдістерімен елеулі тиімділікке жететіндігін практика көрсетіп отыр. Түсіндіру әдістеріне халық арасында, өндіріс жұмысшылары арасында гигиеналық білімді тарату, актылар мен алдын ала жазылған ұйғарымдардағы ұсыныстарды түсіндіру жатады.
Лауазымды адамдар санитарлық тәртіптер мен нормалардың талаптарын орындамаса санитарлық-эпидемиялық станцияның көрсетуіне қарамастан әкімшіліктік тәртіпте жазаланады. Әдетте мемлекеттік бақылау кезінде жазалаудың екі түрі қолданылады:
1. Жазба түрінде ескерту.
2. Әкімшіліктік айып салу.
1976 жылдан бастап бұрынғы ССРО-ның барлық аймағында "Коммуналдық гигиена бөлімі бойынша санитарлық- эпидемиологиялық станциялардың жұмысы туралы" нұсқауы өз күшіне енді. Қазір де Қазақстан аймағында өз күшінде болып отыр.
Осы нұсқауға сәйкес, Мемлекеттік санитарлық бақылауға жататын объектілер:
қала сыртындағы зонамен қамтылған қалалар, оның ішінде курортты-қалалар, қала типті поселкелер және жұмысшы поселкелер, ауылдық және басқа да тұрғын мекендер;
ашық суаттар және жер асты су көздері, су алу қондырғылары және санитарлық күзету зонасы, гидротехникалық қондырғылар, тазарту қондырғылары бар су құбыры және канализация;
шу, вибрация, электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылатын объектілер, атмосфералық ауаның, суаттардың жер қыртысының ластаушы объектілері, сонымен бірге атмосфераға, суаттарға, жер қыртысына түсетін зиянды тастамаларды ұстайтын тазарту қондырғылары және құрылымдар және санитарлық-қорғау зонасы;
жұмысшылардың, студенттердің жатақханалары, қонақ үйлер;
мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері және фермалары;
жеке бас гигиенасының объектілері және кәсіпорындары, моншалар, кір жуатын орындар, душтық павильондар, шаштараздар, косметикалық кабинеттер, кір киім және төсек жабдықтарын қабылдайтын және қайта беретін орындар, киімдерді жуу және химиялық тазарту орындары;
емдеу-профилактикалық және сауықтыру мекемелері: соматикалық ауруханалар, емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, консультациялар, дәріханалар, арнайы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелері, курорттар, санаториялар, демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, ұйымдастырылған қала сыртындағы демалыс базалары, ересек адамдарға арналған туристік және экскурсиялық базалар, мәдени және демалыс сая бақтары, қарттар мен мүгедектер үйлері;
- дене шынықтыру-спорт обьектілері: стадиондар, спорт залдар, ашық және жабық бассейндер, мұз айдындары, қоғамдық суға түсетін жерлер;
- ойын-сауық көрсететін-мәдени және ағарту мекемелері; кинотеатрлар, театрлар, мәдениет сарайлары, концерт залдары, кітапханалар, көрмелер;
- универмагтар, өндірістік өнім дүкені, кітап дүкені, өндіріс товарларының базалары;
- жаңа синтетикалық материалдардың үлгілері, тұрмыстық химия өнімдері, тұрмыстық және үй мүлік заттары, жеке бас гигиенасына арналған заттар;
- автовокзалдар, жолаушы пристандары (кеме тоқтайтын орын), теміржол және әуе вокзалдары;
- қоймалар, халықтан екіншілік шикізат қабылдайтын орындар мен палаткалар;
- бейіттер, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды зарарсыздандыратын және қайта пайдаға асыратын орындар, полигондар, қалдық төгетін жерлер, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және жағу жөніндегі заводтар.
Жол қатынасы, азаматтық авиация, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер Министірлігінің обьектілері және қорғаныс Министрлігінің әскери қалашық және оқу орталықтары аймағында орналасқан обьектілер осы аталған ведомстволардың медициналық қызмет мекемелерімен бақыланады.
Сақтық санитарлық бақылау төмендегі жағдайда жүргізіледі:
а) Берілген нұсқауда келтірілген обьектілерінің құрылысын салуда жер участкесін бөлу және жобалау, салу, қайта қарастырып тұрғызу кезінде жүргізіледі;
б) жаңадан салынған, қайта салынған, қайта пішінделген обьектілерді пайдалануға беру кезінде жұргізіледі;
в) тұрмыстық химия заттарын, полимерлік материалдарды, құралдарды және тұрмыстық үй мүлік заттарын, жеке бас гигиенасына арналған заттарды, санитарлық-техникалық жабдықтарды, жиhаздарды т.б. өндіру кезінде жүргізіледі;
Күнделікті санитарлық бақылаудың мазмұны, халықтың өмір сұру жағдайын және еңбек, тұрмыс жағдайларын бағалау үшін жоғарыда келтірілген обьектілерді мақсатты бағытта іріктеп алып тексеру.
Тексерулер лабораториялық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер арқылы жүргізілуі қажет.
Күнделікті санитарлық бақылауды іске асыру үрдісінде санитарлық дәрігер тексереді:
- обьектілердің мазмұны мен құрылысы іс жүзіндегі санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелер мен нормаларға сәйкес келуін;
- қоршаған ортаның ластануын, шуды, вибрацияны, электромагниттік сәулеленуді т.б. халықтың өмір сүруіне қолайсыз жағдай туғызатын зиянды факторларды болдырмау және жою жөніндегі шаруалардың орындалуын;
Осы нұсқауда көрсетілген міндеттерге сәйкес санитарлық- эпидемиологиялық станция атқарады:
Коммуналдық гигиена мәселелері бойынша, жергілікті органдар шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының бұйрықтар жобаларын өңдеп, қарастырады;
Профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың бір жылдық және келешектегі жоспарларын жасайды және де керек еткен ұйымдармен бірге санитарлық-сауықтыру шараларының жоспарларын даярлауға қатысады.
Бақылау жүргізілетін обьектілердің санитарлық жағдайын одан әрі жақсарту жөнінде жоспар-тапсырмаларын жасайды және де керек еткен ұйымдармен бірге санитарлық-сауықтыру шараларының жоспарларын даярлауға қатысады.
Халықтың өмір сүруіне қолайсыз жағдай туғызатын қоршаған ортаның ластану көздерін, шудың, вибрацияның, электроманиттік сәулеленудің тағы да басқа зиянды факторлардың көздерін анықтайды.
Демографиялық, әлеуметтік-гигиеналық факторларды және де халықтың денсаулығы мен өмір сұру жағдайына қоршаған ортаның факторларының зиянды әсерін зерттейді.
Коммуналдық гигиена бөліміне қатысты мәселелерді жергілікті органдарының қарауына береді.
Жаңа ұйымдастыру формаларын, жаңа тиімді әдістерді және профилактикалық заттарды, коммуналдық гигиена бөлімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың жұмысындағы жаңа әдістерді игереді және практикаға енгізеді.
Бақылаудағы обьектілерде зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер жүргізеді, суаттар мен атмосфералық ауаның ластануын бақылау бойынша өндіріс кәсіпорындарының зерханаларына әдістемелік көмек көрсетеді.
Тұрғындардың және бақылаудағы обьектілердің жұмысшы қауымының арасында ғылыми гигиеналық білімді насихаттауға қатысады.
Қоғамдық инспекторларды дайындайды және олардың жұмыстарын басқарып отырады.
Еңбек етушілерді қабылдайды және олардың хаттарын, арыздарын, шағымдарын қарайды.
Республикалардың, өлкелердің, облыстардың, қалалардың аудандық санэпидстанциялары бар санитарлық-эпидемиологиялық станциялар коммуналдық гигиена бөлімі бойынша сан-эпидстанциялардың жұмысына басшылық етеді және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізеді:
санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқауларды, сонымен бірге қызмет қағаздарының, әдістемелік нұсқаулардың жобаларын және жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да құжаттарды бекітілген тәртіпте Денсаулық Сақтау Министрлігінің бұйрықтарына, нұсқауларына, қаулыларына сәйкес ұсынуға және бекітуге дайындау;
коммуналдық гигиена мәселелері бойынша зандылықтардың, сондай-ақ халық депутаттары Советінің атқарушы комитет шешімдерінің, Денсаулық Сақтау Министрлігінің бұйрығы мен нұсқауларының орындалуы жөнінде санэпидстанциялардың жұмысына бақылау жүргізу;
мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуде санэпидстанцияларға практикалық көмек көрсету;
коммуналдық гигиена бойынша санэпидстанциялардың және санитарлық дәрігерлердің алдыңғы қатардағы жұмыс түрлері мен әдістерін зерттеп тану, олардың жұмыс тәжірибелерін алмастыруды және тартуды ұйымдастыру;
коммуналдық гигиена бойынша дәрігерлердің және олардың көмекшілерінің мамандықтарын жоғарылату және кәсіптерін жетілдіру жөніндегі ережелерді даярлау;
санэпидстанция қызметкерлері үшін мәжіліс, конференция, курстық шараларды өткізу;
тиісті әкімшілік аймағындағы бақылаудағы обьектілерге іріктеп мемлекеттік санитарлық бақылау жүргізу;
Санитарлық-эпидемиологиялық станция коммуналдық гигиена бөлімі бойынша өзінің жұмысында келесі әдістерді қолданады:
а) бақыланатын объектілерді санитарлық сипаттап жазу әдісі;
б) зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері;
в) халықтың денсаулығына, санитарлық-тұрмыстық жағдайларына зиянды әсер ететін қоршаған ортаның факторлары жөніндегі мәліметтерді, сақтық және күнделікті санитарлық бақылаудың материалдарын статистикалық өңдеу әдістері.
Қажетті жағдайларда обьектілерді тексеру эпидемиологтардың, санитарлық дәрігерлердің басқа да мамандарының қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі.
Тексеруге обьект бастығы не оның уәкіл адамы қатысады. Тексеруге қатысудан бас тартуы тексеру актісінде тиісті түрде көрсетілуі қажет.
Санитарлық тексерудің нәтижесіне тексеру актісі, бұйрық-жарлық (предписание) немесе осы обьектіні тексеру мақсатына сәйкес басқа түрде жазылады.
Тексерілген обьектінің санитарлық жағдайы қанағаттанарлықсыз болса, орындалу мерзімін көрсетіп, қажетті шаралар жүргізу жөнінде талаптар қойылады.
Көрнекілік материал:
СЛАЙД Санитарлық заңнамалар.
СЛАЙД Ескертпелі санитарлық бақылаудың мәні.
СЛАЙД Ағымды санитарлық бақылаудың мәні.
СЛАЙД Қазақстанның санитарлық қызметінің құрылымы.
СЛАЙД Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің құрылымдық бөлімдері.
СЛАЙД Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеттің қызметі.
Әдебиеттер:
«Кодекс Республики Казахстан о здоровье народа и системе здравоохраненияң.
Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң.-Алматы.-2003.
Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң. -Алматы.-2004.
Основы предупредительного санитарного надзора. М., 1995.
«Положение о государственных санитарно-эпидемиологической службе Республики Казахстанң Алматы. 1995.
Ревич Б.А., Сидоренко В.Н. «Методика оценки экономического ущерба здоровью населения от загрязнения атмосферного воздухаң. Пособие по региональной экологической политике., М. 2006.
Хромченко О.М, Куценко Г.И., «Санитарно-эпидемиологическая службаң. М., 1990.
Большаков А.М., Крутько В.Н. «Оценка и управление рисками влияния окружающей среды на здоровье населенияң, М., 1999.
Воронов Н.В. «Экология общаяң, М., 1999.
Бақылау сұрақтары:
Санитарлық заңнамалар дегеніміз не?
Санитарлық бақылаудың қандай түрлері бар?
Ескертпелі санитарлық бақылау дегеніміз не?
Ағымды санитарлық бақылау дегеніміз не?
Санитарлық бақылауды ұйымдастыру туралы қысқаша айтыңыз.
Қазақстанның санитарлық қызметінің құрылымы қандай?
Қазақстанның санитарлық қызметінің жұмысы қандай?
Санитарлық бақылау қызметінің негзгі құрылымдың бқлімдерін атаңыз.
Қазақстанда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қай жылы құрылды?
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қандай қызмет атқарады?
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қандай құқұқтыры бар?
1-кредит
3 – дәріс.