Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Тағамдық қалдықтарды жинау

Өткен жылдары тағам қалдықтарын бөлек жинау жүргізілмеген, олар тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталынған. Бірақ тағамдық қалдықтардың құрамында крахмал, каротин, көмір сулар және басқа да бағалы компоненттер болғандықтан оларды ауыл-шаруашылығы жануарларына азық ретінде қолдануға болады.

Тұрғындардан қалдықтарды жинау нормасы шамамен жылына әр бір адамға шаққанда 30 кг. Пайызбен алғандағы олардың орташа құрамы төмендегідей: картоп – 65 пайызға дейін, басқа жеміс тағамдары – 15 пайызға дейін, ет қалдықтары – 2,7, балық қалдықтары-2,5, сүйек – 4,1, нан қалдықтары-1,6, басқа қоспалар – 3 пайызға дейін. Тағамдарға тән емес қалдықтар 12 пайызға дейін болуы мүмкін. Оларға шыны, металл, желім, сондай-ақ қаптаушы материалдар, соның ішінде картон мен полиэтилен жиі кездеседі. Бұл қоспалар тағам қалдықтарын өңдеуге кедергі жасайды және мал азығының сапасын төмендетеді.

Тұрғындардан жиналатын тағамдық қалдықтардың құрамы мен көлемі жыл мезгіліне байланысты. Жаз-күз мезгілінде қыстық азықты дайындауға байланысты қалдықтар көп түзіледі. Осы уақытта жеміс-жидек қалдықтарының көптігіне байланысты, олардың ылғалдылығы 80 пайызға дейін жетеді, ал көктем мезгілінде 70 пайыздан аспайды. Тағам қалдықтарын жинау ТМД және басқа да мемлекетерде (Германия, Чехославакия, Румыния, Финляндия, Норвегия және т.б.) қолданылады. Оларды жинау үшін көлемі 50 л қалдық жинағыштар қолданылады және ішкі қабаты полиэтиленді қабықшадан, ал сырты ылғал өткізбейтін қағаздан тұратын бір реттік екі қабатты қап қолданылады. Бұрынғы КСРО-да мұндай қалдықтар «ветеринарно-санитарные правила о порядке сбора пищевых отходов и исползовании их для корма скотаң нормативті құжатына сәйкес арнайы шелектерде, бактарға, контейнерлерге жиналған. Қазіргі кезде тағам қалдықтарын іші-сырты сырланған, қақпағы бар қалдық салатын ыдыстарға ғана жинауға рұқсат етіледі.

Қалдық салатын ыдыс күніне бір рет жуылуы керек және жүйелі түрде 2 пайызды кальций содасымен, күйдіргіш натриймен және екі пайызды хлорлы әкпен залалсыздандырылуы қажет. Бұл шараға қалдықтарды жинайтын кәсіп- орын жауапты, ал қалдық жинайтын ыдыстарды орналастыру орны міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келісілуі керек.

Санитарлық заңдылықтардың талабы бойынша тағам қалдықтарының тері- венерологиялық, жұқпалы және түберкүлез ауруханаларынан, әуе жайлардан, поездардан, параходтардан жинауға тыйым салынады. Сондай-ақ тағам қалдықтарын басқа жалпы қалдық жинағыштардың ішінен, яғни контейнерлердің ішінен теруге тыйым салынады. Сауда және қоғамдық тамақтанатын орындарда тағам қалдықтарын салқындатылған бөлмелерде ғана сақтауға рұқсат етіледі. Сақтау мерзімі жазда 1 тәуліктен, қыста (СЭС-ң келісімі бойынша) 2 тәуліктен аспауы қажет.

Қала территориясын тазарту

Қаланы тазалау арнайы автошаруашылық және жол-эксплуатациялық басқарма көмегімен жүргізіледі, жазғы уақытта ол жолдардың және атмосфераның жер беті қабатының тазалығын, ал қысқы мезгілдерде қар мен мұздан тзартылуы қамтамасыз етіледі. Қала территориясы белгілі учаскелерге бөлінеді де, олар арнайы көліктер колонналарымен тазартылады. Елді мекеннің схемасында маршруттар сызылады да, әрбір көлік өзінің схемасы бойынша жазғы және қысқы тазарту жүргізеді.

Қала территориясын жазғы тазарту жұмысына мыналар жатады: жол жабындысын тазарту, жапырақтардан тазарту, жаңбыр суы жиналған құдықтарды тазарту, микроклиматты жақсарту және ауаның шаңдануын болдырмау үшін қала көшелеріне су себу. Қысқы тазарту жұмыстарына кіреді: көшенің көлік жүретін бөлігін қардан тазарту, тайғақ жерлерді болдырмау, қардың мұздақтануын болдырмау. Күзгі мезгілдерде түскен жапырақтардан міндетті түрде тазарту керек. Олар арнайы бөлінген учаскелерге немесе компостерленген алаңдарға алып кетеді. Жапырақтарды қала территориясында жағуға қатаң тыйым салынады.

Емдеу-профилактикалық мекемелерінің қалдықтары елді мекеннің территориясынан шығатын ҚТҚ-ға қарағанда бактериялар мен 10-100 есе көп ластанған, сондықтан оларға ерекше талаптар қойылады:

- тері венерологиялық, жұқпалы аурулар, онкологиялық, хирургиялық бөлімдердің қалдықтары герметикалық ыдыстарға жиналып, СЭС-ң келісімімен сол орында жойылады. Мұндай қалдықтарды жалпы қалдық тастайтын жерлерге шығаруға тыйым салынады:

- қалдықтарды өртейтін пештердің орналасуы, сондай-ақ территорияны тазарту тәртібі жергілікті СЭҚБ-н келісіледі;

- мұндай мекемелерде тек сырланған, фаянсты ыдыстарды ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қалдық салғыштар аурухана территориясында кем дегенде 700 м2 –да біреуі болуы қажет.