Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды салу және жөндеу кезінде пайда болатын қалдықтарды сол құрылыс ұйымының көлігімен арнайы бөлінген учаскелерге тасылады. Сондай-ақ өнеркәсіп орындарының қалдықтарын да сол өнеркәсіптің көлігімен зарасыздандыру үшін арнайы полигондарға жөнелтіледі. Елді мекеннің тұрмыстық қалдықтарын жинау және алып кетуді арнайы көлік шаруашылығы жүргізеді.

Теория жүзінде ҚТҚ-ды транспортсыз тасмалдау мүмкін делінген, яғни уату арқылы канализация жүйесіне жіберіледі, бірақ бұл жүйе қазіргі уақытқа дейін тәжірибе жүзінде ғана болып отыр. Іс жүзінде ҚТҚ-ды түзілу орнынан алып кетудің негізгі бір жүйесі бар, оны алып кету жүйесі деп атайды. Оның жоспарлы-жүйелі әдісі қоладанылады, тұрғындар қалдықтарын ауладағы ыдыстарға (контейнерлерге) тастайды, қалдықтар сол ыдыста алып кеткенше тұрады. Бұрынғы жылдары жоспарлы-пәтерлік әдіс қолданылған, бұл кезде тұрғындар қалдықтарды белгілі бір уақытта шығарып қояды. Қазіргі уақытта бұл әдіс сирек қолданылады, тек 2 қабатқа дейінгі үйлер тығыз салынғанда қолданылады.

Жоспарлы-жүйелі әдіс кезінде ҚТҚ-ды жинау және алып кету төмендегідей түрде жүргізіледі:

  • Қалдық тасығыш көлікке жиналатын қалдықтарды дайындау;

  • Мемлекеттік және жеке үй қожалықтарында қалдықтарды уақытша сақтауды ұйымдастыру;

  • Қалдықтарды жинау және алып кету;

  • ТҚ зарарсыздандыру және утилизауиялау.

Қалалардың тұрғын фондтары жайластырылған (газ, орталықтан жылыту, су құбыры, канализация) және жайластырылмаған (жергілікті жылыту, су құбыры және канализацияның болмауы) деп бөлінеді. Жалпы алғанда Казақстанның көпкөпшілік қалалары ІІІ-ші климаттық ауданға жатады, сол арқылы қалдықтардың жиналу нормасы мен оларды алып кету мен өңдеу әдістері анықталады. ҚТҚ-ды алып кетудің мерзімділігі санитарлық заңдылықтарға сәйкес кем дегенде үш күнде 1 рет шығарылады.

Қазіргі уақытта контейнерлердегі қалдықтарды алып кету үшін алмастырылатын және алмастырылмайтын жүйелер қолданылады. Алмастырылатын жүйеде қалдықтар контейнермен бірге шығарылады да, орнына бос контейнер қойылады. Оның артықшылығы қалдықты төккен жерде контейнерлерді орталықтан жууға мүмкіндік береді. Алмастырылмайтын жүйеде қалдықтар қалдық салғыш машиналарға тиеледі де босатылған контейнерлер қайта орнына қойылады. Алмастырылатын жүйе – қалдық шығаратын орын жақын (8 км-ге дейін) орналасқанда және қалдықтардың уақытша жиналатын орындарында (жәрмеңке, көрме, саяжай поселкелері) пайдаланған тиімді.

Алмастырылмайтын жүйе тиімді, бірақ қатты тұрмыстық қалдықтар салатын контейнерлер орнында өңделуі керек. Қалдықтарды жинайтын нысандардың көп болуына және олардың шашыраңқы орналасуына байланысты, бұл үрдісті санитарлық бақылау қиын. Елді мекендерде көбінесе екі жүйе де қатар пайдаланылады.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа жылдық жиналу нормасын есептеу маңызды сұрақтардың біріне жатады. Егер норма қалыптан жоғары есептелсе, контейнерлердің көпшілігі толтырылмай шығарылады да, ал егер қалыптан төмен есептелсе, контейнерлер шамадан тыс толып, оның айналасында қалдық үйінділері пайда болады. Контейнерлерге арналған алаңдар тұрғын үйлерден, балалар мекемелерінен дем алатын орындардан және сол сияқты мекемелерден кем дегенде 20 м қашықтықта орналасуы қажет, бірақ 100 м-ден аспауы керек. Тұрмыстық қалдықтарды 3 күннен артық, ал құрылыс қалдықтарын 1 айдан артық сақтауға болмайды.

Пәтер иелерінің кооперативі (КСК) санитарлық тазарту бойынша – арнайы көлік шаруашылық кәсіпорындарымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және алып кету бойынша келісім шартқа отырады. Бұл кәсіпорындар ҚТҚ-ды өз уақытында алып кетуге жауапты және тазартуды қажет ететін қала аудандарын анықтап, КСК-мен және СЭҚБ-мен бірігіп тексеру актілерін жасайды.

Қалаларды жинау және алып кетуді дұрыс ұйымдастыру үшін қала территориясы бірнеше участкелерге бөлініп, ол жерлерден арнайы көлік шаруашылығының көліктерімен әкетіледі. Арнайы автокөлік кузовты және контейнерлі болуы мүмкін. Кузовты көліктер, яғни қалдық алып кететін көліктер қалдықтарды шығарудың алмастырылмайтын жүйесінде қолданылады. Олар қалдықтарды тиейтін кузовтан, контейнерлерден, қалдықтарды аударатын қабылдағыш бункерден және оларды тығыздайтын тақталардан тұрады. Контейнерлі көліктер контейнерлерді төңкеруге арналған екі платформадан және жүк көтеретін краннан тұрады, зауыттан сыйымдалығы 0,75 м3 контейнерлер кешенімен шығарылады. Соңғы жылдары отандық контейнерлерден басқа шет елдік контейнерлер де қолданылады, олардың сыйымдылығы 1,0 м3, қалдық шығарғыш көліктері де үлкен, Германияда шығарылған.

Арнайы автотұрақтарда әрбір көліктің маршруты және жұмыс істеу кестесі құрастырылып, жүргізушінің қолына беріледі. Маршруттар нөмірленіп қала схемасына енгізіледі, ал көшірмесі бақылап отыру үшін СЭҚБ-на жіберіледі. Қалаларда 100 000 халыққа шаққанда 20 қалдық шығаратын көлік, ал канализацияланбаған елді мекендерде сұйық қалдықтарды шығаруға арналған 20 вакуумды көлік болуы керек. Бірақ бұл болжамды нормалар үнемі сақтала бермейді.

Қазақстанның Оңтүстік астанасы – Алматының өзінде тұрмыстық қалдықтарды алып кетудің жағдайы нормаға сәйкес емес, қалада тәулігіне 1,2 мың тонна ҚТҚ түзіледі және осыған небәрі 1145 контейнерлік алаңдар қарастырылған, әрине бұл қажеттіліктен екі есе төмен. Бұдан басқа қалада 5000 контейнер жетіспейді және арнайы автокөліктердің саны -128. Сондықтан қаладан 34 км жерде орналасқан қалдық полигонына күніне 700 мың ғана қалдықтар шығарылады, яғни ол түзілетін қалдықтың жартысынан шамалы ғана жоғары.

Сонымен қала ішінде күніне шығаруды қажет ететін 5000 мың тонна қалдық қалады, оның жартысы бекітілмеген жағдайға сәйкес жойылып отырады. Алматы қаласының ҚТҚ-ын жинау және тасымалдау үішін 73 компания және бір мемлекеттік өнеркәсіп айналысады. Әрине бұл жағдайда қаланың қаждетті санитарлық жағдайын сақтау мүмкін емес.

Осыған сәйкес елді мекендерден сұйық қалдықтар екі жүйемен шығарылады: ағызылатын (канализация) және алып кетілетін (канализацияланбаған аудандар үшін). Іс жүзінде елді мекендерде екі жүйе де қолданылады. Гигиеналық тұрғыда ағызатын жүйенің арытықшылықтары болса да алып кететін жүйе де жиі қолданылады. Бұрынғы жылдары жартылай канализацияланған елді мекендерде сұйық қалдықтарды қалалық канализацияға құю үшін құю станциялары қолданылған.

Алып кететін жүйеде сұйық қалдықтар топырақтық әдіспен зарарсыздандырылады. Ол үшін ассенизация және жырту алаңдары қолданылады. Ассенизация алаңдарында сұйық қалдықтар зарарсыздандырылады және кейбір ауыл шаруашылық дақылдары егіледі, ал жырту алаңдарында тек зарасыздандырылады.

Ассенизация алаңдары және жырту алаңдары 1896 ж. алғаш рет Тула қаласында қолданылған, кейіннен кішігірім елді мекендерде кеңінен қолданыла бастады. Қалдықтарды топырақтық зарарсыздандыру әдісі тиімді болғанымен, үлкен қалалар үшін қолайсыз. Топырақтың ылғалдылығының жоғары және өткізгіштігінің төмен болуы, грунт суларының тұру деңгейінің төмен болуы және климаттық жағдайлар қалдықтарды топырақта тазарту әдістерін қолдануды шектейді. Сонда да болса қалдықтарды топырақтық тазарту әдістері гигиеналық тұрғыда ең тиімді болып табылады.