Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.

Нәжістермен ластанбаған жер қыртысында гельминттердің жұмыртқалары болмайды; өте аз ластанғанда 1кг жер қыртысында олардың саны 1-ден 10-ға де­йін болады; орташа ластанған жер қыртысында - 10-100; өте күшті ластанған жерде 100-ден көп болады. Бірақ, жер қыртысының гельминттер жұмыртқаларымен ластанғанын бағалаған кезде, олардың инвазиялық қасиетін (личинканың жұмыртқадан өз бетімен шығуы) және өмірге қабілеттілігін ескеру керек.

4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.

Ішек инфекциясы мен гельминттерінің эпидемиологиясында қоздырғыштардың берілуінде шыбын маңызды фактор болып саналады. Олар жер қыртысындағы органикалық қалдықтарға жұмыртқаларын салады да, олардың даму сатысы жүреді: жұмыртқа, личинка, қуыршақ. Егер жер қыртысының 0,25 шаршы метр жерінде мүлдем болма­са, онда бұл жер қыртысы таза болып есептеледі, аз ластанған жерде олардаң саны бірлі-жарым болады, ластанған жерде 10-25, өте күшті ластанған жерде 25 және одан да көп.

Осы жоғарыда көрсетілген мәліметтер бойынша, санитарлық дәрігерлер учаскелерге санитарлық баға бере алады. Мысалы, балалар ме­кемесін салу үшін жер учаскесін таңдаған кезде, міндетті түрде жер қыртысының құрамында гельминттер жұмыртқасының болуын, оның ішінде аскарида мен власоглавтың болуын зерттейді. Өте күшті ластанған кезде де­гельминтизация жүргізеді.

Бактериялардың спора түзбейтін түрлерінің жалпы санының және гельминттердің түрлері өзгермеген жұмыртқаларының көбеюі жер қыртысының жақында ластанғанын көрсетеді. Соңғы жағдай жер қыртысының бұрын ластанғанын көрсетеді. Жер қыртысының санитарлық жағдайы туралы сипаттаманы эпидемио­логиялық жағдаймен салыстыра отырып, коммуналдық бөлімнің санитарлық дәрігері негізделген қорытынды жасай алады және денсаулықты жақсарту шараларын белгілейді. Бұл жұмысқа басқа бөлімдердің де санитарлық дәрігерлері қатысуы керек:

- балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері балалар ойнайтын жердің топырағының санитарлық жағдайына және ба­лалар мекемесінің барлық территориясының тазалығына көңіл бөлуле­рі қажет;

- еңбек және тамақтану гигиенасы бөлімдерінің санитар­лық дәрігерлері өздеріне тиесілі сұрақтарынан басқа, жер қыртысы­ның санитарлық жағдайына да бақылау жүргізулері керек;

  • эпидемиологтар мен паразитологтар жоғарыда көрсетілген аурушылдық дамыған жағдайда коммуналдық бөлімнің санитарлық дәрігерлерімен толық байланыста жұмыс істеулері керек.

4. Көрнекілік материал:

1. СЛАЙД Топырақтың эпидемиологиялық мағызы.

2. СЛАЙД Биогеохимиялық провинция.

5. Литература

  1. Вернадский В.И. Очерки геохимии, М., 1934.

  2. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементах в почве, М., 1957.

  3. Гончарук Е.И. Санитарная охрана почвы от загрязнения химическими веществами, Киев, Здоровье, 1977.

  4. Гончарук Е.И., Сидоренко Г.И. Гигиеническое нормирование химических веществ в почве, М., Медицина, 1996.

  5. Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., Киев, 2006.

  6. Кобриц Г.А. Меры безопасности при работе с пестицидами, М., 1992.

  7. Кречковский Е.А. Гигиена применения ядохимикатов. Киев, 1978.

  8. Методические указания по оценке степени опасности загрязнения почвы химическими веществами. - № 3.01.006.97.

  9. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң, Алматы. – 2003.

  10. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң, Алматы. – 2004.

  11. Почвоведение, М., 1989.

  12. Руководство по санитарной охране почвы, под ред. Д.Н. Лоранского, М., Медицина, 1972.

  13. Санитарные правила содержания территории населенных мест. – № 3.01.006.97.