Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:

а) Н.И.Хлебниковтың санитарлық саны С - бұл жер қыртысындағы гумустық азоттың (А) ластаушылардың құрамындағы органикалық ыдыра­маған азоттың (В) санына қатынасы. Практика жүзінде таза - 0,98 және жоғары; Әлсіз ластанған - 0,85-тен 0,98-ге дейін; Ластанған - 0,70-0,85; Өте күшті ластанған - 0,70 тен аз.

Басқаша сөзбен айтқанда таза жер қыртысында ыдырамаған органи­калық азот гумустық азотқа қарағанда аз болуы керек.

б) санитарлық-химиялық көрсеткіштерге жер қыртысының құрамында аммиактың, нитраттардың және хлоридтердің болуы да жатады. Азот қоспала­рының болуы бойынша, жер қыртысының ластануына ұзақ уақыт болғаны туралы айтуға болады (судың ластануына сәйкес). Егер жер қыртысында аммиак пен нитриттар көп болса, ластану жаңадан қазір жүріп жатқаны туралы айтуға болады, егер тек қана нитраттар болса, ластанудың бұрын болғаны және нитрификация үрдісінің аяқталғаны туралы айтуға болады. Бірақ химиялық заттардың жер қыртысында суға қарағанда жақсы сақталатынын ескеру қажет. Мысалы, аммиактың нитри­фикациялануы егер жер қыртысы бір рет қана ластанса да 1-2 жылға созылуы мүмкін. Нитраттардың бір бөлігін өсімдіктер қорек етеді, ал қалғандары атмосфералық сулармен жер қыртысының терең қабаттарына сіңіріледі. Сондықтан ластанудың ұзақтығы туралы азот қоспаларын кешенді талдау нәтижесі бойынша айтуға бола­ды.

Несеп пен нәжіс жер қыртысына түскен кезде беткі қабатында хло­ридтер өте көп кездеседі. Бұларды өсімдіктер сіңірмейді десе де болады және олар өзгермейді. Ал ластанудың ұзақтығы туралы, олардың жер қыртысының терең қабаттарында табылғанынан айтуға болады. Бірақ кейбір жер қыртыста­рында хлоридтердің мөлшері табиғи жағдайда көп болады (тұзды топырақ).

в) жер қыртысының ластану дәрежесін жер қыртысындағы ауада кейбір газдардың болуымен, атап айтқанда оттегі және көмір қышқыл газымен бағалауға болады:

г) Органикалық заттар шіріген кезде метанның өте көп мөлшері шығады - 20%-ға дейін және одан көп. Сондықтан жер қыртысындағы ауада осы газдың болуы ыдыраудың қарқындылығы туралы айтады немесе мұнай-газ кендерінің бар екендігін көрсетеді.

2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:

а) 1 гр. жер қыртысындағы сапрофиттік бактериялардың жалпы са­нын (микробты саны) анықтау.

Бұл үшін көбінесе құнарлы ортада топырақ суспензиясын отырғызады, бірақ тікелей микроскоппен қарау өте нақтылы әдіс болып саналады.

б) ішек таяқшасы тобының бактерияларының жалпы санын анықтау, нәжістік ластанудың көрсеткіші болып саналады. Жер қыртысының сани­тарлық жағдайы коли-индекс бойынша (1гр жер қыртысындағы ІТТБ-ның саны) және коли-титр бойынша (осы бактериялар тобының құнарлы орта­да дамуына әкелетін жер қыртысының ең аз мөлшері) бағаланады. Нәти­желерді өте тез алу үшін мембранды сүзу әдісін қолданады. Таза жер қыртысында коли-титрдің саны - 1,0 және жоғары; өте аз ластанған - 0,1-0,01; орташа ластанған - 0,01-0,001; өте күшті ластанған - 0,001 және төмен.

в) микробтық санды және коли-титрді анықтау жер қыртысының қысқаша бактериологиялық талдамасын құрайды. Толық бактериологиялық талдамаға бұдан басқа анаэробтардың, термофильдердің және споралық бактерия­лардың санын анықтау кіреді.

г) арнайы эпидемиологиялық зерттеулер кезінде жер қыртысындағы патогендік микроорганизмдерді анықтауға арналған талдау жүргізіледі. Бұл тұрғыда ерекше қауіпті болып спора түзетін бакте­риялар саналады, олар қолайсыз факторларға, яғни температураға, кебуге, қысымға, қоректің жоқтығына өте төзімді болады. Қолайлы жағдайларда споралар алғашқы формасына айналады. Мұндай патогенді бактерияларға жатады: Cl.tetanі, Cl.botulіnum, Cl.antrax (сіреспе, ботулизм, түйнеме, сонымен қатар Cl.perfrіngens (газды гангрена).